Алғашқы жәрдем Саңырауқұлақ жегеннен кейін кез келген жағымсыз жағдайда немесе уланғанына күдіктенгенде,науқастың кідірместен дәрігерге қаралуы керек немесе
ауруханаға жеткізілуге тиіс. Дәрігер келіп емтағайындағанша, асқазанды мол сумен немесе марганцовканың әлсіз ерітіндісімен не тұзды ерітіндімен (стакан суға жарты қасық тұз салып) шаю керек. Мұны 5-6 рет қайталап, науқасты төсекке жатқызады.Белсенділендірілген көмір немесе іш айдағыш дәрі ретінде күкірт қышқыл магнезия ерітіндісін (35 г магний сульфатын жарты стакан суға ерітіп) қабылдау керек. Толық тазарту үшін клизма жасаған дұрыс. Адам қайта құсып немесе іші өтіп, ағзадан көп сұйықтықты жоғалтады, сондықтан құсуды бәсеңдететін аздаған тұзды су және қою шай ішуі керек.Кейбіреулер мұндайда алкоголь ішуге әрекет етуі мүмкін,бұл дұрыс емес. Өйткені ол саңырауқұлақ уының ағзаға сіңуін күшейтіп жібереді
Газбен улану
Улы газбен улану көп жағдайда газбен жұмыс жасайтын өнеркәсіптерде және желдетілмейтін орындарда болып жатады.