ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік педагогикалық универстеті қазақ тілі мен әдебиеті әдебиеті кафедрасы



бет6/20
Дата22.09.2022
өлшемі86,82 Kb.
#150438
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Лекция 1-15 Жаңартылған бағдарлама бойынша оқыту» (1)

Оқу сауаттылығы – білім алушының жазба мәтіндерді түсіну, пайдалану, ойлау және өз мақсатына жету үшін оның мазмұнын қолдану, өз білімі мен әлеуетін дамыту, сонымен қатар қоғам өміріне белсенді қатысу үшін білімі мен мүмкіндіктерін дамыту қабілеті.
Қазіргі таңда білім алушылардың оқу жетістігі екі жағдайда бағаланады. Олардың бірі – сырттай бағалау болса, екіншісі – іштей бағалау. Нақтылай түссек, іштей бағалау – оқу пәні бойынша оқыту сапасын диагностикалау және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты өлшеміне сәйкес жүзеге асырылса, сырттай бағалау – әрбір деңгейді аяқтау бойынша білім алушының оқу жетістіктерінің нәтижелеріне сәйкес (ҰБТ, ОЖСБ), сондай-ақ халықаралық зерттеулерге TIMSS (Trends in Mathematics and Science Study) (бұдан әрі –
TIMSS), PISA (Programme for International Student Assessment) (бұдан әрі – PISA) және PIRLS (Progress in International Reading Literacy Study) (бұдан әрі – PIRLS) қатысуы арқылы жүзеге асырылады. Осыған байланысты еліміздің білім алушыларының білім жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін Қазақстан PISA халықаралық зерттеуіне қатысып келеді.


Әдебиеттер тізімі:

1.Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. – Астана, 2015


2.«Қазақстан Республикасындағы біліктілікті арттыру жүйесінің жаңа үлгісі: тенденциялар және даму перспективалары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. АО НЦПК «Өрлеу» 2013
3.Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары: / Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №832 қаулысы // ресми мәтін. Астана: Әділет, 2012. – 14 б.
4.Жалмуханова Б.Х. Ж22 Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқу-
тәрбие жұмыстарында қолданылатын әдіс-тәсілдер:әдістемелік құрал/ Б.Х.Жалмуханова – Атырау,2018.- 67 б


Лекция 5


Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдары
Жазылым дағдысын қалыптасытру маңыздылығы.
Жазба жұмыстарының түрлері. Эссе жазу әдістемесі.

Эссе – ізденістен туындаған еркін жазылатын шығармашылық жұмыс. Эссе өз ойын жазбаша сауатты жеткізуге үйретеді. Эссе жазуда оқушылар ақпаратты жүйелеуге, фактілер мен нақты мысалдар келтіруге, талдаулар, болжамдар жасауға, көзқарасын білдіруге, өз ойын тұжырымдауға, ой қорытуға, сөйлеудің ғылыми стилін үйренуге дағдыланады. Олай болса, эссе жазудың өзіндік мақсаттары бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет