Қолданылған әдебиеттер:
Тақырып бойынша дәріс.
А.А. Өтепбергенов, Х.Қ Сатпаева, Ж.Б. Нілдібаева «Қалыпты физиология». Алматы-2005ж.
қалыпты физиологияның лабораториялық жұмысы. Ақтөбе-1993ж. Х.Қ. Сатпаева, нілдібаева Ж.Б.
Покровский В.М. физиология Человека. I-II том. М.: Медицина, 1998, 2001, 2003.
Косицкий Г.И. «Физиология человека» М.: Медицина, 1975,1986.
Логинов А.В. «Физиология с основами анатомии человека» М.: Медицина, 1983г.
Ткаченко Б.И. «основы физиологии человека». А-Ата, 1992г.
Тель Л.З., Агаджанян Н.а. «Физиологии человека». А-ата, 1992г.
Коробков А.В., Чеснокова С.А. «Атлас по нормальной физиологии» М.: ВШ, 1987.
Румянцева М.Ф., и др. Руководство к практическим занятиям по физиологии с основами анатомии человека. М.: Медицина, 1986г.
№6.Тақырып: Ас қорыту жүйесінің физиологиясы.
Оқу сағаттарының саны- 2 сағат
Тақырыптың маңыздылығы: Асқорыту жолдарының қызметтерін тереңірек жетік білу, дәрігерлік практикада өзекті мәселелерді шешуге қажетті.
Дидактикалық мақсаты:
Тамақ ішу, ішкен астың ішек-қарында қорытылуы, денеге сіңуі аса күрделі үрдістер. Ас адамның арқауы- дейді халық. Ас құрамындағы қоректік заттар (белок, көмірсу, май) адам денесіндегі тіндердің жаңарып жаңғырылуын, жасуша түзілуін, адамның өсіп-өнуін, дамуын қамтамасыз ететін құрылыс материалдары, тіршілік әрекеттеріне жұмсалатын энергия көзі. Демек қоректік заттар дер кезінде және қажет мөлшерде ұдайы түсіп отыруы шарт. Олай болмаған күнде гомеостаз бұзылып, жасушалардың, тіпті бүкіл организмнің тіршілігіне қауіп төнеді. Адам өзіне қажет қоректік заттарды әдетте сырттан алады.
Асқорыту -өте күрделі үрдіс. Ол алдымен физикалық жолмен өңделеді, соңынан химиялық реакцияғатүсіп, қорытылып денеге сіңетін сатыға жетеді. Физикалық өңдеу барысында ас кесектері ұсатылып, бөлшектенеді, сілекей шырынмен шыланып, жұмсарады. Химиялық өңдеуге ішек-қарын ферменттері қатысады. Асқорыту ферменттері сусыз жерде әсер ете алмайтын ашытқы гидролазалар тобына жатады. Бұлардың әсерінен күрделі органикалық қоректік заттар ыдырап, қан мен лимфаға өтетіндей, денедегі жасушалар пайданыла алатындай қарапайым қосынды- мономерлерге айналады.
Су, минерал тұздар, ас құрамындағы кейбір қарапайыморганикалық заттар ішек- қарында өзгерместен тікелей қанға сіңеді.
Асқорыту жүйесінің қызметі:
Сөл шығару (секреция) қызметі. Оны асқорыту, сілекей, ішек-қарын бездері, ұйқы безі, тбауыр атқарады. Сөл құрамында органикалық қоректік заттарды ыдырататын ферменттер болады. Олар үш топтан, атап айтқанда, протеаза, липаза, карбогидролазадан тұрады. Протеаза ферменті белоктарды пептид және амин қышқылдары сатыларына, липаза- әрбір май түрін май қышқылдары мен глицерид, ал карбогидралаза-полсахаридтерді (крахмал,гликоген) моносахаридтерге дейін ыдыратады.
қимыл (жиырылу-жазылу) қызметін бірыңғай салалы еттер орындайды. Жоғарыда аталған асқорыту жүйесі құрамына кіретін ағзалар бірімен жалғасып (түйісіп) ұзыннан ұзын созылып, жоғарыдан төмен қарай тартылған ішек-қарын түтігін құрады.
Қоректік заттарды сіңіру қызметі, ішек –қарын түтігінде болады. Адамға қажет қоректік заттар әбден ыдырап қарапайым қосындыларға айналады да, түтік қабырғасындағы биологиялық мембраналардан өтіп, қанға немесе лимфаға сіңеді.
Тіршілікке қажетсіз заттарды сыртқа шығару қызметі (экскреция). Қортылмай қалған ас қалдықтары, қорыту барысында қанға, лимфаға сіңіп үлгермеген түрлі өнімдер, қаннан ас қорыту түтігіне өткен заттар (несеп қышқылы, мочевина, дәрі-дәрмек, басы артық тұздар,су), өт құрамындағы затттар нәжіске ілесіп сыртқа шығады.
Эндокриндік қызмет. Ішек-қарынның кілегейлі қабығында, әсіресе қарын пилорусы мен он екі елі ішекте (ұлтабарда) көптеген гормондар түзіледі. Олар қанға енеді де, алдымен асқорыту үрдісін, зат алмасу, өсіп-өну, есею үрдістерін реттеп, басқарып отырады.
Сабақ өткізу орны:
Оқу бөлмесі 420а, 420б, 419, 426
Сабақ жоспары және ұймдастырылу құрылымы:
а)Ұйымдастырылу бөлімінде оқытушы топтары студенттерді түгелдейді, сабақ тақырыбы мен мақсаты анықталады. Тақырыпты жақсы біліп, менгрудің келмеген дәрігерлер үшін маңызын айтып түсіндіреді- 5 минут.
б) Негізгі білім денгейін тестілік сұрақтар көмегімен анықтайды.
в) Студенттердің оқытушымен бірге жұмысы
Тестер :
Асқазандық секрециясын... тежейдi.
майларды қабылдау+
көмiрсуларды қабылдау
суды қабылдау
жемiс-жидек сокты қабылдау
белокты қабылдау
Қандай сiлекей бездерi көбiнесе …ұйыма сұйық секрет бөледi.
шықшыт бездерi+
жақасты бездерi
тiласты бездерi
жұмсақ таңдайдың ұсақ бездерi
тiлдiң түбi
... ең ұзақ уақыт асқазан сөлiн бөледi.
Нан+
Ет
Сүт
Сай
Жемiс-жидектер
Асқазандағы сөл бјлiнудi ...күшейтедi.
энтерогастрин+
гастрон
секретин
вилликинин
энтерогастрон
Сiлекей бездерiнде бөлiнетiн ... ферменттерге жатады.
амилаза, мальтаза+
мальтаза, энтерокиназа
амилаза, липаза
мальтаза, липаза
трипсин,мальтаза
Асқазан секрециясының кезендерi...
күрделi рефлекторлық, асқазандық, iшектiк.+
асқазандық, күрделi рефлекторлық, iшектiк.
асқазандық, iшектiк, күрделi рефлекторлық.
iшектiк,милық,асқазандық.
күрделi рефлекторлық, iшектiк, асқазандық.
Тiл-жұтқыншақ жүйкесін тiтiркендiрсе сiлекей бездерiнiң секрециясы...
көбейедi.+
азаяды.
өзгермейдi.
екi кезендi өзгередi .
бір кезеңі өзгереді.
Адамнан таза сiлекейдi ...алуға болады.
Лешли-Красногорский капсуласының көмегiме+
электрогастрография әдiсiмен
Абель бойынша вивидиффузия әдiсiмен
Лондон бойынша ангиостомия әдiсiмен
рентгенологиялық әдiсiмен
Қанға еңгiзiлгенде сiлекейдiң бөлiнуiн... азайтады.
адреналин+
пилокарпин
ацетилхолин
гистамин
энтерогастрин
Сiлекей бөлу орталығы ... орналасқан.
сопақша мида+
орталық мида
аралық мида
жұлында
мишықта
Адамнан асқазан сөлiн... алады.
зонд арқылы+
радиозонд енгiзу
рентгенологиялық
электрогастрографиялық
Гейденгайын әдiсi
Ұйқы безiнен таза сөлдi ...арқылы бөлiп алады.
ұйқы бездiң өзегiне фистула қою+
Тири-Велла фистуласының көмегi
12-елi iшектiң фистуласы
12-елi iшекке канюля еңгiзу
Лешли-Красногорский капсуласы
Тоқ iшектiң бактериялық флорасы...
өсiмдiк клетчатканы ыдыратады.+
iшектiң қимыл-қызметiн тежейдi.
асқазан сөлiнiң бөлiнуiнiң күшейтедi.
сiңiрудi күшейтедi
өт бөлiнуiне әсер етедi
Секретин- ас қорыту үдерісінде...
ұйқы без сөлiнің бөлiнуiн күшейтедi.+
асқазан сөлi бөлiнуiн күшейтедi.
ұйқы без сөлi бөлiнуiн тежейдi.
iшек сөлi бөлiнуiн күшейтедi.
асқазанның қимыл-қызметiн күшейтедi.
Белоктарды ыдыратуына қатыспайтын ферменттерге ...жатады.
амилаза+
пепсин
трипсин
химотрипсин
гастриксин
Қолданылған әдебиеттер:
Тақырып бойынша дәріс.
1. А.А. Өтепбергенов, Х.Қ Сатпаева, Ж.Б. Нілдібаева «Қалыпты физиология». Алматы-2005ж.
2. Қалыпты физиологияның лабораториялық жұмысы. Ақтөбе-1993ж. Х.Қ.
Сатпаева, нілдібаева Ж.Б.
Покровский В.М. физиология Человека. I-II том. М.: Медицина, 1998, 2001, 2003.
Косицкий Г.И. «Физиология человека» М.: Медицина, 1975,1986.
Логинов А.В. «Физиология с основами анатомии человека» М.: Медицина, 1983г.
Ткаченко Б.И. «основы физиологии человека». А-Ата, 1992г.
Тель Л.З., Агаджанян Н.а. «Физиологии человека». А-ата, 1992г.
Коробков А.В., Чеснокова С.А. «Атлас по нормальной физиологии» М.: ВШ, 1987.
Румянцева М.Ф., и др. Руководство к практическим занятиям по физиологии с основами анатомии человека. М.: Медицина, 1986г.
Тақырыбы №7: АІЖ- нің сөл бөлу қызметі. Бауыр және ұйқы безінің
қызметі.
Сабақ өту уақыты- 2 сағат
Тақырыптың өзекті мәселесі:
Ауыз қуысындағы, қарында және ішектегі ас қорытылудың қызметтерін оқытып үйрету. Су, минерал тұздар, ас құрамындағы кейбір қарапайым органикалық заттар ішек- қарында өзгерместен тікелей қанға сіңуін оқытып үйрету.
Дидактикалық мақсаты:
Ас құрамындағы қоректік заттар (белок, көмірсу, май) адам денесіндегі тіндердің жаңарып жаңғырылуын, жасуша түзілуін, адамның өсіп-өнуін, дамуын қамтамасыз ететін құрылыс материалдары, тіршілік әрекетіне жұмсалатын энергия көзі. Демек қоректік заттар дер кезінде және қажет мөлшерде ұдайы түсіп отыруы шарт. Олай болмаған күнде гомеостаз бұзылып, жасушалардың, тіпті бүкіл организмнің тіршілігіне қауіп төнеді. Адам өзіне қажет қоректік зттарды әдетте сырттан алады. Бұл-экзогендік тамақтану.
Сырттан, қоректік заттар келіп түспесе де, адам біразға дейін тіршілік ете береді. Ол өз жасушаларындағы органикалық қоректік заттарды пайдаланып, құрамындағы ағзалар, тіндердің қалыпты қызмет етуін қамтамасыз етіп отырады, яғни эндогендік тамақтану басталады.
Су, минерал тұздар, ас құрамындағы кейбір қарапайым органикалық заттар ішек-қарында өзгерместен тікелей қанға сіңеді. Гидралаза ферменттері түзілу ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөлінеді. Аутолитикалық ферменттер-тағамдық заттар, мәселен, ана сүті құрамындағы ферменттер, симбионттық гидролазалар-бактериялар мен біржасушалы жәндіктердің қатысуымен гидролиздік үрдістерді іске асыратын, айталық, күйіс қайыратын малда клетчатканы ыдырататын ферменттер.
Асқорыту жүйесінің қызметі:
Сөл шығару қызметі.
Қимыл (жиырылу-жазылу) қызметі.
Қоректік заттарды сіңіру қызметі.
Тіршілікке қажеттсіз заттарды сыртқа шығару қызметі.
Эндокриндік қызметі.
Сабақ өткізу орны:
Оқу бөлмесі 420а, 420б, 419, 426
Сабақ жоспары және ұймдастырылу құрылымы:
а)Ұйымдастырылу бөлімінде оқытушы топтары студенттерді түгелдейді, сабақ тақырыбы мен мақсаты анықталады. Тақырыпты жақсы біліп, менгрудің келмеген дәрігерлер үшін маңызын айтып түсіндіреді- 5 минут.
б) Негізгі білім денгейін тестілік сұрақтар көмегімен анықтайды.
в) Студенттердің оқытушымен бірге жұмысы.
Пайданылған әдебиеттер:
1.Физиология человека(лекция) Л.З. елль, Н.А. Агаджанян, 1991.
2.Физиология плода и новорожденных В.Д Глебовский,1980.
3.Руководство по физиологии ряд Р. Шмидт, Г.Тевс 1996.
4.Нормальная физиология ряд К.В. Судаковский, 1999.
5.Физиология человека ряд В.М. Покровский,1998.
Көрнекті құралдар, кестелер, слайдтар, тестілік сұрақтар, ахуалдық сауалдар, арнамалы сұрақтар.
Тақырыбы №8: Зат және энергия алмасу.
Сабақ өту уақыты- 2
Тақырыптың өзекті мәселесі:
Студенттерге негізгі алмасу туралы толығымен түсініктеме беру. Студенттерге тамақтанудың физиологиялық нормасы туралы толығымен түсініктеме беру.
Оқу дидактикалық мақсаты:
Негізгі алмасудың қызметтерін оқытып үйрету.
Сабақ өтілетін орын:
Оқу бөлмесі
Дидактикалық блок:
Зат алмасуы тіршілігінің аса маңызды белгілерінің бірі. Ол ғұмыр бойы жүретін өзара байланысқан екі процестен тұрады: ассмилияция- клеткалар құрамына кіретін күрделі және арнайы заттардың жаңадан түзілуі (синтезделуі); диссимиляция- зат лмасуына қатысқан заттардың тотығуы арқылы қарапайым химиялық заттарға айналуы. Күрделі химиялық заттар тотыққан сәтте олардан потенциалдық энергия босап шығады да кинетикалық энергияға, айталық механикалық, электр энеогиясына, ақырында бұлардың бәрі жылуға айналады. Зат алмасуы тағамның, оның құрамындағы қоректік заттардың асқазанға келіп түсуінен басталады. Онан соң олар қорытылып, денеге сіңеді, клеткаларда ассимиляция және диссимиляция процестері өтеді шығару ағзалары рқылы тотығу өнімдері сыртқа шығарылады. Бұл- жалпы зат алмасуы. Ал клетка ішінде өтетін зат алмасуы (аралық алмасу)- негізінен химиялық процесс, оны биохимия зерттейді. Физиологиялық қоректік, минералды заттар мен су алмасуының жалпы мәселелерін
Сабақ өтілетін орын:
Оқу бөлмесі
Сабақ жоспары және ұймдастырылу құрылымы:
а)Ұйымдастырылу бөлімінде оқытушы топтары студенттерді түгелдейді, сабақ тақырыбы мен мақсаты анықталады. Тақырыпты жақсы біліп, менгрудің келмеген дәрігерлер үшін маңызын айтып түсіндіреді- 5 минут.
б) Негізгі білім денгейін тестілік сұрақтар көмегімен анықтайды.
в) Студенттердің оқытушымен бірге жұмысы.
Пайданылған әдебиеттер:
1.Физиология человека(лекция) Л.З. елль, Н.А. Агаджанян, 1991.
2.Физиология плода и новорожденных В.Д Глебовский,1980.
3.Руководство по физиологии ряд Р. Шмидт, Г.Тевс 1996.
4.Нормальная физиология ряд К.В. Судаковский, 1999.
5.Физиология человека ряд В.М. Покровский,1998.
Көрнекті құралдар, кестелер, слайдтар, тестілік сұрақтар, ахуалдық сауалдар, арнамалы сұрақтар.
Тақырыбы №9: Терморегуляция .
Сабақ өту уақыты- 2 сағат
Оқу дидактикалық мақсаты:
Негізгі алмасудың қызметтерін оқытып алмасу туралы толығымен түсініктеме беру. Студенттерге тамақтанудың физиологиялық нормасы туралы толығымен түсініктеме беру. үйрету.
Тамақтану физиологиясының қызметтерін оқытып үйрету.
Сабақ өтілетін орын:
Оқу бөлмесі
Ақпараттық - дидактикалық блок
Адам мен жануарлар денесінің тұрақты температурасы (изотермия), яғни ішкі ортаның тұрақтылығы (гомеостазистің) көрнекті көрсеткіштерінің бірі. Тіршілік бабында адам ауа райы қаншама құбылмалы болса да төтеп береді. Ол 70-80° аязда да, 50-60° ыстыққа да көндіге алады. Бірақ сыртқы температура қаншама құбылмалы болса да адам денесі температурасы өзгермейді, ұдайы – 36-37° шамасында сақталады.
Дене температурасының мұндай тұрақтылығы, жылу пайдаболуы, оның сыртқа шығуы сияқты үрдістерге қатысатын бірқатар ағзалар мен жүйелер жүйесі қызметінің жүйке-қан арқылы реттелуіне байланысты. Олардың бір-бірімен байланысы өте нәзік, үйлесімді, сондықтан да температурасы бірқалыпты сақталады, яғни денедегі жылу реттеледі (терморегяляция).
Жылу реттелуі дегеніміз сырттағы температура өзгерседе де дененің ішкі, өз температурасын қалыпты тұрақты күйінде сақтауы. Бұл арнайы әрекеттік жүйе арқылы іске асырылады.
Дене температурасы ұдайы бір деңгейде, тұрақты қалыпты сақталады, яғни денедегі жылу реттеледі (терморегцляция), жылу өндіріп оның сыртқа шығуын реттейтін ағзалар мен ағзалар жүйесі және оларды реттеуші тетіктер кіреді. Жылудың дәл де нәзік жымдасып реттелуіне байланысты адам жер жүзін түгелдей, яғни тропикадан Арктика мен Антарктикаға дейінгі аймақтарды тегіс игерген. Жылу реттелуі адам мен құстарда, өте жоғары дәрежеде дамыған. Жер бетіндегі жәндіктер, бауырымен жорғалаушылар т.б. түрлердің көпшілігінде дене температурасы тұрақты емес, сырттағы температураның өзгеруіне қарай құбылып отырады.
Дене температурасының реттелуіне қарай гомойотермді (жылықанды) және пойкилотермді (жылықанды) және пойкилотермді (салқынқынды) жануарлар болып 2 топқа бөлінеді.
Адам денесіндегі әртүрлі ағзалар мен олардың жеке бөліктерінің температурасы зат алмасуының деңгейіне байланысты өзгереді. Бауырда 37,8-38° С, тері сыртында 29,5-33,9° С, тік,шекте 37,2-37,5°, қолтықта 36,0-3б,9°С.
Дене температурасының тұрақтылығы жылу өндіру менжылу шығару үрдістерінің тепе-теңдігі арқылы қамтамасыз етіледі. Мұның негізі – белгілі физиологиялық жүйе тетіктерінің қызметі.
Жылу реттелуі физикалық және химиялық реттелу болып екіге бөлінеді. Физикалық реттелу жылу шығару деңгейін өзгерту арқылы, яғни зат алмасу қарқынын өзгеру үрдісін күшейту не әлсірету арқылы, яғни зат алмасуқарқынын өзгерту арқылы іске асырылады. Жылу органикалық заттар тотыққан кезде пайда болады. 1 г белок не көмірсу тотыққанда, 4,1 ккал, 1 г май тотыққанда 9,3 ккал жылу пайда болады. Сонымен тоңа бастаған кезде дене температурасын тұрақты (бір деңгейде) сақтауда химиялық реттелудің маңызы зор. Физикалық реттелу – жылу шығару үрдісін реттеу үрдісінің мәні, әсіресе айналадағы температура шектен тыс жоғары болған жағдайда, мәселен, күн ыстық күндері бөлме температурасы жоғары болса, арта түседі. Физикалық реттелу бірнеше жолмен іске асырылады. 1) Жылу өткізгіштік, яғни денеге тиген заттарға, мәселен, ауаға жылу беру; бұл – конвекциялық жол, бұған денеде пайда болатын барлық жылудың 15%-і кетеді. Адам үшін мұның мәні аз: ауа мен киім жылуды нашар өткізеді. 2) Жылуды сейілдіру (жылу шығарудың ралдиациялық жолы), яғни жылудың инфрақызыл сәулелерін қызған дененің бетімен жан-жаққа сейілдіру. Бұл жолмен сыртқа жылудың (бу арқылы шығатын жасырын жылудың) 19%-ы шығады. 1 мл суды буға айналдыру үшін, 0,53 ккал жылу жұмсалады.
Гомойотермді жануарларда дене температурасы аса күрделі нейрогуморалдық тетіктер (жүйке-қан) арқылы реттеледі. Бұл тетіктер дененің компенсаторлық (есесін қайтару) әсерленісін, яғни жылу өндіру (химиялық) және жылу шығару (физикалық) үрдістерін бағыттап, қажет болса, өзгертіп отырады. Жылу реттелу- дене температурасының тұрақтылығын сақтайтын қызметтік жүйе, орталық жүйке жүйесімен тікелей және кері жүйкелік байланысарқылы өзін-өзі реттейтін үрдіс. Жылуды реттейтін әсерленістер, басқа рефлекстер сияқты, шеткі (тері, ішкі ағзалардағы қан тамырлары) және орталық жүйке жүйесінде орналасқан рецепторлардың тітіркенуі нәтижесінде туады.
Сабақ өтілетін орын:
Оқу бөлмесі 420а, 420б, 419, 426
Сабақ жоспары және ұймдастырылу құрылымы:
а)Ұйымдастырылу бөлімінде оқытушы топтары студенттерді түгелдейді, сабақ тақырыбы мен мақсаты анықталады. Тақырыпты жақсы біліп, менгрудің келмеген дәрігерлер үшін маңызын айтып түсіндіреді- 5 минут.
б) Негізгі білім денгейін тестілік сұрақтар көмегімен анықтайды.
в) Студенттердің оқытушымен бірге жұмысы.
Тестер :
~Сыртқы орта температурасы жоғарлаған кезде гомойотермдi жануарларда жылу бөлiну мен жылу шығарудың өзгерiстерi ...байқалады.
| төмендейдi, жоғарлайды+
| жоғарлайды, төмендейдi
| төмендейдi, төмендейдi
| жоғарлайды, жоғарлайды
| төмендейді
~ Термореттелудiң негiзгi орталығы... орналасқан.
| гипоталамуста+
| таламуста
| мишықта
| қыртыс асты ганглийлерде
| жұлында
~ Ауыр жұмыспен айналасқан адамдарда энергия жұмсалуы... тең.
| 5000 ккал+
| 2000 ккал
| 3000 ккал
| 8000 ккал
| 10000 ккал
~ Ақыл-ойлық қызмет атқаратын адамдарда көмiрсулардың тәулiктiк керектiгi... тең.
| 400-500 г+
| 100-150 г
| 150-200 г
| 200-250 г
| 300-350 г
~ Химиялық жылу ретелуiне... процестері кіреді.
| зат алмасудың жылдамдылығының өзгеруi+
| жылуды өткiзу
| жылудың шығару
| конвекция
| булардың шығуы
~ Жылу өндiрудегi басты ролді... атқарады.
| бұлшықет, бауыр, асқорыту жолы+
| бұлшықет, бауыр, терi
| бауыр, жүрек, өкпе
| бауыр, асқорыту жолы, өкпе
| асқазан
Қолданылған әдебиеттер:
Тақырып бойынша дәріс.
1. А.А. Өтепбергенов, Х.Қ Сатпаева, Ж.Б. Нілдібаева «Қалыпты физиология». Алматы-2005ж.
2. Қалыпты физиологияның лабораториялық жұмысы. Ақтөбе-1993ж. Х.Қ.
Сатпаева, нілдібаева Ж.Б.
3. Покровский В.М. физиология Человека. I-II том. М.: Медицина, 1998, 2001, 2003.
4. Косицкий Г.И. «Физиология человека» М.: Медицина, 1975,1986.
5. Логинов А.В. «Физиология с основами анатомии человека» М.: Медицина, 1983г.
6. Ткаченко Б.И. «основы физиологии человека». А-Ата, 1992г.
7. Тель Л.З., Агаджанян Н.а. «Физиологии человека». А-ата, 1992г.
8. Коробков А.В., Чеснокова С.А. «Атлас по нормальной физиологии» М.: ВШ, 1987.
9. Румянцева М.Ф., и др. Руководство к практическим занятиям по физиологии с основами анатомии человека. М.: Медицина, 1986г.
1.Тақырып №10: Тыныс алу жүйесініңфизиологиясы.
2.Оқу сағаттарының саны- 2 сағат
3.Тақырыптың маңыздылығы:
Тынысалу жүйесі физиологиясын толық оқып үйрену.
Дидиактикалық мақсаты:
Адам ағзасы өзін қоршаған сыртқы ортамен қатты, сұйық және газ түріндегі заттар мен алмаспай өмір сүре алмайды. Адам үнемі сыртқы ортадан қоректік заттарды, суды және оттегін алады. Адам ағзасында қоректік заттардың қоры болады, сондықтан аштықты біраз тәулік өлместен көтере алады. Сусыз адам бірнеше апта өмір сүре алады, ал оттегінсіз бірнеше минуттың ішінде өліп қалады.
Тынысалу негізінен бес кезеңнен тұрады:
сыртқы тынысалу- ауадағы газдарды (атмосферадан) өкпеге әкеліп, өкпеден (тотыққан ) қайтадан атмосфераға шығарып тұру;
өкпе көпіршіктеріндегі (альвеолалардағы) газдар мен қан құрамындағы газдардың алмасуы;
газдардың өкпеден тінге, тіннен өкпеге қан ағынымен тасымалдануы;
тін мен арасында газ алмасуы:
ішкі тыныс алу – жасуша құрамындағы органикалық заттарлдың тотығуы
Демалу және демшығару механизмі. Сыртқы тынысалу, яғни газдардың ауадан өкпеге өтуі, өкпеден қайта атмосфераға шығарылуы екі кезеңнен: демалу(инспирация) және демшығарудан (экспирация) тұрады.
Сабақ өтілетін орын:
Оқу бөлмесі 420а, 420б, 419, 426
Сабақ жоспары және ұймдастырылу құрылымы:
а)Ұйымдастырылу бөлімінде оқытушы топтары студенттерді түгелдейді, сабақ тақырыбы мен мақсаты анықталады. Тақырыпты жақсы біліп, менгрудің келмеген дәрігерлер үшін маңызын айтып түсіндіреді- 5 минут.
б) Негізгі білім денгейін тестілік сұрақтар көмегімен анықтайды.
в) Студенттердің оқытушымен бірге жұмысы.
Тестер :
Өкпенiң жалпы сыйымдылығын ...құрайды.
| өкпенiң тiршiлiк сыйымдылығы, қалдық ауа+
| дем алу сыйымдылығы, резервтiк дем шығару ауасы
| қалыпты тыныс ауа және қалдық ауа
| қызметтiк қылдық ауа, резервтiк дем алу ауасы
| өкпенiң тiршiлiк сыйымдылығы, қалыпты тыныс ауасы
~ Кеуде қуысының бүтiндiгi бұзылған кезде өкпе...
| басылып, тыныс алуға қатыспайды.+
| тыныс алған кезде созылады.
| тыныс шығарған басылады.
| кеуде қуысына iлеседiг
| тыныс шығарған кезде созылады.
~ Резервтiк дем шығару ауаның мөлшерi ...тең.
| 1300 мл+
| 500 мл
| 1900 мл
| 2000 мл
| 2500 мл
~ Пневмоторакс дегенiмiз бұл...
| плевралық қысым атмосфералық қысымға тең болуы.+
| плевралық қуыстағы терiс қысым болуы.
| плевра қуыстағы оң қысым болуы.
| плевра қуысында көмiрқышқыл газының мөлшерiнiң көбеюi.
| плевра қуысында қанның болуы.
~ Пневмография – бұл әдiс... тiркейдi.
| көкiрек қуысының тыныс алу қозғалыстарын+
| өкпе экскурсиясын
| тыныс алу көлемдерiн
| диафрагманың қозғалыстарын
| қабырға аралық бұлшықеттердiң жиырылуы
~ Тыныс алғанда өкпенiң көлемi...
| пассивтi кеңейедi.+
| активтi кеңейедi.
| өзгермейдi.
| активтi кiшiрейедi.
| пассивтi кiшiрейедi.
~ Дем алу сыйымдылығына ...кiредi.
| қалыпты тыныс ауа, резервтiк дем алу көлемi+
| қалыпты тыныс ауа, резервтiк дем шығару көлемi
| резервтiк дем шығару, қалдық ауа көлемi
| қызметтiк қалдық ауа көлемi және қалыпты тыныс ауасы
| қалдық ауа көлемi, өкпенiң тiршiлiк сыйымдылығы
~ Өкпенiң тыныс алуда пассивтi роль атқаруын меңгеретiн ...моделі.
| Дондерс+
| Дуглас
| Холден
| Баркрофт
| Сеченов
~ Эйпноэ- бұл... тыныс алу.
| қалыпты жағдайда+
| жиi
| сирек
| бұлшықет жұмысында
| үзiлмелi
~ Өкпенiң функциональдық бiрлiгi болып ...саналады.
| ацинус+
| бөлiк
| альвеола
| сегмент
| зона
~ Пневмотахометрия әдiсiмен... анықтайды.
| тыныс алу бұлшықеттерінің күшiн+
| тыныс алу көлемдерiн
| қандағы газдардың мөлшерiн
| тыныс алу қозғалыстарын
| плеврааралық қуыстағы қысымды
~ Қалыпты жағдайда бiр минутта тыныс алу жиiлiгi..тең.
| 14-16+
| 5-10
| 20-25
| 27-35
| 40-50
~Тыныс алу орталығын қоздыратын өзгешелiк фактор болып... есептеледi.
| көмiрқышқыл газ+
| оттегi
| адреналин
| ацетилхолин
| азот
~ Тыныс алу тоқталады, егер... кесiп тастаса.
| сопақша мидың астынан+
| Варолий көпiрінiң алдыңғы шетiнен
| Варолий көпiрінiң төменгi шетiнен
| жұлынның бел бөлiмiнiң деңгейiнде
| аралық мидың деңгейiнен
Қолданылған әдебиеттер:
Тақырып бойынша дәріс.
1. А.А. Өтепбергенов, Х.Қ Сатпаева, Ж.Б. Нілдібаева «Қалыпты физиология». Алматы-2005ж.
2. Қалыпты физиологияның лабораториялық жұмысы. Ақтөбе-1993ж. Х.Қ.
Сатпаева, нілдібаева Ж.Б.
3. Покровский В.М. физиология Человека. I-II том. М.: Медицина, 1998, 2001, 2003.
4. Косицкий Г.И. «Физиология человека» М.: Медицина, 1975,1986.
5. Логинов А.В. «Физиология с основами анатомии человека» М.: Медицина, 1983г.
6. Ткаченко Б.И. «основы физиологии человека». А-Ата, 1992г.
7. Тель Л.З., Агаджанян Н.а. «Физиологии человека». А-ата, 1992г.
8. Коробков А.В., Чеснокова С.А. «Атлас по нормальной физиологии» М.: ВШ, 1987.
9. Румянцева М.Ф., и др. Руководство к практическим занятиям по физиологии с основами анатомии человека. М.: Медицина, 1986г.
Достарыңызбен бөлісу: |