Өткізілетін іс-шаралар



бет1/7
Дата25.08.2017
өлшемі1,01 Mb.
#27701
  1   2   3   4   5   6   7
Бағдарлама




Өткізілетін іс-шаралар

Сыныбы

Уақыты

Өткізуші




12 жылдық оқытуға көшу жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін қалыптастыру.





8.15-8.45

ББ әдіскері Уразбаева Г.Ә.

1

Баяндама «Жаңа формациядағы мұғалімге қойылатын талаптар»

Рахметқалиева Б.Қ.

2

Ашық сабақ Сәкен Сейфуллин «Далада»

6 А

8.50-9.35

Тоқаева Н.М.

3

Ашық сабақ «Тіл ұстарту» Мәтінмен жұмыс

9 Ә

9.45-10.30

Әлдикенова А.А.

4

Лексикадан өткенді қайталау


11

10.45-11.30

Шәуенова Э.С.

5

Қорытынды




11.35-12.05

Оқу ісінің орынбасары

Рахметқалиева Б.Қ.

ӘБ тақырыбы: 12 жылдық оқытуға көшу жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін қалыптастыру.

ӘБ міндеттері:



  • Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану;

  • Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибенің жетістігін қолдану;

  • Барлық сабақтарда жоғары әдістемелік деңгейді қамтамасыз ету жолымен қазақ тілі мен әдебиетін жүргізудің сапасын арттыру.

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері қалалық әдістемелік бірлестігінің қызмет жүйесі.

Әдістемелік қызметін басқару органдары мен білім беру мекемелері арасындағы қарым – қатынасты жетілдіру әдістемелік,оқыту мазмұнымен басқару ықпалын толықтыруға негізделеді.Білімді дамытатын мемлекеттік бағдарламаны табысты іске асыру әкімшілік ықпал жасау және мониторинг нәтижесін анықтау арқылы ғана емес, педагогтармен әдістемелік жұмысты жетілдіру кезінде де мүмкін екені анық.



Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің қалалық әдістемелік бірлестігі туралы Ережесіне сәйкес, педагогтардың кәсіби біліктілігін қалыптастыру жолымен оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында жұмыс істейді.2006-2007 оқу жылында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің қалалық әдістемелік бірлестігі «12 жылдық оқытуға көшу жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін қалыптастыру» бойынша зерттеушілік жұмыс атқарды.Әдістемелік бірлестігінің қызметі келесі міндеттерді орындауға бағытталған;

  • Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің шығармашылық тобын құру;

  • Жаңартпашылық және педагогикалық технологиялар жұмысына мұғалімдерді оқыту,желіде кәсіби жұмыс істеуге мұғалімдерді дайындау;

  • Педагогтардың кәсіби біліктілігін қалыптастыру жолымен қазақ тілінің жүргізу сапасын арттыру;

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері әдістемелік бірлестік қызметінің негізгі принциптері:

  • идеологиялық бағыт

  • көкейтестік

  • ғылымилық

  • жүйелік

  • сабақтастық, үздіксіздік

  • шығармашылық мінез

  • жеделдік, жұмылғыштық, икемдік

Қалалық әдістемелік бірлестігі педагогтың кәсіби біліктілігін арттыру үшін жағдай жасайды.Білім сапасын арттыру бойынша қалалық әдістемелік бірлестік қызметінің негізгі бағыттары:

  • білім беру - педагогикалық шеберлікті арттыру үшін жағдай жасау

  • талдау – оқу, білім беру әрекетін мұғалімнің талдай білуі

  • зерттеушілік – басқа педагогтардың кәсіби қалыптасуын, педагогикалық ғылымды зерттеу

  • сарапшылық – мұғалім әрекетін бағалау

  • ұйымдастырушы – педагогикалық- кадрлар мүмкіндігін талдау

  • кеңес берушілік –мотивациялық – педагогтар қызметін ынталандыру.

Қалалық әдістемелік бірлестік қызметі мұғалімнің кәсіби біліктілігін қалыптастыруға бағытталған.


Педагог үлгісі.



Жоспарланған нәтижелер алуын қамтамасыз ететін жағдайлар:

  1. Үнемі мұғалім кәсіби біліктілігінің дамуы

  2. Білім прцесіне қатысушылардың оның сапасына мотивациясы

  3. Аралық бақылау жүйесі

  4. Алдыңғы педагогикалық тәжірибе «жинағының» болуы

  5. Оқушының жекелік және денсаулық есебін жүргізу

  6. Білім беру процесінің және тұрақты, жекелік, ұжымдық нәтижелер рефлексиясы

  7. Инфрақұрылыммен байланыс (әлеуметтік, мәдениеттілік,экономикалық аспектілер)

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі формалары:

  1. Тәжірибелік жұмыс және ғылыми зерттеулер:

-Экспериментті алаң;

-Зерттеу проблемасы бойынша теориялық материалды зерттеу;

-Ғылыми – практикалық конференцияға, семинарға қатысу;

-Авторлық материалдарды өндеу.



  1. Әдістемелік құжаттаманы өңдеу:

-Әдістемелік ұсыныстар;

-Сауалнамалар;

-Ережелер (байқау, сайыс көрме, шығармашылық жұмыстар туралы)

-Диагностика әдістері;



  1. Мұғалімдер біліктілігін арттыру:

әдістемелік тақырып бойынша жұмыс;

біліктілікті арттыру курсы;

проблемалық семинарлар;


  • дөңгелек үстелде;

  • жекеше кеңестер;

  • ашық сабақтар;

  • өзара қатынасу;

  • ғылыми, методикалық әдебиеттермен жұмыс;

  • қамқоршылық;

  • кәсіби шеберлік сайыстарда қатысу.

4.Жаңартпашылық педагогикалық тәжірибені қорыту және тарату.

* шығармашылық топта жұмыс;

* шығармашылықпен немесе жеке жаңартпашылықпен жұмыс істейтін мұғалмнің

материалын жүйелеу және қорыту;



  • презентациялар, білім рпоцесінде жаңартпашылық жұмыстарды қолдану және тарату;

  • шебер- сыныптар;

  • әдістемелік күндер;

Мұғалімнің кәсіби жетіктігін көтеру,оның кәсіби мүлтіксіздікке іштей қалыптасуын шығармашылық қолдану арқылы өзін білдіруге талаптанады.

Қазақ тілі мен әдебиеті жас мұғалімдерінің кәсіби педагогикалық біліктіліктерін мүлтіксіздіктену барысында модульдік оқыту технологиясын қолдану мақсатымен Жас мұғалім мектебінің жұмысы ұйымдастырылды.Оның тақырыбы:қазақ тілінің білім сапасын көтеру үшін модульдік оқыту технологиясын қолдану.ЖММ негізгі бағыттары:



  • педагогикадан және психологиядан тартымды тақырыптар бойынша әдебиеттерді

оқу;

  • жас мұғалімдердің практикалық қызметіндегі қиыншылықтарды айқындау;

  • жас мұғалімдерге методикалық көмек көрсету;

  • тәжірибеге педагогикалық жаңартпашылықтарды енгізу және меңгеру.

Қазақ әдебиетін оқыту барысында жаңартпашылық технологияларды белсенді енгізу мақсатында педагогикалық озық тәжірибе мектебінің жұмысы ұйымдсатырылды.Оның тақырыбы: қазақ әдебиетін оқытуда жаңартпашылық технологияларды қолдану- мұғалімнің педагогикалық біліктілігінің құралы болып саналады.ОТМ негізгі бағыттары:

  • педагогикадан, психологиядан тартымды тақырыптар бойынша әдебиеттерді оқу;

  • ең тәжірбиелі педагогтардың жұмыстарын анықтау және оқу;

  • мұғалім – шебер жұмысымен танысу.

Бүгінгі мұғалімдер 12-жылдық білімге дайындықты беттеді.Осы бойынша біліктіліктің жаңа бағыттары жасалған, жаңа сабақ қарастырылуда, оқушылырдың біліктіліктерін қалыптасуға мақсатталған; дидактикалық базамен сыныптың оқу ортасы жаңартылуда.Сабақтың негізі оқушылардың тұлғалық дамуынан құрылады, оның теориялық білімі мен практикалық дағдылары қалыптасады.Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері сабақтағы негізгі әрекеттерді қарастыруда.Оқушының себеп жүйесі бұрыштың басында тұрады «Не үшін оқу керек?»

Осының бәрі оқудың дағдыларын дамытуға және сақтауға көмектеседі, оқушының жеке білімін қамтамасыз ету.

Соңғы нәтижеге бағдар- біліктіліктің қалыптасуы мұғалімдерге оқу процесін болжауға,оның нәтижесі, жетістіктері балалардың дамуыны көмектеседі.

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарындаағы жаңа технологиялар бүгін 12-жылдық білім мәселелерімен байланысты.Бүгін ерекше өзекті, ықшам технологиясы(оқу процесінің бөлшектеріне әсер етеді ) сонымен қатар жүйелі технологиялар,олар оқу құралының мазмұнын, түрін, әдістерін басында өзгертеді.Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында пайдалы дербес бағдарлы оқыту технологиясы, модульдік оқыту, сын ойлары оқу және жазу арқылы дамуы.

Мұғалімнің педагогикалық жетісктігі кәсіби шеберлі сайыстарда дамиды.Қалалық ӘБ қызметі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің біліктілігін көтеру, оны қалалық және облыстық сайыстардағы қатысу нәтижелер бойынша анықтауға болады:

Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша оқушылардың терең білімдерімен қамтамасыз етуде оларды қалалық ғылыми - практикалық жұмыстарға дайындауда мақсатты жұмыстар жүргізілуде, ОҒҚ-ның нәтижесі бойынша келесі мұғалімдерді атап кетуге болады:

Бекентаева А.К(№13 НМ), Алдикенова А.А(СМГ), Баймұханбетова О.С(ЖМГ), Мұқашева Б.Ж(СМГ), Ташетова Ж,Х(№7 ОМ), Тұрғынғожина Р.Т.(СМГ), Шожанова Р.Е.(ГМГ), Ибраева Б.Г.(№9 ОМ), Кежебаева Ж.К. (№2 ОМ),Маликова А.М.(№20 ОМ), Шынболатова К.Б.»№20 ОМ), Жайлыбаева Н.А. (№23 ОМ), Мырзағалиева А.Б.(№7 ОМ).

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жұмысы мұғалімдердің кәсіби біліктілігін жетілдіруге бағытталған, бұл оқушылардың білім сапасының жоғарлауына, жалпы және пәндік біліктілігін қалыптастыруына себеп болады.


Рахметкалиева Б.Қ.,С.Мәуленов ат..

гимназияның директор орынбасары
Жаңа формациядағы мұғалімге қойылатын талаптар

Ең басты мәселенің бірі - Қазақстан Республикасының 50 бәсекелестікке дайын мемлекеттер қатарына кіру стратегиясы болып табылады. Н.Назарбаев басты міндеттердің бірі ретінде білім саласының реформалық өзгеруін талап етті. Ал нақты айтатын болсақ - жаңа формациядағы педагогты дайындау. Ол дегеніміз барлық мұғалімдердің жұмысын өмірдің талабына сай өзгерту. Сол себептен Республикамызда концепциялық құжаттар қабылданды, соның ішінде Қазақстан Республикасының Білім дамыту концепциясы 2015 жылға дейін және Қазақстан Республикасының Білім дамыту бағдарламасы 2010 жылға дейін және Қазақстан Республикасының педагогикалық Білім концепциясы. Міне осы құжаттарда мұғалімнің жаңа статусы айқындалған. Бұл жаңа негіздемемен толықтырылып отыр. Мұғалімнің негізгі мақсаты- сабақ үрдісін ұйымдастыру ғана емес, жаңа технологияларды қолдану ғана емес, керісінше ол оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыта отырып, өздік танымдық біліктілігінің дамуын ұйымдастыру. Міне осы-мұғалімнің іс-әрекетінің негізгі қағидасы болып табылады. Демек, қазіргі таңда мұғалім менеджер ретінде болуға тиісті.

Педагогикалық Білім концепциясында «мұғалім өз пәнін міндетті түрде терең білуге тиісті, бірақ сонымен қатар оқу үрдісіне қатысатын мүмкіндіктердің өз орнын біліп оны уақытында бағыттап, нәтижеге жетелеп, дер кезінде түзетулер енгізе алатын құзіретті тұлға болуы керек» делінген. Құзіретті мұғалім дегеніміз : адамның өз мамандығы бойынша әлеуметтік және кәсіби пісіп жетілуі. Биылғы шыққан 12 жылдық мектеп педагогінің кәсіби құзіреттілік талаптарында былай делінген:

Мұғалім. Психологияны, педагогиканы, тәрбиелеу теориясын, педагогикалық технологияларды, құқықтық нормаларды білуге міндетті.

Мұғалім не істей білуі керек:



  • мемлекеттік стандартты сараптап, өз іс-әрекетіне сәйкес қолдана білу;

  • өз жұмысында басқару функциясын орындай білу (сыныпты, оқу үрдісін басқару т.б.)

  • кәсіби мониторингтің нәтижелерін қолдану

  • педагогикалық технологияларды сабақ үрдісінде қолдана білу

  • мемлекеттік тілді және шетел тілін кәсіби деңгейіне сәйкес қажетті қолдана білу

Міне осыдан мұғалімнің құзіреттілігі көрінеді.

Ал енді біздің гимназия мұғалімдерінің іс-әрекетіне тоқталатын болсақ, біз осы деңгейге сай келеміз бе деген сауал туындайды.

Сонымен 7 мұғалім шығармашылық деңгеймен жұмыс істейді.

Сын тұрғысынан ойлау стратегиясымен жұмыс істейтін мұғалімдер саны–6

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясымен –1

Сабақ үрдісінде осы аталған педагогикалық технологияларды өзінің әдістемелік тақырыбымен ұштастыра отырып жүйелі жұмыс жасаса ,білім сапасын дамытуға әбден мүмкіндік бар. Оны әр пән бойынша мына көрсеткіштерден көруге болады.



Қазақ тілі пәні мұғалімдері сын тұрғысынан ойлау стратегиясын қолданудың нәтижесінде 76%-ға білім сапасын көтеріп отыр.

Ғылыми жоба жұмыстарымен айналысып, оқушыларды ғылыми жоба дайындауға бейімдеп жүрген мұғалімдеріміз де бар. Мұқашева Бизада Жақсылыққызының әдістемелік тақырыбы «Сегіз қырлы бір сырлы. Иса Байзақов.», Тұрғынғожина Руза Төкенқызы «Қазақ ұлттық тақырыптарының өміршеңдігі».

Осы бағытта бұл мұғалімдер сыныппен мынадай жұмыс жүргізіп отыр: Ғылыми ізденіске бағыттады, шығармашылық тақырыптар берді, мониторинг жүргізді, нәтижесінде қаншама жұмыс жүргізді. Енді сатылап көрейік:


  • мұғалім әдебиетті сараптады, ізденді;

  • оқушылардың арасынан шығармашылыққа жақын балаларды таңдап алды, біліктілік қабілетін байқау арқылы жұмыс жүргізді.Өздік мониторинг жасады.

Осы екі сатыда мұғалім өзі өсті және оқушыларды да шығармашылыққа тартты.

Келесі сатысы ол оқушылардың тақырыптарын нақтылау, басшылық жүргізу, уақытында түзету жұмыстарын жүргізіп отыру.

Егер мұғалім коррекциялық жұмысын уақытында жүргізіп отырса, бұл– педагогикалық- ізденістік шығармашылық жұмысы болып саналады. Осы істелген барлық жұмысын жүйелі түрде әдістемелік құрал ретінде, тәжірибесі ретінде ұсынуға болады. Бұл- жұмыстың нәтижесі болып саналады және аттестациялық деңгейін өсіреді. Ал оқу үрдісінде оқушылардың білім сапасының өсуіне әсерін тигізеді. Мұғалімнің әдістемелік тақырыбы оқушылардың білім сапасын көтеруге, дамытуға бағытталуы керек. Соңында сол әдістемелік тақырыптың нәтижесін көруіміз керек.

Егер біз мұғалім мен оқушының деңгейі бірге өсу керек деп айтатын болсақ, мұғалімнің тақырыбында өздік кәсіби дамуы басты болу керек, сонда оқушыларды да шығармашылық даму деңгейіне тартады. Әдістемелік тақырыпты таңдаған уақытта, оның тиімділігі жағына көңіл бөлуіміз керек.

Сондықтан тақырыптарымызды сыни-сараптамалық жағынан қарастырып, шығармашылық деңгейде алуымыз қажет.

Бүгінгі оқу үрдісінің оқушының қызықтырмаунының басты себебі: оқу-үрдісіндегі жасандылық, 45 минуттық көз бояушылық, дайын сұрақ пен дайын жауап шеңберіндегі мұғалім мен оқушы қызметі, олардың арасындағы формальді қатынас. Мұғалім оқушыдан білім мазмұнынына қатысты тосын сұрақтар алатындай дәрежеде оқу-үрдісін ұйымдастыра білсе, бұл сұрақтың жауабын өзім білмей қалуым мүмкін деген үреймен емес, бұл сұрақтарға «оригинал» жауаптарды аламын деген сеніммен оқушыларды жетелей білсе, мұғалім беделі, құзырлылығы, мұғалімнің өзіне деген, өз оқушыларына деген сенімі арта түсері қақ.

Тұлғаны тұлға ғана тәрбиелей алады. Бүгінгі қоғамға жаттанды кітап сөзімен тақылдап тұрған оқушы емес, өмірден алған өзіндік тәжірибесімен білім мазмұнын толықтыра алатын оқушы қажет. Баланың оқулықта берілген мәтінмен немесе басқа да ақпараттарымен арасындағы байланысты орнату, мәтіндегі ойды бала ойымен толықтыру, баланың өмірден алған өзіндік тәжірибесін білім мазмұнына ендіру, тек баламен бетпе-бет, бір емес, бірнеше 45 минуттарды бірге өткізетін мұғалімнің ісі, әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушы қызметін жандандыру.

«Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» мұғалімдердің біліктілігін арттыруды жаңа мазмұн мен жаңаша оқыту үлгілеріне көшіру – педагогикалық мамандардың кәсіби дайындығы мен шығармашылық шеберлігін дамытудың негізгі факторы ретінде қарастырылады.

ХХІ ғасыр өркениеттің алға басуымен сипаттталатын болса, ол әр адамның жеке тұлғаның шығармашылық деңгейімен анықталады. Көптеген зерттеушілердің өркениеттің өзін әр адамдағы шығармашылықтың болуымен байланыстыруы осыдан. Белгілінің шегарасынан тыс ойлай алатын, мәселені шешудің өзіндік, соны жолын таба білетін, заман талаптарына орай өзін саналы түрде өзгерте алатын шығармашыл адамдар қазіргі білімнің идеалы, мұраты. Бұл жағдай білім беру саласының алдына іргелі міндеттер жүктеп, білім сапасын шығармашылық тұрғыда арттырудың жаңа қосымша көздерін іздеуге ынталандыруда.

Шығармашылық жолы – ол үміттер мен күдіктер, жеңілістер мен жеңістер жолы. Осы жолдан өзіне сабақ ала алу, жетер биігін белгілей білу, өзінің жетістіктері мен кемшін тұстарын талдай алу – мұғалімнің шығармашылығын дамытудағы стратегиялық бағыттары болып табылады.



6 «А» сыныбы
Сабақтың тақырыбы : С.Сейфуллин « Тұлпарым» өлеңі

Мақсаты :

1. Ақынның өмірі , шығармашылығынан жалпы мәлімет бере отырып , өлеңнің тақырыбын идеясын ашуға жағдай жасау.

2.Оқушыныңы іздемпаздық қасиеттерін дамытып , қалыптастыра отырып , ойлау , сөйлеу , есте сақтау қабілеттерін дамыту.Білім , білік дағдыларын арттыру.

3.Отансүйгіштікке , сыйластыққа ең бастысы адамгершілікке баулу.



Түрі: Жаңа сабақты игеру .

Әдіс- тәсілдері : сұрақ - жауап , баяндау , суреттеу , топпен жұмыс .

Көрнекіліктер : интерактивтік тақта , маркер , плакат , портрет , қосымша материалдар .



Пәнаралық байланыс : Тарих , география , қазақ тілі .

Пайдаланған әдебиеттер :

1.Қазақ әдебиетіне арналған хрестоматия (3-кітап ) С.Т Елікбаев

2. Тарихи тұлғалар

3. Б.Кенжебаев « Жылдар жеңісі»



Сабақтың барысы :

1. Ұйымдастыру кезеңі. (1 мин)

2.Үй жұмысын тексеру . « Сыр сандық» өлеңін жатқа айту . Өлеңді құрылысына қарай талдау.( 5 мин)

3. Жаңа сабақты игеру. Ой қызығушылығын ояту кезеңі : Кластер құрыңдар

С.Сейфуллин кім? (2мин)

Мағынаны ажырату: Оқушыларды үш топқа бөлемін.

1- топ « Ақынның өмірбаяны»

2- топ « Ақынның шығармалары»

3- топ « Ақынның достары , қоршаған ортасы» (10 мин)



Суреттеу : Сонымен оқушылар «С.Сейфуллин кім ?» кластердегі білетіңдеріне не қосамыз ? Кластерді аяқтау , толықтыру .(3 мин)

Тұлпарым өлеңін талдау . Балалар ,ақын «Тұлпарым» өлеңінде не туралы жазғанын өзімізше ойланып , елестетіп , қиялдап көрейік . (3 мин)



Өлеңді талдау :

- мәнерлеп оқу ( бірнеше оқушы ) ;

- мазмұнына қарай баяндау ;

- өз ойларын қосып әңгімелеу ; (5мин)



Сұрақ - жауап : Слайдағы сұрақ тапсырмаларға жауап беріп көріңдер. (5 мин)

Талдауға талап болсын !

1. Өлең жолдарынан септік жалғауларының ең көп түрін анықтаңдар .

2 Әркім өз қалаулары бойынша өлеңнің бір шумағын құрылысына қарай талдайды.(5 мин)

Ой толғау кезеңі : Қолдау . Сендер Сәкен аталарыңның ісін қолдайсыңдар ма ? Егер қолдасаңдар ақынға ашық хат жазыңдар.( 7 мин)

Үйге : І .Жансүгіров « Әнші» поэмасын оқу , қосымша деректер қарастыру.







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет