ОңТҮстiк қазақстан мемлекеттiк педагогикалық институты


Сурет-18. Эндоплазмалық тордың электронды микроскоптан көрінісі Сурет-19



бет25/43
Дата20.10.2023
өлшемі5,78 Mb.
#187218
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   43
Байланысты:
жасуша зерт ок

Сурет-18. Эндоплазмалық тордың электронды микроскоптан көрінісі


Сурет-19. Ұйқы безінің ацинарлы жасушаларындағы эндоплазмалық торы


Орындалатын тапсырмалар:

1. Тұт көбелегі жұлдыз құртының жібек бөлетін бөлімінің жасушаларының электроңды микрофотосымен танысып, оны арнайы альбомға жай және түрлі түсті қарындаштармен көшіріп салу қажет.


2. Өсімдік жасушасының тегіс эндоплазмалық торының электронды микрофотосымен танысып, оны арнайы альбомға жай және түрлі түсті қарындаштармен көшіріп салу керек.
Гольджи аппараты немесе пластинкалы комплекс
Бұл органоид 1898 жылы бірінші рет итальян ғалымы Гольджи нерв жасушаларын зерттегенде ашылған. Кейіннен пластинкалы комплекс омыртқалылар мен омыртқасыздардың басқа да ұлпадарынан табылған. Жай микроскоппен пластинкалы комплекстің тор және диктиосомалы түрінде, немесе оның жинақы болмаса диффузиялы түрінде болатындығын анықтауға болады. Пластинкалы комплекстің жинақы түрі ядроға жақын орналасатын болса ал диктиосомалы түрі цитоплазмада әр қалай орналаса береді. Пластинкалы комплекстің өсімдік пен омыртқасыз жануарларда көбіне диктиосомалар түрі кезігеді.
Кейінгі кезде көптеген зерттеушілер оны энлоплазмалық тор элементтеріне жатқызып жүр. Себебі электронды микроскоппен қарағанда олар жасуша ішіндегі мембраналық құрылымдар: вакуольдер мен қуысшалардан тұратындығын байқайсың. Олар жалпақ қуысшалар, әртүрлі көлемдегі вакуольдер мен майда көпіршіктерден тұрады. Бұл жүйе эндоплазмалық торлар мен плазма мембранасымен байланысты. Пластинкалы комплекстің элементтері көбіне 5-8-12 жалпақ қуысшалардан бір бірінің үстіне орналасқан топтарынан тұрады. Дегенмен олардың саны, көлемі және бір бірінен ара қашықтығы әр түрлі ұлпадарда әр қалай бола береді.
Пластинкалы комплекстің қызметі жасушалардың секрет бөлуімен байланысты. Алдымен белок секреттері эндоплазмалық торлардың рибосомаларында жүреді. Кейіннен олар пластинкалы комплекстің қуысшаларына өтеді. Бұл жерде секрет конденсацияланып, тығыздалады. Соңынан пластинкалы комплекстен мембранамен қапталып, үзіліп секрет түйірлеріне айналады. Лизосомалардың пайда болуы түйірлерінің пайда болуына сәйкес. Тек бұл құрылымдардың кейінгі тағдыры ғана әр түрлі. Егер секрет түйірлері жасушадан шығарылатын болса, лизосомалар жасушада қалып, жасуша ішіндегі ас корыту процестеріне қатысады. Осылайша пластинкалы комплекс тек секрет түзумен айналыспай, жасуша ішіндегі ас қорыту процесіне қатысады. Пластанкалы комплекс жасушадағы май алмасуына және көмірсу, белоктар алмасуына қатысып, жасуша ішіндегі әр түрлі қоспалар түзілуіне қатысады. Ұлпадардағы заттар сіңірілуі және шығарылуы Гольджи жүйесінің қызметі. ІІластинкалы комплекстің мембраналары жасуша қоспаларын гиалоплазмадан бөліп тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет