ОҢТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы техникалық және кәсіби білім беру факультеті Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы «Қазақстан тарихы»



бет7/7
Дата26.06.2018
өлшемі4,42 Mb.
#44920
1   2   3   4   5   6   7

ІХ. Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин (22 %)

1.Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу.

2.Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру.

Х. Сабақты қорытындылау: 5 мин (6%)

1.Оқушыларды бағалау.

2.Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау.

6. Үйге тапсырма беру: 5 мин (6%)

1900-1920 жж.Ресейдің қоғамдық саяси өмірінің Қазақстанға әсері.Ақпан революциясы және Қазақстандағы саяси өмір.Қазан төңкерісі.

Жоспар бойынша ұсынылатын әдебиеттер:

1.Асфендияров С. Қазақстан тарихы. – Алматы, 1993.

2.Қазақстан тарихы. Очерктер. – Алматы, 1994.

3.Қазақстан тарихы (ежелгі дүниеден бүгінгі күнге дейін) 5 томдық, І Т. – Алматы, 1996.

4.Қазақстан тарихы ежелгі дүниеден бастап бүгінгі күнге дейін, Оқу құралы. – Алматы, 1993.

5.Мусин Ч. Қазақстан тарихы. – Алматы, 2003.



Қосымша әдебиет

1.Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы, оқулық хрестоматия. – Астана, 2000.

2.Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. – Алматы, 1997.

3.Рыспаев К. Қазақстан Республикасының тарихы. – Алматы, 1999.

4.Сарыбаев С. Қазақстан тарихы. –Алматы, 1997

Реферат,өзіндік жұмыстар жасау.



17

І. Сабақтың тақырыбы: 1916 ж. Ұлт-азаттық революциясының себептері,сипаты,қозғаушы күші. Саяси партиялардың қалыптасуы және қызметтері.



ІІ. Сағат саны -4 90 мин (100% )

ІІІ. Сабақ түрі: теория

ІV.Сабақтың мақсаты:

-Білім беру 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің ерекшеліктері, сипаты мен себептері,тарихи маңызы туралы, саяси партиялардың қалыптасуы және қызметтері туралы кең көлемде мәлімет беру.

- Дамыту: Тақырып бойынша танымдық қызығушылығын арттыру;

- Тәрбиелік: Отан тарихына деген қызығушылығын арттыру, Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу;



V. Материалдық техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, т.б.

б) оқыту орны: дәріс аудиториясы



VІ. Әдебиеттер:

Негізгі әдебиет

1.Асфендияров С. Қазақстан тарихы. – Алматы, 1993.

2.Қазақстан тарихы. Очерктер. – Алматы, 1994.

3.Қазақстан тарихы (ежелгі дүниеден бүгінгі күнге дейін) 5 томдық, І Т. – Алматы, 1996.

4.Қазақстан тарихы ежелгі дүниеден бастап бүгінгі күнге дейін, Оқу құралы. – Алматы, 1993.

5.Мусин Ч. Қазақстан тарихы. – Алматы, 2003.



Қосымша әдебиет

1.Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы, оқулық хрестоматия. – Астана, 2000.

2.Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. – Алматы, 1997.

3.Рыспаев К. Қазақстан Республикасының тарихы. – Алматы, 1999.

4.Сарыбаев С. Қазақстан тарихы. –Алматы, 1997.

VІІ. Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин. ( 6%)

а)Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру

ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

б) Сабақтың мақсаты мен міндеті



VІІ. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)

Үй тапсырмасы: 1900-1920 жж.Ресейдің қоғамдық саяси өмірінің Қазақстанға әсері.Ақпан революциясы және Қазақстандағы саяси өмір.Қазан төңкерісі.



VІІІ. Жаңа сабақтытүсіндіру: 40 мин (44% )

мақсаты:жаңа тақырып бойынша түсінік беру.

1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.

1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

1.3. Оқулықпен жұмыс жасау.

1.4. Қорытынды.

Ақпаратты – дидактикалық бөлім.

Қазақстан бірінші дүние жүзілік соғыс жылдарында. 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс .

Бірінші Ресейлік революция жеңілгеннен кейін елде реакция кезеңі басталды. Ереуілге шығуға, жиналыстар өткізуге тиымдар салынды. II - Мемлекеттік Дума таратылып, сайлаудың жаңа жүйесі енгізілді. Жаңа заң бойынша қазақтар сайлау құқығынан айырылды. Төңкерістік қозғалыстарға қатысқандарды сотсыз және тергеусіз жазалайтын тәртіп енгізілді.

Реакция жылдары патша өкіметі тек қатаң қудалау жасаумен шектелмей , ауыл шаруашылығанда кулактардан берік тірек жасауды көздеді . 1906 ж. 9 - қарашада Министрлер Кеңесінің төрағасы П. А. Столыпин шаруаларды кауымнан хуторға бөлу туралы жаңа жер иелену заңын шығарды. Столыпиннің аграрлық саясатының құрамдас бөлігі - Сібір Қазақстанға жаппай қоныс аудару болды. 1906 және 1912 жж. аралығында қазақтардан Ресейден қоныс аударғандар үшін 17 млн. астам жер тартылып алынды. 1917 ж. қазан революциясының қарсаңында жалпы Қазақстанда жергілікті халықтан тартып алынған жер көлемі 45 млн. десятинаға, ал қоныс аударып келгендердің саны 1,5 млн. жетті.

Ұлттық - отарлық езгінің күшеюі, қоныс аудару саясаты қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің өсуіне алып келді. Қазақ қоғамындағы әр түрлі идеялық - саяси ағымдар « Айқап » журналы (1911-1915жж.) мен « Қазақ » газетінің ( 1913-1918жж.) бетінде жарық көрді. Олардың беттерінде жер қатынастарының, ағарту мен білім беру ісінің, қазақ ауылдарында тауар-ақша қатынастарын дамыту мәселелері жазылып, патша өкіметінің отаршылдық саясаты әшкереленді.

1914 ж. Ресей дүниежүзілік соғысқа тартылды. Бірінші дүние жүзілік соғыс барлық халықтарға, оның ішінде Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Соғыс қажетіне 1914-1916 жж. Түркістан өлкесінен 2089 мың тонна мақта, 300 мын пұт ет, 70 мың жылқы, 13 мыңға жуық түйе, 14 мыңға жуық киіз үй алынды. Соғыстың бірінші жылында тек Жетісу облысынан майдан қажетіне жіберілген мал мен оның өнімдерінің құны 34 млн. сомға жетті . Жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді.

Соғыс елдегі жалпы-ұлттық дағдарыстың пісіп жетілуін тездетті. Оның айқын көрінісі Қазақстан мен Орта Азияның барлық аймақтарын камтыған 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс болды. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 - маусымдағы армияның тыл жұмыстарына Қазақстанның, Орта Азияның және ішінара Сібірдің 19-дан 43 жасқа дейінгі «бұратаналық» еркектерді шақыру жөніндегі жарлығы тікелей себеп болды. Көтерілісті Торғай даласында Әліби Жангелдин мен Амангелді Иманов, Орал облысы мен Бөкей ордаларында Сейтқали Меңдешев , Әбдірахман Әйтиев, Маңғыстауда Жалау Мыңбаев , Ақтөбе даласында Әділбек Майкөтов, Жетісуда Тоқаш Бокин , Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Тұрар Рысқұлов және т.б. басқарды.

1916 ж. шілде, тамыз айларында көтеріліс бүкіл қазақ даласын камтып, бірте - бірте ұйымдасқан сипат ала бастады. Оны басу үшін патша өкіметі құрамында жақсы қаруланған әскер бөлімдері мен қазақ - орыс отрядтары бар жазалаушы экспедициялар жіберді. Жетісудағы көтеріліс аяусыз басып-жаншылды.Сотсыз және тергеусіз атылғандарды есептемегенде, сот үкімімен Түркістан өлкесінде 1917 ж. 1-ақпанына дейін 347 адам өлім жазасына , 168 адам каторгалық жұмыстарға , 129 адам түрмеге жабылуға кесілді. Соның салдарынан 300 мың қазақтар мен қырғыздар Қытайға қашуға мәжбүр болды. Ал Торғайдағы көтеріліс 1917 ж. ақпан төңкерісіне дейін жалғасты.

1916 ж. көтеріліс қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының тарихында ерекше орын алды. Ол кезінде Кенесары Қасымов бастаған ұл-азаттық қозғалыстан кейін Қазақстанның бүкіл аймақтарын қамтып, бүкіл қазақтық сипат алды.



Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс

1914 жылы патшалық Ресей дүниежүзілік соғысқа тартылды. Бұл бірінші дүниежүзілік империалистік соғыс барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Ол патша шенеуниктері мен жергілікті әкімдердің және байлардың зорлық-зомбылығы мен озбырлығын күшейтті. Соғыс қажетіне Қазақстаннан орасан көп жылқы, ауыл шаруашылық өнімдері жөнелтілді. Жергілікті халықтан алынатын салық 3—4 есе көбейді, шаруалардың ірі қара малы мен мал азығын соғыс қажетіне алу күшейді. Осының бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басының азаюына әкеп соқты. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашыпығының құлдырап күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты. Қалалар мен ауылдардағы еңбекші бұқараның жағдайы күрт төмендеді.

Кәсіпорын иелерінің, жергілікті буржуазиямен феодалдардың зорлық-зомбылығы 1916 ж. 25 маусымда патша үкіметінін. "Бұратана халықты мемлекеттік қорғаныс жұмыстарына пайдалану тәртібі туралы ереже" қабылдауына байланысты тіпті күшейе түсті. Жұмыстан немесе әкімшілік ережелері мен талаптарын орындаудан бас тартқан жұмысшыларды түрмеге отырғызуға немесе үш ай мерзімге тұтқынға алуға, болмаса айып ретінде ақша өндіріп алуға кесетін болды. Азық-түліктің екі-үш есе қымбаттауы да халықтың наразылығын өршіте түсті.Қазақ жастарын майдандағы тыл жұмысына алу жөніндегі патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығы халықтың шыдамын тауысып, оларды отарлау езгісі мен орта ғасырлық қанауға қарсы көтерілуіне себеп болды. Қазақтардың туу туралы куәлігінің жоғын пайдаланып, болыстық басқармалар мен ауыл старшындары жастарының асқандығына қарамастан кедей жігіттерді майданға жұмысқа алынатын "қара тізімге қосты", ал феодалдар балаларының жасын өз бетінше үлкейтіп, немесе кішірейтіп көрсетіп, әскерге жібермеудің амалын жасал бақтыМайдан жұмысына қазақ жастарын алу туралы жарлық қазақ халқының зор наразылығын тудырды. Елде болыстық басқармаларды талқандау, ауыл старшындарын, қатыгез, жағымсыз байларды өлтіру, ірі феодалдардың иеліктеріне шабуыл жасау, жер сату жөніндегі құжаттарды, алым-салық қағаздарын т.б. жойып жіберу секілді ашуыза әрекеттері кең орын алды.Қазақстандағы бұл қозғалыс көпшілік аудандар- да ұлт-азаттық сипатта болып, патша өкіметіне, отаршылдыққа, империалистік соғысқа және жергілікті жерлерде патша өкіметінің сүйеніш болып отырған феодал байларға қарсы бағытталды. Бұл қозғалысты еңбекші халыктың өкілдері басқарды. Торғай даласында қазақ жасақтарын Әліби Жангелдин мен Амангелді Иманов, Орал облысы мен Бөкей ордасында Сейтқали Мендешев, Абдрахман Әйтиев, Маңғыстауда — Жалау Мынбаев, Ақтөбе даласында — Әділбек Майкөтов, Жетісуде — Тоқаш Бокин, Бөкболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Тұрар Рысқұлов т.б. басқарды.

1916 жылы шілде, тамыз айларында көтеріліс бүкіл қазақ даласын қамтыды. Оны басу үшін патша өкіметі жазалаушы экспедициялар жіберді. Мәселен, Жетісудағы көтерілісті басуға 16 зеңбірек, 24 пулеметпен қаруланған 8750 солдаты бар 95 рота, 3900 атты әскерден тұратын 24 жүздік жіберілді. Ақмола, Семей облыстарындағы көтеріліс шілерге қарсы генерал Ягодкин басқарған 2 атты жүздік, күшейтілген 11 жаяу әскер ротасы жіберілді. Көтерілістің мейлінше күшті болған жері Торғай облысына құрамында 17 жаяу әскер роталары, 19 казак жүздіктері мен эскадрондары бар зеңбірек пулеметпен қаруланған генерал Лаврентьев басқарған экспедиция жіберілді. 1916 жылғы қарашаның орта шенінде көтерілісшілер күш ала бастаған кезде бұл экспедицияға көмекке Қазан, Пермь, Орынбор қалаларынан қосымша әскерлер жеткізілді. Көтерілісшілер патша әскерлеріне қарсы кескілескен ұрыстар жүргізді.Осы шайқастарды жүздеген қазақ жігіттері өздерінің батыр бабаларының ерлік дәстүрін жалғастырып, есімдерін өшпес даңққа бөледі. Торғай өңірінде Кенесарының қолбасшыларының бірі Иман батырдың немересі Амангелді, оның жауынгер серігі Кейкі батыр дың аттары аңызға айналды. Үлкен қолбасшылық дарынымен бүкіл қазақ халқына танымал болған Амангелді бастаған Торғайдағы көтеріліс 1917 жылғы ақпан революциясына дейін жалғасты.



Сипаты жағынан қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы болған 1916 жылғы көтерілістің барысында патша өкіметінің отарлау саясатын жүргізу барысында жойылып кеткен дәстүрлі саяси құрылымды қалпына келтіруге бағыт алған шаралар іске асырылды.Сөйтіп,Торғай өңіріндегі көтерілісшілер Әбдіғаппар Жамбосы ұлын хан көтеріп,Иран, Ауғанстан сияқты елдер мен елшілік және басқа қарым-қатынас жасауға талаптанған жайлар болды. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс шаруалар соғысы еді, ол жалпы Ресейдегі революциялық процестің құрамды бөлігі болды.




Баспа ісі.Сонымен XIX ғасырдың екінші жартысы XX ғасырдың басына дейінгі кезеңде капиталистік құрылыс пен онымен бірге дамыған әлеуметтік мәдени өзгерістер казақ мәдениетіңдегі бағыт — реовлюцияшыл-демократиялық бағыт анықталды. Демократиялық интеллигенция халықты отырықшылыққа, білімге, ескірген әлеуметтік институттар мен әдет-ғүрыптарды өзгертуге шақырды. Зиялыларға арналған бастауыш мектептер саны көбейіп, қазақ тілінде газеттер мен журнаддар ("Айқап", т.б.) шығарыла бастады. С.Көбеевтің, С.Торайғыровтың, С.Дөнентаевтың, М.Сералиннің поэма, өлең, публицистикаларын халық жоғары бағалады. А.С. Пушкин, Л.Н. Толстой, АП. Чеховтың біраз шығармалары қазақ тіліне аударыдды. Орыстың ғалым-геологтары (В.А. 0бручев, т.б.) мен тарихшы, этнографтары И.Ф. Катанов, В.В. Бартольд өлкені одан өрі зерттеді. Жамбыл Жабаевтың, Нүрпейіс Байғаниннің, Кенен Әзірбаевтың, т.б. халық ақындарының творчествосында азаматтық сарын, халық-азаттық күрес басты тақырыпқа айналды. Қазақ баспасөзі мен әдебиеті және музыкасы. 1870-1882 жылдарда Ташкентте «Түркістан уөлаяты газеті», 1888-1902 жылдары Омбыда «Дала уәлаятының газеті» шығып тұрды. Біріншісі Түркістан генерал-губернаторлығының ресми органы болды, ал екіншісін Дала губернаторлығы шығарды. Патша үкіметінің жергілікті әкімшіліктердің өкімі бойынша бұл басылымдар Орта Азия мен Қазақстан жерінде отарлық басып алуды, бұл аймақтардағы халықтарды рухани жағынан бағындыру саясатын насихаттады. Осы мақсатпен газет беттерінде түркі халықтарының тарихы, этнографиясы мен әдебиеті жөніндегі материалдар жарияланды, ғылым мен техника саласындағы жетістіктер туралы ақпарат аударылып басылды, өлкені шаруашылық жағынан игеру тәжірибесі қорытылды. Жергілікті халықтар арасында бұл газеттердің танымал болуына шығыс әдебиеті классиктері шығармаларын - «Шахнаме», «Фархат-Шырын», «Мың бір түн» және т. б. жариялау үлкен әсерін тигізді. «Түркістан уәлаяты газетінде» 1870 жылы бірінші рет қазақ тілінде Шоқан Уәлиханов туралы, Маңғыстау қазақтарының көтерілісі жөне баска да оқиғалар жөніндегі материалдар басылды. Орыс оқырмандары Ы.Алтынсариннің, А.Құнанбаевтың орыс тіліне аударылып берілген шығармаларымен танысты. Дегенмен, бұл ресми басылымдар негізінен Ресей империясының отаршылық саясатын жүргізушілер болды. Оған дәлел ретінде «Түркістан уәлаяты газетінің» 323 нөмірінде жарияланған 633 мақаланың үштен бір бөлігі Ресейдің көрші мемлекеттермен катынастарына, империялық сыртқы саясатын негіздеуге арналғанын айтса да жеткілікті.

XX ғасыр­дың ба­сына қарай Қазақстан­да ұлттық қазақ зи­ялы­лары­ның қалып­та­су үрдісі жүріп жат­ты, олар­дың бір бөлігі еуро­палық білім алған­дар еді. 1905–1907 жыл­дардағы ре­волю­ци­ядан кейін Ре­сей­дегі мұсыл­мандар­дың, со­ның ішінде түрік ха­лықта­рының қозғалы­сы жаңа қарқын ал­ды. Мерзімді бас­пасөздің пай­да бо­луы мен да­му­ына ка­пита­лизмнің, та­уар-ақша қаты­нас­та­рының, көлік пен бай­ла­ныс­тың да­муы да, өлкені одан әрі отар­лау да се­бепші бол­ды. Ту­ып ке­ле жатқан ұлттық бур­жу­азияның үстемдік етуші орыс бур­жу­азиясы­мен бәсе­кесі, ше­тел ка­пита­лының енуі білім бе­ру, бас­пасөз және бай­ла­ныс жүйесі ре­фор­ма­сының қажеттігін туғыз­ды.

Қазақ тіліндегі мерзімді бас­пасөздің алғашқы ба­сылым­да­ры «Түркістан уәла­яты­ның га­зетін» (1870–1882), «Да­ла уәла­яты­ның га­зетін» (1888–1902) және Түркістан ге­нерал-гу­бер­на­тор­лығының рес­ми ор­га­ны бол­ды, ал екіншісін Ом­бы­да Да­ла ге­нерал-гу­бер­на­тор­лығы шығар­ды (1902 жыл­дан кейін олар Ақмо­ла және Жетісу об­лыста­рының «Ве­домос­та­рына» қосым­ша ретінде шығарыл­ды. Сон­дай-ақ бұл ба­сылым­дар ақпа­рат­тық-анықта­малық си­пат­та бол­ды. Со­нымен қатар га­зет ұйым­да­рына им­пе­ри­яның қамқор­лығын­дағы отар­лық өлкенің тұрмыс сал­тын на­сихат­тау мис­си­ясы жүктелді. Осы мақсат­пен рес­ми емес бөлімде түркі ха­лықта­рының та­рихы, эт­ногра­фи­ясы мен әде­би­еті жөніндегі ма­тери­ал­дар жа­ри­ялан­ды.

Қазақ ұлттық бас­пасөзінің да­муы. Рес­ми емес қазақ мерзімді бас­пасөзінің қалып­та­суы XX ғасыр­дың ба­сын­дағы жал­пы азат­тық қозғалыс­пен тығыз бай­ла­ныс­ты. Ол 1905–1907 жыл­дардағы ре­волю­циның арқасын­да ғана ту­ды. Алай­да бұл ба­сылым­дар дүни­еге едәуір қиын­дықпен келді. 1907 жылғы 28 на­урыз­да II Мем­ле­кеттік Ду­маның де­пута­ты Шай­мер­ден Қос­шығұлов­тың бас­та­масы­мен «Ул­фат» га­зетіне қосым­ша ретінде «Сер­ке» га­зетінің бірінші нөмірі шықты. Ш. Қос­шығұлов­тың ай­ту­ын­ша, небәрі 3–4 нөмірі шығарылған. Цен­зу­ра оны қауіпті деп та­уып, га­зет жа­былып қалған. 1907 жылғы на­урыз­да Тро­ицкіде «Қазақ» га­зетінің бірінші (әрі соңғы) нөмірі шықты.

Қазақ қоғамы де­мок­ра­ти­яшыл жұртшы­лығының ұлттық бас­пасөз ұйымын құру жөніндегі ын­та­сы күшейе берді. 1911 жылғы 16 на­урыз­да Орал қала­сын­да қазақ және орыс тілдерінде шағын көлемді «Қазақстан» га­зеті шықты. 1913 жы­лы қыркүйек­тен жел­тоқсанға дейін Пет­ро­павл­да «Ешім да­ласы» га­зеті шығып тұрды.

Алай­да та­ралы­мы шек­те­улі бұл га­зет­тер ора­сан үлкен ай­мақтың түрлі топ­та­рының өске­лең та­лап-тілегін қанағат­танды­ра ал­ма­ды. Жал­пыұлттық көлем­де мерзімді бас­пасөз құру бұрынғысын­ша жал­пыұлттық проб­ле­ма бо­лып қала берді.

«Айқап» жур­на­лы.1911 жылғы 10 қаңтар­да Тро­ицкіде қазақ халқының та­рихын­дағы тұңғыш «Айқап» ұлттық жур­на­лының бірінші нөмірі шықты. Ұйым­дасты­рушы және бас­па­гер, иде­ялық бас­шы­сы және ре­дак­то­ры М. Се­ралин (1872–1929) бұрын пе­дагогтік және жур­на­листік қыз­метпен ай­на­лысқан, сол кез­ге қарай белгілі ақын, әде­би­етші, қоғам қай­рат­кері болған

«Айқап» жур­на­лы 1911 жылғы қаңтар­дан 1915 жылғы қыркүйек­ке дейін әуелгіде айына бір рет, ал со­нан соң екі рет шығып тұрды. Бар­лығы 88 нөмірі шықты, та­ралы­мы 1000 да­наға дейін жетті. «Айқап» жур­на­лы ағар­ту ісі мен мәде­ни­еттің жар­шы­сы бол­ды.

М. Се­ралин «Айқап» бет­терінде мұсыл­мандар­дың қаси­етті кіта­бының мазмұнын ыңғай­лы, түсінікті ны­сан­да ба­ян­дауға ты­рысқын ав­торлар­дың мақала­ларын жа­ри­ялап отыр­ды. «Айқап» жур­на­лының қазақ фоль­кло­рын зерт­те­удегі, абай­та­нуды қалып­тасты­рудағы, орыс және дүни­ежүзілік клас­си­калық әде­би­етінің ру­хани мұра­сын на­сихат­та­уда атқарған рөлі зор.

Бірінші дүни­ежүзілік соғыс­тың бас­та­луы жағдайын­да едәуір ши­еленіскен зор қар­жы қиын­дықта­ры, зи­ялы­лар­дың бір бөлігінің сол кез­ге қарай өзінің көркемдік то­лысқан­дығымен, қазақ әде­би тілін түле­туімен, стилінің сын­дарлы­лығымен және ең бас­ты­сы толғағы жет­кен жал­пыұлттық проб­ле­малар­ды қоюымен әйгілі болған «Қазақ» га­зеті жағына шығуы 1915 жыл­дың та­мызын­да «Айқап» жур­на­лы шығуының тоқта­тылу­ына се­беп бол­ды.



«Қазақ» га­зеті. «Қазақ» га­зеті ап­та­лық ба­сылым бо­лып шықты. 1913 жылғы ақпан­нан 1918 жылғы қаңтарға дейінгі ке­зең ішінде 3000 да­на та­ралым­мен 265 нөмірі жа­рық көрді. Же­келе­ген нөмірлері 8000 да­наға дейін же­тетін та­ралым­мен шықты. Ре­дак­ци­ялық алқа 1914 жылғы жаңа жыл­дық 45-нөмірінде га­зетті 10 об­лыстың қазақта­ры жаз­ды­рып ала­тынын ха­бар­лаған. Бұған қоса оны Орын­бор, Уфа, Қазан, Пе­тер­бург, Мәскеу, Томск қала­ларын­дағы, басқа да бірқатар қала­лар­дағы, сон­дай-ақ Түркия мен Қытай­дағы оқыр­мандар алып тұрды.

«Қазақ» га­зетінің ре­дак­то­ры Орын­борда ай­да­уда жүрген кезінде сол кез­ге қарай ағар­ту­шылық қозғалыс­тың та­нымал көшбас­шы­сы болған, аса көрнекті ақын, көсемсөзші, түркі тілінің ма­маны, ой-өрісі кең және ұлт да­му­ының жол­да­рын көре білген жа­лын­ды қоғам қай­рат­кері Ах­мет Байтұрсы­нов бол­ды. 1914 жылғы 19 ма­мыр­да Бас­пасөз істері жөніндегі бас басқар­ма­ның кеңсесі М. Ду­латовқа «Қазақ» га­зетінің екінші жа­уап­ты ре­дак­то­ры міндетін атқаруға рұқсат етті. «Қазақ» га­зеті 1918 жы­лы (№№261 – 265) Жанұзақ Жәнібе­ков­тың ре­дак­ци­ялауымен шықты.

XX ғасыр­дың ба­сын­дағы де­мок­ра­ти­яшыл қазақ зи­ялы­лары­ның бүкіл азат­тық қозғалы­сы сияқты, бұл га­зеттің де же­текші бағытын белгіле­уде қазақ халқының бос­тандығы жо­лын­дағы аса көрнекті күрес­кер, са­ясат­шы, эко­номист, та­рих­шы, эт­нограф, әде­би­ет­та­нушы, ста­тис­тик-со­ци­олог, көсемсөзші, эн­цикло­педи­ялық тұрғыдағы ғұла­ма Ә. Бөкей­ха­нов зор рөл атқар­ды.

Біртұтас бо­лып біріккен үштік – А. Байтұрсы­нов, М. Ду­латов, Ә. Бөкей­ха­нов қалың қазақ елінің мүддесін білдіріп, оның шам­шы­рағы болған ғасыр­дың ұлттық га­зетін құра білді.

Га­зетті оның негізін қала­ушы­лар «Қазақ» деп ата­ды. Ха­лықтың өз атын қал­пы­на келтіріп, олар сол арқылы отар­шы­лар та­рапы­нан бұра­тана­ларға менсінбей қарауға қар­сы на­разы­лық білдірді, қазақтар ара­сына ұлтжан­ды­лық мақта­ныш және бірлік иде­ясын та­рат­ты.

«Қазақ» шын мәнінде бүкілре­сейлік га­зет бол­ды. Ол ха­лықара­лық жағдайға жүйелі түрде тал­дау жа­сап, он­дағы Ре­сейдің рөлін анықтап отыр­ды, ел­дегі және ше­тел­дегі де­мог­ра­фи­ялық жағдай­ды ашып көрсетіп, бүкіл түрік дүни­есінің, мұсыл­мандар қозғалы­сының тағды­рын қадағала­ды. Га­зет Мем­ле­кеттік Ду­маның жұмы­сына, оның мінберінен қазақ халқының мүдде­лерін қорғау мәсе­лелеріне ерек­ше мүдделік та­ныт­ты.



Қазақ әде­би­еті. Ре­сей­дегі XX ғасыр­дың ба­сын­дағы ре­волю­ци­ялық қозғалыс ұлттық шет ай­мақтар­дың, со­ның ішінде Қазақстан­ның да жағдайына әсерін тигізді. Са­ны аз ұлттық зи­ялы­лар осы жағдай­ды пай­да­ланып, тәуелсіздік пен бос­тандық үшін, ха­лықты ғасыр­лар бойын­дағы ұйқыдан ояту үшін, қос езгіден: пат­ша өкіметінің отар­шылдық бұғауынан және жергілікті пат­ри­ар­хаттық-ру­лық зор­лық-зом­бы­лықтан құты­лу үшін күрес бас­та­ды. Зи­ялы­лар ха­лықты тәуелсіздік жо­лына шығар­ды, білімді, ғылым­ды, өнерді меңге­руге шақыр­ды.

XX ғасыр­дың ба­сын­дағы қазақ әде­би­еті да­му­ының ерек­шелігі оның басқа ха­лықтар­дың әде­би­ет­терімен бай­ла­нысы бо­лып та­была­ды. Та­рихи жағдай қоғам­дық-эко­номи­калық бай­ла­ныс­тардың күшеюіне се­бепші бо­лып қана қой­май, ру­хани мәде­ни­ет са­ласын­дағы қарым-қаты­нас үрдісін жан­данды­ра түсті. XX ғасыр­дың ба­сын­дағы қазақ әде­би­еті сол та­рихи дәуірдегі ха­лық өмірінің шын­дығы ту­ралы көркем шежіре бол­ды.



Ах­мет Байтұрсы­нов(1873–1938)– XX ғасыр­дың ба­сын­дағы қазақ әде­би­етінің бос­тандық пен тәуелсіздік жо­лын­дағы күрес иде­ясы­мен байытқан ақын. Ол қазақ тілінің ре­фор­ма­торы. Ол араб гра­фика­сы негізінде әліпби жа­сады. 1912 жы­лы бас­талған бұл жұмыс 1924 жы­лы «Жаңа ем­ле» ретінде рес­ми қабыл­данды. А. Байтұрсы­нов «Оқу құра­лы» (1912) және «Тіл құра­лы» оқулықта­рын жаз­ды, олар үш бөлімнен: фо­нети­ка, мор­фо­логия, син­таксис бөлімдерінен тұра­ды. А. Байтұрсы­нов­тың оқулықта­ры қазақтар үшін ғана емес, со­нымен қатар бүкіл түркі тілдес дүние үшін де жаңалық бол­ды. Кейінірек­те ол әдісте­мелік си­пат­тағы «Ба­ян­шы» (1926), «Тіл жұмсар­ту» (1928) де­ген кітап­тар шығар­ды. Әде­би­ет­та­ну жөніндегі тұңғыш еңбек — «Әде­би­ет та­нытқыш» (1926) та Байтұрсы­нов­тың ту­ын­ды­сы.

Міржақып Ду­латов(1885–1935)— Ах­мет Байтұрсы­нов­тың ха­лық бос­тандығы жо­лын­дағы күрес жыл­да­рын­да да, әде­би­ет са­ласын­да да оны­мен қатар жүрген серігі. Оның «Оян, қазақ!» (Уфа,1909) жи­нағы – ха­лық тағды­рының проб­ле­мала­ры өткір көтерілетін алғашқы ту­ын­ды­лар­дың бірі.

«Оян, қазақ!» жа­рыққа шыққан кезінен бас­тап отар­шылдыққа қар­сы бағыт­талған кітап ретінде қабыл­данды, оның та­ралы­мы жойып жіберілді, ал ав­то­ры қуғынға ұшы­рап, та­лай рет түрме­ге қамал­ды. Алай­да бұл ақын­ды мойыт­па­ды, ол өзінің әде­би-көсемсөздік қыз­метін сол күйінде бел­сенді түрде жалғас­ты­ра берді. Бұл ке­зеңде ол «Бақыт­сыз Жа­мал» ро­манын (Орын­бор, 1910), «Аза­мат» (Орын­бор, 1913), «Тер­ме» (Орын­бор, 1915) де­ген жи­нақта­рын шығара­ды. 1913 жыл­дан бас­тап Орын­борда тұрақты тұрып, Ах­мет Байтұрсы­нов­пен бірге «Қазақ» га­зетін шығара­ды.

М. Ду­латов орыс және ше­тел клас­сиктерінің (Пуш­кин, Лер­монтов, Шил­лер, Тоқай) бірқатар ту­ын­ды­ларын аудар­ды. Ду­латов­тың қазақ көсемсөзін да­мытуға да қосқан үлесі баға жеткісіз.

Сұлтан­махмұт То­райғыров(1893–1920) – тәуелсіздік ісіне, ха­лықтың прог­ресс пен мәде­ни­ет жо­лымен да­му­ына зор үлес қосқан ақын. Ол өткір сы­ни бағыт­тағы, әділетсіз өмір бет пер­десін аша­тын, на­дан­дық пен қараңғылықты түй­рейтін ту­ын­ды­лар жаз­ды. Отар­шылдыққа қар­сы күрес­кен ба­уыр­ла­рына ын­ты­мақтас­тық ни­ет көрсе­те оты­рып, С. То­райғыров «Та­ныс­ты­ру» де­ген по­эма­сын­да (1918) Ду­латов­ты, Байтұрсы­нов­ты, Бөкей­ха­нов­ты «күн», «таң», «ай» деп атай­ды.

Сұлтан­махмұт қазақ әде­би­етін оның көркемдік-эс­те­тика­лық да­муы тұрғысы­нан байыт­ты. Бұлар­мен қатар ол қазақ әде­би­еті үшін жаңа жанр­лар­ды қалып­тасты­ру мен да­мыту ісінде біраз іс тын­дырды. Оның өлеңмен жа­зылған «Қамар сұлу», «Кім жа­зықты» ро­ман­да­ры, «Адасқан өмір», «Ке­дей» по­эма­лары, ли­рика­лық өлеңдері, көсемсөздік, сын мақала­лары оның көркемдік ізденістерінің сан қыр­лы және жан жақты болғанын ашып көрсе­теді.

Үгіттік-ұран­шыл өлеңдер шеңберінен шығып, ол та­биғат және адам­ның ішкі дүни­есі ту­ралы те­реңдігі мен көркемдігі жағынан та­маша ли­рика­лық өлеңдер туғыз­ды. Ақын әлі де фе­одал­дық-пат­ри­ар­хаттық негіздердің шыр­ма­уын­да қалып, қараңғылық пен на­дан­дық күн кеш­кен қазақ қоғамы да­му­ының өткір әле­уметтік проб­ле­мала­рын ашып көрсе­те білді («Кім жа­зықты»). Оның уақыт­ты, дәуірді фи­лосо­фи­ялық ой елегінен өткізу­ге құрылған по­эма­лары ли­рика­лық-пуб­листи­калық по­эма жан­ры­ның жаңа да жарқын үлгілері бол­ды. Қазақ әде­би­етінде Абай негізін қалаған ре­алистік өнердің жоғары үлгілерін біз Сұлтан­махмұттың шығар­ма­шылығынан та­ба ала­мыз.

Қазақ әде­би­етінің сын­шыл бағытын да­мыту­да, көркемдік құрал­дар арқылы ағар­ту­шылық иде­яла­рын асқақта­туда Шәкәрім (1858–1931), Сәбит Дөнен­та­ев (1894–1933), Мұха­мед­жан Се­ралин (1872–1929), Спан­ди­яр Көбе­ев (1878–1956), Бе­кет Өтетіле­уов (1883–1949), Әріп Тәңірбер­ге­нов (1856–1924), Ғұмар Қара­шев (1876–1921), Тұрмағам­бет Ізтіле­уов (1882–1939), Бер­ни­яз Күле­ев (1899–1923), Нар­манбет Ор­манбе­тов (1870–1918) және басқалар шығар­ма­шылығының ерек­ше маңызы бол­ды.



Қорытынды сұрақтар:

1. 1916 жылғы көтерілістің тарихи маңызы.

2.Ақпан төңкерісінің қазақ қоғамына тигізген әсері.

3.Қазақ өлкесін зерттеген орыс ғалымдарының еңбектерін атаңыз?

4.Мерзімдік басылымдарды атаңдар?

ІХ. Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин (22 %)

1.Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу.

2.Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру.

Х. Сабақты қорытындылау: 5 мин (6%)

1.Оқушыларды бағалау.

2.Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау.

6. Үйге тапсырма беру: 5 мин (6%)

1916 ж. Ұлт-азаттық революциясының себептері,сипаты,қозғаушы күші. Саяси партиялардың қалыптасуы және қызметтері.



Кестені толтырыңыз:

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс



Себебі




Жарғыдан кейінгі жағдай













Көтеріліс болған жерлер




Көтерілістің сипаты




Қозғаушы күштері




Басшылары




Көтерілісшілердің алғашқы күрес түрі




Қара жұмыстан босатылғандар




Басқа ұлт өкілдерінің қатысуы




Жеңілу себептері




Тарихи маңызы




Көтеріліске жөнінде көркем шығармалар



Жоспар бойынша ұсынылатын әдебиеттер:

1.Асфендияров С. Қазақстан тарихы. – Алматы, 1993.

2.Қазақстан тарихы. Очерктер. – Алматы, 1994.

3.Қазақстан тарихы (ежелгі дүниеден бүгінгі күнге дейін) 5 томдық, І Т. – Алматы, 1996.

4.Қазақстан тарихы ежелгі дүниеден бастап бүгінгі күнге дейін, Оқу құралы. – Алматы, 1993.

5.Мусин Ч. Қазақстан тарихы. – Алматы, 2003.

Қосымша әдебиет

1.Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы, оқулық хрестоматия. – Астана, 2000.

2.Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. – Алматы, 1997.

3.Рыспаев К. Қазақстан Республикасының тарихы. – Алматы, 1999.

4.Сарыбаев С. Қазақстан тарихы. –Алматы, 1997

Реферат,өзіндік жұмыстар жасау.



18

Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы.



1-ші аралық бақылау сұрақтары
1. Қазақстан тарихы пәні, оның мақсаты мен міндеттері және дерек көздері.

2. Қазақстан жеріндегі алғашқы қауымдық құрылыс.

3. Тас ғасыры және оның кезеңдері.

4. Қола дәуірінің ерекшелігі және кезеңдерге бөлу.

5. Андронов мәдениетінің шаруашылығы, қолөнері және үй кәсіпшілігі.

6. Андроновшылардың қоғамдық құрылысы.

7. Қола дәуірдегі дін және өнер.

8. Сақ тайпа одағының саяси тарихы мен шаруашылығы және мәдениеті.

9. Үйсін мемлекетінің саяси тарихы мен мәдениеті.

10.Қаңлы мемлекетінің саяси тарихы мен мәдениеті.

11. Ғұн мемлекеті және оның Евразия аумағындағы алатын ролі.

12. Сарматтар және олардың саяси тарихы.

13.VІ-VІІІ ғасырлардағы ортағасырлық мемлекеттер.

14. Батыс Түрік қағанаты.

15. Түргеш қағанаты.

16. Қарлұқ қағанаты.

17. Оғыз мемлекеті.

18. Қимақ қағанаты.

19. Қарахан мемлекеті.

20. Қыпшақ хандығы.

21. Қарақытай мемлекеті.

22. Найман, керей, жалайыр.

23. ІХ-ХІІ ғасырлардағы ортағасырлық мемлекеттер

24 Қазақстан аумағындағы ҮІ-ХІІ ғасырлардағы мәдениет пен аруашылық.

25. Ұлы жібек жолы.

26. Ортағасырлық қалалар.

27. Монғол мемлекетінің құрылуы. Шыңғыс хан.

28. Монғолдардың Қазақстан мен Орта Азия жерлерін жаулап алуы.

29. Жошы ұлысы және Алтын Орда тарихы.

30. Ақ Орда тарихы.

31. Шағатай ұлысы және Моғолстан.

32. Әмір Темір мемлекеті.

33. Көшпелі өзбектер мемлекеті.

34. Ноғай ордасы және Сібір хандығы.

35. «Қазақ» этнонимі және қазақ халқының қалыптасуы.

36. Жүздердің құрылуы.

37. Қазақ хандығының құрылуы.

38. ХVғ. 70- жылдарынан кейінгі және ХVІғ. басындағы Қазақ хандығы.

39. ХVІ-ХVІІІ ғғ. басындағы Қазақ хандығы ішкі және сыртқы жағдайы.

40. Қазақ-жоңғар қатынастарының шиеленісуі.

41. Тәуке хан. Жеті жарғы.

42. Қазақ батырлары.

43. Қазақ билері.

44. Қазақ-жоңғар шайқастары.

45. Патша өкіметінің отаршылдық саясаты және Ресейдің Қазақ жүздерін құрамына қосып алуы.

46.Абылай хан.

47. ХV-ХVІІІғғ. Қазақстан мәдениеті.

48. Кіші жүз қазақтарының 1773 - 1775 Е.Пугачов бастаған шаруалар соғысына қатысуы.

49.С.Датұлы бастаған 1783 - 1797 жж көтеріліс.

50. И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған Бөкей ордасындағы көтеріліс.

51. Ж.Нұрмұхаммедұлы бастаған Сыр қазақтарының көтерілісі.

52. Қ.Қасымұлы басқарған ұлт - азаттық көтеріліс.

53. Хандық биліктіңғ жойылуы.

54. Ресейдің қазақ жерін қосып алуының аяқталуы.

55. Х1Х ғасырдың 60-90 жылдардағы әкімшілік реформалары.

56..Орыс шаруаларының қоныс аударуы.

57. Капиталистік қатынастардың қалыптасуы мен дамуы.

58..XXғ. басындағы өлкенің әлеуметтік-экономикалық жағдайы.

59. XXғ. басындағы өлкенің саяси өмірдің жандануы.

60. Столыпиннің аграрлық реформасы.

61. XIX ғасырдың II жартысы мен XX ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті.

62. І-ші дүниенжүзілік соғыс және Ақпан төңкерісі.



63. 1917 жылы қазан төңкерісі. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет