ОңТҮстiк қазақстан мемлекеттiк педагогикалық институты



бет11/43
Дата20.10.2023
өлшемі5,78 Mb.
#187218
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   43
Байланысты:
жасуша зерт ок

Орындалатын тапсырмалар:
1. Прокариот жасушалардың тұрақты препараттарын микроскоп арқылы бағдарлау.
2. Прокариот жасушалардың жоба суретін арнайы альбомға түрлі-түсті қарындаштармен көшіріп салу.
3
. Көк жасыл балдырлардың өкілі осцилаториядан препарат дайын-дап, микроскоп арқылы бағдарлау.
Сурет-3. Таяқша тәрізді бактерия жасушасы құрылысының жалпы схемасы

Осцилатория - кең таралған, ылғал жерлерде жаңбырдан кейін пайда болатын көк-жасыл қабыршақ. Осындай қабыршақтың кішкентай бөлігін препарат шынысының бетіне қойып, үстін жабын әйнегімен бастырамыз. Дайын болған препаратты алдымен кішкентай ұлғайтқыш арқылы, кейіннен үлкен ұлғайтқыш арқылы микроскоппен қарауға болады.


Балдыр ұзынша жіп сияқты. Олар кеспек тәрізді жасушалардан тұрғанымен жасушалардың арасын көбіне байқау қиын. Жіпшелер тербеліп немесе өз діңгегінде айналып қозғалуы мүмкін.
Көк жасыл балдырлар жасушасының нәзік құрылымын электрон микроскоп арқылы көлденең қиындысынан зерттеуге болады.
Сонымен бірге, фотосинтез процесін жүргізетін пластидтері, әсіресе оның ішінде хлоропласттар, жасуша сөліне толы аса ірі вакуольдері болады. Дегенмен жоғарыда айтылған өсімдіктер жасушаларының ерекшеліктері әр уақытта тура келе бермейді. Мысалыға: кейбір өсімдік жасушалары - гаметалар және балдырлардың зооспоралары жануарлар жасушалары сияқты қоршаған ортамен тек күн энергиясын пайдаланатын өсімдіктерге тән, ал гетеротрофты өсімдіктерде пластидтер болмайды. Мысал үшін ондай өсімдіктерге саңырауқұлақтарды жатқызуға болады. Вакуольдер тек өсіп жетілген жасушаларда ғана болып, ал сабақ пен тамыр ұштарында, сондай-ақ өсімдік дәңдерінің жасушаларында вакуольдер болмайды. Сонымен, өсімдік жасушаларының өзіндік ерекшеліктері олардың тіршілік сипатына, жасына, таксономикалық орналасуына байланысты.

Төменгі сатыдағы өсімдіктерде және ашытқы саңырауқұлақтарында жасуша дегеніміз бүтіндей өзінше организм. Ондай өсімдіктерге хлорелла және хломидомонада сияқты бір жасушалы өсімдіктер жатады. Ал көпжасушалы өсімдіктер көлемдері, пішіндері, ішкі құрылысы әрқалай және әр түрлі қызмет атқаратын жасуша жиынтықтарынан тұрады. Даму процесіне байланысты тіршілік қабілетінен айрылған өсімдік жасушалары су сорылуына, механикалык әсерлерге, температура ауытқуы сияқты әсерлерден қорғаныс кызметі сияқты тіршілік процестеріне араласа алады. Сондықтан да ботаникада «жасуша» сөзі тек цитоплазма, ядро, пластидтер, митохондриялар және де басқа органоидтары бар протопластарға ғана айтылмай, протопласттар істен шыққаннан кейінгі қалган қабықшаларына да қатысты айтыла береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет