Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік Фармацевтика академиясы
Техникалық және кәсіби білім беру факультеті
«Гигиена-1, дене шынықтыру және валеология» кафедрасы
Жалпы гигиена пәні бойынша әдістемелік өңдеу
Мамандығы:0306013 «Фармацевт»
Біліктілігі:
Курс: III______бөлім_____топ______
Семестр:
Құрастырған: Жақсыбаева Ж.Б.
Тойжанов Б.Қ
Кафедра мәжілісінде қаралды және бекітілді
«___»__________
№ «___» хаттама.
Кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент Долтаева Б.З.
1- тақырып
1. Сабақтың тақырыбы: Кіріспе.
2. Сағат саны: 2 сағат
3. Сабақ түрі: теория
4. Сабақтың мақсаты:
- оқыту: оқушыларға жалпы гигена пәнін мақсатын міндетін оқыту және үйрету
- тәрбиелік: берілген тапсырмаларды дұрыс және сауатты орындау
- дамыту: білім берудің дағдыларын және жаңа әдістерін дамыту
5. Оқыту әдісі: тақырыпты түсіндіру және сұрау
6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
- техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы
- көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, кеспе, тест тапсырмалары
- оқыту орыны: оқу бөлмесі
7. Әдебиеттер:
Негізгі (Н)
1. У.И. Кенесариев, Р.М.Балмахаева, Ж.Д. Бекмагаметова, К.К. Тогузбаева, Н.Ж. Жакашов.<<Гигиена>> Алматы 2009
3. ҚР « Халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы » туралы №361 заңы, 04.12.2002 ж.
3. Алтынбеков Б.Е., Бөлешов М.Ә.,Торгаутов Б.К., « Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы», Шымкент, 2000 ж.
4. Шарманов Т.Ш. - «Экономика здавоохранения и перспективы
государственной службы охраны здоровья в Казахстане», Алматы-Женева-
Вашингтон, 2000 ж.
5. Габович Р.Д.- « Гигиена», Мәскеу, « Медицина», 1990 ж.
Қосымша (Қ)
1. Шарманов Т.Ш. – « От здорового образа жизни к долголетию без болезней»
2. Сералиева М.Ш., Илақбаева Ү.С. -« Тағам гигиенасы », Шымкент, 2009 ж.
3. Көшімбаева С.А. - « Ауыз судың сапасын нормалаудың гигиеналық
негіздері», Алматы, 2002 ж.
4. Неменко Б.А. - « Коммуналдық гигиена », Алматы, 2005 ж.
5. Момынов Т.А., Рақышев А. - Медициналық орысша – қазақша сөздік,
Алматы, 1999 ж.
6.Подунова Л.Г. - « Руководство к практическим занятиям по методам
санитарно- гигиенических исследваний » Москва, « Медицина» 1990
8. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин (6%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру:
Сұрау арқылы білімін тексеру. 15 мин (16%)
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 40 мин (44%)
Гигиена – негізгі профилактикалық пән ретінде медицинада маңызды орын алады. Ол алдын алу бағытының бірінші кезектілігімен ерекшеленеді.
Қазіргі таңда ғылыми – техникалық дамуға байланысты гигиенаның алдына қойған мақсаты көбейіп, күрделене түсті. Ғылыми – техникалық дамудың жетістіктері адамды жұмыспен қамтып, бір жағынан жақсы әсер етсе, яғни материалдық жағдайын жақсартса, екінші жағынан атмосфералық ауаны, топырақты, суды әр түрлі зиянды заттармен ластап, оның денсаулығына теріс әсер етеді.
Адамға тек табиғи факторлар әсер етіп қоймайды, сонымен қатар қоршаған ортаның химиялық, биологиялық, физикалық факторлары, әлеуметтік ортаның қалыптасуы мен антропогендік факторлардың біртұтас кешені әсер етіп жатқан қазіргі кезеңде гигиенаның маңыздылығы бұрынғыдан да асып түсті.
Осыған байланысты орта медицина қызметкерлері үшін өзінің кәсіптік жұмысында гигиеналық сауаттылық айрықша маңызды, өйткені олардың күнделікті жұмысы, аурухана жағдайында болсын, өнеркәсіп кәсіпорындарында болсын әр түрлі факторлардың әсер сипатын біліп, аурудың пайда болуын анықтауға, дәрігерге дейінгі көмекті дұрыс көрсетуге және алдын алу шараларын дұрыс жүргізуге мүмкіндік береді. Аурулар үшін емдік сауықтыру режимін, медициналық қызметкер үшін қолайлы жұмыс жағдайын, ауруханаға қойылатын санитарлық талаптарды білудің де маңызы зор. Оларды сақтау ауруды дұрыс емдеуге, ауруханаішілік инфекцияны болдырмауға және медицина қызметкерлерінің ауыруының алдын алуға ықпал етеді, сонымен қатар гигиеналық білімдер - орта буынды медицина қызметкерлерін әлеуметтік және табиғи жағдайлардың адам денсаулығына қалай әсер ететінімен және салауатты өмір салтының адам денсаулығы үшін маңыздылығымен таныстырады.
Гигиена – адам денсаулығын қорғау саласында теориялық және клиникалық пәндердің мәліметтерін біріктіретін медицина ғылымдарының профилактикалық бөлімдеріне жатады.
Гигиена дегеніміз қоршаған ортаның, яғни топырақтың, судың, ауаның, тамақтың адам ағзасына әсерін зерттейтін ғылым.
Гигиена пәнінің алдына қойған міндеті - аурудың алдын алу шараларын анықтап, оны іске асыру.
Гигиена пәні – негізгі алдын алу пәні болғандықтан, оны барлық медицина мамандары білуі қажет. Гигиена медицина қызметкерлеріне адамдар арасында санитарлық ағарту ісін дұрыс жүргізу, балалардың күн тәртібін дұрыс құру үшін, тамақтануды дұрыс ұйымдастыру, ауру адамдардың қалай тамақтануы керек екендігі туралы дұрыс ақыл - кеңес беру үшін және ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу үшін өте қажет.
Санитария – гигиена ғылымының мақсатын тәжірибе жүзінде іске асырады.
Гигиена сөзінің өзі грек тілінен аударғанда «денсаулықты алып келетін» деген мағынаны береді және ежелгі грек денсаулық құдайы Эскулапаның қызы Гигеи есіміне тура келеді.
Гигиенаның даму тарихы
Гигиенаның ғылым ретінде дамуы XIX ғасырдың аяғында және XX ғасырдың басында басталды, бірақ адамзатқа жеке бас гигиенасы, қоғамның гигиенасы, оның түбірі ежелден - ақ белгілі.
Мысалы: өте ертеде итмұрын қайнатпасының қырқұлақ ауруының алдын алу үшін қолданылатыны белгілі болған. Х ғасырдағы құжаттарға сүйенсек ол жерде Корсунский су құбыры туралы жазылған. Киев Русында моншалардың көп болғандығы туралы жазылған. 1650 жылы Мәскеуде «тұрмыстық қалдықтарды далаға төгуге тыйым салынатыны» туралы үкім шыққан.
Біздің эрамыздан 1,5 мың жыл бұрын ежелгі Египетте үйлерді, көшелерді тазарту, қоқыстарды жинау және оны алып кету, жеке бас гигиенасын сақтау, науқастарды жекешелеу, тағамтану гигиенасы туралы ережелер болған. Ежелгі Қытайда жүйелі тамақтану, дем алу тәртібі, елдімекенді жоспарлау және жайластыру бойынша талаптар белгілі болды.
Дәрігер Авиценна бес томдық «Дәрігер ғылымының каноны» шығармасының гигиена бөлімінде «Жағымды ауа туралы», «Су сапасы туралы», « Денсаулық сақтау туралы» мақалалар жазған.
Гигиена туралы алғашқы ғылыми мекемелер, ғылыми еңбектер XIX ғасырда еуропада пайда болды. 1857 жылы ағылшын ғалымы Паркс
«Практикалық гигиенаға жетекшілік» оқулығын баспадан шығарды.
Ресейде экономика мен қоғамның нашар дамуына байланысты гигиена
өте жай дамыды. ХУІІІ ғасырда Ресейдің кейбір жерлерінде медициналық- топографиялық түсініктеме жазылып, сол жергілікті жердің адамдарының ауруының сол жерді қоршаған ортамен байланысты екені дәлелденген.
ХІХ ғасырда гигиена кеңінен дами бастады және оның дамуына көптеген сол кездегі ғалымдар Н.И Пирогов, С.Г Боткин, Г.А Захарин, А.А Остроумов ықпал етті.
ССРО – да гигиенаның негізін қалаушы ғалымдар:
А.П Доброславин, Ф.Ф. Эрисман, Г.В. Хлопин.
Доброславин А.П. ( 1842- 1889 ж.ж) – Ресейдің гигиена кафедрасының алғашқы профессоры. 1871 жылы Петербургте медициналық - хирургиялық академияда ең алғаш гигиена кафедрасын ұйымдастырған және оның меңгерушісі болған. Ең алғаш жалпы гигиена пәнінен лекциялар жинағын шығарған. Өзінің тәжірибелік жұмысын ол Петербургтің елдімекенін сауықтыру жұмыстарына бағыттаған. Бұл кісі көптеген белгілі гигиенистерден дәріс алған. Осы кісінің ұсынысымен Петербургте ең алғаш рет тамақты зерттейтін санитарлық зертхана ашылған.
Эрисман Ф.Ф. – (1842-1915 жж) Әйгілі гигиенист және қоғам қайраткері. Мәскеу университетінде ең алғаш рет гигиена кафедрасын және Ресейде ең алғаш рет санитарлық станса ашқан. Эрисманның көптеген еңбектері коммуналдық гигиена мәселелеріне байланысты – Петербургтегі тұрғын үй жағдайы, судың сапасы туралы және т.б. Мәскеу губерниясының көптеген зауыттар мен фабрикасында санитарлық зерттеу жұмысын жүргізген. Жұмысшылардың жұмыс жағдайын зерттеп, сол туралы «Мамандық және жұмыс істеу гигиенасы» атты еңбегін жазған.
Доброславин А.П. және Эрисман Ф.Ф. негізінен жалпы гигиена мәселелерімен айналысқан.
Хлопин Г.В. – ( 1868- 1929 жж) Ф.Эрисманның оқушысы, өзінің ғылыми және тәжірибелік жұмыстарын қоршаған ортаны зерттеуге арнап, суға, топыраққа, ауаға зерттеу жүргізіп, ол бойынша әдістемелік нұсқаулар жазған. Одессада, Петербургте, Юрьевте гигиена кафедраларының меңгерушісі қызметін атқарған.
Гигиенаның Қазақстанда дамуы
Қазіргі кезде Қазақстанда өз алдына гигиена мектебі бар.
1932 жылы Алматы қаласында республикада бірінші медициналық институты ашылып, сол жылы гигиена кафедрасы да ашылды. Оның негізін қалаушы - Қазақстандағы санитарлық қызметті бірінші ұйымдастырушылардың бірі Попов Н.П. болды.
Кейінірек Қазақстан өлкелік патология ғылыми зерттеу институты
(қазір гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы), Қарағандының мемлекеттік медицина институты, Қазақ еңбек физиологиясы мен гигиенасы ғылыми зерттеу институты, тағамтану ғылыми зерттеу институты ұйымдастырылды, оларда гигиена ғылымдарының барлық бөлімдері бойынша әр түрлі жоспарлы зерттеулер жүргізілді.
1935 жылы Кеңестік Советтік Республикалар Одағында Бас санитарлық инспектор басқаратын Отандық мемлекеттік санитарлық инспекцияны құру туралы қаулы бекітілді. Осындай қызметтер басқа да одақтық республикаларда құрылды.
Ұлы Отан соғысынан кейінгі уақыт Қазақстанда санитарлық - эпидемиологиялық мекемелердің санын көбейтуді талап етті. 1941 жылы Қазақстанда 43 санитарлық- эпидемиологиялық станса, 137,5 штаттағы дәрігерлік лауазым болса, 4 эпидемияға қарсы отряд, 783 залалсыздандыру камералары, 3907 монша, ал 1945 жылы СЭС- тардың саны 100 - ге дейін өсті, санинспекторлар штаты – 274,5, эпидемияға қарсы отрядтар - 45, залалсыздандыру камералары -1438, 3332 монша салынған.
Сол кезде Қаз ММИ жүргізілген ғылыми зерттеулердің тақырыбы соғыс уақытындағы қатаң талаптарға сай болған, мысалы, бомбадан қорғайтын жертөлелердегі ауаны тазалау мәселесі, солдаттардың бөлімшелеріне көрсетілетін санитарлық қызмет, соғыс кезіндегі жұқпалы аурулардың эпидемиологиясы, адамдарды вакцинациялау.
Аймақтық эпидемиология, микробиология және гигиена институты соғысқа қажетті ғылыми- зерттеу және тәжірибелік жұмыспен толық айналысты. Олар 20 шақты бактериологиялық препараттар ашты: бөртпетифозды вакцина, тифо- паратифозды таблеткалар, дизентерия бактериофагын, холера монофагын, холераға қарсы моновакцинді және т.б.
1944 жылдың маусымында республикада тропикалық аурулар институты ашылып, ол 1945 жылы Аймақтық патология институты болып аты өзгертіліп, аймақтық медициналық мәселелерді өңдейтін Қазақ ССР- ындағы Ғылыми Академияның негізгі ғылыми – зерттеу орталығы болды.
11. Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин (22%)
Гигиена ғылымының тарихы?
Гигиена ғылым ретінде дамуына үлес қосқан ғалымдар?
Гигиенаның түрлері?
Гигиенаның зерттеу әдістері?
12. Сабақты қорытындылау: 5 мин (6%)
- оқушылардың білім деңгейін бағалау
- келесі сабақтың тақырыбын хабарлау
13. Үйге тапсырма беру: 5 мин (6%)
2- тақырып
1. Сабақтың тақырыбы: Атмосфералық ауа гигиенасы. Ауаның физикалық қасиеттерінің гигиеналық маңызы.
2. Сағат саны:2 сағат
3. Сабақ түрі: теория
4. Сабақтың мақсаты:
- оқыту: оқушыларға атмосфералық ауа гигенасын, ауның физикалық қасиетін, химиялық құрамы мен таныстыру және оқыту
- тәрбиелік: берілген тапсырмаларды дұрыс және сауатты орындау
- дамыту: білім берудің жаңа дағдыларын және тәсілдерін дамыту.
5. Оқыту әдісі: тақырыпты түсіндіру және сұрау
6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
- техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы
- көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, кеспе, тест тапсырмалары
- оқыту орыны: оқу бөлмесі
7. Әдебиеттер:
1. У.И. Кенесариев, Р.М.Балмахаева, Ж.Д. Бекмагаметова, К.К. Тогузбаева, Н.Ж. Жакашов.<<Гигиена>> Алматы 2009
3. ҚР « Халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы » туралы №361 заңы, 04.12.2002 ж.
3. Алтынбеков Б.Е., Бөлешов М.Ә.,Торгаутов Б.К., « Балалар мен жасөспірімдер
гигиенасы», Шымкент, 2000 ж.
4. Шарманов Т.Ш. - «Экономика здавоохранения и перспективы
государственной службы охраны здоровья в Казахстане», Алматы-Женева-
Вашингтон, 2000 ж.
5. Габович Р.Д.- « Гигиена», Мәскеу, « Медицина», 1990 ж.
6. Шарманов Т.Ш. – « От здорового образа жизни к долголетию без болезней»
7. Сералиева М.Ш., Илақбаева Ү.С. - « Тағам гигиенасы », Шымкент, 2009 ж.
8. Көшімбаева С.А. - « Ауыз судың сапасын нормалаудың гигиеналық
негіздері», Алматы, 2002 ж.
9. Неменко Б.А. - « Коммуналдық гигиена », Алматы, 2005 ж.
10. Момынов Т.А., Рақышев А. - Медициналық орысша – қазақша сөздік,
Алматы, 1999 ж.
11.Подунова Л.Г. - « Руководство к практическим занятиям по методам
санитарно- гигиенических исследваний » Москва, « Медицина» 1990
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру:
Сұрау арқылы білімін тексеру. 15 мин (16%)
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 40 мин (44%)
Атмосфера - жерді қоршаған ауа қабаты, ал ол газдардың қоспасынан тұрады. Ауаның негізгі бөлігі (90%-на дейін) 15 км-ге дейінгі биіктікте орналасады, яғни басым бөлігі тропосфера, ал қалған бөлігі 48 км-ге дейінгі биіктікте немесе стратосфера қабатында (9,99%) орналасқан. Атмосфераның ең жоғары қабатында небары 0,01% ауа болады. Жер бетінен 50 км-ден 80 км-ге дейінгі аралықта мезосфера қабаты, 1000 км-ге дейін ионосфера, 3000 км-ге дейін экзосфера, 50000 км-ге дейін магнитосфера қабаты орналасқан. Жер бетіндегі газ қабықшасының қалыңдығы – 50000 км. Атмосфераның физикалық және химиялық қасиеттерінің гигиеналық маңызы зор. Біріншіден, олар адамның функционалдық жағдайларының дәрежесін анықтайды, екіншіден, атмосфералық ауаны ластайтын заттардың айналымына әсер етеді. Демек, осы 2 жағдай адамның денсаулығына әсерін тигізеді.
Атмосфералық ауаның химиялық құрамы
Ауаның химиялық құрамы: азоттан (78,09%), оттегінен (20,94%), аргоннан (0,93%), көмір қышқыл газынан (0,03%) тұрады. Осы негізгі 4 құрамдас атмосфераның табиғи газдық құрамының 99,99% - ын құрайды. Қалған 0,01% бөлігі неон, гелий, метан, криптон, ксенон, озон және т.б. инертті газдардан тұрады. Адам тыныштық жағдайында минутына 5-10 л, қозғалыс кезінде 30 л, жұмыс істеу кезінде 100 л-ге дейін ауа жұтады. Ауаның физикалық және химиялық құрамының өзгеруі адамның денсаулығына теріс әсерін тигізуі мүмкін. Ауаның құрамының тұрақтылығы және оның таза болуы онда жүретін табиғи өзін - өзі тазалау процесіне байланысты өзгеріп тұрады. Өзін -өзі тазалау процестеріне мыналар әсер етеді: жел, ластанған ауаны
елдімекеннен алыс жаққа алып кетеді, жаңбыр – ауаның құрамындағы зиянды заттарды жуып кетеді, оттегі мен озонның химиялың әсері, микроорганизмдер, ауа құрамындағы органикалық және басқа да қоспаларды тотықтырады, өсімдіктер мен балдырлар көмірқышқыл газын өздерінің бойына сіңіріп алып, ауаны оттегімен толықтырады. Бірақ қазіргі кезде ауада жүретін табиғи өзін - өзі тазалу процесінің күші, ауаны таза ұстау үшін жеткіліксіз, сондықтан атмосфералық ауаны қорғау бойынша шаралар орындалуы қажет.
Ауаны орташа тәуліктік тұтыну 15 - 30 м3-тай болады. Оттегі, азот және инертті газдар ауаның тұрақты құрамды бөліктері болып табылады және олардың ауадағы қатынасы іс жүзінде барлық уақытта бірдей.
Оттегі – ауаның маңызды құрамдас бөлігі. Адамдар мен жануарлардың өмірі үшін, жану және тотығу процесі үшін өте қажет. Ашық атмосферада оттегі мөлшерінің ауытқуы қатты байқалмайды. Адам ағзасында физиологиялық өзгерістер ауа құрамындағы оттегінің мөлшері 16-17% төмендегенде байқалады, ал оттегінің мөлшері ауа құрамында 11-13% төмендегенде адамда айқын оттегі жетіспеушілігі байқалады. Бұл кезде адамның жұмыс қабілеті күрт төмендейді. Ауа құрамындағы оттегінің мөлшері 7-8% төмендегенде адам оттегі жетіспеушілігінен өліп кетуі мүмкін.
Парциалды қысымның төмендеуі адамдар мен жануарларда оттегі жетіспеушілігін тудырады ( қанның оттегімен қанығуы төмендейді). Оттегінің жетіспеушілігі, оттегінің парциалдық қысымының төмендеуінен пайда болады, мысалы, ондай өзгеріс адам самолетте ұшқан кезде байқалады, оны «биіктік ауруы» деп те атайды. Бұл мәселені оттекті приборлар, скафандрлар және самолет кабиналарына ауаны компрессорлардан өткізіп беру арқылы шешуге болады.
Мұндай өзгеріс адам тауға көтерілгенде де байқалуы мүмкін. 3000 метр биіктікке көтерілгеннің өзінде –ақ адамда « тау ауыруы» пайда болуы мүмкін. Бұл кезде ағзада, ұлпаларда тотығу процесі бұзылады, адам өзін нашар сезінеді, тыныс алуы жиілейді. Тау ауруының алдын алу үшін адам өзін - өзі шынықтырып, акклиматизацияға үйрету керек. Үнемі тауға шығып, шынығып жүрген адамдар және үнемі тауда тұратын адамдар оттегінің жетіспеушілігін сезінбейді.
Оттегінің аз концентрациясы жабық бөлмелерде көп адам болған кезде байқалады. Мысалы, су асты кемелерінде апат болған жағдайда, шахталарда, қолданылмайтын құдықтарда оттегін басқа газдар ығыстырып шығаруы мүмкін.
Медиктерді оттегінің жоғары концентрациясының адам ағзасына әсерінің ерекшелігі қызықтырады. Медицинада тыныс алатын ауаны оттегімен байыту (40-60% -ға дейін ), оттегі жетіспеушілігін емдеген кезде қолданылады. Барокамерада қысым 3 атм. болады, мұндай кезде гипоксия жағдайындағы ұлпалардың оттегімен қамтамасыз етілуі жақсарады, олардың жұмысы тұрақталады. Медицинада емдеудің бұл түрін «гипербариялық оксигенация» деп атайды. Бұл әдіс хирургияда және жедел терапияда, мысалы, адам көміртегінің монооксидімен уланғанда қолданылады.
Азот - ауаның негізгі құрамдас бөлігі. Ол азотты заттардың айналымына қатысып, маңызды биологиялық рөл атқарады. Ол оттегін араластырғыш ретінде қолданылатындықтан, маңызы зор, өйткені таза оттегі адамға токсикалық әсер етеді.
Көмір қышқыл газы немесе оны көміртегінің қос тотығы деп те атайды – түссіз газ, иісі жоқ, шырышты қабықты тітіркендірмейді, ауа құрамында көп мөлшерде болса да адам оны сезбейді, сондықтан адам ол газбен уланып қалғанын білмей де қалады. Көмір қышқыл газы ауадан 1-1,5 есе ауыр, сондықтан ол бөлменің төменгі жағында жиналады. Атмосфералық ауа құрамында көп емес 0,03-0,04%, мөлшерде кездеседі, оның мөлшері табиғатта өзгеріп тұрады. Тұрғын бөлмелер үшін көмір қышқыл газының мөлшері - 0,1%. Ауа алмасуы жоқ бөлмелерде, адамдар көп жиналған кезде көмір қышқыл газының концентрациясы 0,7- 0,8% - ға дейін жетеді. Адамның хал-күйінің нашарлауы көмір қышқыл газының концентрациясы 1,0 - 1,5% -ға жеткен кезде байқалады. Егер бөлменің ауасының құрамында көмір қышқыл газының мөлшері 0,1 - 0,15 % болса, ол сол бөлменің ауа алмасуының нашарлығын көрсетеді, яғни бөлмедегі көмір қышқыл газының мөлшері сол жердің ауасының ластануының жанама санитарлық көрсеткіші болып табылады. Егер ауа құрамында көмірқышқыл газының мөлшері 1% -ға жетсе, адам ағзасында қышқылдық – сілтілік тепе - теңдіктің бұзылуы (ацидоз) байқалады, бірақ жұмыс қабілеті өзгермейді, ал көмір қышқыл газының концентрациясы 1,5 –
3 % болған кезде, улану белгілері байқалады: тыныс алудың нашарлауы, бас ауырыуы, жұмыс қабілетінің нашарлауы және т.б. Көмірқышқыл газының бөлмедегі мөлшері 6% -ға жеткен кезде адам өміріне қауіп төнеді, ал 10-12% -ға жеткен кезде адам есін жоғалтады, өледі.
Атмосферада көмір қышқыл газының артуының себебі отынның жануы.
Аргон, неон, гелий, криптон, ксенон - инертті газдар, олардың концентрациясы ауада тұрақты, биологиялық белсенділігі жоқ. Ешқандай реакцияға қатыспайды.
Озон – атмосфераның жерге жақын бөлігіне стратосферадан өтеді. Озон стратосферада ауаның отегіне ультракүлгін сәулелердің әсерінен электрлік разряд кезінде пайда болады, сондықтан ол ауаның табиғи құрамына кіреді. Озонның атмосферадағы мөлшері 3,5 млрд. тоннаға жақын, ал көлемі ауаның небәрі 0,000001% -ын құрайды. Озон биологиялық нысандарға өте зиянды әсер ететін күн сәулесінің қысқа толқынды ультракүлгін бөлігін ұстап қалады, оны өзіне сіңіріп, жер бетінің қатты суып кетуінен сақтайды. Соңғы 17 жыл ішінде Солтүстік жарты шар стратосферасында озонның концентрациясы 3% кеміген.
Атмосфералық ауаның тұрақты емес табиғи құрамына аммиак, күкіртсутек, су булары және шаң кіреді. Аммиак атмосфералық ауа құрамына органикалық азотты заттардың ыдырау процесінен түседі. Күкіртсутек құрамында күкірті бар ақуызды заттардың атмосфералық ауада ыдырауынан пайда болады.
Ауаның физикалық қасиеттері: температурасы, ылғалдылығы, ауа жылдамдығы, қысымы
Адам ағзасы нормада өмір сүру үшін және жұмысқа деген қабілеттілігін сақтау үшін ағзада жылулық тепе - теңдік сақталу керек, яғни ағзада пайда болған энергия мен сыртқы ортаға берілетін энергия мөлшерінің тепе - тең болуы. Егер жылуды сыртқа шығару нашарласа, ол ағзада жиналып, ағза қызады. Ал жылуды көп мөлшерде жоғалту адамның салқындап қалуына әкеліп соғады. Адам қоршаған ортаның жылулық жағдайына ыңғайланып жүреді, мысалы, күн суық кезде қалың киім киеді, үйі жылы болу үшін от жағады, қар және жаңбырдың астында қалмас үшін үй салады. Ағзаның энергия жоғалтуы қоршаған ортаның жылулық жағдайына байланысты, ол температурамен, ылғалдылықпен, ауа жылдамдығымен, сәулелі энергиямен анықталады.
Температура және ауа ылғалдылығы. Атмосфералық ауа күн көзінің сәулесінен қызбайды, ол топырақтағы жылумен қызады. Сондықтан минималды температура күн көзі шығардың алдында болады, ал максималды температура 13-15 сағат арасында болады, бұл кезде топырақтың беті максималды қызады. Ауаның жерге жақын ыстық қабаты жоғары қарай көтеріліп, айлап салқындайды. Ауаның температурасы, елдімекен орналасқан жеріне байланысты қатты ауытқиды, мысалы, экваториялды Африкада максимум + 50 – 63 ˚ С температура аралығында болса, минимум - 94 ˚ С температура Антарктидада болады.
Су көздерінің беткі қабаттарынан, топырақтан және жасыл өсімдіктерден үнемі су буы бөлініп шығып, ылғалдылықты арттырады.
1м.куб ауа құрамындағы су буының граммен анықталған мөлшері
«ауаның абсолютті ылғалдылығы» деп аталады.
Максималды ылғалдылық дегеніміз белгілі температурада 1 м. куб ауаны толығымен қанықтыру үшін қажет су буының граммен анықталған мөлшері.
Температура өссе, максималды ылғалдылық та өседі.
Салыстырмалы ылғалдылық дегеніміз абсолютті ылғалдылықтың максималды ылғалдылыққа қатынасына тең, ол пайызбен өлшенеді. Салыстырмалы ылғалдылық – ауаның су буымен қанығу дәрежесін көрсетеді.
Су булары атмосфералық ауа құрамында әр түрлі мөлшерде болуы мүмкін. Оның мөлшері жергілікті жердің жағдайына және температураға байланысты болады. Температура жоғарылаған сайын, су буларының мөлшері де жоғарылайды, сондықтан жазғы уақытта, қысқа қарағада ауада су буы көбірек болады. Ауаның ылғалдылығы ауадағы су буының мөлшеріне байланысты. Ауаның ылғалдылығының гигиеналық маңызы бар. Ауа су буымен қаныққан кезде олардың конденсациясы пайда болады. Су буы шаң бөліктеріне немесе басқа қатты бөлшектерге яғни аэрозольдерге тұнып, тұман пайда болады.
11. Жаң тақырыпты бекіту: 20 мин (22%)
Атмосфералық ауаның адам өміріндегі алатын орыны?
Атмосфералық ауаның химиялық құрамы?
Оттегінің табиғаттағы ролі?
Көмір қышқыл газының табиғаттағы ролі?
Ауаның физикалық қасиеттері?
12. Сабақты қорытындылау : 5 мин (6%)
- оқушылардың білім деңгейін бағалау
- келесі сабақтың тақырыбын хабарлау
13. Үйге тапсырма беру: 5 мин (6%)
3- тақырып
1. Сабақтың тақырыбы: Ауаның химиялық құрамы.
2. Сағат саны:2 сағат
3. Сабақ түрі: теория
4. Сабақтың мақсаты:
- оқыту: оқушыларға ауаның химиялық құрамын, адам ағзасына тигізетін әсерімен таныстыру және оқыту.
- тәрбиелік: берілген тапсырмаларды дұрыс және сауатты орындау
- дамыту: білім берудің жаңа дағдыларын және тәсілдерін дамыту.
5. Оқыту әдісі: тақырыпты түсіндіру және сұрау
6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
- техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы
- көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, кеспе, тест тапсырмалары
- оқыту орыны: оқу бөлмесі
7. Әдебиеттер:
1. У.И. Кенесариев, Р.М.Балмахаева, Ж.Д. Бекмагаметова, К.К. Тогузбаева, Н.Ж. Жакашов.<<Гигиена>> Алматы 2009
3. ҚР « Халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы » туралы №361 заңы, 04.12.2002 ж.
3. Алтынбеков Б.Е., Бөлешов М.Ә.,Торгаутов Б.К., « Балалар мен жасөспірімдер
гигиенасы», Шымкент, 2000 ж.
4. Шарманов Т.Ш. - «Экономика здавоохранения и перспективы
государственной службы охраны здоровья в Казахстане», Алматы-Женева-
Вашингтон, 2000 ж.
5. Габович Р.Д.- « Гигиена», Мәскеу, « Медицина», 1990 ж.
6. Шарманов Т.Ш. – « От здорового образа жизни к долголетию без болезней»
7. Сералиева М.Ш., Илақбаева Ү.С. - « Тағам гигиенасы », Шымкент, 2009 ж.
8. Көшімбаева С.А. - « Ауыз судың сапасын нормалаудың гигиеналық
негіздері», Алматы, 2002 ж.
9. Неменко Б.А. - « Коммуналдық гигиена », Алматы, 2005 ж.
10. Момынов Т.А., Рақышев А. - Медициналық орысша – қазақша сөздік,
Алматы, 1999 ж.
11.Подунова Л.Г. - « Руководство к практическим занятиям по методам
санитарно- гигиенических исследваний » Москва, « Медицина» 1990
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру:
Сұрау арқылы білімін тексеру. 15 мин (16%)
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 40 мин (44%)
Ауаның химиялық құрамы: азоттан (78,09%), оттегінен (20,94%), аргоннан (0,93%), көмір қышқыл газынан (0,03%) тұрады. Осы негізгі 4 құрамдас атмосфераның табиғи газдық құрамының 99,99% - ын құрайды. Қалған 0,01% бөлігі неон, гелий, метан, криптон, ксенон, озон және т.б. инертті газдардан тұрады. Адам тыныштық жағдайында минутына 5-10 л, қозғалыс кезінде 30 л, жұмыс істеу кезінде 100 л-ге дейін ауа жұтады. Ауаның физикалық және химиялық құрамының өзгеруі адамның денсаулығына теріс әсерін тигізуі мүмкін. Ауаның құрамының тұрақтылығы және оның таза болуы онда жүретін табиғи өзін - өзі тазалау процесіне байланысты өзгеріп тұрады. Өзін -өзі тазалау процестеріне мыналар әсер етеді: жел, ластанған ауаны
елдімекеннен алыс жаққа алып кетеді, жаңбыр – ауаның құрамындағы зиянды заттарды жуып кетеді, оттегі мен озонның химиялың әсері, микроорганизмдер, ауа құрамындағы органикалық және басқа да қоспаларды тотықтырады, өсімдіктер мен балдырлар көмірқышқыл газын өздерінің бойына сіңіріп алып, ауаны оттегімен толықтырады. Бірақ қазіргі кезде ауада жүретін табиғи өзін - өзі тазалу процесінің күші, ауаны таза ұстау үшін жеткіліксіз, сондықтан атмосфералық ауаны қорғау бойынша шаралар орындалуы қажет.
Ауаны орташа тәуліктік тұтыну 15 - 30 м3-тай болады. Оттегі, азот және инертті газдар ауаның тұрақты құрамды бөліктері болып табылады және олардың ауадағы қатынасы іс жүзінде барлық уақытта бірдей.
Оттегі – ауаның маңызды құрамдас бөлігі. Адамдар мен жануарлардың өмірі үшін, жану және тотығу процесі үшін өте қажет. Ашық атмосферада оттегі мөлшерінің ауытқуы қатты байқалмайды. Адам ағзасында физиологиялық өзгерістер ауа құрамындағы оттегінің мөлшері 16-17% төмендегенде байқалады, ал оттегінің мөлшері ауа құрамында 11-13% төмендегенде адамда айқын оттегі жетіспеушілігі байқалады. Бұл кезде адамның жұмыс қабілеті күрт төмендейді. Ауа құрамындағы оттегінің мөлшері 7-8% төмендегенде адам оттегі жетіспеушілігінен өліп кетуі мүмкін.
Парциалды қысымның төмендеуі адамдар мен жануарларда оттегі жетіспеушілігін тудырады ( қанның оттегімен қанығуы төмендейді). Оттегінің жетіспеушілігі, оттегінің парциалдық қысымының төмендеуінен пайда болады, мысалы, ондай өзгеріс адам самолетте ұшқан кезде байқалады, оны «биіктік ауруы» деп те атайды. Бұл мәселені оттекті приборлар, скафандрлар және самолет кабиналарына ауаны компрессорлардан өткізіп беру арқылы шешуге болады.
Мұндай өзгеріс адам тауға көтерілгенде де байқалуы мүмкін. 3000 метр биіктікке көтерілгеннің өзінде –ақ адамда « тау ауыруы» пайда болуы мүмкін. Бұл кезде ағзада, ұлпаларда тотығу процесі бұзылады, адам өзін нашар сезінеді, тыныс алуы жиілейді. Тау ауруының алдын алу үшін адам өзін - өзі шынықтырып, акклиматизацияға үйрету керек. Үнемі тауға шығып, шынығып жүрген адамдар және үнемі тауда тұратын адамдар оттегінің жетіспеушілігін сезінбейді.
Оттегінің аз концентрациясы жабық бөлмелерде көп адам болған кезде байқалады. Мысалы, су асты кемелерінде апат болған жағдайда, шахталарда, қолданылмайтын құдықтарда оттегін басқа газдар ығыстырып шығаруы мүмкін.
Медиктерді оттегінің жоғары концентрациясының адам ағзасына әсерінің ерекшелігі қызықтырады. Медицинада тыныс алатын ауаны оттегімен байыту (40-60% -ға дейін ), оттегі жетіспеушілігін емдеген кезде қолданылады. Барокамерада қысым 3 атм. болады, мұндай кезде гипоксия жағдайындағы ұлпалардың оттегімен қамтамасыз етілуі жақсарады, олардың жұмысы тұрақталады. Медицинада емдеудің бұл түрін «гипербариялық оксигенация» деп атайды. Бұл әдіс хирургияда және жедел терапияда, мысалы, адам көміртегінің монооксидімен уланғанда қолданылады.
Азот - ауаның негізгі құрамдас бөлігі. Ол азотты заттардың айналымына қатысып, маңызды биологиялық рөл атқарады. Ол оттегін араластырғыш ретінде қолданылатындықтан, маңызы зор, өйткені таза оттегі адамға токсикалық әсер етеді.
Көмір қышқыл газы немесе оны көміртегінің қос тотығы деп те атайды – түссіз газ, иісі жоқ, шырышты қабықты тітіркендірмейді, ауа құрамында көп мөлшерде болса да адам оны сезбейді, сондықтан адам ол газбен уланып қалғанын білмей де қалады. Көмір қышқыл газы ауадан 1-1,5 есе ауыр, сондықтан ол бөлменің төменгі жағында жиналады. Атмосфералық ауа құрамында көп емес 0,03-0,04%, мөлшерде кездеседі, оның мөлшері табиғатта өзгеріп тұрады. Тұрғын бөлмелер үшін көмір қышқыл газының мөлшері - 0,1%. Ауа алмасуы жоқ бөлмелерде, адамдар көп жиналған кезде көмір қышқыл газының концентрациясы 0,7- 0,8% - ға дейін жетеді. Адамның хал-күйінің нашарлауы көмір қышқыл газының концентрациясы 1,0 - 1,5% -ға жеткен кезде байқалады. Егер бөлменің ауасының құрамында көмір қышқыл газының мөлшері 0,1 - 0,15 % болса, ол сол бөлменің ауа алмасуының нашарлығын көрсетеді, яғни бөлмедегі көмір қышқыл газының мөлшері сол жердің ауасының ластануының жанама санитарлық көрсеткіші болып табылады. Егер ауа құрамында көмірқышқыл газының мөлшері 1% -ға жетсе, адам ағзасында қышқылдық – сілтілік тепе - теңдіктің бұзылуы (ацидоз) байқалады, бірақ жұмыс қабілеті өзгермейді, ал көмір қышқыл газының концентрациясы 1,5 –
3 % болған кезде, улану белгілері байқалады: тыныс алудың нашарлауы, бас ауырыуы, жұмыс қабілетінің нашарлауы және т.б. Көмірқышқыл газының бөлмедегі мөлшері 6% -ға жеткен кезде адам өміріне қауіп төнеді, ал 10-12% -ға жеткен кезде адам есін жоғалтады, өледі.
Атмосферада көмір қышқыл газының артуының себебі отынның жануы.
Аргон, неон, гелий, криптон, ксенон - инертті газдар, олардың концентрациясы ауада тұрақты, биологиялық белсенділігі жоқ. Ешқандай реакцияға қатыспайды.
Озон – атмосфераның жерге жақын бөлігіне стратосферадан өтеді. Озон стратосферада ауаның отегіне ультракүлгін сәулелердің әсерінен электрлік разряд кезінде пайда болады, сондықтан ол ауаның табиғи құрамына кіреді. Озонның атмосферадағы мөлшері 3,5 млрд. тоннаға жақын, ал көлемі ауаның небәрі 0,000001% -ын құрайды. Озон биологиялық нысандарға өте зиянды әсер ететін күн сәулесінің қысқа толқынды ультракүлгін бөлігін ұстап қалады, оны өзіне сіңіріп, жер бетінің қатты суып кетуінен сақтайды. Соңғы 17 жыл ішінде Солтүстік жарты шар стратосферасында озонның концентрациясы 3% кеміген.
Атмосфералық ауаның тұрақты емес табиғи құрамына аммиак, күкіртсутек, су булары және шаң кіреді. Аммиак атмосфералық ауа құрамына органикалық азотты заттардың ыдырау процесінен түседі. Күкіртсутек құрамында күкірті бар ақуызды заттардың атмосфералық ауада ыдырауынан пайда болады.
11. Жаң тақырыпты бекіту: 20 мин (22%)
Атмосфералық ауаның адам өміріндегі алатын орыны?
Атмосфералық ауаның химиялық құрамы?
Оттегінің табиғаттағы ролі?
Көмір қышқыл газының табиғаттағы ролі?
12. Сабақты қорытындылау : 5 мин (6%)
- оқушылардың білім деңгейін бағалау
- келесі сабақтың тақырыбын хабарлау
13. Үйге тапсырма беру: 5 мин (6%)
4- тақырып
1. Сабақтың тақырыбы: Су және сумен қамтамасыздау гигиенасы. Адам үшін судың алатын орыны. Ауыз суға қойылатын гигиеналық талаптар.
2. Сағат саны:2 сағат
3. Сабақ түрі: теория
4. Сабақтың мақсаты:
- оқыту: оқушыларға су және сумен қамтамасыздау гигиенасы, адам үшін судың алатын орынын, ауыз суға қойылатын гигиеналық талаптарды оқыту және үйрету
- тәрбиелік: берілген тапсырмаларды дұрыс және сауатты орындау
- дамыту: білім берудің жаңа дағдыларын және тәсілдерін дамыту.
5. Оқыту әдісі: тақырыпты түсіндіру және сұрау
6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
- техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы
- көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, кеспе, тест тапсырмалары
- оқыту орыны: оқу бөлмесі
7. Әдебиеттер:
1. У.И. Кенесариев, Р.М.Балмахаева, Ж.Д. Бекмагаметова, К.К. Тогузбаева, Н.Ж. Жакашов.<<Гигиена>> Алматы 2009
3. ҚР « Халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы » туралы №361 заңы, 04.12.2002 ж.
3. Алтынбеков Б.Е., Бөлешов М.Ә.,Торгаутов Б.К., « Балалар мен жасөспірімдер
гигиенасы», Шымкент, 2000 ж.
4. Шарманов Т.Ш. - «Экономика здавоохранения и перспективы
государственной службы охраны здоровья в Казахстане», Алматы-Женева-
Вашингтон, 2000 ж.
5. Габович Р.Д.- « Гигиена», Мәскеу, « Медицина», 1990 ж.
6. Шарманов Т.Ш. – « От здорового образа жизни к долголетию без болезней»
7. Сералиева М.Ш., Илақбаева Ү.С. - « Тағам гигиенасы », Шымкент, 2009 ж.
8. Көшімбаева С.А. - « Ауыз судың сапасын нормалаудың гигиеналық
негіздері», Алматы, 2002 ж.
9. Неменко Б.А. - « Коммуналдық гигиена », Алматы, 2005 ж.
10. Момынов Т.А., Рақышев А. - Медициналық орысша – қазақша сөздік,
Алматы, 1999 ж.
11.Подунова Л.Г. - « Руководство к практическим занятиям по методам
санитарно- гигиенических исследваний » Москва, « Медицина» 1990
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру:
Сұрау арқылы білімін тексеру. 15 мин (16%)
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 40 мин (44%)
Су біздің планетамыздың ең кең таралған нысаны болып табылады: ол бүкіл жердің шамамен төрттен бір бөлігін алып жатыр; өсімдіктер мен жануарлар ағзаларының 50 пайызынан астамы судан тұрады; жерде тірі қарапайымдылардың пайда болуында су негізгі орта болып табылады; адам ағзасы 20 пайыздан астам су жоғалтса өлімге алып келеді; су қазір де тірі материяның аса маңызды құрамдарының бірі болып табылады.
Сонымен, Жердің бүкіл су қорының 0,3 % -ы ғана тұщы су қорын құрайды, ал 2,1 %-ын қазіргі кезде пайдалану мүмкіндігі жоқ мұз айдындары құрайды. Әлем мұхиттары суының 1 л-інде 35 г тұз болады, Каспий теңізі суының 1 литрінде - 13,5 г, ал Балтық теңізінде - 5 г тұз бар, әрине бұның бәрі ішуге жарамсыз. Негізінен Жер бетіндегі тұщы сулар көлемі шектелген, сондықтан көптеген елдер қазіргі күннің өзінде тұщы судың тапшылығын көруде, ол әсіресе ауылшаруашылық және өндірістік қажеттіліктермен тығыз байланысты.
Мұндай жағдай Қазақстанның Батыс бөлігіне тікелей байланысты. Ақтау қаласында тұщы су көздері мүлдем жоқ, осыған орай 1963 жылы онда теңіз суын тұщыландыруға арналған дистилляциялық қондырғы орнатылған, ал 1973 жылы сол қалада әлемде алғаш рет атомдық тұщыландырғыш салынды.
Қазақстанның су кадастрын 2174 өзен құрайды, оның көп бөлігі ұзындықтары 200 км – ден аспайтын кішірек өзендерге жатады. Бұлардың ішінен тек төртеуінің (Ертіс, Сырдария, Орал, Есіл) ғана ұзындықтары 1 мың км – ден астам. Бұл Республикамызда өзендер жүйесінің әлсіз дамығанын көрсетеді, негізінен өзендер қардың еріген суымен қоректенеді, ал жазғы уақытта көбісі кеуіп, құрғақ арна түзеді. Қазақстанда 35 мың көл бар, бірақ оның 90% -ы кішкене, уақытша тек көктемдегі уақытта толатын, күзге қарай соры шыққанша кеуіп, сортаңды жерге айналады. Республикамыздың ірі көлдері негізінен тұзды суға жатады, ал тұщы су көздеріне тау және ірі өзендер жатады.
Қазақстанда тұщы судың шамамен 60 км3 бөлігі мұздақтарда, олардың саны 1500 –нан жоғары және мұздақтардың еріген сулары су ресурстарының едәуір бөлігін құрайды. Республикамыздың жер қойнауында 70 –тен астам тұщы және тұздылау артезиан сулары бар.
Судың бір адамға қажет мөлшері дегеніміз - адамның суға физиологиялық сұранысын толық қамтамасыз ететін және гигиеналық, шаруашылық-тұрмыстық, өндірістік мақсатқа қажет су мөлшері.
Судың сапасының үлкен гигиеналық маңызы бар. Судың сапасы оның органолептикалық қасиетімен, химиялық құрамымен, эпидемиологиялық және радиациялық қауіпсіздігімен анықталады.
Судың органолептикалық қасиеті мөлдірлігімен, дәмімен және иісімен сипатталады. Судың химиялық (минералдық) құрамы 85%-ға дейін кальций, магний, натрий катиондарынан, гидрокарбонат, хлорид, сульфат аниондарынан тұрады. Қалған бөлігі аммоний, калий, нитрат, нитрит, фосфат аниондарынан және микроэлементтерден ( фтор, йод, цинк және т.б.) тұрады.
Химиялық құрамы бойынша табиғи сулар арасында айырмашылықтар болады. Минералды тұздардың көп концентрациясы суға жағымсыз дәм береді, ас қазан – ішек жолдарының қызметіне теріс әсер етеді, ол суларды тұрмыста және өндірісте қолдану мүмкін емес. Кейбір тұздар адамның ағзасына улы әсер етуі де мүмкін.
Ішуге қолданылатын су ашық су көздеріне өндірістік мекемелердің тазартылмаған қалдық сулары жіберілсе судың құрамында химиялық заттардың: сынап, мышьяк, қорғасын, хромның улы концентрациясы пайда болады.
Су көптеген жұқпалы ауру қоздырғыштарының көбеюіне және таралуына жақсы орта болып саналады. Адамдар арасында жұқпалы аурулар туындамас үшін, оларды сапалы судың жеткілікті мөлшерімен үздіксіз қамтамасыз ету керек. Ол туралы кейінірек айтылады.
Судың сапасына қойылатын талаптар
Қазіргі кезде қолданылып жүрген санитарлық норма мен ережесіне
«Орталықтандырылған сумен қамту кезіндегі судың сапасына қойылатын талаптар» сай ауыз су ретінде қолданылатын су эпидемиологиялық және радиауионды жағынан қауіпсіз, химиялық құрамы жағынан зиянды емес және органолептикалық қасиеті жақсы болу керек.
Ауыз су ретінде қолданылатын судың сапасының стандартта көрсетілген нормативтерге сай екенін суға химиялық - бактериологиялық зерттеу жүргізіп анықтайды.
Судың физикалық қасиеттері
Судың мөлдірлігі судың құрамындағы қалқып жүрген заттарға байланысты. Ауыз су ретінде қолданылатын судың мөлдірлігі 30 см тереңдікте судың астына қойылған белгілі шрифтпен жазылған жазу көрінетіндей болу керек.
Судың түсіне ашық және терең емес жер асты суларынан алынған судың құрамында топырақтан жуылған гуминді заттардың болуы, су гүлденген кезде және ашық су көздері қалдық сулармен ластану әсерінен болуы мүмкін. Судың түсі нормада 20˚ -дан көп болмауы керек.
Судың дәмі мен иісі судың құрамындағы өсімдік тектес органикалық заттардың болуына байланысты, олар суға батпақтың, шөптердің иісіндей иіс береді. Сонымен қатар судың иісіне және дәміне судың өндірістік қалдықтармен ластануы да әсер етеді. Ал жер асты суларының иісі мен дәміне көп мөлшерде еріген минералды тұздар мен газдар да әсер етеді, мысалы хлоридтер мен күкіртсутектер. Олар су тазалау стансасында тазалаудан өткеннен кейін иісі мен дәмі кетеді.
Суды зерттеу кезінде иісінің қарқындылығын және сипатын анықтайды. Ол балмен анықталады. 0 балл - иісі жоқ, 1 балл - өте әлсіз иіс, 2 балл - әлсіз иіс, 3 балл- анықталатын, 4 балл – айқын иіс, 5 балл - өте қатты білінетін иіс. Ауыз су ретінде қолданылатын судың иісі мен дәмінің қарқындылығы қазіргі кезде қолданылып жүрген нормативтерге сай 2 балдан көп болмауы керек.
Егер суды зерттеу кезінде табиғи судың түсіне тән емес түс анықталған болса, оның қайдан пайда болғанын міндетті түрде анықтау керек.
Судың химиялық құрамы. Санитарлық норма мен ережеге сай су химиялық құрамы жағынан зиянсыз болу керек және табиғи судың құрамында кездесетін заттар, суға өңдеу процесінде қосылатын реагенттер, адамдардың іс әрекет нәтижесінде суды ластайтын заттардың мөлшері стандарттағы нормативтерге сай болу керек.
Судың химиялық құрамына зерттеу жүргізген кезде оның табиғи химиялық құрамына және оны өңдегенде қолданылатын заттарды ескеру керек. Гигиеналық жағынан маңызы жоғары болып келесі көрсеткіштер саналады.
Құрғақ қалдық. Судың құрамының жиынтығы құрғақ қалдықпен анықталады, ол 1 литр суды булағанда қалатын зат. Ол судың минерализация дәрежесін көрсетеді. Орталықтандырылған су үшін ол нормада – 1000 мг/л
( тұщы су).
Темір көбіне жер асты суларының құрамында темірдің
дигидрокарбонаты түрінде кездеседі. Су ауамен қатынасқа түскенде темір тотығып, темірдің гидрооксидіне айналады. Ол суға лайлы қоңыр түс береді. Егер судың құрамында темірдің мөлшері 0,3 - 0,5 мг/л - ден көп болса, судың органолептикалық қасиеті нашарлайды, ал оның мөлшері судың құрамында 1-2 мг/л болған кезде, лайлылық пен түсінен басқа судың дәмі де өзгереді. Орталықтандырылған судың құрамында нормада темірдің мөлшері – 0,3мг/л, ал жергілікті су көзі суының құрамында 1 мг/л – ден көп болмауы керек.
Судың құрамында кальций мен магний тұздарының болуы судың қаттылығына әсер етеді. Қаттылығы 1,75 моль/л –ге дейінгі суды жұмсақ су дейді, 1,75 – 3,5 дейінгі суды – орташа жұмсақ су, 3,5-7,0 аралығындағы суды қатты, ал 7,0 –ден жоғары суды өте қатты су деп атайды. Қаттылығы жоғары суда еттің, бұршақ тұқымдастардың пісуі қиын болады. Ыдыстардың ішінде қақтар пайда болады. Кір жуған кезде сабын көпірмейді. Ондай суларды орталықтандырылған жылыландыру жүйесінде қолданған кезде олардың іші тез бітеліп қалады. Стандарт талаптарына сай ауыз судың қаттылығы нормада 3,5 моль/л немесе 7 мг-экв/л – ден көп болмауы керек.
Хлоридтер. Жай ағынды сулардың құрамында көп емес мөлшерде 20-30 мг/л дейін кездеседі. Құрамында хлордың мөлшері 350-500 мг/л болса, онда суда тұзды дәм пайда болады. Ол асқазан сөлінің бөлінуіне теріс әсер етеді. Стандартқа сай судың құрамында хлоридтер нормада 350 мг/л –ден аспауы керек.
Сульфаттар. Өзен суларында және тұзды көлдердің шөгінділерінде тұрақты түрде кездеседі. Судың құрамында сульфаттардың мөлшері 500 мг/л болса, суда ащы - тұзды дәм пайда болады. Ол асқазан сөлінің бөлінуіне теріс әсер етеді. Мұндай суды бұрын қолданып көрмеген адамдарда ол диспепсия туындатуы мүмкін. Стандартқа сай судың құрамындағы сульфаттардың мөлшері 500мг/л аспауы керек.
Фтор қосылыстары – Судың құрамында болатын фтор қосылыстарының құрамындағы фтор ионы сүйектің және тістің минералдануына қатысады. Судың құрамындағы фтордың мөлшері нормада 1,2-1,5 мг/л болу керек. Егер судың құрамында фтор мөлшері 5 мг/л – дейін көтерілсе ол адамдар арасында сүйектердің зақымдануын туындатады ( остеосклероз, остеопороз.)
Ауыз судың құрамына улы заттар су көзіне өндірістен шығарылған тазартылмаған қалдық суларды жіберген кезде пайда болады. Бұл кезде өндірістің технологиялық процесімен танысып, қосымша суға қандай зерттеулер жүргізу керектігін анықтау керек.
Ашық су көздеріне жаңбыр, қар суымен бірге топырақтан ауылшаруашылығында қолданылатын қоршаған орта әсеріне төзімді пестицидтер де түсуі мүмкін. Гигиенистердің зерттеулерінің нәтижесінде судың құрамындағы бірнеше жүз зиянды заттардың шектеулі рұқсат етілген концентрациясы анықталған. Мысалы, созылмалы уланудың алдын алу үшін судың құрамындағы қорғасынның мөлшері -0,03 мг/л –дан, мышьяк мөлшері - 0,0,5 мг/л – ден көп болмауы керек.
Ауыз сумен қамтамасыз ету көздерін таңдау
Сумен қамтамасыз ету кезінде екі түрлі су көзі қолданылады: жер асты сулары және ашық су көздері.
Жер асты сулары
Жер асты сулары үш түрге бөлінеді: топырақтық, грунтты және пластаралық.
Топырақтық су топыраққа атмосфералық түсімдер түскен кезде пайда болады, ол жердің бетінде орналасады. Жаңбыр жауғанда, қар ерігенде оның мөлшері көбейеді, өйткені ол жерге сіңіп үлгермейді. Біраз уақыт өткеннен кейін ол судың біразы жерге сіңіп кетеді, ал біразы буланып, жоқ болып кетеді, сондықтан топырақтық суды ауыз су ретінде қолдануға болмайды. Топырақтық су жерге жақын жатқан грунтты судың сапасына әсер етуі мүмкін.
Грунтты сулар жер бетіне ең жақын орналасқан су қабаты. Оның астыңғы жағында су өткізбейтін қабат болады. Грунтты су атмосфералық түсімдермен: қар және жаңбыр суымен қоректенеді. Рельефі төмен жерлерде грунтты сулар жер бетіне де шығып кетеді. Грунтты сулардың мөлшері тұрақты емес, ол атмосфералық түсімдердің мөлшеріне байланысты. Олардың сапасы да тұрақты емес. Грунтты судың химиялық құрамына климат пен топырақтың түрі де әсер етеді. Грунтты сулар жұқпалы ауру қоздырғыштарымен оңай ластанады. Оның ластануы сол жердің топырағының тазалығына, санитарлық жағдайына және грунтты судың тереңдігіне байланысты. Сондықтан грунтты суды ауыз су ретінде қолдануға болмайды.
Пластаралық сулар екіге бөлінеді: пластаралық қысымсыз су, пластаралық қысымды су немесе мұндай суды артезианды су деп те атайды.
№7 сурет. Жер асты суларының орналасуының жалпы сызбасы.
1) су ұстайтын қабаттар; 2) грунтты судың су тасымалдайтын горизонты;
3) пластаралық қысымсыз судың су тасымалдайтын горизонты; 4) пластаралық қысымды судың (артезианды) су тасымалдайтын горизонты; 5) грунтты сумен
қоректенетін құдық; 6) пластаралық қысымсыз сумен қоректенетін құдық;
7) пластаралық қысымсыз сумен қоректенетін құдық.
Гигиеналық көзқарастан ішуге ең қолайлы су көзі - артезианды су болып саналады, өйткені олар жердің терең қабатында орналасқандықтан микробтармен ластану қаупі жоқ, химиялық құрамы тұрақты, органолептикалық қасиеті жақсы, сондықтан оны тұтынушыға өңдеуден өткізбей - ақ жібере берсе болады. Егер артезианды судың мөлшері
елдімекенді қажет сумен толық қамтамасыз ете алмаса, онда ауыз су ретінде пластаралық қысымсыз суды немесе жер беті су көздерін қолданса да болады.
Орталықтандырылған шаруашылық – ауыз сумен қамтамасыз ету көздерін таңдау келесі тәртіппен орналасады:
пластаралық қысымды су немесе оны артезианды су дейді;
пластаралық қысымсыз су;
жер беті сулары.
Жер беті суларына:
өзендер, көлдер, су қоймалары жатады. Ашық су көздерін ауыз су ретінде қолданар алдын міндетті түрде өңдеуден (тазалаудан) және залалсыздандырудан өткізу керек. Жер беті сулары аз минерализацияланған, химиялық құрамы тұрақты емес, әсіресе атмосфералық түсімдер болған кезде құрамы қатты өзгереді. Органикалық заттармен және әр түрлі жұқпалы ауру қоздырғыштарымен оңай ластанады. Құрамында қалқып жүрген заттар көп, сондықтан мөлдірлігі төмен.
Табиғи су көздерін пайдалану әрқашан да су пайдалану мәселесін шеше бермейді, сондықтан көптеген елдерде оны су қоймаларын жасау жолымен іске асырады. Біздің еліміздің оңтүстік өңірінде Шардара су қоймасы және бар.
Орталықтанған сумен қамтамасыз ету - жер асты суын қолданған кезде, ол жерге скважина орнатылады. Егер жер асты суының сапасы жақсы болса, ол су ешқандай өңдеусіз тұтынушыларға жіберіледі. Ол үшін судың сапасы зертханалық тексеріліп, қандай өңдеу әдістерін жүргізу керектігі және залалсыздандыру қажеттігі анықталады.
Жер беті су көздерінен орталықтандырылған сумен қамту
қолданылған кезде судың мөлшерінің жеткіліктілігіне ғана көңіл бөлібейді, сонымен қатар ластану мүмкіндігі аймағынан тыс орналасқан су көзіне көңіл аударған дұрыс. Ашық су көзінің суы ауыз су мақсатында қолданылатын болса, су алатын жерге су тазалау стансасы орнатылады, ол жерде суды тазалайды, залалсыздандырады, тек содан кейін ғана тұтынушыларға жіберіледі.
Орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету. Бүгінгі таңда Қазақстанның ауыл халқының көп бөлігі орталықтандырылмаған су көзін қолданады немесе оны жергілікті сумен қамту деп те атайды. Оларға инфильтрациялық құдықтар, құдықтар, бұлақтар жатады.
Ал бірқатар ауылды жерлерде жер беті су көздері қолданылады.
Сумен қамтамасыз ету көздерін санитарлық қорғау аймақтары. Сумен қамтамасыз ету көздерін сақтық санитарлық бақылау – санитарлық қорғау аймақтарын ( СҚА) ұйымдастыруға негізделген. Санитарлық қорғау аймақтары депсумен қамтамасыз ету көздерін және су тазалау стансасы айналасындағы аймақты айтады. Бұл жерде арнайы тәртіп бекітіледі, оның мақсаты халыққа берілетін су сапасының нашарлауының алдын алу. Бұл тәртіп аймақтың санитарлық жағдайын жақсарту шаралын жүргізуде ғана емес, қоршаған ортаның жаңа ластау көздерінің пайда болу мүмкіндігінің алдын алу болып табылады.
Санитарлық қорғау аймағы 3 белдеуден тұрады:
- белдеу – қатаң режимдегі аймақ, оған су алатын жер, жағаның біраз бөлігі, су тазалау стансасы және таза судың қоры жиналатын резервуарлар жатады.
- белдеу – шектеулі аймақ, сумен қамтамасыз ету көздерін қорғау үшін орнатылады.
Жер асты су көздерінен су алу орны қатаң режимдегі аймақтың радиусы скважинаның тереңдігіне байланысты болады, скважина тереңдігі 100 метрге дейін болса, қатаң режимдегі аймақ радиусы 50 метрге, ал скважина тереңдігі 100 метрден көп болса, 30 метрге қойылады. Санитарлық қорғау аймағының екінші белдеуі су алу орнын тұрақсыз микробтық ластанудан қорғау үшін орнатылады. Оның көлемі скважинаның тереңдігіне және қуаттылығына байланысты.
3 белдеу – жер асты суларын тұрақты химиялық ластанудан қорғау үшін орнатылады.
Жер беті су көздерінен су алу орындарына қойылатын санитарлық қорғау аймақтары:
1- белдеу - қатаң режимдегі аймақ шекарасы, су алатын жерден ағыстың жоғары жағында 100 метр, төменгі жағында 50 метр, судың жер бетімен қиылысқан жерінен кем дегенде 100 метр, қарсы жатқан жағаның 50 метр жеріне қойылады.
2- белдеу – шектеулі аймақ, судың бактериялдық өзін - өзі тазартуын қамтамасыз ететін жағдайға байланысты бекітіледі. Ағыстың жоғарғы жағынан 30 - 60 км, ағыстың төменгі жағынан 250 метрден кем болмауы керек.
Екі су көзінде де 1 - белдеуге су алатын жер және суды өңдейтін, залалсыздандыратын қондырғылар жатады. Ол жер толығымен қоршалады, ол жердің қарауылы болады. Ол жерде суға түсуге, қалдық суды жіберуге, кір жууға, тұрғын үй салуға, тұруға, мал жаюға, дәретхана орналастыруға, құрылыс жұмыстарын жүргізуге, қоймалар орнатуға тыйым салынады.
Ол жерге тек сол жерде жұмыс істейтін адамдар ғана кіре алады, бөтен адамдардың кіруіне тыйым салынады.
2 белдеу немесе оны шектеулі аймақ деп те атайды, бұл жерде елді мекен, сауықтыру мекемелерін, өндірістік және ауылшаруашылық нысандарын орналастыруға болмайды. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге болмайды
Суды тұтыну
Суды тарату тәсіліне байланысты, сумен қамтамасыз етудің екі түрі бар: жергілікті (орталықтандырылмаған), су тарату жүйесі болмайды, суды тікелей су көзінен (құдықтар, суаттардан ) алады. Орталықтандырылған - су көздерінен су механикалық жолмен алынады және су құбырлар торабы арқылы тұтыну орындарына жеткізіледі.
Орталықтандырылған су көзі бар жерде судың әр адамға тәуліктік мөлшері ( ыстық сумен қоса санағанда) 250 - 350 литр, ал орталықтандырылмаған, яғни жергілікті су көзінен сумен қамту кезінде бір адамға судың тәуліктік мөлшері 30 - 50 литр.
Сумен қамтамасыз ету гигиенасында суды пайдалануды екі категорияға бөлуге болады. Біріншісі су нысаны шаруашылық ауыз сумен қамтамасыз етуде орталықтандырылған және орталықтандырылмаған су көзі ретінде, сонымен бірге өндірістерді сумен қамтамасыз етуде пайдаланылады. Екіншісі су нысаны халықтың мәдени - тұрмыстық, рекреация, спорт мақсатында пайдаланылады.
Су құбыры дегеніміз тұтынушыларды сапалы сумен қамтамасыз етуге арналған қондырғылар кешені (№ 8 сурет).
№8 сурет. Ашық су көздерінен алынатын су құбырының сызбасы.
1) ашық суат; 2) суды алу; 3) жағалық құдық; 4) біріншілік насостық көтеру стансасы; 5) су жиналатын резервуарлар; 6) су араластырғыш; 7) тұндырғыш; 8) сүзгілер; 9) хлоратор; 10) таза су жиналатын резервуар; 11) екіншілік насостық көтеру стансасы; 12) елдімекен.
Елдімекенді сумен қамтамасыз ету жүйесі су көзінің түрімен, судың сапасымен, жергілікті жердің рельефімен, суды пайдалану тәртібімен тікелей байланысты. Мұндай жүйеге кіретін қондырғылар белгілі бір қызмет атқарады.
Су алу қондырғылары - сумен қамтамасыз ету көзіне байланысты құрылымы әр түрлі болуы мүмкін.
Насостық стансалар – суды айдауға арналған қондырғы. Егер су көзінен су келесі тазартуға жіберілетін болса, онда ол біріншілік көтеру насостық стансасынан тазарту қондырғыларына айдалады. Тазартудан кейін ол су екіншілік көтеру насостық стансаның көмегімен тұтынушыларға жіберіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |