Сабақ жоспары.
Сынып: 6 «А»
Сабақтың тақырыбы: Көпір жасау (мостик).
Мақсаты: Көпір жасау жаттығуларын меңгеру.
Міндеттері:
Білімділік: Көпір жасау әдістерін көрсету, үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың икемділігі мен ептіліктерін дамыту;
Тәрбиелік: Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Құрал- жабдықтар: Гимнастикалық төсеніш, ысқырық, секундомер.
Өтетін орны: Спорт зал.
№
|
Сабақтың мазмұны
|
Уақыты
|
Әдістемелік нұсқаулар
|
I
|
Дайындық бөлімі:
1. Сапқа тұру. Амандасу. Сабақтың мақсатын айту. Саптағы жаттығулар. Оңға! Солға! Айнал!
2. Денені қыздыру: жүріс, жүгіру арқылы.
2.1 Жүріспен орындалатын жаттығулар:
а) қол жоғарыда аяқтың ұшымен;
ә) қол желкеде аяқтың өкшесімен;
б) қол белде табанның сырт жақ қырымен;
в) қол алдыда жартылай отырып жүреміз;
2.2 Жүгіруде орындалатын жаттығулар:
а) қол белде оң жақ бүйірмен тіркеме адыммен;
ә) қол белде сол жақ бүйірмен тіркеме адыммен;
б) қол алдыда тізені жоғары көтеріп жүргізу;
в) қол екі жанда төменде аяқты артқа сілтеп жүгіру;
г) қол артта аяқты артқа сілтеп жүгіру;
ғ) залдың оң жақ қабырғасынан жылдамдықпен жүгіру;
д) арқамен алдына қарап жүгіру;
е) жүріс пен демалысты қалпына келтіру.
Жұппен жасалатын жаттығулар жиынтығы:
І. Бастапқы қалыпта қол ұстап, бір-біріне қарама – қарсы тұрады (2-4 рет):
1. Қолды екі жаны арқылы жоғары көтеру, сол аяқты артқа ұстау;
2. Бастапқы қалыпқа келу екінші аяқпен де осылай жасау, осы жаттығуды кезекпен орындау.
ІІ. Бастапқы қалыпта қолдарын төмен ұстап бір – біріне арқаларымен тұрады:
Сол аяғының ұшымен жанға қояды, оң қолды жанға қояды, оң қолды жоғары көтеріп, солға еңкейеді;
* Бастапқы қалыпқа келу. Екінші жаққа да осылай жасау.
ІІІ. Бастапқы қалыпта қолдарын бір-бірінің иықтарынан ұстап, алға еңкейіп, қарама – қарсы тұрады, аяқтарының арасы алшақ ұсталады
* Алға қарай серпіле түрде еңкею;
* Солға бұрылу. Екінші жаққа бұрылыс жасау, осылай істеу.
ІҮ. Бастапқы қалыпта қолдарын жоғары көтеріп ұстап, бір-бірлеріне арқаларын беріп тұрады
Сол аяқпен ілгері аттау, артқа шалқаю;
Бастапқы қалыпқа келу. Екінші аяқпен де осылай жасау.
Ү. Бастапқы қалыпта қолдарын шынтақтан іліп алып, бір-біріне арқаларын беріп тұру
1. Жартылай отыру;
2. Бастапқы қалыпқа келу.
ҮІ. Бастапқы қалыпта табандарын тіреп, аяқтарын тізеден бүгіп, қолдарынан ұстап, еденде қарама-қарсы отырады.
Сол аяқты жоғары көтеріп, созып ұстайды;
Бастапқы қалыпқа келу. Оң аяқтан осылай жасау.
ҮІІ. Бастапқы қалыпта табандарын тіреп, аяқтарын алшақ қойып, бір-біріне қарама-қарсы отыру, оң қолдарымен ұстасады Біреуі алға еңкейсе, екіншісі шалқаяды;
Бастапқы қалыпқа келу;
Екінші жаққа еңкейіп, шалқаю.
|
25 мин
|
Оқушылардың сабаққа дайындығына, спорт киіміне, көңіл бөлу
Басты, денені, қолды түзу ұстап жүрулерін қадағалау
Денені тік, қолдарын дұрыс қойып ұстауларын, дұрыс демалуын қадағалау
Денені түзу, жаттығуды сан арқылы орындау).
Қолды құшақтау арқылы денені барынша созу
Денелері тік қолдарын көтеріп иілу арқылы аттау
Арқалары тік бірдей отырып тұру
Бір-бірінің көмегімен аяқты жоғары созу
Жаттығуларды алма кезек орындау
|
II
|
Негізгі бөлім.
Көпір жасау, баспен тұру, шатқа жартылай және толық отыруды үйрену. Оқушылардың бір-біріне көмек беру арқылы іске асады. Бұл тәсілдерді меңгергеннен кейін, оларды әрқайсысы өз беттерімен орындауларына болады. Көпір жасап тұру үшін екі аяқты алшақ қойып, жамбасты ілгері жіберіп шалқайғанда, бас пен екі қолды артқа қарай қатар иіп, қолды жерге тіреу керек.
Көпірде 3 секунд тұру керек
|
10 мин
|
Жаттығулардағы сақтандыру: қолды дұрыс ұстауы, барынша иілу
қол мен аяқтың бүгіліп кетуі, қол мен дене аралығы 1800-тан кем болуы, қол мен аяқтың арасы иық кеңдігінен не кең, не тар болуы, бастың артқа толық иілмеуі және т.б..
|
III
|
Қорытынды бөлімі.
Демді қалпына келтіру. Сапқа тұрғызу. Оқушыларды бағалау. Қоштасу.
|
5 мин
|
|
Атырау облысы, Атырау қаласы
№34 Лингвистикалық мектеп-гимназиясы
Рахымғалиева Динара Нұрланқызы
Тақырыбы: “Волейбол. Допты жоғарыдан және төменнен қабылдау”.
Сабақтың мақсаты:
1) Допты жоғары ұрып ойынға қосу тор арқылы.
2) Жоғары тәсілмен доп беру.
3) Екі қолмен төменгі әдіспен доп қабылдау.
Өткізілетін орыны: Спорт зал
Қолданатын жабдықтар: Волейбол ойынының торы, доптар.
Сабақ барысы:
1. Кіріспе бөлім: 10 минут.
Амандасу. Сапқа тұрғызу. Сабақтың мақсатымен таныстыру
1. Жүріс:
а) Аяқтың басында, қол үстінде.
ә) Өкшеде, қол желкеде.
б) Аяқтың сыртымен, қол белде.
в) Жылдам жүру
2. Жүгіріс:
а) Бір қалыптық жүгіріс.
ә) Он жақпен аяқ қосып, қолды алға айналдыру.
б) Сол жақпен аяқ қосып, қолды артқа айналдыру.
в) Арқамен алға.
г) Өкшені артқа сермеп лақтырып, қол артта.
д) Тізені алға көтеріп, қол шынтақта алға бүгілген.
е) Жеңіл жүгіріс.
3. Жалпы дамыту жаттығулар:
1. Қимылда.
Дем дұрыстау жаттығулар.
Аптам сайын қолды жұлқып ауыстыру.
Қолдың басын уыстап ұстап білезікті айналдыру.
2. Орында.
қол белде. басты оңға еңкейту. қолды жоғары көтеру
еңкею алға, қолмен аяқтың басына жету,
оң қолды, сол аяқтың басына жеткізу, сол қолды, оң аяқтың басына жеткізу
қол алда сәл жан — жақта”футболист” жаттығуы
оң аяқты, сол қолдың алақанына жеткізу, сол аяқты, оң қолдың алақанына жеткізу
секірістер орында, қолмен төменгі доп қабылдайтын орынды соғу.
2. Негізгі бөлім: 30 минут.
1. Допты жоғары ұрып ойынға қосу тор арқылы.
а) ойынға допты қосу кезінде аяқты қою тәсілі
ә) жоғары сол қолмен допты ұрысқа лақтырып көтеру
б) лақтырылған допты ортасынан ұру
в) қолдың басымен доптың бағыттауын анықтау.
2. Жоғары доп беру.
а) доп беру кезінде қолмен аяқтың іс — қимылы
ә) саусақ ұстау әдісі, доп беру іс — қимылында
б) дененің іс — қимылы доп беру кезінде
3. Екі қолмен төменгі әдіспен доп қабылдау тәсілі
а) қол ұстау әдісі, төменгі доп қабылдауда
ә) аяқтың қимылы
б) доп қабылдау кезінде орын таңдау және дайындалуы.
3. Қорытынды бөлімі: 5 минут.
1. Бір қалыптық жүгіру.
2. Оқушыларды бағалау.
3. Сабақтың қорытындысын жасау.
Атырау облысы, Атырау қаласы
№34 Лингвистикалық мектеп-гимназиясы
Рахымғалиева Динара Нұрланқызы
«Эстафеталық ойында »
Пәні: Дене шынықтыру
Сыныбы: 5 «Ә», 5 «В»
Сабақтың тақырыбы: «Эстафеталық ойындар»
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, эстафеталық ойын түрлерімен таныстыра отырып, оны ойнау әдістерін үйрету.
2. Оқушылардың ептілігін, шапшаңдығын, төзімділігін қимыл – күш қабілеттерін дамыту.
3. Ойын кезінде қауіпсіздік ережесін сақтауға,татулыққа, ұйымшылдыққа, бірін – бірі сыйлай білуге тәрбиелеу.
Түрі: Эстафеталық ойын.
Өтілетін орны: Спорт зал.
Көрнекілігі: Доптар, шар, жалауша, кедергілер, секіртпе, ысқырық, эстафета таяқшасы эстафеталық ойындар жазылған плакат.
Сәлеметсіздерме! Құрметті мұғалімдер және оқушылар! Бүгінгі «Эстафеталық ойындар» атты спорттық жарысымызға қош келдіңіздер! Бұл ойын эстафеталық жарыс түрінде өтетін болғандықтан жарысқа екі топ (5 сынып оқушылары) қатынасады. Сонымен жарысқа қатысқалы отырған екі топты :
5 «Ә» сыныбынан құралған «Тұлпар» тобы мен 5 « В » сынып құралған
«Жас қыран» тобын қошеметтеп ортаға шақырайық .
Спорттық жарысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.
Сайыстың бағдарламасы:
Таныстыру. Топтың аты, ұраны.
«Эстафета таяқшасын алып жүгіру». Қолында эстафеталық таяқша бар алғашқы ойыншы кедергілер арасымен жүгіріп өтіп, белгіленген жерге жеткен соң таяқшаны келесі ойыншыға береді, осылай ойын жалғаса береді.
«Кім жылдам?» Допты кедергілер арасымен алып белгіленген жерге ұрып барып, қайтарында жерге ұрып алып қайтып,әріптесіне беру.
«Секіртпемен жүгіру». Секіртпемен секіріп жүріп, кейін қайтады да келесі ойыншыға береді.
«Кім мерген?» Допты көтеріп алып жүріп, қабырғадағы шарды жарып қайтып допты келесі ойыншыға беру.
Сергіту сәті: «Шеңбердегі тілек»
Оқушылардың шығармашылығына кезек берейік.
(5 сынып оқушысы Айболұлы Аслан)
Қорытынды:
Сөз әділқазыларға беріледі. Командалар сап түзеп, қатарға тұрады.
Ұпай санын есептеп, жарысқа қатысқан командаларды дипломмен марапаттау.
Достарыңызбен бөлісу: |