ОңТҮстiк қазақстан мемлекеттiк педагогикалық институты



бет17/43
Дата20.10.2023
өлшемі5,78 Mb.
#187218
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   43
Байланысты:
жасуша зерт ок

Түсінік: Плазмалемма қандай да болмасын жасушаның қабықшасы. Оны жай микроскоппен зерттеп, қарауға болмайды. Плазмалық мембрана жасушаны қоршаған ортадан бөліп тұрады. Плазмалеммада басқа да мембраналар сияқты липопротендті құрылыстардан тұрады. Оның қалындығы 10 нм-дей. Қалың мембраналардың бірі саналады. Әртүрлі мембраналарда белоктар мен липидтердің арақатынасы және сапасы әрқалай болады. Мысалға пластинкалы комплекстің мембраналарының көбі холестерин болады. Плазмалық мембранаға гликокаликс бірігіп кеткен. Гликокаликс дегеніміз плазмалемманың сыртын қаптап жататын көмірсулар мен протеидтердің комплексі. Плазмалеммада болатын белоктардың бір бөлігі гликокаликсте орналасқан. Көмірсулардан гликокаликсте гликурон қышқылы, гексозамен, фукоза және сиал қышқылдары кездеседі. Көмірсу плазмалық мембрананың құрғақ массасының 10 процентіне дейінін құрайды. Плазмалемманың ішкі цитоплазма жағын микрофиломентті кортикальды қабат алып жатады.
Плазмалық мембрана жасуша тіршілігінде өте маңызды биологиялық қызметтер атқарады. Жасушаға керекті заттарды тасымалдап, керексіз заттарды жасушадан шығарып отырады. Осылайша қоршаған ортамен тұрақты зат алмасуын қамтамасыз етеді. Мембрана құрамында белоктардың болуы жасушадағы су және иондар алмасуына септігін тигізеді. Қоректік заттарды қарқынды сіңіретін ішек жасушаларының бетінде плазмалық мембрананың сіңіру ауданын көбейтетіи арнайы микротүкшелері болады. Микротүкшелерді тек электронды микроскоп арқылы ғана көруге болады. Жай микроскопта олар шөтке тәрізді бедерлер түрінде көрінеді. Мембрана сыртында көптеген ферменттер бар. Олар жасушадан тыс ас қорыту процестеріне қатысады. Жасушадан тыс күрделі полимерлерден жай қосылыстарға ыдыраған заттар диффузия арқылы жасушаға еніп отырады. Ал макромолекулалар жасушаға фагоцитоз, немесе циноцитоз арқылы плазмалық мембрананың активті қызметінің арқасында еніп отырады. Жасушадан плазмалемма арқылы секреттер, метаболизм қалдықтары және де басқа жасушаға керексіз заттар шығарылып отырады. Плазмалемманың маңызды қызметінің бірі - жасушаларды бір бірімен байланыстыруы. Көптеген жасушалар плазмалемма бетіндегі кірпікшелерімен, болмаса талшықтарымен қозғалса, хитин және кутикулалы құрылымдар жасушада қорғаныс қызметін атқарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет