ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік педагогикалық универстеті қазақ тілі мен әдебиеті әдебиеті кафедрасы


Тапсырма үлгісі: Айтылған сөздерге лайықты зат есімді қою арқылы Кім жылдам? Кім жылдам ойынын ойнау



бет5/20
Дата22.09.2022
өлшемі86,82 Kb.
#150438
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Лекция 1-15 Жаңартылған бағдарлама бойынша оқыту» (1)

Тапсырма үлгісі: Айтылған сөздерге лайықты зат есімді қою арқылы Кім жылдам? Кім жылдам ойынын ойнау
Еңкейген
Еңбектеген
Шыныққан
Шынықтыратын
Жайнаған
Масайраған
Марқайған
Селтеңдеген
Допты тепкен
Көрсетілген коммуникативті тілдік төрт дағдыны оқушыға қалыптастыру арқылы біз оқушының функционалды сауаттылығын қамтамасыз ете аламыз, яғни олар оқи алады, жаза алады, түсіне алады, салыстыра алады, реттей алады,өз ойын жеткізе алады сонымен қатар,т.б жұмыс әдістеріне дайын бола алады деп ойлайын.
Пайдаланылатын әдебиет:

  1. Республикалық ғылыми- әдістемелі басылым: Қазақ тілі мен әдебиеті журналы, - № 8, 2012.

  2. Оқу-әдістемелк құрал: Тілдік төрт дағды бойынша белсенді оқыту тапсырмалары. ISBN978-601-7239-83-1.



Лекция 4

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың функционалды сауаттылықтарын арттыру

1.Оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту мәселелері


2. PISA тест тапсырмаларының құрылымы оқу сауаттылығы
Тұңғыш Елбасымыз Н. Назарбаев: «Қазіргі заман мұғалімі – рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты» деген.
Функционалдық сауаттылық – мектепте алған білімдерін, іскерлік дағдыларын, адами іс-әрекеттердің әр түрлі салаларында қолдана алу, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынастарды өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалану болып табылады.
Функционалдық сауаттылықтың негізгі міндеті мұғалім баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін, шығармашылық тұрғыда ойлауын қалыптастырып және баланы өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету, яғни оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрету.
Білім беруді жаңарту оқушы білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын, атап айтқанда функционалдық сауаттылығын қалыптастырады. Қазіргі таңда жаңартылған білім беру бағдарламасымен оқытудың басты ұстанымы – баланы функционалды сауатты етіп шығару.
Ресми дерек бойынша, мектеп жасындағы балалардың 40 пайызы әдеби мәтінді түсінуге қиналатындығы дәлелденген. Бұлар мектептен білім алса да, қызмет жасауға келгенде қарапайым жазу үлгісін білмейтіндігін көрсеткен. Тіпті олар әр түрлі жағдайда кездескен бланкіні толтыра алмай, ондағы ақпараттың мәнісін түсіне алмапты. Бір қызығы, олар теледидарда не айтылып жатқанын, жалпы айтқанда, күнделікті өмірдің есебін білмейтін болып шыққан. Соның салдарынан жұмыссыздық, өндірістегі апат, жазатайым оқиғалар, жарақат алулар көбейіп кеткен. Жалпы, барлық зерттеушілердің болжамы бойынша адамдардың осындай жағдайларға жиі ұшырауы, оларға дұрыс білім беріп, тиянақты оқытпаудан, оқырман болуға үйретпеуден болған көрінеді. Сақтанбау, ұқыпсыздық, байқаусыздық, апаттар: мұның бәрі ережені дұрыс оқымағандықтан, түсінбегендіктен, санаға сіңірмегендіктен орын алып отыр.
Функционалдық сауаттылықты дамытудағы білім мазмұнының жаңғыруы – сындарлы оқыту теориясына негізделгендігі. Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Сондай-ақ оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі басты назарға алынады. Оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас түбегейлі өзгерісті керек етеді. Яғни дәстүрлі оқулардағы оқытушы мен шәкірт арасындағы көп жағдайлар оқушы көңілін қанаттандыра бермейтін қалыптасқан заңдылықтар ұстаз бен шәкірт арасындағы серіктестік қарым-қатынасқа ауысады. Сонымен қатар оқушыға қалай оқу керектігін үйрету, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни ойлай алатын, пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыру.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Функционалдық сауаттылықты арттыруды» Үкіметке негізгі тапсырма етіп жүктеген болатын. Сондықтан да оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық әрекет жоспары құрылды.
Білім кеңістігіне енуде өмірге бейім, өзгеріске икемді, өзіндік ой-пікірін жеткізе алатын, сыни тұрғыдан ойлай алатын тұлға қалыптастыру заман талабы болып отыр. Осындай оқушыны даярлауда олардың функционалдық сауаттылығын арттыру маңызды орын алады. Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқу сауаттылығын дамыту жұмыстары әр сабақ сайын қарастырылуы зор нәтиже береді. Оқушылар күнделікті шығармашылықпен айналысып, өзіндік пайымдауға дағдыланады.
Оқушылардың функционалдық дағдылары мектеп қабырғасында қалыптасады.
Қазіргі тез өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық – оқушының әлеуметтік мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық фактор болып табылады.
PISA халықаралық зерттеуі оқушылардың білім жетістіктерін бағалауды «математикалық сауаттылық», «жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы» және «оқу сауаттылығы» бойынша жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет