ОңТҮстiк қазақстан мемлекеттiк педагогикалық институты



бет9/43
Дата20.10.2023
өлшемі5,78 Mb.
#187218
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   43
Байланысты:
жасуша зерт ок
9 лекция, жасуша зерт ок, жасуша зерт ок
Липидтер
Липидтерге майлар жэне май тэрізді заттар — липоидтер жатады. Липидтердің молекуласының кұрамына С, Н, О атомдары кіреді. Құрамындағы элементтердің байланысына жэне кұрылымына қарай липидтер алуан түрлі болып келеді. Барлык липидтерге тэн жалпы касиет — олардың молекулаларының полюссіздігінде (гидрофобтылығында). Сондыктан липидтер полюссіз сұйықтықтарда: бензинде, эфирде, хлороформда жақсы, ал суда нашар ериді. Липидтердің гидрофобты (грекше hydor — су жэне phobos — қоркыныш) қасиет көрсетуінің жасуша тіршілігіндегі маңызы зор. Себебі жасуша мембранасының ортаңғы екі қабаты фосфолипид молекуласынан тұрады. Фосфолипид молекуласы жасушаға сырттан кажетсіз заттарды өткізбейді жэне сыртқы ортаға жасушадағы заттарды шығармайды. Осының нәтижесінде жасушаның химиялық ортасы тұрақты болып сақталады. Липидтердің ішінде көп таралғаны және ең негізгісі — майлар. Майлардың химиялық құрылымы күрделі болып келеді. Оның молекуласы үш атомды спирт — глицерин мен жогары молекулалы май қышкылдарынан тұратындығы Липидтердін кызметтері
Липидтер барлык тірі жасушаларда болады, осыған орай организмде мынадай маңызды қызметтер атқарады: құрылыс, энергия көзі, қоректік зат, корғаныштық, метаболизмдік жэне т.б.
Қүрылымдык. Нэруызбен бірге жарғақша қүрамына кіріп, оның жартылай өткізгіштігін қамтамасыз етеді. Регуляторлык. Кейбір гормондар липидтік табигатты болады.
Қорганыштык. Жылуды сақтайды, ішкі мүшелерді қоргайды, тері астындағы май созылғыштықты камтамасыз етеді.
Жануарлар организмі үшін су көзі
Энергияны депонирлеу. 1 г май ыдырауының нәтижесінде 39 кДж немесе 9,5 ккал энергия бөлінеді.
Пигменттер
Пигменттер (лат. pigmentum — бояу), биологияда — ағза ұлпасы күрамында болатын боялган заттар. Пигменттердің түсі күн спектрінің эр түрлі сэулесін сіңіретін хромофор тобына байланысты анықталады. Пигменттердің ағза тіршілігінде, эсіресе фотобиология процесінде маңызы зор.
Жануарлар мен өсімдіктер ағзасында порфирин, каротиноид Пигменттері көп мөлшерде кездеседі. Порфирин жасыл өсімдіктердің хлорофилл молекуласында; фотосинтезге қатысатын бактериялардың бактерио- хлорофиллдерінде; жануарлардың тыныс алу процесіне қатысты пигменттерінде (гемоглобин, миоглобин, хлорокруорин, т.б.) болады. Өсімдіктердің гүлі, жемісі, жапырағына түс беретін, химиялық құрылысы, түсі мен таралуы жөнінде бір-бірінен ерекшеленетін заттар (антоциандар, флавондар) өсімдік Пигменттерінің үлкен тобы — флавоноидтердің қүрамына кіреді.
Жануарлардың көру мүшесінде кұрамы күрделі көру Пигменттері бар. Пигменттер жасуша мен түрлі мүшелерде сүйық күйде болады. Адам ағзасындагы Пигменттер алмасуы бүзылуының бұзылуы ағнаны ауруға шалдықтырады. Пигменттердің өзгеріске ұшырауы тұқым куадайды жэне жүре пайда болады. Пигменттер алмасуы бұзылуының жүре пайда болуы бауырдың ауруынан (гепатит, ісік, т.б.), ағзада дәруменнің жетіспеуінен, қан ауруларының асқынуынан болады.
Бақылау сұрақтары:

  1. Клеткалық косылыстар дегеніміз?.

  2. Ақуыз таралуы және кызметі?

  3. Көмірсу дегеніміз ?

  4. Липидтердің қызмет

3 с а б а қ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет