Қысылған жарық— іш пердемен қапталған ішкі мүшелерден тұратын (шарбы, аш ішек, қуық) жарық қапшығының кенеттен қысылуы, нәтижесінде қан айналымның бұзылуына және некрозға алып келеді.
ЭТИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПАТОГЕНЕЗІ
Көбінесе шап жарығы, сирек жағдайда сан және кіндік жарықтары қысылады.
Бірнеше сағаттан соң қысылған мүшенің некрозы басталады, содан ауырсыну күші бәсеңдейді, науқастың жағдайы жақсарғандай жалған көрініс болады. Аурудың осы кезеніңде бірінші орынға жарық қапшығында орналасқан мүшелер қызметінің бұзылыстар белгілері шығады;
Аурудың кеш кезеніңде перитонит дамыған кезде ауырсыну қайтадан басталып, жедел іш көрінісі байқалады. Қарт адамдарға нәжістік қысылу тән және ауырсыну бірте-бірте үдеп, жарық көлемі ұлғайып, тығыздана түседі.