ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ факультеті
Биология кафедрасы
Жасуша биологиясы пәнінен
ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Шымкент
2022
Жасуша пәнінен зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау, Биология кафедрасының мәжілісінде талқыланып, бекітілді № 1 хаттама, 27.08.2022 ж.
Құрастырғандар: Айтбаева А.Е. Ешимбетова Г.С.
Нұсқауда студенттерге жасуша және жасуша теориясын, жасушаның құрылымын, оның басты органоидтарын толық ұғындыру. Әдістемелік құралда жасушаның химиялық құрамы, құрылысы, атқаратын қызметі, зат алмасуы, энергиясы мен информациясы, тітіркенгіштігі туралы білімді қалыптастыру бағытындағы кең, көлемді мәселелерді қамтиды. Зертханалық жұмыстарда студенттердің өз бетінше жұмыс істеуіне ерекше көңіл бөлінген.
Алғы сөз
Жасуша биологиясы өсімдік және жануар жасушаларынан, ұлпаларынан тікелей жасалған, болмаса тұрақты препараттарды зерттеуге бағытталған. Осыған қосымша кұралда жай микроскоппен көрінбейтін, тек электронды микроскоп арқылы ғана көрінетін жасуша құрылысының немесе органоидта-рының жоба суреттері беріледі. Мұндағы мақсат студенттерді өз бетімен оқуға, ізденуге, қисынды пікірлер дамытуға және жасуша биологиясы пәнінен алған білімдерін басқа пәндерді оқығанда пайдалана білуге үйрету. Бұл, біріншіден, оқытушыны қосымша түсіндіруден босатып, екіншіден, студенттерге өз бетімен құралды пайдалана отырып, цитологиялық препараттарды зерттеуге немесе берілген өсімдік пен оның өнімдерінен препараттар дайындауға, құралдағы мағлұматтарға көніл қойып мәнін түсінуте көмектеседі. Студентгер микроскоппен жұмыс істегенде міндетті түрде препараттың көрінісін салуы қажет. Ол үшін оның лабораториялық және практикалык жұмыстарға арналған дәптері, арнайы альбомы, жұмсақ қара және түрлі-түсті қарындаштары болуы керек. Суретті салғанда жасуша құрылымының ұзындық және ендік қатынастарын сактағаны жөн. Құралдағыдай сурет атауларын, оның кұрылымдарының аттарын жандарына жазып көрсеткіш сызықтарды құрылымдарға қарай бағыттаған орынды. Ол студенттердің жасуша құрылымдарын, органоидтарын жадында берік сақтап қалуға жәрдемдеседі. Әр суреттің аты, препарат алынған өсімдіктер мен жануарлардың түрлері, препаратты өндеу тәсілі және сурет қаншалықты ұлғайтылғандығы жазылғаны жөн.
Препаратты зерттеу әр уақытта микроскоптың кішкене ұлғайтқышымен қараудан басталады. Сондықтанда тақырыпқа сай ұсынылған препаратты жақсылап солдан оңға, жоғарыдан төмен толық қарап шығып, сабақтга бел-гіленген бөлшектерді көріп, жақсы боялған, жұқа кесінділерін белгілеп, тұжырымдап алу қажет. Кейіннен барып оны үлкен ұлғайтқыштармен қарай бастайды. Препараттарды зерттеп, түсініп алған соң барып оның суретін салып, аттарын жазып қою керек. Оқытушының міндеті жіберілген қате болса оларды жоюға студенттерге кеңес беріп, бақылау сұрақтарына берген жауаптарына әділ баға беру.
Достарыңызбен бөлісу: |