ОңТҮстiк қазақстан мемлекеттiк педагогикалық институты


Тақырыбы: Өсімдік және жануар жасушаларының құрылысын препараттар арқылы көру. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдау



бет10/43
Дата20.10.2023
өлшемі5,78 Mb.
#187218
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   43
Байланысты:
жасуша зерт ок

Тақырыбы: Өсімдік және жануар жасушаларының құрылысын препараттар арқылы көру. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдау.


ПРОКАРИОТ ЖАСУШАЛАР
Мақсаты: Студенттерді прокариот жасушалардың құрылысымен таныстырып, организмдердің қандай топтарында болатынын түсіндіру.
Түсінік: Жер бетіндегі барлық тірі организмдердің, мейлі ол бактерия болсын, мейлі ол жоғарғы сатыдағы өсімдіктер, не болмаса жануарлар болсын химиялық құрамы бір. Олардың барлығы дерлік липидтер, көмірсу, белок және нуклеин қышқылдарынан тұрады. Барлық тіршілік иелерінің бір-бірінен айырмашылығы тек олардың құрылымның күрделілігінде. Олар жеке тіршілік ететін жасушалар, болмаса көп жасушалы организмдер. Тірі организмдер жасуша құрылысына қарай ядросы болмайтын прокариоттар және ядролы эукариот организмдерге бөлінеді.
Прокариот жасушалардың эукариот жасушалардан айырмашылығы цитоплазмасында генетикалық информация жинақтаған ДНҚ сақталатын аппараты болмайды. Сонымен бірге прокариоттардың арнайы қызметтер атқаратын мембраналық құрылымдары жоқ. Олардың құрылысы қарапайым, тірі организмдердің ең ерте пайда болған тобына жатады.
Прокариот жасушалардың нәзік құрылымы. Прокариот организмдердің өте жіңішке қиындыларын қарағанда мыналарды көруге болады. Жасуша сыртын жасуша қабырғасы қаптап жатады. Оның астында жасушаны қоршаған ортадан бөліп тұратын плазма мембранасы орналасқан. Оның астында жасуша денесі болып табылатын цитоплазма болады. Прокариот жасушалар-дың цитоплазмасы бір текті масса емес. Оның ішінен фибрилларды, майда көпіршіктерді, жалпақ қуысшаларды, рибосомаларды, май тамшыларын, әр түрлі полиқант түйіршіктерін, олифосфаттарды көруге болады. Айтылған компонеттердің бәрі жасуша сұйығы - гиалоплазмада жүзіп жүреді. Электроңды микроскоппен қарағанда цитоплазма майда түйіршікті заттан тұрады. Цитоплазма ішінде бос белокты заттар мен гликолиз процссіне қатысатын ферменттер бар. Көбіне прокариот жасушалардың цитоплазма-сының ортасы болбыр, ақшыл болып келеді. Ол жерден шатасқан немесе күрделі жинақталған фибриллалары көруге болады. Ол ДНҚ-молекуллалары. Прокариоттардың генетикалық аппараты бір үлкен ДНҚ молекуласынан тұрады. Олардың плазма мембранасының қалындығы эукариоттардағы сияқты екі қабат липопротеидті қабаттан тұрады. Оның калындығы 7-10 нм. Прокариот жасушалардың плазмолеммасында немесе оның ішкі өсінділерінде АТФ синтезіне қатысатын тотықтырғыш – фосфор-лағыш ферменттер орналасады.
Палазмолемманың кейде ішіне қарай оралған түтікшелер болады. Оларды мезосомалар деп атайды. Көк жасыл балдырлардың плазмалеммасы ішіне сызылған, жалпақ, бір-біріне параллель орналасқан қуысшалар – тилокоидтар түзеді. Ал фототрофты бактериялардың плазмалеммасы ішіне қарай созылып вакуольдер түзеді де кейіннен олар цитоплазма ішіне бөлініп кетеді. Оларды хромотофорлар деп атайды. Бұл жасуша ішінің құрылымдары гиалоплазмаға батып тұрады. Гиалоплазма ішінде ең қарапайым белок синтездейтін аппараттар көптеген рибосома түйіршіктері бар. Прокариот жасушалардың сыртындағы жасуша қабырғасы оларда қаңқа қызметін атқарумен қатар, жасушаның осмос қысымын сақтап және қорғаныс қызметін атқарады. Прокариот жасушалар жай екіге бөліну аркылы көбейеді. Ол үшін плазмолемма ішіне қарай керіледі де өсіп жетілуіне байланысты жасушаны екіге бөліп түседі. Әрине жасуша бөлінерден алдын ДНК молекуласы екі еселенеді де жасуша бөлінгенде әрқайсысы жасушаның екі жағында қалады. Прокарот жасушалар тек бактериялар мен көк жасыл балдырларда ғана болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет