ОңТҮстiк қазақстан мемлекеттiк педагогикалық институты



бет23/43
Дата20.10.2023
өлшемі5,78 Mb.
#187218
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   43
Байланысты:
жасуша зерт ок

Қор заттары
Жасуша тіршілігінің нәтижесіңде болатын заттарды эргастикалық заттар деп атайды. Олар әр түрлі химиялық құрамда болады. Эргастика заттары жасушаның әр бөліктерінде жинала береді. Олардың кейбіреулері қор заттары болып табылады. Өсімдіктерде болатын қор заттары – көмірсулар, майлар және белоктар. Суда еритін көмірсулар негізінен жасуша сөлінде ерітінді түрінде жиналады. Ерімейтін көмірсулардың ең көп таралғаны - крахмал. Оның молекулалық формуласы - (С6Н10О5)n. Әсіресс крахмал тамыр жемістілер мен түйін жемістілерде мол болады. Крахмал түйіршіктері көбіне лейкопласттарға жиналады. Полиқанттардың басқа бір түрі гемицелюлоза кейбір өсімдіктердің жемістеріне жиналады. Қор заты болып табылатын белок- алейрон өсімдік дәндерінің қор ұлпадарына жинақталады. Белок - алейрон дән піскеде, вакуольдер қатайып, вакуольмен қоршалған алейрон түйіршіктеріне айналады. Кейде қор белоктары лейкопласттарда кристалдар түзіп, алейронопласттарға немесе протеинопласттарға айналады.
Май - тамшы түрінде цитоплазмада болады, немесе лейкопласттардың бір түрі - элайопласттарға жинақталады. Май кор ретінде көптеген өсімдіктердің жемістері мен дәндеріне жиналады.
Жануар жасушаларында да қор заттары тұнық май түйіршіктері түрінде белоктар және полиқант - гликоген түрінде кездессді. Бұл қоректік заттар негізінде барлық жануар жасушаларында болады. Бірақ олардың мөлшері әр түрлі жасушаларда әр түрлі. Гликоген нерв, бауыр және бұлшық еттерде мол жиналады. Организм қарқынды жұмыс істегенде, әсіресе физикалық жұмыс істегенде ұлпадардағы гликоген мөлшері күрт азая бастайды. Гликоген организм жұмыс істегенде май қышқылдарына дейін ыдырап, жұмсалған энергияның орнын толтырып отырады, немесе сол энергия үшін жұмсалып отырады. Дегенмен, жасушалар цитоплазмасындағы май түйіршіктерінің әдеттен тыс көбеюі жасушалардағы метаболикалық процестердің бұзылғандығын көрсетеді.


Орындалатын тапсырмалар:
1. Бұршақ тұқымдастарының дәнінен крахмал түйіршіктерін және алейронды микроскоп арқылы бағдарлау.Ол үшін бұршақ тұқымдастардың бір түрінің дәнін тексермес алдын бір сөтке бойы суға салып қояды. Тексерер алдын дәннің сыртқы қабығын сыдырып алады. Етті бұршақ жарнағынан алмаспен жұқа етіп кесіп препарат шынысының бетіне тамызылған суға салады. Оған йодты калий ерітіндісін тамызады да жамылшы әйнекпен бастырады. Микроскоппен қарағанда мейілінше жұқа кесілген ұлпа бөлшегін қарауға болады.
Бұршақ жарнақтары айтарлықтай ірі, домалақ немесе сопақша келген жасушалардан тұрады. Жасушалар арасында жасуша аралықтар болады. Жасушалардан йодтан көгерген крахмал түйіршіктерін және көптеген бұрыш-бүрыш майда қоректік алейронды көруге болады. Йодтан белок алтын сары түске енеді.
Студенттер осы көрген крахмал және белок суреттерін альбомға түсіру керек.

  1. Май коспасының нәзік құрылысы. Электронды микроскоппен қарағанда май тамшысы тығыз болып көрінеді. Шетінде ақшылдау қабаты болады. Май түйіршігінің сыртында мембрана орналасқан. Түйіршіктердің айналасынан митохондрияларды байқауға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет