ОҢТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы техникалық және кәсіби білім беру факультеті Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы «Психология негіздері»



бет10/10
Дата30.03.2018
өлшемі1,57 Mb.
#39891
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Тұлға дамуыоның әлеуметтік ұнамды сапалары жүйесінің әр өмір кезеңіне орай қалыптасып баруын, белгілі қоғамдық алғы шарттарды, әлеуметтік тапсырысты орындап жүруін, адамды қоғамдық жатсынуға итермелейтін жағдаяттардың күшін жойып отыруын талап етеді.

Тек өкілінің тұлғалыққа жетілуінде ұқсастыру (идентификация) мен тұлғалық дербестену (персонализация) үлкен маңызға ие.



Идентификация – тек өкілі санасында өзін басқа адамдармен, тіп­ті бүкіл адамдар қауымы, қоғамымен теңдестіру, ұқсастыру сезімінің қалыптасуы.

Персонализация - әрбір тұлғаның басқа адамдар арасындағы өзінің ке­мелді өкілеттілігін, қадір – қасиетін ұлықтай білуі мен нақты әлеуметтік қауымдастықта өз мүмкіндіктерін ашып, іске асыра білу сезімі.

Өзге адамдармен тұлға өзінің «Мен» сезімімен, яғни өзі жөніндегі өз тұжырымдарымен, өз мүмкіндіктерімен, өз мәнділігі негізінде қатынас жасайды. Тұлғаның өзіндік танымы (рефлексия) нақты «Мен» мәніне сәйкес болуы да, болмауы да мүмкін. Өз «Менін» орынсыз асқақ тұту не оның деңгейін жөнсіз әбден қарапайымдылықта төмендетіп жіберуден ішкі тұлғалық дау-дамай күйзелісі (конфликт) пайда болады.65

Тұлғаның өмір жолы нақты тарихи- әлеуметтік кеңістікте өтеді. Өндірістік - материалды жағдайлардың, тұтыну аймақтарының, әлеуметтік қатынастарының өзіндік ерекшелігі адамның тіршілік, өмір сүру қалпын айқындайды, оның әрекет – қылығындағы тұрақтанған меншікті ерекшеліктері тұлға типін айырады.

Әр тұлға өзінің өмірлік ізгілікті бағыт – бағдарын (стратегиясын) қалыптастырады. Ізгілікті бағыт - бағдар мәні – тұлғаның өмірлік ұстанымы, өз құндылықты бағытына сәйкес ағымдағы тіршілік жағдайларын өзгерту және оларды пайдаланудың, жасаудың жалпылай әдістері жүйесінің тұрақталған бет алысы.

Тұлға қалпының аса маңызды көрсеткіші оның өзіндік психикалық реттеу әрекеті, оның әрекет – қылығының әлеуметтік қалыптасқан өлшем – шектерге сай емес, тікелей жанама қарым – қатынасқа түсе білуі.

Тұлға өзінің тұрақтанған қасиеттер бірігімімен сипатталады. Олар: - сыртқы ықпалдарға сезімталдығы, тұрақты сеп – түрткі, қызығу, қоршаған ортамен қатынас түзу қабілеті және өзіндік әрекет - қылықты реттеудің адамгершілік принциптері. Тұлғаның бұл ерекшеліктерінің бәрі тума (генетикалық), нәсілдік және әлеуметтік - мәдени жағдаятардың біріге іске қосылуының нәтижесі.



9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%)

1. Маманның түрлері.

2. Кәсіби деңгей.

3. Кәсіби қалыптасу.

4. Кәсіби орта мен кәсіби түсінісу.

5. Кәсіби деңгейге жетудегі кедергі.

6. «Кәсіби қажеттілік», «кәсіби жарамдылық» түсінігі.

1. Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу.

2. Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру.

10.Сабақты қорытындылау.5 мин (6%)

1. Оқушыларды бағалау.

2. Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау.

11.Үйге тапсырма беру.5 мин (6%)

Сабақтың тақырыбы:

Жоспар бойынша ұсынылатын әдебиеттер:

1.Қ.Жарықбаев. Жантану негіздері А.,2005

2.Ж.Аймауытов. Психология А.,2000

3. Ә.Алдамұратов. Жалпы психология А.,1996

4. С.Б. Бапбаба. Жантану негіздері А.,2001

5. Р.Г. Илешова. Медициналық психология А.,1994


18- сабақ

І. Тақырыбы: Еңбектің психологиялық қырлары. Кәсіпқорлық деңгейлері.

2. Сағат саны: 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: теория

4. Сабақтың мақсаты: Адамның табиғи тұстарын оның әлеуметтік мәніне қарсы қоюға болмайды. Адамдағы биологиялық сипаттарды оның бойындағы қандай да төменгіліктің белгісі деп түсінуден аулақ болған жөн

*оқыту: Білімді қалыптастыру (тың мәліметтер беру, білімді қалыптастыру).

*тәрбиелік: Адамгершілік тәрбиесін беру (Қазақстандық патриотизм,ұлттық келісім ұғымдарын дұрыс қабылдау).

*дамыту: Танымдық қызығушылықты дамыту.

5. Материалды техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар.

б) оқыту орны: дәріс аудиториясы

6. Әдебиеттер:

1.Қ.Жарықбаев. Жантану негіздері А.,2005

2.Ж.Аймауытов. Психология А.,2000

3. Ә.Алдамұратов. Жалпы психология А.,1996

4. С.Б. Бапбаба. Жантану негіздері А.,2001

5. Р.Г. Илешова. Медициналық психология А.,1994



1) Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин. - (6%)

а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

б) Сабақтың мақсаты мен міндеті.



7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)

1. Маманның түрлері.

2. Кәсіби деңгей.

3. Кәсіби қалыптасу.

4. Кәсіби орта мен кәсіби түсінісу.

5. Кәсіби деңгейге жетудегі кедергі.

6. «Кәсіби қажеттілік», «кәсіби жарамдылық» түсінігі.

8.Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%)

Кіріспе.

мақсаты: жаңа тақырып бойынша түсінік беру.

1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.

1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

1.3. Оқулықпен жұмыс істеу.



1.4. Қорытынды.

Ақпаратты – дидактикалық бөлім.

Тұлғаның болашақ психикалық даму мүмкіндіктері оның биологиялық ұйымдасу табиғатында күні ілгері берілген. Оның жекеленген даму сұлбасы (схемасы) да тек өкілінің осы табиғи негізі – генотипімен анықталады. Дамудың әрқилы кезеңдері түрлі гендер бақылауында бола­ды, дегенмен, олардың белсенділігі аяқ асты өздігінен көрінбей, сыртқы ықпалдар әсерінен іске асып жатады.



Психикалық даму үдерісі тек генетикалық себептерден ғана бол­май, оған ықпал етуші әлеуметтік жағдайлардың да себептік әсерінің маңызы үлкен. Бұл себептердің (детерминанттар) бәрі де өзара байланыс­ты. Қалыптастырушы қызмет (функция) неғұрлым күрделі келсе, табиғи және әлеуметтік себептердің өзара байланысы да тығыз болады.

Дамудың әрбір нақты кезеңінде белгілі қоршаған орта ықпалдарына деген сезімталдық жоғары таңдамалық сипатқа (сензитивтікке) иелігі­мен ерекшеленеді.66

Сензитивтік – бұл кей орта ықпалдарын өткізіп, қалғандарына тосқауыл болатын тұлғалық елеуіш қасиет.

Ол айырым адамдарда тар, ал өзгелерде кеңдеу келеді. Нақты тек өкіліне, оның даму бағытына қоршаған орта ықпал-әсерінің ауқымы мезеттік жағдайға сәйкес көрініс береді.

Әр даму кезеңі ендігі дамуға негіз қалайды. Адамның даму субъек­ті болуына оның бір ғана белсенділігі жеткіліксіз. Оның қандай орта ықпалдарын қалайтыны сол адамның психикалық ерекшеліктеріне тәуелді. Өзін қоршаған ортаға жаңалықты өзгерістер ендіре отырып, адам өз генотиптік бағдарламасын іске асыру үшін тиімді жағдайлар жасайды. Дамудың алғашқы кезеңдерінде баршаға бірдей әрекет-қылық формалары қаланып, ал кейінгі кезеңдерде даралықты, жекеленген қылық формалары пайда бола бастайды.

Адамның табиғи тұстарын оның әлеуметтік мәніне қарсы қоюға болмайды. Адамдағы биологиялық сипаттарды оның бойындағы қандай да төменгіліктің белгісі деп түсінуден аулақ болған жөн. Адам құрылымындағы биологиялық нышандардың өзін де тек адамилық ныша­ны деп білген дұрыс. Адам тумадан өзінің әмбебап дамуының генетикалық мүмкіндіктеріне негіз болған жоғары биологиялық құрылымға ие. Адам биологиясының өзі де әлеуметтік себепті, яғни оның қоғамдық – тарихи дамуымен орайласқан.

Психиканың пісіп жетілуі мен қалыптасуын ажырата білген орынды.

Психиканың пісіп жетілуі – бұл адам психикасының іштей өз бетін­ше (спонтанное) өзгерістерге түсуі.

Психиканың қалыптасуы бұл психиканың сыртқы ықпалдарға және ең алдымен әлеуметтік әсерлерге тәуелді дамып, белгілі нәтижеге келуі.

Жалпы генетикалық жағдаяттардың әсері себебінен болатын тек өкілінің барша морфологиялық, физиологиялық және психикалық ерекшеліктердің бірлігі – адам құрылымын (конституциясын) түзеді.

Биологиялық және әлеуметтік жағдаяттардың өзара ықпалдастық проблемасы психология тарихында психологиялық дамудың бірнеше теорияларының пайда болуына негіз қалады.

Биологиялық пісіп жетілу теориясы адамның психикалық қызметтері нәсілдікпен анықталатынын, оның қоршаған ортаға тәуелсіздігін, ағзаның биологиялық пісіп жетілуі барысында дамитыны жөнінде тұжырым жасайды. Әрбір тек өкілінің дамуы бүкіл адамзат тегінің дамуын қайталап отырады (биогенетикалық заң).67

Қоршаған ортаның жетекшілік ролі теориясы бойынша – адамның психикалық дамуындағы шешуші жағдаят – бұл қоршаған орта. Бұл теорияны қолдаушылар психикалық дамудағы сапалық өзгерістерді жастық кезеңдермен байланыстырмай, олардың бәрі білім, ептілік және дағдылардың топталуынан деп түсіндіреді.

Қазіргі заман ғылым деректері белгілі биологиялық жағдаяттардың адамның қандай да психикалық сапаларының қалыптасуын қиындататын не жеңілдететін шарттар ретінде қызмет ететінін айғақтайды.

Генетикамен сыбайлас психология саласы – психогенетика – тек өкілінің әрекет-қылық ерекшеліктерінде көрінетін генотип пен орта жағдайларының өзара байланысын зерттейді.

Тұлға теориясына байланысты тұжырымдамаларға шолу

Тұлға проблемасына орасан көп зерттеулер арналған. Олардың бәрін үш үлкен топқа бөліп, қарастыруға болады:

1.Тұлға проблемасының әдіснамалық және жалпы теориялық зерттеулері. Бұл зерттеулер келесі әдіснамалық принциптер мен пробле­маларды ашуға арналған: сана және іс-әрекет бірлігі принципі; тұлғалық принципі, тұлғаның себептілік принципі, биологиялық пен әлеуметтіктің өзара қатынасы принципі, тұлға бойындағы даралық және қоғамдық сипаттар, субъект проблемасы, жүйелілік бағытының іске асып баруы, және т.б. Тұлға психологиясындағы жалпы теориялық проблемалар: тұлға құрылымы проблемасы, тұлға типологиясы, қозғалысы (динами­касы) және дамуы, т.б. проблемалар.

2.Тұлғаның нақты құрылым бірліктерін және тұлға ерекшелік­терін, яғни тұлғаның сеп-түрткі – қажетсіну аймағын, агрессивтігін, күйзелісін, мінезін және т.б. эмпирикалық талдауға арналған зертте­улер.

3.Тұлға жөніндегі біртұтас авторлық теориялар: Фрейд, Юнг, Рубинштейн және т.б. ғылыми көзқарастары.

Тұлға жөніндегі зерттелеулердің бұл үш тобы өзара байланысты келеді.

Психологиядағы тұлға зерттеулерінің жалпы бағыттарына шолу бере отырып, екі негізгі бағытты – номотетикалық және идеографиялық - ажырата атамай болмайды.

Номотетикалық бағыт – тұлға қызметтерінің жалпы, әмбебап заңдарын талдауды көздейді. Бұл салада қолданылатын басты 68

әдістер – жаратылыстану әдістері: бақылау, эксперимент, деректерді математикалық – статистикалық өңдеу.



Идеографиялық бағыт – тұлға бірегейлігін, оның қайталанбас біртұтастығын дәріптейді де негізгі зерттеу әдістері ретінде рефлек­сия және «жекеленген жағдайлар» әдістерін қолдана отырып, олардан алынған деректерді теориялық жалпылыққа келтіреді әрі түсіндіре баяндайды.

Тұлға психологиясындағы психоаналитикалық бағдар XIX-XX ғ.ғ. тоғысында пайда болды. Оның негізін қалаушы Зигмунд Фрейд.

Фрейдтің тұлға теориясының басты бөлімдері: бейсана проблемалары, психикалық ақпарат құрылымы, тұлға динамикасы, тұлғаны зерттеу әдістері, даму және невроздар.

Фрейд пікірінше, психикалық өмір ашық сана, астар сана және бейсаналық деңгейде өтіп жатады. Бейсана аймағы мұзтаудың су асты бөлігі сияқты басқа сана түрлеріне қарағанда көлемді де салмақты келіп, өз ішіне адамның барша әрекет-қылығындағы инстинкттер мен табиғи қозғаушы күштерді қамтиды.

Психоаналитикалық теорияда адам инстинкттерінің екі негізгі тобы ажыралады: эротикалық (немесе өмірлік) және қиратушы (өлім) инс­тинктері.

Өмірлік инстинкттер энергиясы «либидо» деп аталады. Бұл инстин­кттер өз ішіне аштық, шөліркеу, жыныстық қатынасты (секс) алып, тек өкілінің сақталуы мен тіршілігін қамтамасыз етеді.

Өлім инстинкттері – қиратқыш күштер тек өкілінің ішкі жан дүниесіне (мазохизм не өзіне қол салу), сондай-ақ сырттай болмысына (өшпенділік және агрессия) бағдарланады.

Көп жылғы клиникалық зерттеулері негізінде В. Фрейд өзінің инс­тинкттер жөніндегі тұжырымдамаларын ұсынды. Осыған байланысты ол адам тұлғасы құрылымының үш деңгейлі бірліктерін анықтады:

«ОЛ»(Ид-ОНО), «МЕН»(ЭГО-Я),» ЖОҒАРЫ МЕН»(СУПЕР ЭГО- сверх Я).

«ОЛ» (Ид-Оно) – Абай өз философиясында бұл түсінікті «Менікі» терминімен береді - психиканың бейсаналық бөлігі, биологиялық тума инстинктті құмарлықтардың (агрессивті және сексуалды) бұрқанысты ошағы. «ОЛ» «либидо» деп аталатын сексуалды энергиямен қаныққан. Адам – тұйықталған энергетикалық жүйе, әр адам бойындағы күш-қуат – тұрақты шама. Бейсаналылығынан әрі ақыл өлшеміне келмейтіндігінен (иррационал) «ОЛ» қанағат алу (рахаттану) принципіне бағынады, яғни адам өмірінің басты мұраты – рахат және бақыт осы инстинкттен.69

«МЕН»(Эго-Я) – инстинкті «Ол» талаптарын үздіксіз шынайылылық (реальность) принципі негізінде орындап баруға ұмтылады. «МЕН» адам бойында бейсана және ашық сана күйінде бірдей орын иелейді. «МЕН» деңгейі инстинктті «ОЛ» - мен ұдайы тайталаста болып, адамның сексуалды құмарлықтарын басып отырады. «МЕН» үш ықпал әсеріне: «ОЛ», «ЖОҒАРЫ МЕН» және өз талаптарына бағындыруды көздеген қоғамға – тәуелді келеді. «МЕН» аталғандар арасында үйлесімділік орнатуға ат салысады, бірақ рахаттану принципін басты мақсат тұтпай, болмыс шындығымен жүргенді қалайды.

«ЖОҒАРЫ МЕН» (Супер – эго, сверх - я) – ата-аналар және қоғамдық мораль ықпалдарының иесі. Бұл құрылым бала өмірінің ба­рысында қалыптасып, сол бала жынысына тектес ересек туысқан бол­мысына ұқсап дамиды. Ұқсау не сәйкестену (идентификация) желісінде ер балаларда «Эдип комплексі», ал қыз балаларда «Электра комплексі» қалыптасады. Бұл комплекс түрлері баланың сәйкестену нысанына (әке не ананың біреуіне) болған екі ұшты, бірі-біріне қайшы толғаныс (жақсы көру мен жек көру) сезімдерінен құралады. Тұлға «Мені» сыртқы дүниені анықтайды. «Ол» (эго) және Жоғары МЕН (супер эго) көбіне өзара сиыспайтын талаптар қояды. Мұндай жағдайларда «МЕН» күшті ықпалдарға тап болып, оны «үрей» билейді. «Мен» осы үрейге қарсы ере­кше тосқауылдар – психологиялық қорғаныс тетіктерін іске қосады.

9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%)

1. Кәсіпқорлық деңгейлері.

2. Кәсіпшінің қалыптасуы.

3. Кәсіпқорлық орта.

4. Кәсіпқорлық жолындағы кедергілер.

1. Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу.

2. Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру.

10.Сабақты қорытындылау.5 мин (6%)

1. Оқушыларды бағалау.

2. Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау.

11.Үйге тапсырма беру.5 мин (6%)

Сабақтың тақырыбы: Медицинада менеджер қызметінің психологиялық ерекшеліктері.

Жоспар бойынша ұсынылатын әдебиеттер:

1.Қ.Жарықбаев. Жантану негіздері А.,2005

2.Ж.Аймауытов. Психология А.,2000

3. Ә.Алдамұратов. Жалпы психология А.,1996

4. С.Б. Бапбаба. Жантану негіздері А.,2001

5. Р.Г. Илешова. Медициналық психология А.,1994


19- сабақ



1. Сабақтың тақырыбы: Медицинада менеджер қызметінің психологиялық ерекшеліктері.

2. Сағат саны: 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: теория

4. Сабақтың мақсаты: Психикалық ятрогения – психогенияның бір түрі, яғни ауру адаммен ойлап, байқап, мақсатқа байланысты сөйлеспеуінен болатын психикалық зиянды әсердің қорытындысы

*оқыту: Білімді қалыптастыру (тың мәліметтер беру, білімді қалыптастыру).

*тәрбиелік: Адамгершілік тәрбиесін беру (Қазақстандық патриотизм,ұлттық келісім ұғымдарын дұрыс қабылдау).

*дамыту: Танымдық қызығушылықты дамыту.

5. Материалды техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар.

б) оқыту орны: дәріс аудиториясы

6. Әдебиеттер:

1.Қ.Жарықбаев. Жантану негіздері А.,2005

2.Ж.Аймауытов. Психология А.,2000

3. Ә.Алдамұратов. Жалпы психология А.,1996

4. С.Б. Бапбаба. Жантану негіздері А.,2001

5. Р.Г. Илешова. Медициналық психология А.,1994



1) Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин. - (6%)

а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

б) Сабақтың мақсаты мен міндеті.



7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)

1. Кәсіпқорлық деңгейлері.

2. Кәсіпшінің қалыптасуы.

3. Кәсіпқорлық орта.

4. Кәсіпқорлық жолындағы кедергілер.

8.Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%)

Кіріспе.

мақсаты: жаңа тақырып бойынша түсінік беру.

1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.

1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

1.3. Оқулықпен жұмыс істеу.



1.4. Қорытынды.

Ақпаратты – дидактикалық бөлім.

20 ғасырдың бірінші жартысында медицинаға көңіл бөлу, оқыту бағдарламарында айқын көрінеді. Әрбір адам өзінің мамандығына байланысты жеке басындағы қасиеттерін дамытуға мүмкіндік жасайды. Жұмыс істеп жүрген мамандығына қарай адам мінез-құлқы өзгеруі мүмкін. Жаңа мамандықта жұмыс істеген алғашқы сәтте ауру адамдардың өліміне дәрігер қатты қайғырады. Кейін уақыт өткен сайын мұндай жағдайларға дәрігер де белгілі эмоционалдық қарсыласу пайда болады, мұның себебі күнделікті аурухана ауқымында болып жатқан жағдайларға талдау мен қорытынды жасап, дереу әрекет жасауға байланысты. Алайда дәрігер мен медицина қызметкерлерінің қай – қайсысында ауру адамның қайғысын түсінетін ерекше қасиет сақталуы тиіс.

Медицина қызметкерінің кейбір қызмет салдарынан науқастың психологиялық ахуалы бұзылып, «ятрогения» яғни денсаулығына ауыртпашылық түсуі мүмкін. Дәрігер науқаспен әңгіме кезінде оның ауруы жайында айта отырып, науқастың шамадан тыс уайымдамауына яғни әртүрлі ауруға шалдығу, «үрей, қорқақтық» қаупіне, яғни «фобияға» ұшырамауына назар аудару керек. (Концерофобия – рак ауруына шалдығу үрейі, кардиофобия – жүрек ауруына ұшырап қалмауы үрейі.) Дәрігердің дұрыс емдемеуінен адам соматикалық ятрогенияға ұшырайды. Психикалық ятрогения – психогенияның бір түрі, яғни ауру адаммен ойлап, байқап, мақсатқа байланысты сөйлеспеуінен болатын психикалық зиянды әсердің қорытындысы. Қалыпты жағдайдан ауытқуды дұрыстап түсіндірмеу, түсіндіргенде асығыстық жасап, аңдамай сөйлеу – ятрогенияның көзі. Дәрігердің сырқат адаммен тіл табысып,сөйлесе алуы өте маңызды сәт болып табылады.Емдеудің тиімділігі бірқатар дәрежеде аурудың медициналық қызметкерлерге сенуіне байланысты.Емдеудің барлық кезеңінде де сырқаттың сауығатынына сенім тудыру қажет,ол –гуманист дәрігердің парызы,ал гуманизм-медициналық мамандықтың табиғи қасиеті.Сырқатпен қарым-қатынаста медициналық қызметкердің дауыс көтермей бірқалыпты,шыдамдылықпен,тіл мәдениетін сақтап,тұрпайылық жасамауы қажет.Сырқаттың көңіл-күйін көтеріп отыру керек.Қоғамдағы адамдардың мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынасы біршама нормалармен,ережелермен,әдет-ғұрыппен реттеледі. Соңғы кездері  әсіресе теориялық  демокартиялық бетбұрыстар  республикалық  егемендік алып,  тәуелсіз жарияланған кезде психологиялық зерттеулердің  комплексті  тақырыптары  қолға алынып оларды  ұлт  өміріне  сезім түскенін  жоғарыда  айтып кеттік.  Ал психологияның  басқа салаларының  жай жапсарына  келетін болсақ, біздегі  ауыл мектептерінің  әлеуметтік психологиялық  мәселелері, мал шаруашылығы түрлі салаларына  қасиетті мамандықтың  ерекшеліктері, жетімдер үйі мен  мектеп интернаттар, гимназия, лицей, медресе, колледж оқушыларының  психологиялық  ерекшеліктері, ақыл есі  кем дамыған  балаларды  оқытып тәрбиелеу мен  талантты дарынды шәкірттердің  психологиясын  зерттеу, қос тілділік пен  көптілділіктің психологиялық астарларын іздестіру, ұлт мектептері  бағдарламалараның  психологиялық  аспектілері, оларға тиісті өзгерістер енгізу, кешкі және сырттай  оқитын орта  мектептердің, кәсіптік техникалық мектептердің  оқу мазмұнын анықтау , орта, арнаулы, жоғары оқу орындарындағы  жүргізіліп жатқан  тәлім-тәрбие жұмыстарының, әсіресе бакалавиарт пен  магистратурада оқудың  психологиялық  астарларын  қарастыру алда  тұрған  ғылыми  проблемалар болып табылады.

Психология саласында жүргізіп жатқан  әр тарапты зерттеулер  қазіргі қоғамдық  дамудың  оның тыныс тіршілігінің  жаңа сипатын, демократиялық бағыт бағдарын, қазақ елінің  егемендігі мен тәуелсіздігі жағдайында  адам құқы мен оның  ізгілік мейірбандық, имандылық секілді адамгершілік  қасиеттерініңі өріс алуынан  туындайтыны белгілі.

Міне, осындай мәселелерді дұрыс та толық  шешілген  қазақ психологиясы түбінде әлемдік  деңгейге көтеріліп, ұлтымыздың мерейін өсірсе, ал екінші жағынан, әрбір адамға, қоғамқа, мемелекетке алға қойылған ұлы мақстақа тез жетуіне зор ықпалын тигізеді.

Бұл мәселелерді  шешу үшін  алға жылжу үшін  ғылымның қай саласы болмасын  өзінің өткен тарихын  сралап,  салмақтап, таразыға салуы керек.

Өткен кезеңдерде жіберілген кемшіліктерді ескере отырып, ғылым жаңалықтарын есепке  ала отырып туындаған  сұрақтардың  шешімін тапса оның қорытындысында  үлкен маңыз болар еді.

«Қайталау білім анасы» демекші жеткен жетістіктердің  шеңгелді жолдарын психология ғылымының  қазақ топырағындағы  ары қарай  дамуы үшін  қайталап, өткенге  көз жүгіртіп өтсек, алдыға мығым аяқ басуымыз мәлім. Адам жананың  құпия сырын  алақадағыдай етер жантану ғылымы өрелі болашақ, жеткіншек үшін ауадай қажет ғылым.



9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%)

1. Менеджер тұлғасына қойылатын талаптар.

2. Мейірбике жұмысын ұйымдастырудағы мейірбикенің рөлі.

1. Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу.

2. Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру.

Этика,деонтология,кодекс,гуманизм,норма.



10.Сабақты қорытындылау.5 мин (6%)

1. Оқушыларды бағалау.

2. Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау.

11.Үйге тапсырма беру.5 мин (6%)

Сабақтың тақырыбы: Қайталау

Жоспар бойынша ұсынылатын әдебиеттер:

1.Қ.Жарықбаев. Жантану негіздері А.,2005

2.Ж.Аймауытов. Психология А.,2000

3. Ә.Алдамұратов. Жалпы психология А.,1996

4. С.Б. Бапбаба. Жантану негіздері А.,2001

5. Р.Г. Илешова. Медициналық психология А.,1994








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет