ОңТҮстiк қазақстан мемлекеттiк педагогикалық институты



бет36/43
Дата20.10.2023
өлшемі5,78 Mb.
#187218
түріСабақ
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   43
Байланысты:
жасуша зерт ок

32-сурет. Сперматогенез. Оогенез
Орындалатын тапсырмалар:

  1. Аналық жасушалардың бөліну процесін толық түсініп, оның құралдағы жоба суретін арнайы альбомға жай және түрлі түсті қарындаштармсн көшіріп салу қажет.

  2. Аталық жасушалардың бөліну процесіне толық түсініп, құралдағы жоба суретті пайдаланып арнайы альбомға жай және түрлі түс түсті қарындаштармен көшіріп салу.

Бақылау сұрақтары:

1. Мейоздың митоздан басты айырмашылығы неде?


2. Мейоздың бірінші бөлінуіндегі профаза кезенінің ерекшелігі неде?
3. Ол қандай кезеңдерден тұрады?
4. Мейоздың екінші бөлінуінің митозбен қандай ұқсастығы және айырмашылығы бар?
5. Мейоздың митоздан басты айырмашылығы?
6. 1-ші профаза қандай қысқа кезендерден тұрады?
7. Олардың әрқайсысының ерекшеліктері қандай?
8. Мейоздың екінші бөлінуінің митозбен қандай ұқсастығы және айырмашылығы
бар?
9. Сперматогенз бен оогенездің қандай ұқсастығы және айырмашы-лығы бар?


Жыныс жасушалары
Микроскоп, ұрықтан дайындалған тұрақты препараттар, аталық ұрық жасушалары бейнеленген альбомдар, плакаттар, жоба суреттер.
Орыңдалатын тапсырмалар: Аталық жыныс жасушасының, ұрықтың қызметімен құрылысымен, атқаратын қызметімен танысып, суретін арнайы альбомға көшіріп салу.
Аталық жыныс жасушасының бөліктерін; басы, мойны, аралық бөлігі, құйрығының басты бөлігі және ақырғы бөлігі деп ажыратады. Оның басын негізінен ядро құрайды. Оның алдында, ядроның бір бөлігін қаптап жататын қабығы, немесе акросома болады. Бас бөлігінде плазмалеммаға каттылық беретін фибриллалар орналасқан. Акрасомада гиалуронидаза, протеаза т.б. ферменттер түйіршіктері жинақталған. Ферменттер жұмыртқа жасушасын ұрықтандыруда маңызды роль атқарады. Сыртта ұрықтанатын организмдердің ұрықтарьның басы симметриалы болса, іштей үрықтанатын организдердің ұрықтарының басы асимметриалы. Олардың асимметриалы болуы жыныс жолдарында олардың тура жылжуын қамтамасыз етеді. Сперматазоидтың мойны басынан базальды мембрана арқылы бөлініп тұрады. Мойын цитоплазмасында тіректік қызмет атқаратын фибриллалар бар. Сонымен бірге екі жасуша орталығы (проксимальды және дистальды) болады. Жасуша орталығының жоғарғысы ядро астына көлденең орналасса, екіншісі оған перпендикуляр орналасып, базальды денешік қызметін атқарады одан талшықтың микро түтікшелері басталады. Микро түтікшелер мен плазмалемма арасына көптеген митахондриалар бірінен соң бірі спиралы тәрізді орналасқан. Сондықтан да оларды митохондрия спиралі деп атайды. Митохондриялардан басқа АТФ пен гликогеннің көп мөлшері болады. Олар сперматазоидты энергиямен қамтамасыз етеді. Құйрық бөлігінде талшықтың аздаған микротүтікшелері және тірек қызметін атқаратын фибриллалар орналасқан. Ал құйрықтың ұшында тек плазмалемма ғана болады. Сперматазоидтың негізгі қасиетінің бірі-қозғалғыштық болып табылады. Аталық жыныс жасушалары өте майда. Адам ұрығының ұзындығы 60 - 70 мкм, ені 5 мкм. Салмағы 1мг-нның 5 млн-нан бір бөлігіндей ғана. Адам шәуетінің 1см кубында 60млн-нан астам ұрық болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет