Перкуссия
Бұл әдіспен төс сүйегі артында орналасқан қалқанша безінің үлкеюін анықтаймыз. Бұл жағдайда перкуторлық дыбыс тұйықталады.
Аускультация
Диффузды улы зоб ауруы тұсында қалқанша безінің тамырларындағы қан айналымының жылдамдығы күшейеді. Сондықтан сол аймақты тыңдағанда шуыл естіледі.
Зертханалық зерттеу әдістері
Биохимиялық әдіс. Гликемия деңгейі ашқарынға анықталса (глюкозооксидазды және ортотолуидинді әдістер) қалыпты жағдайда 3,3-5,5 ммоль/л (60-100мг/100мл), ал Хагерон-Иенсен бойынша 3,8-6,6 ммоль/л (70-120мг/100мл) болса, қантты диабет ауруы күмәнданбай-ақ қоюға болады. Қант мөлшері 8,88 ммоль/л (160мг/100мл-ден) жоғары болса - глюкозурия пайда болады. Сирек жағдайларда глюкозурия гипергликемиясыз өтеді, оны бүйректің қантты өткізу шегінің төмендеуімен түсіндіреді және керісінше, гломеруласклерозбен асқынған қантты диабет ауруында жоғары деңгейде гиперглекемия тұсында зәрде қант анықталмайды немесе ол өте аз мөлшерде кездеседі.
Қантты диабетті анықтау үшін, глюкозотолераннты сынақ (ГТС) жүргізіледі. Науқас 75г. мөлшердегі глюкозаны қабылдайды. Гликемия мөлшерін 3рет анықтайды: глюкозаны қабылдаудан бұрын, глюкоза қабылдаған соң 1және 2 сағаттан кейін. Сау адамдардың қанындағы қант мөлшері 2сағаттан соң әдеттегі қалпына келеді. Егер ГТС диабеттік сипат алса, онда 1сағаттан соң гипергликемия дамып, 2сағаттан соң сол дейгейде сақталады, не аздап азайады, бірақ қалыпты жағдайдағыдан жоғары болып қала береді. Ал диабет ауруы белгілері болмаса, гликемия деңгейі 2 сағаттан соң бастапқы қалпына келеді.
Кетоацидоз жағдайын анықтау үшін,қанда немесе зәрде кетон денелерін анықтайды. Егер организмдегі майлардың мөлшері сіңірілетін көмірсулардан артық болса, гиперкетонемия және гиперкетонурия байқалады. Көмірсулар жеткіліксіз енгізілсе, майлардың әдеттегі қалпы кезінде ацетон пайда болады. Сау адам тәулігіне 20-50мг кетон денелерін шығарады. Соңғы жылдары экспресс тест әдістері кеңінен қолданылатын әдейі диагностикалық қағаздары арқылы гликемия деңгейі (декстранол, декстростикс), глюкозурияны (глюкотест, лобстикс т.б.), гиперкетанурияны (кетостикс) анықтайды.
Гликолизданған гемоглобин. Белоктар, оның ішінде гемоглобин, глюкозасы бар ерітіндінің ішінде ұзақ тұрса химиялық үдерістер нәтижесінде глюкозаның қалдықтарын өзіне қосып алады. Неғұрлым глюкоза ерітіндісі жоғары болса және ұзағырақ тұрса,соғұрлым гемоглобин молекуласының көп мөлшері гликолизденеді. Гликолизденген гемоглобин молекуласының өмір сүру уақыты аралығындағы глюкоза шоғырының орташа деңгейін көрсетеді. Қалыпты жағдайда ол жалпы гемеоглобиннің 4,6% құрайды, ал диабетпен ауыратын адамдарда бұл көрсеткіш 2-3 есе жоғарылайды.
Достарыңызбен бөлісу: |