Метаболизмнің ерекшеліктері, оның жекеленген бөліктерінің жағдайы ағзаның физиологиялық статусын анықтайды, сондықтанда метаболизмнің кез-келген өзгерістері алғашында клеткалар мен мүшелердің қызметтерінің бұзылуын, ары қарай олардың құрылымының зақымдалуын тудырады. Метаболитикалық процесстердің бұзылуына дер кезінде диагностика жасау арқылы және оларға дұрыс коррекция жасау арқылы патологиялық процесстің қалыптасуының, аурудың дамуының алдын алуға болады. Заттар алмасуының жағдайын зерттеуді жеке алынған клеткада in vitro тәжірибелерінде, белгілі бір тканьнің клеткаларынан алынған субклеткалық фракцияларда жұргізуге болады. Немесе метаболизмнің жағдайын аралық және соңғы метаболиттері бойынша, олардың тұзілу немесе ыдырау жылдамдығын анықтау арқылы, адам ағзасының биологиялық суйықтықтарында – қанда, ликворда және зәрде олардың мөлшерін әртүрлі биохимиялық сараптау әдістерімен анықтауға болады. Биохимиялық сараптамалардың толық интерпретациясы ұшін адам ағзасының негізгі гематологиялық көрсеткіштерін қатар анықтау қажет.
Зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) осы ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ережені, сондай-ақ олар жүргізетін зерттеулердің көлемі мен түрлерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1566 Қаулысы
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 55-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) осы ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ереже;
2) зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары және (немесе) осы ұйымдардың құрылымдық бөлімшелері жүргізетін зерттеулердің көлемі мен түрлері бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1566 қаулысымен бекітілген
Зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) осы ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ереже 1. Жалпы ережелер
1. Осы Зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымның және (немесе) денсаулық сақтау ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) меншік нысаны мен ведомстволық тиістілігіне қарамастан, зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін реттейді.
2. Халыққа зертханалық диагностикалық көмекті зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын дербес денсаулық сақтау ұйымдары немесе ересектер мен балаларға амбулаториялық-емханалық, стационарлық немесе стационарды алмастыратын көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымының құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі - Медициналық зертхана) көрсетеді.
3. Медициналық зертханалар:
1) осы қаулымен бекітілген зертханалық зерттеулердің негізгі түрлерін орындайтын жалпы үлгідегі зертханалар;
2) зертханалық зерттеулердің бір түрінің сериялық өндірісін орындайтын орталықтандырылған және/немесе мамандандырылған зертханалар;
3) экспресс-зертханалар;
4) өңірлік сараптамалық зертханалар;
5) Ұлттық референс-зертхана болып бөлінеді.
4. Медициналық зертхананың негізгі міндеттері:
1) ересектер мен балалардың арасында зертханалық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу;
2) талдамалық дұрыстығы және диагностикалық құндылығы жоғары жаңа зерттеу әдістерін қолдану және кеңейту;
3) операциялық рәсімдердің алгоритмдерін әзірлеу;
4) қазіргі заманғы ақпараттық жүйелерді енгізу;
5) зертханалық жабдықтарды ұтымды пайдалану мен қазіргі заманғы технологияларды қолдану үшін зертханалық зерттеулерді орталықтандыру;
6) жоғары технологиялық әдістердің негізінде кереуеттегі диагностиканы дамыту;
7) білікті кадрларды даярлау, зертханалық диагностика саласындағы медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үдерісіне қатысу болып табылады.
2. Жалпы үлгідегі медициналық зертхана
5. Медициналық зертхананың негізгі міндеттері:
1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халықтың зертханалық зерттеулерге қолжетімділігін қамтамасыз ету;
2) ересектер мен балалардың арасындағы аурулардың профилактикасына бағытталған мемлекеттік және өңірлік нысаналы бағдарламаларды орындауға қатысу (диспансерлеу және профилактикалық тексеріп-қараулар);
3) халыққа диагностикалық көмек көрсетуді дамыту және жетілдіру;
4) зертханалық зерттеулердің сапасын қамтамасыз ету;
5) талдамалық сипаттамалары жоғары зертханалық зерттеулер жүргізу болып табылады.
3. Орталықтандырылған медициналық зертхана
6. Орталықтандыруға биохимиялық, микробиологиялық (бактериологиялық), иммунологиялық (серологиялық), цитологиялық және молекулалық-генетикалық зерттеулер мен зертханалық зерттеулердің басқа түрлері жатады.
7. Орталықтандырылған медициналық зертханалардың негізгі міндеттері:
1) халыққа тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде зертханалық зерттеулердің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
2) жоғары технологиялық зертханалық жабдықтарды тиімді пайдалану;
3) халыққа диагностикалық көмек көрсетуді дамыту және жетілдіру;
4) технологиялық үдерістерді стандарттау;
5) талдамалық сипаттамалары жоғары зертханалық зерттеулер жүргізу;
6) қазіргі заманғы жоғары технологиялық зертханалық жабдықтар мен шығыс материалдарын тиімді пайдалану болып табылады.
Жоғары технологиялық әдістер мен жабдықтарды қолдана отырып қымбат тұратын және сирек зертханалық зерттеулерді енгізу және жүргізу.
8. Орталықтандырылған медициналық зертхананың негізгі функциялары:
1) биологиялық материалды тұрақтандырудың, сепарациялаудың және оның табиғилығын сақтаудың қазіргі заманғы жүйелерін қолданып, зертханалық зерттеулерге биологиялық сынамалар алуды ұйымдастыру;
2) ересектер мен балалар арасындағы сырқаттанушылықтың профилактикасына бағытталған мемлекеттік және өңірлік нысаналы бағдарламаларды (диспансерлеу және профилактикалық тексеріп-қараулар, скринингілік зерттеулер) орындауға қатысу;
3) зертханалық зерттеулердің сапасын қамтамасыз ету жүйесін ұйымдастыру (талдау алды кезеңінің сыртқы аудиті; жабдықтар мен шығыс материалдарын, жабдықтар мен шығыс материалдарын бастапқы ағымдағы техникалық және метрологиялық бақылау; жұмыстың қауіпсіздік техникасын сақтау және санитариялық-эпидемиологиялық режімді сақтау);
3) зертханаішілік бақылау жүргізу және зертханалық зерттеулер сапасын бақылау бағдарламаларына қатысу;
4) зертхана қызметі мамандарының біліктілігін арттыру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |