ОңТҮстiк қазақстан мемлекеттiк педагогикалық институты



бет16/43
Дата20.10.2023
өлшемі5,78 Mb.
#187218
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   43
Байланысты:
жасуша зерт ок

Сурет-10
Биологиялық мембрана қасиеттері:

  • Қоршаған ортадан бөліп, байланыстырып тұрады. Сондықтан, зат пен энергия алмасу үнемі жүреді.

  • Бөгеттік. Қоршаған ортадан селективті түрде заттарды өткізеді. Соған байланысты жартылай өткізгіш.

  • Матрицалық. Мембранаға ақуыздардың орналасуын, бағытын, өзара ұтымды әсерлесуін қамтамасыз етеді.

  • Механикалық. Мембрананы қоршаған ортадан бөліп тұрады. Жануарларда – плазматикалық мембрана, өсімдіктерде – целлюлозды мембрана арқылы өсімдік формасы сақталады.

  • Энергетикалық жұмыс – мембрана клеткалар ішінде компартментті (клетка ішіндегі бөлімдер) құрастырады.

  • Биопотенциалдарды өндіру және оларды тарату.

  • Рецепторлық.

Жасушаның бүкіл тіршілік әрекеті мембрана өткізгіштігіне байланысты. 1902 жылы неміс ғалымы Э.Овертон мембрана өткізгіштігін зерттей отыра, мембранаға липидтерде еритін заттар бәрінен де жақсы өтетінін байқаған. Өткізгіштік – жасушаның әртүрлі заттарды өз қабықшасы арқылы екі жағына бірдей өткізу қабілеті. Тасымал – қоректік және қуаттық заттардың жасушаға келуін, қалдық өнімдердің одан шығарылуын, иондардың алмасуын қамтамасыз етеді. Жасуша мембранасы таңдамалы өткізгіштік қабілетіне ие. Олар арқылы ақырындап глюкоза, аминоқышқылдар, май қышқылдары, глицерол және иондар өтеді. Негізгі сыртқа тасымалдың 4 түрі бар: диффузия, осмос, белсенді тасымал, экзо- және эндоцитоз. Алғашқы екеуі пассивті характерлі, энергия өажет етпейді; соңғы екеуі – белсенді үрдістер, энергия шығыны болады.


Бақылау сұрақтары:

1. Мембрана дегеніміз не?


2. Мембрананың құрылысы мен қасиеті қандай?
3. Мемрананыі негізгі қабатын не құрайды?
5 с а б а қ
Тақырыбы: Жасушаның құрылымдық компоненттері және оның қызметтері.
Жасуша мембранасы және цитоплазма.
Мақсаты: Студенттерге плазмалық мембрананың кұрылысын және қызметін түсіндіру. Оның жасушааралық байланыстарын көрсету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет