1.Тақырып №3: Қанның қорғаныстық қасиеттері. Лейкоциттер, тромбоциттер, гемостаз. Қан топтары.
2.Оқу сағаттарының саны-2сағ
3.Тақырыптың маңыздылығы:
Иммунитет- бұл ағзаның бөтен генетикалық ақпараттың белгілері бар тірі денелер мен заттардан қорғану тәсілі. Бұл қызметі атқаратын ағзалық жүйе лейкоциттердің барлық түрлерін лимфоциттер, моноциттер, макрофак, нейтрофилдер, базофилдер, эозинофилдер сонымен қатар лейкоциттердің дамуы жүретін ағзалар, яғни жілік майы, тимус, көкбауыр, лимфатикалық түйіндерді жатқызамыз.
4. Дидактикалық мақсаты:
Спецификалық емес иммунитет бұл ағзаның кез- келген бөгде заттарға (антиген) қарсы бағытталған реакциясы. Бұл иммунитет бактериоцидтік заттардың өнімдері есебінен гуморальдық жолмен және фагоцитоздық эффект арқылыф байқалатын клеткалық жолмен жүреді.
Спецификалық иммунитет- тек белгілі бір бөгде заттарға ғана қарсы бағытталады. Бұл иммунитет те екі жолмен гуморальдық ( антидене –лимфоциттердің өнімдері плазматикалық клетка) және клеткалық (Т- лифоциттердің қатысында) жолмен жүреді.
Комплемент жүйесінің барлық компоненттері макрофаг өнімдері болып табылады көбіне олар активсіз (пәрменсіз) кейде болады компоненттің активтелуі екі жолмен жүреді.
Лейкоциттер –бір литр қанда 4,5-9х10.9/л лейкоцит болады. Лейкоцит қанның ақ жасушасы. Эритроциттен айырмашылығы- ядросы бар, эритроциттен үлкендеу (диаметрі 12 мкм), амеба сияқты протоплазмасынан жалған аяқтар шығарып қозғалады. Қанда лейкоцит санының көбеюі лейкоцитоз деп, азаюы лейкоцитопения деп аталады. Лейкоцит саны сау адамда да, ауру адамда да өзгеріп отырады.лейкоцит санының көбеюі қан жасушаларының түзілуіне, қан түзілетін ағзалар қызметінің күшеюіне байланысты болса, мұндай лейкоцитоз эмоция салдары болуы мүмкін: эмоция кезінде адреналин шектен тыс көп болып шығады да қан түзілетін ағзалар қызметін тысқара жағдайда да болады. Физиологиялық лейкоцитоздардың көбі аралас, әр текті келеді.
1. Ет тектес (миогенді) лейкоцитоз- қара жұмыс істеген кезде пайда болады.2. Тамақ ішкеннен кейін пайда болатын лейкоцитоз ас қорыту лейкоцитозы деп аталады. 3. Жүкті әйел лейкоцитозы. 4.Жаңа туған бала- нәрестелейкоцитозы. 5. Статикалық лейкоцитоз шалқасынан жатқан адам ұшып тұрған кезде пайда болады.
2.Үлкен кішілігіне, ядросының пішініне, протоплазмада түйіршіктердің бар жоқтығына және олардың қандай бояумен боялғанына қарай лейкоциттер бірнеше түрі болады.
Лейкоциттер алуан түрлі қызмет атқарады. Лейкоциттің ең басты қызметі- оның фагоцитоздық қабілеті. Фагоцитоз –грекше phagien-обыру,жұту, қармалап алу;Cytus- жасуша.
Фагоцитоздың бірінші сатысы- миграция (көшу). Лейкоциттер амеба сияқты жалған аяқтарын созып, капилляр эпителийлері арасынан өтіп сыртқа шығады.
Фагоцитоздың екінші сатысы- бөгде затты танып, қармау жұту кезеңі. Микробтарға жақындаған сәтте лейкоцит денесінен опсонин деген зат бөліп шығарады да , бөгде заттарды денедегі жасушалардан ажыратады (таниды), осыдан кейін оларды лейкоцит мембранасына жабыстырады. Бетіне жабысқан бөгде затты лейкоцит аяқшалармен айнала қармап қоршайды да, өз протоплазмасына қарай тартады.
Фагоцитоздың үшінші сатысы- жұту және қорыту. Лейкоциттің ішіне енген бөгде затқа лизосоманың түрлі ферменттері әсер етеді. Бұлардың ішінде бөгде заттарды бейтараптайтын бактериоцидтік заттар, вирусқа қарсы заттар –интерферондар бар. Фагоцитоз- бейарнамалы иммунитеттің бір түрі. Фагоцитоз барлық ішінде бір жұтқанда 30-40 денені бірақ жұтатын- микроциттермен (нейтрофилдер) қатар макроциттер және лимфоциитермен бар. Бір моноцит 100 шақты бөгде затты бірден жұтады.
Тромбоцит- қан пластинкасы, екі жағы дөңес дөңгелек не сопақша құрылым, диаметрі 0,5-4мм (эритрциттен 2-8 есе кіші). Сау адамның 1л қанында 180-320х10*9/л тробоцит болады. Орта есеппен тромбоцит 8-11 тәулік жасайды. Ол сүйек кемігінде мегакариоциттен 3000-4000 қан пластинкасы бөлініп шығады. Тромбоциттердің қызметі: ангиотрфикалық қан тамырды қоректендру; адгезивті агрегациялық (жабысып үйінді құру) қызметі; ангиотензивтік (қан тамырын тарылту) қызметі қан тамыры саңылауы тарылады (спазм); Қан ұйыту қызметі (гемокоагуляция; тромбоциттер қанның креатолық байланысын, әсіресе қантамырларының табиғи құрылысын сақтайды.
Сабақ өткізу орны:
Оқу бөлмесі 420а, 420б, 419, 426
Сабақ жоспары және ұймдастырылу құрылымы:
а)Ұйымдастырылу бөлімінде оқытушы топтары студенттерді түгелдейді, сабақ тақырыбы мен мақсаты анықталады. Тақырыпты жақсы біліп, менгрудің келмеген дәрігерлер үшін маңызын айтып түсіндіреді- 5 минут.
б) Негізгі білім денгейін тестілік сұрақтар көмегімен анықтайды.
в) Студенттердің оқытушымен бірге жұмысы.
Тестер :
1.Қанды көп мөлшерде ...алады.
А) бүйрек, жүрек, бауыр, бас миы+
Б) терi, көкбауыр, құрсақ ағзалары, қаңқа бұлшықеттерi
В) бүйрек, қаңқа бұлшықеттерi, бас миы
Г) жүрек, бауыр, құрсақ ағзалары, өкпелер
Д) өкпелер, бас миы, терi, тегiс бұлшықеттері
2.Қанның ұюына кедергi жасайтын зат…
А) гепарин+
Б) норадреналин
В) адреналин
Г) кальций
Д) пепсин
3.Фибринолиздiң 1 фазасында ... болады.
А) плазминогеннiң қандық белсендiрушiсiнiң түзiлуi+
Б) плазминогеннiң плазминге айналуы
В) фибрин бөлiнуi
Г) қандық және ұлпалық протромбиназа түзiлуi
Д) фибриногеннiң фибринге айналуы
4. Қан ұюының соңғы фазасы ... тұрады.
А) ұюған қанның ретракциясынан+
Б) фибринолиз, эритроцит агрегациясынан
В) ақ тормбтың қалыптасуынан
Г) қанның және ұлпалык протромбиназа түзiлуiнен
Д) фибриногеннен фибрин түзiлуiнен
5. Қан плазмасының құрамындағы ақуыздарға... жатады.
А) фибриноген, глобулин, альбумин+
Б) глобулиндер, миоглобин, фибрин
В) фибриноген, карбгемоглобин, альбумин
Г) миоглобин, оксигемоглобин, альбумин
Д) фибриноген, метгемоглобин, альбумин
6. Нормада артериялық қанның рН ортасы ... тең.
А) 7.40+
Б) 7.35
В) 8,10
Г) 5,4
Д) 6,85
7.Биологиялық гемолиз ... байқалады.
сәйкес келмейтiн қанды құйғанда+
эфир, сiлтiлi,қышқылдың әсерiнен
жоғары t°-ның әсерiнен
плазманың осмостық қысымының төмендеуiнен
электрлiк тоқтың әсерiнен
8. Химиялық гемолиз ... байқалады.
эфир, сiлтiлi, қышқылдың әсерiнен+
сәйкес келмейтiн қанды құйғанда
жоғары t°-ның әсерiнен
плазманың осмостық қысымының төмендеуiнен
электрлiк тоқтын әсерiнен
9. Механикалық гемолиз ... байқалады.
қандағы пробирканы қатты шайқаған кезде+
сәйкес келмейтiн қанды құйғанда
жоғары t°-ның әсерiнен
плазманың осмостық қысымының төмендеуi
электрлiк тоқтын әсерiнен
10. Қан түзу мүшелерiне ... жатады.
сүйек кемiгi, көк бауыр, лимфатикалық түйiндер+
сүйек кемiгi, көк бауыр, өкпе
сүйек кемiгi,бауыр, лимфатикалық түйiндер
сүйек кемiгi, бүйрек, бауыр
көк бауыр , бауыр, бүйрек
11. Фагоцитарлық қызмет ... жасушаларының негiзi болады.
нейтрофил, моноциттер+
лимфоцит, эозинофильдер
базофил, В-лимфоциттер
Т-лимфациттер, моноциттер
эозинофил, базофилдер
12. Карбоксигемоглобин гемоглобиннің ... қосылысы.
иiстi газбен+
көмiр қышқыл газымен
оттегiмен
глюкозамен
сумен
13. Оксигемоглобин гемоглобиннiң ... қосылысы.
оттегімен+
көмір қышқыл газымен
иiсті газбен
глюкозамен
сумен
14. Агглютинация байқалады, егер ...факторлары кездессе.
альфа, А+
бета,А
альфа, бета
А, В
А, А
15. Физиологиялық антикоагулянттарға ... жатады.
антитромбин-3, гепарин+
антитромбин-3, протромбин
ұлпалық фактор,гепарин
проакцелерин,гепарин
антитромбин -3, проконвертин
Қолданылған әдебиеттер:
Тақырып бойынша дәріс.
А.А. Өтепбергенов, Х.Қ Сатпаева, Ж.Б. Нілдібаева «Қалыпты физиология». Алматы-2005ж.
қалыпты физиологияның лабораториялық жұмысы. Ақтөбе-1993ж. Х.Қ. Сатпаева, нілдібаева Ж.Б.
Покровский В.М. физиология Человека. I-II том. М.: Медицина, 1998, 2001, 2003.
Косицкий Г.И. «Физиология человека» М.: Медицина, 1975,1986.
Логинов А.В. «Физиология с основами анатомии человека» М.: Медицина, 1983г.
Ткаченко Б.И. «основы физиологии человека». А-Ата, 1992г.
Тель Л.З., Агаджанян Н.а. «Физиологии человека». А-ата, 1992г.
Коробков А.В., Чеснокова С.А. «Атлас по нормальной физиологии» М.: ВШ, 1987.
Румянцева М.Ф., и др. Руководство к практическим занятиям по физиологии с основами анатомии человека. М.: Медицина, 1986г.
Тақырып № 4:Жүрек бұлшықеттерінің физиологиялық қасиеттері.
Оқу сағаттарының саны-2 сағ.
Тақырыптың маңыздылығы:
Қан –тамырлар жүйесінің аурулары жиі кездесетін кең тараған, сондықтан уақытында және дұрыс диагноз қоюдың маңызы зор. Сабақта орындаған практикалық жұмыстар мен теориялық ілімдер жүрек кардиодинамикасын, оның жүрек ақауларында қалай өзгеретінін түсінудің негізі болып табылады. Студенттер алғаш рет жүректің аускультация зерттеу әдісімен меңгеру, информативтік үлкен мәні бар функциональдық диагностика әдістерімен танысады.
Ақпараттық- дидактикалық блок
Қан айналу жүйесі жүрек пен қан айналысының үлкен және кіші шеңберінен тұрады. Бұл жүйенің кіндігі- жүрек насос тәрізді қанды сығымдап қан тамырларына айдайды да оның үздіксіз ағысқа айналуын қамтамасыз етеді. Жүрек тоқтап қалса, табиғи ырғағы бұзылса, не әлсіресе, қан дене тіршілігіне қажет мөлшерде тармамайды да, сан қилы өз қызметін атқара алмайды. Қан айналысының үлкен шеңбері жүректің сол қарыншасынан- қолқадан басталады. Қан қолқадан артерияларға одан әрі капиллярға (қылтамырларға) жетеді. Онда қан құрамындағы оттегі тканьге, тканьдегі көмір қышқыл газы қанға өтеді де, артериалық қан вена қанына айналады. Вена қаны капиллярлардан жіңішке венулаларға, одан әрі веналарға, жоғарғы және төменгі венаға жетеді де, сол арқылы жүректің оң жүрекшесіне құйылады. Қан айналысының кіші шеңбері оң қарыншадан шығатын өкпе сабауынан басталады. Оң қарыншадан шыққан өкпе сабауындағы қан көмір қышқыл газға бай веналық қан. Бұл өкпе көпіршіктеріне қарай артериялар арқылы ағып отырып өкпе капиллярларына жетеді, осы сәтте қандағы көмір қышқыл газ өкпеге, ал оттегі керісінше, қанға өтеді де веналық қан артериялық қанға айналады. Одан әрі артериялық қан өкпеден екі-екіден жұптасып шығатын төрт вена арқылы ағып отырып сол жүрекшеге құйылады. Сонымен қан айналысының кіші шеңбері 4 өкпе венасымен аяқталады. Адамда ж.ректен шыққан қан айналысының үлкен-кіші шеңберлерімен ағып отырып, 20-30 секунд ішінде қайта оралады.
Жүрек өмір бойы белгілі ырғақпен жиырылып отырады, яғни соғып тұрады. Адамның жүрегі орта есеппен минутына 65-80 рет соғады. Жүректің жиырылуы систола, босауы диастола деп, ал систола мен диастолаға кететін мерзім жүрек қызметініғң айналымы деп аталады. Айналым уақыты жүрек соғуының жиілігіне байланысты.
Жүрек минутына 70-72 рет соқса, жүрек циклы 0,8-0,9 сек-ке тең болады. Қан айдау кезеңі аяқталысымен қарынша диастоласы басталады, ол 0,47 секундке созылады. Бұл кезеңнен тұрады: протодистола, изометрлік босау, қанға толу, пресистолалық.
Қозғыштық, қозуды өткізу, жиырылу- жүрек етінің негізгі қасиеттері. Бұл қасиеттер қаңқа еттеріне де тән. Жүрек етінің ерекшкелігі- оның автоматиялық қасиеті. Қозу жүректің өткізгіш жүйесімен қатар жүрек миоциттері арасында нексус байланыстары арқылы да тарайды. Бірақ қозу серпіні жүректің өткізгіш жүйесі арқылы тез өтеді. Қозу өткізгіш жүйе арқылы қаншама жылдам таралғанмен жүрекше мен қарынша бір мезетте жиырылмайды: алдыменжүрекшелер содан соң қарыншалар жиырылады.
Жүрек жұмысын зерттеу әдістері: Физиологиялық және клиника- физиологиялық әдістер болып екі топқа бөлінеді. Жүрек қызметін физиологилық әдіспен зерттеу үшін жануардың көкірек қуысын ашады да, жазу аспабын тікелей жүрекке тіркейді. Клиника- физиологиялық әдіс жүрек жұмысын қан шығармай тексеруге мүмкіндік береді. Бұл әдіспен әдетте сау адамның да, науқас адамның да жүрегі зерттеледі. Клиника- физиологиялық әдістер: пальпация (сипап ұстау)- жүрек түрткісінің орнын табу;перкуссия (тықылдату)- жүрек шекарасын анықтау; аускультация (тыңдау)-жүрек дыбыстарын естіп тану; фонокардиография (ФКГ)- жүрек дыбыстарын жазып алу; электрокадиография –(ЭКГ)- жүрек биотогін жазып алу; векторкардиография (ВКГ)- жүрек тогының бекторлық мөлшерін жазып алу; баллистокардиография (БКГ)- жүректің қан айдаудағы баллистикалық құбылысын жазып алу; динамокардиография (ДКГ)- жүректің қан айдауына байланысты кеуде білігінің ығысуын жазып алу; Эхокардиография- ультрадыбысты қолданып жүректің қан айдау функциясына байланысты ет құрылысының, қақпақшаларыныңі және қуыстарының өзгерістерін байқау, рентгенмен зерттеу.
Сабақ өткізу орны:
Оқу бөлмесі 420а, 420б, 419, 426
Сабақ жоспары және ұймдастырылу құрылымы:
а)Ұйымдастырылу бөлімінде оқытушы топтары студенттерді түгелдейді, сабақ тақырыбы мен мақсаты анықталады. Тақырыпты жақсы біліп, менгрудің келмеген дәрігерлер үшін маңызын айтып түсіндіреді- 5 минут.
б) Негізгі білім денгейін тестілік сұрақтар көмегімен анықтайды.
в) Студенттердің оқытушымен бірге жұмысы
Тестер :
Қанның қысымы ... төмен болады.
веналарда+
венулаларда
артериолаларда
капиллярларда
қуысты веналарда
Қанның қысымы ... төмен болады.
веналарда+
венулаларда
артериолаларда
капиллярларда
қуысты веналарда
Флебограмма әдiсi деген – бұл... тiркеп жазып алу.
веналардың пульстiк толқындарын+
артериялардың пульстiк толқындардың
жүректiң биопотенциалдарын
көкiрек қуысының тыныс алу қозғалыстарын
қан қысымының қисығын
Қан қысымын анықтауға ...әдісі қолданылады.
Коротков-Рива-Роччи+
реокардиография
капилляроскопия
плетизмография
фонокардиография
Пульстiк қысым деген – бұл ...қысымдар арасындағы айырмашылығы.
систолалық және диастолалық+
орташа және диастолалық
орташа және систолалық
систолалық және капиллярлық
диастолалық және ұлпалық
Қан ағысына негiзгi кедергiні... жасайды.
артериолалар+
артериялар
веналар
капиллярлар
венулалар
Жүрек жұмысы жиiлегенде қан қысымы…
жоғарлайды.+
өзгермейдi.
кенет тарылады.
төмендейдi.
фазалық түрде өзгередi .
Жүректiң қақпакшалы аппаратының кызметi... көрсеткiштердi камтамасыз етеді.
керi қарай қанның ағуын+
жоғары қан кысымын
қанның ағуын
жүректiң жиырылуын
жүрек дүрсiлiн
Диастола кезiнде қарыншалардағы қысымның деңгейi (мм.с.б.)..тең.
0+
40
30
20
10
Қарынша еттерi толық қозғанда, ЭКГ-мада ... тiстер жазылады.
QRS+
PQ
QR
ST
TP
Қолданылған әдебиеттер:
1. Тақырып бойынша дәріс.
А.А. Өтепбергенов, Х.Қ Сатпаева, Ж.Б. Нілдібаева «Қалыпты физиология». Алматы-2005ж.
қалыпты физиологияның лабораториялық жұмысы. Ақтөбе-1993ж. Х.Қ. Сатпаева, нілдібаева Ж.Б.
Покровский В.М. физиология Человека. I-II том. М.: Медицина, 1998, 2001, 2003.
Косицкий Г.И. «Физиология человека» М.: Медицина, 1975,1986.
Логинов А.В. «Физиология с основами анатомии человека» М.: Медицина, 1983г.
Ткаченко Б.И. «основы физиологии человека». А-Ата, 1992г.
Тель Л.З., Агаджанян Н.а. «Физиологии человека». А-ата, 1992г.
Коробков А.В., Чеснокова С.А. «Атлас по нормальной физиологии» М.: ВШ, 1987.
Румянцева М.Ф., и др. Руководство к практическим занятиям по физиологии с основами анатомии человека. М.: Медицина, 1986г.
Тақырып № 5: Гемодинамика.
Оқу сағаттарының саны-2 сағ.
Тақырыптың маңыздылығы:
Ұлпаға қоректік заттардың, оттегінің, гормондардың және биологиялық заттардың жеткізілуі және метоболизм өнімдерінің шығарылуы қан айналым жүйесінің негізгі қызметіне байланысты. Заттардың қаннан ұлпаға және ұлпадан жасушаға тасымалдануы капилляр қабырғасы арқылы жүреді. Транскалиллярлы зат алмасу процесі бұл клеткаға қажет затты адекватты ағыммен және метоболизм өнімдерімен адекватты шығарылуын қамтамасыз етеді. Транскапиллярлы зат алмасуды диффузды, фильтрациялы және реабсорбцилы процесстері капиллярлық деңгейде орындалады. Транскапиллярлы алмасу негізінен қанның микроциркулярлы ағымымен қозғалысы нәтижесінде жүреді. Медициналық білім жүйесінде гемодинамика заңдарын және транскапиллярлы алсаму механизмін білу қажет.
Дидактикалық мақсаты:
Қан айналысы- гемодинамика, көбіне гидродинамика заңдарына бағынады. Жүректің сол қарыншасынан қолқаға қан әлсін-әлсін тек систола кезінде өтеді. Бұған қарамастан қан тамырларда үздіксіз ағады. Мұның себебі ірі артериялар қабырғасында серпімді талшықтардың көп болуы.Қан ағысының өлшем көрсеткіштері- иқан қысымы, қан ағысының жылдамдығы (көлемдік, сызықтық), қан тамырларының тонусы, яғни қан ағысына көрсететін кедергісі.
Қан қысымы қан тамырларының әрбір бөлімінде әртүрлі:
Қолқада бәрінен де жоғары, с.б.б 120-130 мм.
Орташа жуандықтағы артерияда қан қысымы – 100-110 мм-ге дейін төмендеп, қолқа мен артериядағы қысым айырмасы қан тамыры қабырғасының кедергісін жеңуге жұмсалады.
Артериолаларда қан қысымы с.б.б. 70-80 мм, мұнда систолалық және диастолалық қысым арасында айырмашылық жойылады.
Капиллярлардың артериялық бөлімінде қан қысымы с.б.б. 25-30 мм. Капиллярлардың саны өте көп және тар болғандықтан қан қысымының нобайы олардың кедергісін жеңуге жұмсалады. Осы себепті капиллярлардың веналық бөлімінде қан қысымы едәуір төмендейді с.б.б. 6-15 мм.
Орташа жуандықтағы венеларда қан қысымы с.б.б. 9-12 мм, ал қуысты қос венада –± 2; ±5 мм. Жоғарғы, төменгі қуысты веналарда қан қысымы атмосфералық қысымнан төмен болуы мүмкін, сондықтан теріс қысымды веналар жарақаттанған кезде одан қан сыртқа ақпайды, керісінше оған ауа кіріп кетеді. Қан тамырына бітеп (эмболия) қан айналысын тоқтатады. Бұл тіршілік үшін қан кетуден де қауіптірек. Демек, ірі веналардың жарақаты өте қауіпті.
Артериялық қысым – жүрек жұмысының негізгі көрсеткіші болып табылады. Оны систолалық, диастолалық, пульстік, орташалық болып бөлінеді. Орташа динамикалық қысым деңгейін Хикем формуласы арқылы болжауға болады. Жүрек жұмысының тағы бір негізгі жұмысы болып артериялық пульс болып саналады. Қанның тамыр арқылы ағу жылдамдығы тамырдың диаметріне байланысты. Қан ағуының көлемдік және сызықтық жылдамдығын ажыратады. Қан ағу жылдамдығының венадан ағуының өзіндік ерекшеліктері болуы. 1-ші кезекте венадағы қысымның тез төмендеуіне байланысты.
Артериовенозды аностомоздық қызметтері
мүше арқылы қан ағысын реттейді
қанның жалпы және жергілікті қысымын реттеуге қатысады.
органның қанға толуын реттейді
вена ағысын реттейді
вена қанының артериолизациясын қамтамасыз етеді
деподағы қанның мобилизациясын қамтамасыз етеді
сұйықтық және қанның жергілікті ағысын өзгеруі арқылы жалпы қан айналымына әсер етеді
жылуды реттеуге қатысады.
Микроциркуляция. Микроциркуляторлық жүйе деп диаметрі 2 мм аспайтын қан тамырларының жиынтығын айтамыз. Осы жүйе тамырларымен қанның ағу процессі микроциркуляция деп аталады. Микроциркуляцияға ұлпаның метаболизмді, қанның таралуы мен жиналуын қамтамасыз ететін, мүше ішілік қан айналымымен байланысты процесстер жатады.
Микроциркуляторлық жүйе құрамына. Терминальді, артериолдар, метартериолдар, прекапиллярларлы сфинктер, капилляр, посткапиллярлы венула, майда веналар, артериолвенозды анастомоздар кіреді.
Микроциркуляторлық бірліктің әр компоненті микроциркуляция процесінде белгілі бір қызметтерді атқарады. Мысалы: артериолдар, метартериолдар және прекапилярлы сфинктер транспортты қызмет атқарады. Олар қанды капиллярға әкеледі, әкелуші тамырлар деп аталады. Сонымен бірге олар тегіс бұлшықетті элементтердің жиырылуы және босаңсуы арқылы тамыр өзегінің өлшемін өзгертіп, қан ағысының жылдамдығын ретейді. Тамыр өзегі тарылғанда, қанның ағуына кедергі артып, қанның ағу жылдамдығы баяулайды. Ал тамыр өзегі кеңейгенде қан ағымына кедергі азайып, қанның ағу жылдамдығы артады. Осының нәтижесінде капиллярлардағы қан қысымы да өзгереді.
Капиллярлар және посткапиллярлы венулаларда қан және интерстипиальды сұйықтық арасында алмасу процесстері жүреді. Олар алмасушы тамырлар деп аталады.
Сабақ өткізу орны:
Оқу бөлмесі 420а, 420б, 419, 426
Сабақ жоспары және ұймдастырылу құрылымы:
а)Ұйымдастырылу бөлімінде оқытушы топтары студенттерді түгелдейді, сабақ тақырыбы мен мақсаты анықталады. Тақырыпты жақсы біліп, менгрудің келмеген дәрігерлер үшін маңызын айтып түсіндіреді- 5 минут.
б) Негізгі білім денгейін тестілік сұрақтар көмегімен анықтайды.
в) Студенттердің оқытушымен бірге жұмысы
Тестер :
Жүрек жұмысы жиiлегенде қан қысымы…
жоғарлайды.+
өзгермейдi.
кенет тарылады.
төмендейдi.
фазалық түрде өзгередi .
2. Артериялық қанға қарағанда веналық қанның көмiрқышқыл газды көп мөлшерде байланыстыратын себебi бұл...
ұлпадағы көмiрқышқыл газдың кернеуiнiң жоғарлауы.+
гемоглобин мөлшерiнiң төмендеуi.
карбоангидразаның белсенділігінің төмендеуi.
оттегi кернеуiнiң төмендеуi.
оттегiнiң меншiктi қысымының жоғарлауы.
Артериалық қандағы О2 кернеуi ...тең.
100 мм с.б.+
80 мм с.б.
60 мм с.б.
40 мм с.б.
20 мм с.б.
Атриовентрикулярлық қақпақшалардың жабылуына байланысты... пайда болады.
I-тон+
II-тон
III-тон
IV-тон
I және II-тондар
Жүрек бұлшықеттерiнiң қызметтерi ...бағынады.
бәрi немесе ештеңе емес заңына+
күш заңына
жекелеп өткiзу заңына
аккомадация заңына
конвергенция заңына
Жүрек қарыншалардың диастоласының ...кезеңдерi болады.
босаңсу және қанға толу+
ширығу және айдап шығару
ширығу және босаңсу
қанға толу және айдап шығару
қанға толу және босаңсу
ЭКГ Р тiсшiсi... көрсетедi.
екi жүрекшенiң қозғанын+
қарыншаларда қозу процесiнiң аяқталуын
қарыншаларда қозудың басталуын
сол жак жүрекшенiң қозғанын
қозудың жүрекшеден қарыншаға ауысуын
Кезбе жүйкенi тiтiркендiргенде жүректiң жиырылуы...
баяулайды.+
өзгермейдi.
жиiлейдi.
тоқталады.
фазалық түрiнде өзгередi .
Жүрек қызметiн ...тежейдi.
К- иондары+
Са- иондары
адреналин
тироксин
глюкокортикоидтар
Тыныштық кезде қанның систолалық мөлшерi ... /мл/ тең.
50-70+
20-40
80-100
110-130
140-160
Изометриялык жиырылу кезiңiнде жүректiң карыншаларының көлемi...
өзгермейдi.+
шамалы кеңейдi.
шамалы тарылады.
тым тез кеңейедi.
тым тез тарылады.
Фонокардиограмма ...сипаттайды.
жүрек дыбыстарды+
кеуде бөлiгiнiң ығысуын
электрлiк құбылыстарды
механикалық құбылыстарды
контрасты зат енгiзгенде жүрек көлемiн
Кезбе жүйкенi кесiп тастағанда...
жүректiң жиырылу ырғағы жоғарлайды.+
жүректiң жиырылу күшi төмендейдi.
жүректiң жиырылу жиiлiгi баяулайды.
жүректiң қозғыштығы күшейедi.
жүректiң жиырылу күшi күшейедi .
Жүректiң қақпакшалы аппаратының кызметi... көрсеткiштердi камтамасыз етеді.
керi қарай қанның ағуын+
жоғары қан кысымын
қанның ағуын
жүректiң жиырылуын
жүрек дүрсiлiн
Диастола кезiнде қарыншалардағы қысымның деңгейi (мм.с.б.)..тең.
0+
40
30
20
10
Қарынша еттерi толық қозғанда,ЭКГ-мада ... тiстер жазылады.
QRS+
PQ
QR
ST
TP
Жүрек бұлшықеттерiнiң негiзгi физиологиялық ерекшелiктерiне... жатады.
автоматия және жеке дара жиырылуға мүмкiндiк+
тетаникалық жиырылуға мүмкiндiгi
тоникалық жиырылуға мүмкiндiгi
қозбаушылықтың болмауы
автоматия,және тетаникалық жиырылуғы мүмкiндiк
ЭКГ-дағы тiстер бiр-бiрiнiң артынан... орналасады.
PQRST+
QRSTP
RSTPQ
STPQR
TPQRS
Жартылай айшық қақпақшалар... ашық болады.
қарыншалардан қанды айдау кезiнде+
жүрекшелердiң систоласы кезiнде
жүрекшелердiң диастоласы кезiнде
ширығу кезiнде
қарыншалардың диастоласы кезiнде
Жүректiң жиiлiгi 1 минут арасында 75 тең болса жүрек қарыншаларының систоласының ұзақтығы ...тең.
0.33 сек+
0,11 сек
0.22 сек
0,44 сек
0,55 сек
Автоматия градиентi деген бұл...
синоатриалдық түйiнен алыстаған сайын автоматикалық дәрежесiнiң төмендеуi.+
жүректiң қозбаушылыққа мүмкiндiгi.
қозуға мүмкiндiгi.
қозуды өткiзу жылдамдығы.
мембранды потенциалмен әрекет потенциалдың арасындағы айырмашылық .
Достарыңызбен бөлісу: |