ОңТҮстiк қазақстан мемлекеттiк педагогикалық институты



бет13/43
Дата20.10.2023
өлшемі5,78 Mb.
#187218
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   43
Байланысты:
жасуша зерт ок

Бақылау сұрақтары:
1. Өсімдік жасушаларының өзіндік қандай ерекшеліктері бар?
2. Өсімдік жасушасының нәзік құрылысы қандай?
3. Қандай өсімдік жасушаларында вакуольдер болмайды?
4. Қандай өсімдік жасушаларында жасуша қабырғасы болмайды?
5. Қандай өсімдіктерде пластидтер болмайды?


Жануарлар жасушасының құрылысын препарат арқылы көру
Мақсаты: Студенттерге жануар жасушасының құрылысын, оның басқа жасушалардан ерекшеліктерімен таныстыру
Түсінік: Басқа да эукариот жасушалар сияқты жануар жасушасы сыртынан плазма мембранасымен қоршалған. Жасуша денесіндегі барлық мембраналық органоидтар, басқа да құрылымдарымен цитоплазма деп аталады. Жануар жасушасының басты органоидтары – ядросы, онда әр организмнің өзіне тән тек генетикалық информациясы жинақталған. Жануар жасушаларының гиалоплазмасында мембраналық органоидтардан ядродан басқа эндоплазмалық тор, пластинка комплексі, екі қабатты мембранадан тұратын митохондриялар, пластинкалы комплексте пайда болатын арнайы органоид лизосомалар бар. Жасушала белок синтезі негізінен эндоплазмалық торларда болатын рибосомалар арқылы жүзеге асады. Тағы да бір айта кететін нәрсе жануар жасушасында тоғыз триплеттен тұратын жасуша орталықтары (центриолдар) болады. Одан да баска микротүтікшеден де жіңішке белокты жіпшелер микрофибриллалар және микрофиломенттер болады.
Жасушаның пішіні оның ағзадағы орнына да байланысты. Жануарлар жасушалары жұлдыз тәрізді (жүйке жасушалары), цилиндр-шар тәрізді (эпителий жасушалары), сопақша (эритороциттер), тармақталған (мезенхима жасушалары), жұмыр (жұмыртқа жасушасы) және т.б. болып келеді. Жасушалар пішіні жағынан ғана емес үлкендігі жағынан да ажыратылады. Мысалы, адамның жұмыртқа жасушасы (диаметрі 0,1 мм) көлемі жағынан адамның сперматозоидынан 1 млн есе үлкен. Адамның жүйке жасушаларының аксонының ұзындығы бір метрден артық. Жануарлар жасушалары өсімдік жасушаларынан айырмашылықтары мен ерекшеленеді. Олар қатты жасуша қабықшасы болмайды. Майда вакуольдар кездеседі. Жасуша орталығы, микротүтікшелер, пиноцитоздық көпіршіктер болады. Жасушалар бөлінген кезде бір-бірінен үзіліп ажырасады. Қозғалу қабілеті бар. Фагоцитоз қабілеті жоғары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет