ОңТҮстiк қазақстан мемлекеттiк педагогикалық институты



бет21/43
Дата20.10.2023
өлшемі5,78 Mb.
#187218
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   43
Байланысты:
жасуша зерт ок

Орындалатын тапсырмалар:

  1. Рибосомалардың құралдағы жоба суретімен танысып, арнайы альбомға жай және түрлі түсті қарындаштармен көшіріп салу керек.

  2. Жасуша орталығының жоба суреттерін көшіріп салу.








13 сурет. Полисома мен рибосома


Микротүтікшелер дегеніміз - диаметрі 20 нм келетін түтікше құрылымдар. Олар жасушаның пішінін келтіріп тұратын цитоплазманың қаңқасы сияқты құрылымдар. Сондай-ақ жасушаның секрет бөлуі және жасуша органоидтарының тасымал қызметі де микротүтікшелердің қатысуымен жүзеге асады. Сонымен бірге бөліну жіпшелері, жасуша орталығы, базальды денешіктер, талшықтар мен кірпікшелер де микротүтікшелерден тұратын жасуша құрылымдары. Жасуша қанқасын түзетін микротүтікшелер әр уақытта тубулин бөлшектеріне ыдырап, кейіннен қайталап жиналып микротүтікшелерге айналып отырады. Ол әсірссе жасушалар митозы кезінде байқалады.


Микрофибриллалар мен микрофиломенттер дегеніміз цитоплазмада кездесетін жіңішке белок жіпшелер. Микрофибриллалардынң диаметрі 10 нм-дей болса, ал микрофиломенттер одан да жіңішкерек, диаметрі 5-6 нм белок жіпшелер. Микротүтікшелер жасушада қаңқа қызметін атқаратын болса, микрофибриллалар мен микрофиломенттер жасушада қозғалыс қызметін атқарады. Актинді микрофиломенттер цитоплазманың картикальды қабатында плазма мембранысының астына орналасып қабаттар мен топтар түзеді. Жасушада актинді микрофиломенттерден бұл екі түрі қосылып жасушада жиырылу қызметін атқкарады. Микрофибриллалар тікелей жиырылуға қатыспағанымен жасушаның пішініне әсер етіп, оның органоидтарына тірек қызметін атқарады. Микротүтікшелердің ұзындығы 2,5 мкм-ге дейін жетеді. Олардың диаметрі 20-30 нм-дей, түтікше қабырғасының қалыңдығы 4,5-5,0 нм-дей.
Кірпікшелер мен талшықтар - бір жасушалы және көп жасушалы жануарларда, өсімдіктер мен прокариот жасушаларда да кездеседі. Олар сыртқы мембранамен қапталған микротүтікшелерден тұрады. Микротүтікшелердің тоғыз жұбы шетіне, ал бір жұбы ортасына орналасқан. Жұп микротүтікшелердің шеңбердің ортасына жақынанда мүйіз тәрізді өсінділері болады. Оны микротүтікшелердің сабы (ручка) деп атайды. Микротүтікшелердің төменгі жағы базальды денешіктермен аяқталады. Жалпы кірпікшелср мен талшықтардың диаметрі 150 нм-дей болады. Прокариоттардың талшықтарының құрылысы қарапайымдау келеді. Олар бір кейде екі диаметрі 20 нм келетін микротүтікшелерден тұрады. Талшықтар мен кірпікшелердің екеуінің де құрылысы бірдей. Олардың табанында базальды денешіктер орналасады. Базальды денешіктердің даметрі 200 нм-дей. Кірпікшелер мен талшықтардың бір-бірінен айырмашылығы олардың саны мен ұзындығында. Кірпікшелер бір жасушада жүздеп саналса, талшықтар біреу не екеу болады. Кірпікшелердің ұзындығы 5-10 мкм-дей болса, талшықтардың ұзындығы 150 мкм-дей болады. Кірпікшелер мен талшықтар бір жасушалы организмдерде олардың сұйықтықта қозғалуын қамтамасыз ететін болса, көп жасушалы организмдерде қоршаған сұйықтықтың және ондағы денешіктердің қозғалуын қамтамасыз етеді. Кірпікшелер тек бір бағытта ғана қозгалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет