Атырау облысы, Атырау қаласы
№34 Лингвистикалық мектеп – гимназиясы
Рахымғалиева Динара Нұрланқызы
Ашық сабақ тақырыбы: «ГИМНАСТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР»
Сабақтың тақырыбы: Гимнастикалық жаттығулар.
Сабақтың мақсаты: Баспен тұру техникасын үйрету.
Міндеттері:
1. Сауықтыру: Тепе - теңдік қасиеттерін дамыту.
2. Білім беру: Акробатикалық және ағаш аттан секіру жаттығуларын жетілдіру. Күштілік, ептілік, икемдік қасиеттерін қалыптастыру.
3. Тәрбиелеу: Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, әріптестеріне дер кезінде көмекке келу қасиеттерін тәрбиелеу.
4. Сабаққа керекті құралдар-жабдықтар: Ағаш ат, гантель, шеңбер, гимнастикалық төсеніштер.
5. Сабақтың әдісі: Топтық, түсіндіру.
6. Сабақтың түрі: Шеңберлі жаттығу
7. Сынып: 5 « Ә »
8. Өткізілетін орны: Спорт зал.
9. Уақыты: 40 мин
Сабақтың мазмұны, уақыты, әдістемелік нұсқаулар:
1. Дайындық бөлім: 10 мин
1.1. Сапқа тұрғызу: Сабаққа қатысқан оқушыларды түгендеу. Мәлімдеме қабылдау. Сәлемдесу. Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру. Сабақтың мақсатын таныстыру. Саптағы «Оңға!», «Солға!», «Ай-нал!» «Алаңды айналып алға адымда!».
2 минут - Арнайы киімдеріне сабаққа даярлығына және берілген бұйрықтың орындалуына назар аудару. Ара қашықтықты сақтау.
1.2. Жүру бағытында орындалатын жаттығулар: Екі қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру. Қол белде өкшемен жүру. Аяқтың іш және сырт жағымен жүру. Қолды бүкпеу, денені тік ұстау. Кеудені тік ұстау. Басты көтеру.
1.3. Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулары: Жеңіл жүгіріс. Тізені алға көтеріп жүгіру. Қолды артқа қойып, аяқты артқа сермей жүгіру. Аяқтың басын алға сілтей жүгіру. Оң қапталмен қолды алға айналдыру. Сол қапталмен қолды артқа айналдыру.
3 мин - Ара-қашықтық сақтау. Тізені алақанға тигізу. Аяқты алақанға жеткізу. Барынша жоғары секіріп, қолды толық айналдыру.
1.4. Тыныс алу жаттығулары: Демді қалпына келтіру, терең дем алу. Қозғалыста 3 қатарға тұрғызу.
2. Негізгі бөлім: 25 мин
2.1. І топ
Акробатикалық жаттығулар:
Артқа аунап түсіп, жауырынға және бір тізеге тұру
Ұзынынан алға шеңбердің ішінен аунап түсу
Серіктесінің көмегімен баспен тұру
Шынтақты тіреп баспен тұру
Қауіпсіздік ережесін сақтап, сыныптасының, мұғалімнің көмегімен жасауын қадағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |