3 сабақ 1. Тақырыбы. «Ірі қантамырларының бітелуі» синдромы бар науқастарға мейірбикелік процесті ұйымдастырудың ерекшеліктері.
2. Мақсаты: Студенттерге «ірі қантамырларының бітелуі» синдромы бар науқастарға мейірбикелік процесті ұйымдастырудың ерекшеліктерін танып білуді үйрету. Симптомдардың жиынтығын құрайтын «ірі қантамырларының бітелуі» синдромы туралы түсінік беру. Пайда болу себептері, клиникалық симптомдары және диагностикалау әдістері бойынша білімдерін нықтау. Емдеудің негізгі принциптерін және шұғыл медициналық көмектің іс - әрекетін ұйымдастыруды үйрету. Асқынулары, олардың алдын – алу шаралары. Операция алдындағы дайындық ерекшелігі және операциядан кейін науқас жағдайын бақылау жұмыстарын ұйымдастыру бойынша білім деңгейін нықтау.
3. Оқыту мақсаты: Студент білуі қажет:
«Ірі қантамырларының бітелуі» синдромы бар науқастарға мейірбикелік процесті ұйымдастырудың ерекшеліктерін;
Симптомдардың жиынтығын құрайтын «ірі қантамырларының бітелуі» синдромы туралы түсінігін;