ОңТҮстiк қазақстан мемлекеттiк педагогикалық институты



бет18/43
Дата20.10.2023
өлшемі5,78 Mb.
#187218
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   43
Байланысты:
жасуша зерт ок

Орындалатын тапсырмалар:
1. Жасушааралық байланыстарды талдаа, түсініп, соңынан құралдағы жасушааралық контактылардың жоба суретін альбомға түсіру.
2. Жасушаарлық байланыстардың түрлерін түсініп, оларға сипаттама беріп дәптерге түсіру.
Әртүрлі жасушааралық байланыстар.
Олар былай болын бөлінеді:
1. Жабысу (адгезия). Бұл контакт эмбрион ұлпадарында болады. Екі жасушаның ара қашықтығы 20 нм-дей. Жасуша арасындағы қуыс гликокаликспен толып отырады.
2. Жай контакт. Әртүрлі тектегі жасушалар және көптеген эпителий ұлпаінің жасушалары байланыстың осы түрімен байланысады. Жасуша аралық қуыста мембрана үсті компоненттері болады. цитоплазма жақтан қосымша құрылымдар болмайды.
3. Құлып тәріздес контакт. Екі жасушаның арасындағы қуыстың сипаты жай контактідегідей.
4. Тығыз түйіскен контакт. Цитоплазма жағынан қалыңдығы 8 нм фибриллаларға тола болады. Макромолекулалар мұндай жасушалардан бір-біріне өте алмайды. Плазмалемма жаппай түйіспейді. Мұңдай контакт эпителийдің барлық түрінде кезігеді. Мембраналар бір-бірінен 2-нм ғана ара қашықтықта орналасады.
5. Аралық контакт немесе жабысу аймағы. Мұңдай жасушааралық байланыстардың қуысы белок тектес заттармен толы болады. Цитоплазма жағында 300-500 нм-ге дейін мембрана астында қалыңдығы 4-7 нм фибриллалар жатады.
6. Куыс контакт. Барлық ұлпадарда кезігеді. Осы контакт арқылы иондар мен молекулалар бір жасушадан екіншісіне немесе дәнекер ұлпадарынан жасушаларға беріледі.
7. Синапстар. пресинапс постсинапс. Екі мембрана арасы 20 нм.
8. Плазмодесма. D-і 40-50 нм. Жас екі өсімдік жасушасының арасында 1000-ға жуық плазмодесма тесікшелері болады. Жасуша есейген сайын олардың саны азая түседі.




ӨСІМДІК ЖАСУШАСЫНЫҢ ҚАБЫҚШАСЫ

Өсімдік жасушаларының жануар жасушаларынан өзгешеліп плазма мембранасынан басқа сыртында тығыз қабықшасы болады. Оны жасуша қабырғасы деп атайды. Жасуша қабырғалары өсімдік жасушаларына белгілі пішін беріп олардың қаңқасы қызметін атқарады. Сонымен бірге жасушаның жанды бөлігін әртүрлі зақымданудан сақтайды. Жасушаға керекті қоректік заттарды сіңіру процестеріне қатысады. Жасуша қабырғасы талшықты балдырларда, жасыл балдырлардың зооспораларында болмайды. Сондықтан ондай жасушаларды жалаңаш жасушалар деп атайды.


Көптеген өсімдік жасушаларында жасуша қабырғасы көмірсудан тұрады. Тозаң түйіршіктерінде және жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің спораларында жасуша қабырғасы спорангиден тұрады. Өсімдіктерде жасуша қабырғасының ерекшеліктеріне қарай өсімдік ұлпалары бөлінеді.
Көп жасушалы өсімдіктің жасушалары жасуша пластинкасы арқылы бөлінеді. Жасуша пластинкалары гексоздардан, пентоздардан тұратын пектин заттары. Ондағы пектин заттары матрикс ролін атқарады. Бөліну пластинкасының екі жастауын жамай алғашкы жасуша қабырғасы пайда болады. Оларда пектинді заттардан басқа гемицелюлоза болады. Гемицелюлоза — жартылай клетчатка. Олар кейіннен полимерленіп целлюлозаға айналады. Целлюлоза өте тұрақты құрылым, оңайлықпен құрамын өзгертпейді. Олардың 60-100 молекуласы бір бірімен параллель орналасып мицелла түзеді. Ондаған мицелалар жиылып, микрофибрилалар түзеді. Микрофибрилаларда 1500-2000 ға жуық целюлоза молекулалары болады. Ал 200-250 микрофибрилалар жиналып фибрилалар түзеді. Фибрилаларда 500 мыңға жуық целлюлоза молекулалары болады. Мицелалардың, фибрилалардың арасындағы қуыстарды пектин затары және гемицелюлозалардан тұратын сулы матрикс толтырып тұрады. Алғашқы қабыкшада жіңішке түтікшелер болады. Ол түтікшелерге екі жасушаны қосатын плазмодесмалар орналасады. Жасушалар жетіле келе алғашкы қабықша үстіне екінші қабықшалар пайда болады. Екінші қабықша целюлозафибрилаларының әр түрлі бағытта орналасуы нәтижесінде қалыңдайды. Екінші қабықшаның дамуы бірқалыпты жүрмейді. Олар пайда болмаған қабықша бөлімдері тесік болып қалады. Жасушалар қалыпты дамыған жағдайда бір жасушаның тесігі екінші жасушаның тесігіне тура келіп отырады.
Екінші қабықшаның астынан жұқа үшінші қабықша пайда болады. Осылайша екі жасушаның арасында жеті қабатқа жететін қалың жасуша қабырғасы бөліп тұрады. Олар екі бірінші, екі екінші, екі үшінші және жасуша пластинкасы. Көп жасушалы өсімдіктерде жасушалардың қызметіне қарай олардың химиялық құрамдары да өзгеріп отырады. Қабыкшалардың құрамында лигнин пайда болуы қабықтың сүректенуіне әкеп соғады. Көбіне орталық пластинка және екінші қабықтың сыртқы қабаттары сүректенеді. Қабықтардың лигнинденуі оларды қатайта түседі. Сүректенген жасушалардыцң ары қарай өсуі тоқталады. Ағаш жасушалары мен механикалық ұлпа - скеренхима сүректенуге бейім келеді. Қабықшаларда суберин пайда болуы да жасушаларды жансыздандырып, қасаңдандырады. Қабықтың қасаңдануы көбіне жамылғы ұлпаларда жүреді. Өсімдік эпидермистері көбіне кутиндалады. Кутинда суберин сияқты май тексте зат.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет