ОңТҮстiк қазақстан мемлекеттiк педагогикалық институты


Cурет-33. Аталық жыныс жасушасының құрылысы



бет37/43
Дата20.10.2023
өлшемі5,78 Mb.
#187218
түріСабақ
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   43
Байланысты:
жасуша зерт ок

Cурет-33. Аталық жыныс жасушасының құрылысы.
І-басы; 1-ядро; 2-цитоплазма; 3-акросома; ІІ-мойыны; 4-алдыңғы бөлімі; 5-артқы бөлімі; 6-аралық заты; ІІІ-аралық бөлім; IV-құйрығы; 7-микротүтікшелер; 8-спираль тәрізді митохондрия; А-құйрықтың негізгі бөлімі; Б-құйрықтың соңғы бөлімі;
Бақылау сұрақтары:

  1. Аталық жыныс жасушаларының құрылысы қандай?

  2. Аталық жыныс жасушасының көлемі қандай?

  3. Ұрықтың шәуеттегі тығыздығы қандай?

Аналық жыныс жасушасы
Мақсаты: Оқушыларға аналық жыныс жасушасының құрылысын, қызметін, көбею процесіндегі маңызын түсіндіру.
Қажетті заттар: Микроскоп, аналық - жұмыртқа жасушасы бейнеленген альбомдар, тұрақты препараттар, плакаттар, жоба суреттер.
Орындалатын тапсырмалар: Аналық жыныс жасушасының, қызметімен кұрылысымен, атқаратын қызметімен танысып, суретін арнайы альбомға көшіріп салу. Тұрақты препараттармен жұмыс істеп, оларды микроскоп
11-12 жастан бастап жұмыртқалықта аналықта жасушалар дамып жетіле бастайды.
Аналық жыныс жасушаларынан ұрықтанғаннан кейін, немесе кейде партеногеннез жолымен ұрықтанбай-ақ жаңа организм дамып шығады. Олар басқа жасушалардан әлде-қайда үлкен жасуша. Жұмыртқаның басқа жасушалардан айырмашылығы оларда қоректік заттар қоры болып табылатын сарыуызы болады. Ол жаңа организм дамуына пайдаланылады. Жұмыртқаның сыртында айрықша қабықша кортикалық қабаты болады. Жұмыртқа негізінен домалақ, көлемі ондаған сарыуыздың мөлшеріне байланысты. Адам жұмыртқасының диаметрі 150 мкм. Салмағы 1мг-ның 3 мыңнан бір бөлігіндей. Ең ірі жұмыртқалар кұстар мен балықтарда болады. Мысал, түйекұстың жұмыртқа жасушасының диаметрі 100 мм, ал жұмыртқасының диаметрі 20 см болады. Кейбір акулалардың жұмыртқасының диаметрі 22 см — ге жетеді. Жұмыртқадағы сарыауыз түйіршік, пластинка түрінде болып, белоктардан, фосфолипидтерден және майлардан тұрады. Төменгі сатыдағы жануарлардың жұмыртқаларының сарыуызы цитоплазма ішінде болады. Негізінен жұмыртқалардағы сарыуыздың мөлшері өте мол. Мысалы, тауық жұмыртқасының сарыуызы жыныс жасушасынан млн. есеге дейін көп болады. Аналық жыныс жасушасы осындай көлемінің үлкендігіне салмағының ауырлығына байланысты қозғалу қабілетінен айрылған. Мұндай қасиет тек кейбір жануарлардың аналық жасушаларында ғана болады. Жұмыртқаның ядросы домалақ, бір немесе бірнеше ядрошықты. Кейбір жануарлар жұмыртқаларының сарыуызы аз, керісінше мукополиканттар мен митохондриялары мол. Ондай жұмыртқалардың мұндай қабаттарын кортикалды қабат деп атайды. Кортикалды қабатта сарыуыз сияқты алғашқы даму кездерінде қоректік қызмет атқарады. Жұмыртқада негізінен үш қабық болады. Аналық жасуша сыртынан плазмалеммамен қапталған. Плазмалемма әр түрлі өсінділер, қатпарлар түзеді, немесе микротүкшелер түзеді. Микротүкшелердің ені 1 мкм – ге дейін, ұзындығы 3 мкм - ге жетеді. Осы плазмалемма қабатын бірінші қабат деп атайды. Бұл қабат жай микроскоппен де айқын
байқалады. Жұмыртқа жасушасының екінші қабаты фолликулярлы жасушалардан түзілген. Фолликулярлы жасушалардың өсінділері плазмалемма қатпарларымен шектеседі. Фолликулярлы жасушалардың өсінділерінен тұратын екінші қабаттың бөлімін жалтырақ қабат (зона пелюцида) деп атайды. Фолликулярлы жасушалардың ядролары орналасқан қабатты сәулелі тәж қабаты (лучистый венец - орысша, корона радиата-латынша атайды ). Үшінші қабат кейбір жануарлардың, құстардың жұмыртқасы жұмыртқалықтан шыққаннан кейін пайда болады. Ол жұмыртқа жолының секіретінен пайда болады. Оған қосмекенділер жұмыртқаларының қоймалжың (студенистый) қабығы, бауырымен жорғалаушылардың жұмыртқаларының пергамент, құстар жүмыртқасының пергамент және скорлупа қабықтарын жатқызуға болады. Жасуша қабықшалары ұрықтану кезінде полиспермияға кедергі болады, ұрықтың қоректенуі мен тыныс алуына қатысып, сыртқы ортаның қолайсыз әсерінен қорғайды.
Жұмыртқа жасушасын сарыуыз мөлшері мен оның цитоплазмада орналасуына байланысты бірнеше топқа бөлеміз: 1.Сарыуызы жоқ-алецитальды; 2. Цитоплазмада біріңғай тараған сарыуызы аз жұмыртқалар, гомолецитальды немесе изолецитальды; 3. Цитоплазмада полярлы орналасқан сарыуызы орташа - немесе көп жұмыртқалар телолецитальды; 4. Ортасыңда орналасқан сарыуызы көп жұмыртқалар-центролецитальды. Сарыуызы жоқ немесе аз жұмыртқаның үстіңгі бөлігін анимальдық, сарыуыздың негізгі массасы орналасқан төменгі бөлігін вегатативтік бөлігі дейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет