ОңТҮстiк қазақстан мемлекеттiк педагогикалық институты



бет35/43
Дата20.10.2023
өлшемі5,78 Mb.
#187218
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   43
Байланысты:
жасуша зерт ок

Орындалатын тапсырмалар:

1. Өсімдік және жануар жасушасының митозынан дайындалған тұрақты препараттарды микроскоп арқкылы бағдарлау.


2. Митоз хромосомарының морфологиялық түрлерін құралдағы суреттерге қарап арнайы альбомға жай қарындашпен көшіріп салу қажет.


31 сурет. Митотикалық хромосомалардың морфологиялық құрылысы


Бақылау сұрақтары:

1. Хромосомалар дегеніміз не?


2. Хромосомалар қандай химиялық заттардан тұрады?
3. Хромосомаларды кұратын заттардың арақатынасы қандай?
4. Организм хромосомалары қанша болады, неге байланысты?
5. Тартылу аймағының орналасуына қарай хросомалар қандай түрлерге бөлінеді?
6. Жыныс хромосомасы дегеніміз не ?
7. Кариотип дегеніміз не?


14 с а б а қ
Тақырыбы: Мейоз. Жыныс жасушаларының құрылысы және дамуы
Мақсаты: Студенттер аталық жыныс жасушаларының бөлінуін, оның маңызын түсіндіру.
Түсінік: Мейоз атауы гректің мейозис - азаю деген сөзінен шыққан. Сонымен мейоз дегеніміз жыныс жасушаларының редукциялық бөліну тәсілі. Мейозда жасуша бөлініп диплоидты екі жасушаға айналады да, кейіннен сол екі жасушадан төрт гаплоидты жасуша пайда болады.
Аталық жыныс жасушаларының дамуын сперматогенез деп атайды. Оның дамуын төрт кезеңге бөледі. 1.Көбею кезеңі. 2.Өсу кезеңі. З. Пісу, жетілу кезеңі. 4. Қалыптасу кезеңі.
Көбею жасушаларын сперматогония, өсу кезеңіндегі жасушаларды сперматоциттер, немесе 1 қатардағы сперматидтер деп атайды. Бұл жасушалар негізінен ірілігімен ерекшеленеді. Мейозда ең маңызды процестер олардың ядросында өтеді. Жоғарыда айтылғандай организм кариотипі бірнеше жұп гомолог хромосомалардан және бір жұп жыныстық хромосомалардан тұрады. Алғашқы сперматоциттердің хромосомалары аздап қана ширатылған болады. Олар өте жіңішке жіп тәріздес болып келеді. Генетика да бұл фазаны - лептотена, немесе лептонема деп атайды. Ол лепта - жіңішке, таена - таспа сөздерінен шыққан. Өсу кезенінің келер сатысында барлық жұп хромосомалар бір-біріне тарылып, түзуленіп жіңішке жіп түріне енеді. Хромосомалар бір-біріне жабысып біреу болғандай болады. Бұл фазаны - зиготена, немесе зигонема деп атайды. Зиго - бірігу деген сөзден шыққан. Осы кезде әкесінің хромосомалары шешесінің хромосомаларымен гендер алмасады. Оны кроссинговер процесі деп атайды. Осыдан соң хромосомалар күшті ширатыла бастайды. Сөйтіп жуандайды. Бұл фазаны пахитена, немссе пахинема деп атайды. Пахи - жуан деген сөзден шыққан. Осы кезеңде аутосомалардың еселенгенін, хромосомалардың тек кинетохор арқылы байланысқанын байқауға болады. Осы кезеңнен кейін хромосомалар бір-бірінен шегініп ажырай бастайды. Бұл кезеңді диплотема немесе диплонема деп атайды. Дипло - екі еселенген деген сөзінен шыққан. Осы кезеңнен кейін хромосомалар бір-бірімен біріккен хиазмалардың саны азая түседі де, бұл кезеңді диакенез деп атайды. Мейоз кезіндегі биваленттер дегеніміз гомологты хромосомалардың жұптары, олар төрт хроматидтерден тұрады.
Пісу, жетілу кезеңін жыныс жасушаларының диплоидты қалпынан гаплоидты қалпына өтуі деуге болады. Бұл жасушалардың интерфазаға өтпей, бірінен соң бірі екі рет бөлінуі арқылы жүзеге асады.
Метафазада биваленттер ядро экваторына орналасады. Анафазада митоздағыдай хромосомалар айырылыса бастайды. Телофазада гаметалар толығымен ажырасып екі жасуша түзеді. Пайда болған екі гаметада ДНК-ның мөлшері 2с, хромосомалардың саны 2n болады. Осылайша бірінші телофазада екі жасуша пайда болады. Бірінші телофазадан кейін қысқа интерфаза болады да, онда ДНҚ синтезделмейді. Артынша екінші жасуша бөлінуі басталады. Екінші мейоздық жасуша бөлінуінің митоздан айырмашылығы болмайды. Бұл бөлінуде профаза, метафаза, анафаза және телофазадан өтіп, екі жасушадан төрт сперматид пайда болады. Жаңа пайда болған сперматидтерде еңді тек ДНҚ-ның бір С, және хромосомалардың 1n саны ғана болады. Аталық жасушалар пісу, жетілу кезеніңде диплоидты қалпынан гаплоидты қалпына ауысады. Ал қалыптасу кезеңінде сперматидтер сперматозоидтарға айналады.
Жыныс хромосомалары - гетерохромосомалар. Сүтқоректілерде, оның ішінде адамда да, ұрғашы жыныстыларда екі X хромосома, еркек жыныстыларда X және Ү хромосомалар болады. Бірінші қатардағы сперматоциттерден екі рет редукциялық бөліну арқылы пайда болған төрт сперматидтің екеуінде X хромосома болса, ал басқа екеуінде Ү хромосома болады.
Оогенез көбею, өсу және пісіп жетілу кезеңдерінен тұрады. Аталық жасушалар кәмелетке жеткен соң көбейетін болса, аналық жыныс жасушалар эмбриональды даму кезінде көбейеді. Демек аналық жасушалардың көбеюі кәмелетке жетпей ақ тоқтап қалады. Көбею кезіндегі аналық жасушаларды оогоний деп атайды. Олар цитоплазмасы аз, майда жасушалар. Оларды фолликула жасушалары қоршап тұрады.
Аналық жасушалардың өсу кезеңі сперматогенезбен салыстырғанда әлдеқайда күрделі. Бұл кезде оларға мейозға дайындықпен бірге, оларға қоректік зат жиналады. Бұл кезеңдегі жасушаларды 1 қатардағы жасушалар деп атайды. Сперматогенездегі сияқты өсу кезеңінде 1 қатардағы ооциттер лептотена, зиготена, пахитена, диплотена және диакинез кезеңдерінен тұрады. Осыдан кейін хромосомалар ажырап, шиыршықтары жазылып, өсу кезеңінің ақырына дейін көрінбей кетеді. 1 қатардағы ооцит бұл кезеңде қарқынды заттар түзуге кірісіп кетеді. Бұл процеске хромосомалар да активті қатысады. Қоректік заттар жиналу кезеңі екі фазадан тұрады. Біріншісін - превиталлогенез деп атайды. Мұнда негізінен цитоплазма өсіп, ДНҚ синтезделеді. Онда синтезге керекті органоидтар: митохондриялар, пластикалық комплекс, эндоплазмалық тор және май түйіршіктері пайда болады.
Виталлогенез кезінде жұмырұлпаың сарысы тез жинала бастайды. Белок синтезі де қарқынды жүреді. Оған ооциттерді қоршаған фолликула жасушалары да қатысады. Жасуша органоидтары әсіресс плазмолеммаға жақын жерге көптеп жинала бастайды. Осылайша тұқымның алғашкы кезінде дамуына басты рол атқаратын кортикалды қабат пайда болады. 1 қатардағы ооциттердің қарқынды өсуі 5-8 күнге созылып, осы уақыт ішінде сарыуыздың 99 проценті пайда болады. Превиталлогенез кезінде қоректік заттардың жиналуына тек ооцит пен фолликула жасушалары қатысса, виталлогенез кезінде оған түгел организм қатысады.
Жетілу кезеңі жұмыртқа, жұмыртқалықтан шыққаннан кейін, әрбірден соң, оған сперматозоид енгеннен кейін жүреді. Сперматогенездегі сияқты бұл процесс бірінен соң бірі келетін екі бөлінінуден тұрады. Сөйтіп аналық жасуша гаплоидты түрге енеді. Жұмыртқа жетілуінің де өзіндік ерекшелігі бар. Сперматогенез кезінде тетраплоидты II қатардағы сперматоциттерден 4 гаплоидты сперматозоид пайда болатын болса, оогенез кезінде 1 қатардағы ооциттен барлық сарыуызы өзінде қалатын гаплоидты аналық жасуша және үш жарамсыз гаплоидты полярлы денешіктер пайда болады. Полярлы денешіктерді полоциттер деп те атайды. Барлық полоциттер жылдам істен шығады. Полоциттердің негізгі қызмсті аналық жасушаны артық хромосомалардан арылту.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет