Клиникасы. Біріншілік Аг-ның белгілері көп түрлі және құбылмалы. Негізгі белгі мектеп жасындағы (10 жасқа дейін) балалардың артериялық қан қысымының сынап бағанасы бойынша 90/40 мм-ге тең немесе одан да төмен болуы. Аг-сы бар балалардың негізгі шағымдары бас ауыруы (цефалгия), шаршағыштық пен әлсіздік, ұйқының бұзылуы (немесе ұйқысының қанбауы), ұмытшақтық, зейіннің төмендігі, ашушаңдық, өкпелегіштік, жылауықтық, қорқыныш сезімі, басы айналып, орнынан тұрғанда көзі қарауытуы, жүрек тұсы шаншып ауыруы, тәбеттің төмендеуі, іштін ауыруы, үлкен дәреттің тұрақсыздығы мен іштің қатуы; солармен қатар, буындары мен түтікше сүйектердің сырқырап ауыруы, бұлшықеттердін ауыруы мен қол-аяқ ұйып, мұздауы, мұрыннан қан ағуы, субфебрилитет, талып қалуы (синкопе). Осы шағымдар мен белгілерді – жастық неврологиялық, церебральдық, жүрек-қантамырлық, асқазан-ішектік белгілері кешені деп топтап, төртке бөледі. Ауа-райы өзгерген кезде бұл шағымдардың көбейетіні байқалады. Бас ауыруы мен басқа да неврологиялық шағымдар мидың қанмен қамтамасыз етілуінін, оның артериялық, веналық бөліктеріндегі өзгерістеріне байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |