Тақырыбы: Тәуелсіз елдің баласымын!
Өтілу барысы:
1Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, қадірменді қонақтар!
2Жүргізуші: Ассалаумағалейкум асқар таудай әкелер, ақ жаулықты аналар!
1жүргізуші:Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз елдің баласымын» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер. Тәуелсіздік-ең басты құңдылығымыз. Тәуелсіздікке қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде Тәуелсіз Қазақ елің қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезенде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай денгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерең еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрек жарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
2Жүргізуші: «Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып дүниежүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өңдірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз отаның жаныңдай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
1Жүргізуші: Желтоқсанның бораны,
Желтоқсанның қар мұзы.
Ұмытылған жоқ әлі
Жалпы жұрттың жалғызы.
Бейне ролик«Желтоқсан оқиғасы»
Хор: «Желтоқсан желі»
И.Мағжан «16 Желтоқсан»
Бодандыққа наразылық күнісің,
Бар мереке, мейрамдардан ірісің.
Алашымның арман,арын жалғаған,
Сен,Желтоқсан,мәңгілікке тірісің.
Тау мен тасқа соғып сап-сау бастарың,
Мәңгіліктің отын жаққан жастарым.
Ұл боп туып құл боп өлу ұят деп,
Дүр сілкінткен момын елдің аспанын.
Отырлыққа тісің әбден қайраған,
Ортақ тілден мезі болаған сайраған.
Өзің-өзі басқармайтың бассыз ел-
Жастарымның қаны болды қайнаған.
Мың өлгенше,бір өлуге бекініп,
Тұрды олар сұр билікке секіріп.
Бет пердесі сыпырылған сымдардың
Сұмдығынан өлем демей өкініп.
Сол күн еді он алтыншы желтоқсан,
Саналарды сағым қуып, сел тосқан.
Алаш жасы аршып берген арым бар,
Арманың жоқ, арда күнім-желтоқсан!
Нұрлы
Қазақ қызын сүйреткен бұрымынан,
Тепкілеген белінен,жұлынынан.
Тұяқ серпкен түрі еді бодандықтың,
Құлап бара жатқанда тұғырынан.
Шаршатып қамыт киген жылдарымыз,
Намысқа басқан нағыз ұлдарымыз.
Бәйгеге басын тігіп ұлты үшін
Деді олар: «Тәуелсіздік құрбанымыз!»
Жігіттер сұр қасқырдай сұсы басым,
Көздері-от,сөздері-сот,мәлім етті:
«Жат саясат,иегі қышымасын!»
Өр қыздар қанаттасып өңшең елік,
Отқа май құйып жүрді өршеленіп.
Біз сонда қазақтағы қайсарлықты
Көзін ашып бар ғалам көрсе дедік.
Қанымыз басымызға көтеріліп,
Құдайдан тілемедік бөтен үміт.
Қазақтың тілін, ділін, дінін бұзар
Керек емес бізге енді бөтен үгіт.
Желтоқсан оқиға емес бола салған,
Жастар- ер,тағдырымен таласа алған.
Желтоқсан-рухымыздың ірілігі,
Қазаққа жараса ма аласарған?!
Желтоқсан-ұлт мерейін тасытқан күн,
Желтоқсан-жат пиғылын жасытқан күн.
Желтоқсан-жас жүрекке қайрат беріп,
Желтоқсан-ел болуға асыққан күн!
Нұрсұлтан «О, желтоқсан»
Бодандыққа назарлық күнісің,
Әміршілдік саясаттан ірісің .
Қойдай момын қазағыма күш берген
Намысы ерен,арлы күннің бірісің.
О,желтоқсан, намыс оттан тұтатқан,
Сен тарихқа кірдің ерлік атымен.
Мейлі сені аз оқиық кітаптан,
Мәңгіліксің зор даңқыңның затымен.
Кілең жастар шыққан күні алаңға,
Айбарлы еді Алматыдай қалам да.
«Мың күн тірі жүргеніңше бұғынып,
Бір күн сілкін!»-деген тәңір маған да.
Желтоқсанның ызғарынан тоңбадым,
Ойда Әлия,Мәншүктерді сомдадым.
Қызметтен кетерімді білсем де,
Қыршын ғұмыр жастарымды қолдадым.
Кім көріпті мұнша асып-тасқынды,
Жас кеудені жат табаны басқанды.
Отар елдер бұға беру керек пе,
Беріп қойып бар билікті,басқаңды...
-Жо-жоқ!Келіспейміз, біз, жастар,
«Ақыл-жастан» деген бізге бабамыз.
Бойда-жалын,күшіміз бар із тастар,
Құрбандықпыз, құлдікі емес санамыз.
Көтеріліске белді будық осылай,
Тепкіден де, «тептіден» де шошымай.
Әттең,әттең, желтоқсанның шындығын
Тәуелсіз ел түсінген жоқ, досым-ай!...
Қ.Мағжан «Жастар-ай, шіркін!»
Ызғарлы қыс-тоқсан күн
Желтоқсан деп аталған.
Желтоқсанда жастарым
Тәңірінен бата алған.
Батамен елім көгерді,
Әміршіл, билік көнерді.
Тәуелсіз атқан таң үшін
Еске алам өрттей өренді.
Жаңардан саулап намыс мың,
Көрсетіп тісін барыстың.
Желтоқсандық ерлерім
Айдаһар жаумен алыстың.
Құрбандық еттің жаныңды,
Көк мұзға көміп қаныңды.
Тәуелсіз күнді аңсаған,
Жастар-ай, шіркін, арынды!..
Аяулым
Жиырма бес жыл, жиырма бес жыл азаттық
Өзімізді құрсаудан да босаттық
Ақтадық біз ата-баб үмітін
Қолда қазір көк ту менен бостандық
Желтоқсанның қанды суық ызғары
Қалың әскер қазағымды қорлады
Тәуелсіздікті қолдаған жастардың
Отан үшін табандары тозбады
Жүректе намыс оты лапылдаған,
Күш жігері жастардың сарқылмаған.
Отан үшін олар шығып алаңға,
Қарсы ағып өзендей тасқындаған.
Болмасам да сол кезде мен сеземін
Жүректе намыс оты сөнбегенің
Ызғарына аяздың төзгендерін
Бұл күннің оңайлықпен келмегенің
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі
Мықты болсын елімнің керегесі
Тату-тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.
1Жүргізуші:Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс
Егемендік-ел бақыты, ертеңі,
О, халайық!Құтты болсын қуаныш!
2Жүргізуші: Қазақ елім!
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызынның жарығын
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым
Туған күнің құтты болсын,алыбым!
Медина
Құтты болсын тәуелсіздік мерекеміз
Мықты болсын еліміздің керегесі
Жүректе намыс оты лапылдаған
Күш-жігері жастардың сарқылмаған
Әлі де шығар алаңға отан үшін .
Қарсы аққан өзеннен өтетіндер
Жүректе намыс оты сөңбейді
Кезінде ызғарына аяздың төзгендей-ақ
Түсінеміз, ұғамыз
Бұл күннің оңайлықпен келмегенің
Инабат
Тәуелсіз Қазақстан, қазақ елім!
Мен сені мақтан тұтам туған жерім,
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Кетпесін қазағымның берекесі.
Білеміз біз,
Бұл күн оңайлықпен келмегенін,
Жастар қаны жазықсыз төгілгенін.
Ұмытпаймыз желтоқсанды ешқашан,
Құрметтейік тәуелсіздігімізді әрқашан.
Қазағымызды көремін биіктерден,
Көк туымыз аспанда желбіреген.
Әнұран,елтаңба,теңгеміз де,
Құтты болсын мереке бәрімізге.
Бәріміздің арманымыз осы еді ғой,
Қазағым сен намысшыл халықсын ғой.
Тілі менен салт-дәстүрін жоғалтпаған,
«Қазақ» атын мәңгілікке сақтап қалған
Қаншама ұлт бауырына паналады,
Әлемде байлығымды бағалады
Байлығың мол,байтақ жерінде кең,
Құтты болсын тәуелсіздік мерекен
Қазағым өзін өзі жігерлеген
Ешкімге жамандықты тілемеген
Әрқашан төрінен орын беріп,
Барлық ұлтты сыйлап,құрметтеген
Тәуелсіз Қазақстан-менің жерім
Қанатын көкке самғаған қазақ елім
Бақыт құсын бағымызға қоңдырғаның
Қазақстан, мен сен үшін мақтанамын.
Жаннұр
Тәуелсіз елдің ұл-қызымыз,
Көзінде ыстық шоғы бар.
Тәуелсіз елдің жұлдызымыз,
Көгінде елдің жағылар.
Тәуелсіз елдің тірегіміз,
Қазағы арқа сүйейтін.
Тәуелсіз елдің білегіміз,
Бақыттың жолын күрейтін.
Тәуелсіз елдің ән-жырымыз,
Салтанаттарда шырқалар.
Ашылған алау гүліміз,
Гүлзар бақтарда ырғалар.
Тәуелсіз елді сүйемін,
Сүйгендей туған ананы.
Тәуелсіз елді сүйемін,
Сүйгендей ана баланы.
Тәуелсіз менің еліме,
Бар әлем бүгін қарады.
Айхан «Тәуелсіздік»
Тәуелсіздік-
Тәубелі елдің ұраны,
Қиялды елдің қыраны,
Жат рухта жалтақтатпас пендесін,
Жанарлардың шырағы.
Тәуелсіздік-
Пейіл сыйы қазақтың,
Арымыздаң арылғаны азаптың,
Батыры көп, ақыны көп халыққа
Алла жар боп туа қалған ғажап күн!
Тәуелсіздік-
Көрдік сені тіріміз,
Көре алмады көсеміміз,іріміз.
Ұлтшылы аз,ұлтсыздықпен күресте
Қазақ болған әзірге құр түріміз.
Тәуелсіздік-
Сен келгелі қазақпыз,
Қазақтығын қазақша айта алатын.
Ұлттың жоғын жоқтаймын деп
«Жоқ» болған,
Ұлыларын «тұтқыннан» қайтаратын.
Тәуелсіздік-
Айналайын құныңнан,
Түсе көрме тұғырдан.
Отаныма мәңгілігің үшін де
Садағаң болсын шыбын жан!
Нұрайлым
Еркіндігім,қасиеттім, қастерлім
Өзің барда өзегімде жоқ шер, мұң.
Кеше сенің келбетінді арман қып,
Боданына бұғауландық, басқа елдің
Бабалардың басын тігіп бәйгеге
Аналардың жанарына жас бердің
Уа, еркіндік, қош келдің!
Өзегімді өртке ораған қоғамда
Өз үйіме өзім өгей болам ба?
Алшан басып жүре алмас алты алаш
Азаттығым! Қадіріңде жоқ онда!
Саған жету қиын қаншалық
Сақтап тұру қиынырақ одан да
Алла берген азаттықтың әр сәті
Аманат қой, маған, саған, оғанда!
Саясатақ сермей алмай семсерді
Езгі күнге тері қоғам теңселді!
Желтоқсанда жалын атып жастығым
Құрсау болған темір қоғам теңселді!
Есте даңқы қыршындардың қалды ма?
Сексен алты ерлігім бе-ей, ең соңғы!?
Уа, Еркіндік,құның немен өлшенді!?
Уа,Еркіндік, құның немен өлшенді!?
Сені көксеп, бозақтарым өлсе өлді!
Сенсің менің ең ғажайып өлеңім
Ең шуақты, ең шырайлы, Ең шерлі!
Әр таңынды, сүйіншілеп тұрайын!
Құдай берген, ғұмырымда өлшеулі!
Аружан «Тәуелсіздікке 25 жыл»
Тәуелсіздік елдеміз
Қуанамыз күнде біз
Ата-бабам қалдырған
Қазақтытың біз батырымыз сенсеңіз
Тәуелсіздік еліміз
Мәңгі жасар жеріміз
Тәуелсіздік жасаған
Аға,әпкелеріміз
Бабамның да арманы
Осы еді ғой аңсаған
Тәуелсіздік тандары
Бақ береді баршаға
Көк туымды қолыма
Бүгін берік ұстадым
Түсті бақыт жолыма
Менің Қазақстаныма!
Аяулым. «Тәуелсіздік – тірегім.»
Көзіме бүгін жас келіп тұр, халайық,
Әрбір істі зердеге алып қарайық.
Тәуелсіздік жолына жан пида еткен,
Ерлерімізді есімізге алайық.
Жүрмейікші жүнжіп босқа түнеріп,
Еске алайық, есімдерін білейік.
Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ,
Алмайықшы екі қолдан жіберіп.
Жиырмадағы жалындаған жасында,
Қаншама жас азап шекті расында.
Желтоқсанның ызғары өтіп кеудеден,
Қарсы тұрды Колбин қосқан қосынға.
Соны ойласам елжірейді жүрегім,
Өздері өліп, қорғап қалды Ұлы елін.
Желбіресін көк байрағы халқымның,
Тәуелсіздік болсын мәңгі тірегім.
Ерхан «Тәуелсіз елім»
Тәуелсіз елім- арайлы таңым, асқағым,
Айтулы күнге жырымды арнай бастадым.
Ес білген күннен өзінді көрдім биіктен,
Қазақты сүйіп тұрғандай болды аспаным.
Елтаңбан қандай, көкпеңбек туым, байрағым,
Пырақпен ұштым, жұлызым жанды, сайрадым.
Ғарышты бүгін меңгеріп алған қазақтың
Самал жел ғана сипайтын сынды айдарын.
Тәуелсіздікті ана тілімнен бастадым,
Жетеді енді намысын ұлттың шашқаным.
Тәуелсіз елге мәңгілік өмір тілейтін
Білімді болсын, қазағым мендей жастарың!
1Жүргізуші: Н.Ә.Назарбаев: «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деген. Біздің еліміз тәуелсіздікке жету жолында талай өткелдерден өткен. Ел тарихындағы « қазақ» деген сөздің өзі бостандық, еркіндік және ержүрек деген ұғымға сай келеді.
2Жүргізуші: Астанамыздың күннен күнге жарқырап,жайнап келе жатқаны қатты қуантады.Алдағы «ЭКСПО 2017» көрмесі елорда мәртебесін көтере түсетіні анық.
1Жүргізуші: Туған жер, алтын бесігім,
Тербеттің мені төсіңде
Сенде түлеп,сенде өскен
Жас ұрпақта жоқ арман.
2Жүргізуші: Мен тәуелсіз елдің баласымын
Елің сүйген патриоттың бірімін
Көк бөрінің батылдығы дарыған,
Өр мінезді ел-жұртыммен ірімін.
Ән «Қазақ жастары» орындайтындар: Ерхан,Мағжан
1 жүргізуші:Би:Алға Қазақстан
2 жүргізуші:Ән «Қазақтай ел қайда» орындайтындар: Зарина,Жаннұр.
1 жүргізуші: Тәуелсіз елдің ұрпақтары қандай болу керек:
2 Жүргізуші: Ән «Қазақ елі осындай!» орындайтын: Перизат, Зарина
1 Жүргізуші: Әзіл әлемін тамашаларыңыздар.
2 жүргізуші:Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құтты болсын. Еліміздің дәулеті,жеріміздің сәулеті жолындағы игілікті істеріңіз табысты болсын.
1 жүргізуші: Ұлттық мереке-тәуелсіздік күні құтты болсын.Еліміздің көк байрағы бейбіт аспан астында желбіреп,әлемге таныла берсін.
2 жүргізуші: Келесі кездескенше сау болыңыздар.
1 жүргізуші: Келесі кездескенше сау болыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |