Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы «№99 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Айтбекова Салтанат Сатайқызы
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы «№99 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Айтбекова Салтанат Сатайқызы
Тәрбие сағаттың тақырыбы: Қош бол, сүйікті Әліппе!
Мақсаты: Барлық ғылым беташары- Әліппені бітірулеріне байланысты Әліппеге өз ризашылықтарын білдіруі. Өздерінің үйренгендерін, білгендерін, оқығандарын көрсету
Көрнекілігі: Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, М.Мақатаев, Н.Назарбаев портреттері, гүл шарлар, т.б.
Барысы: Құрметті ата-аналар, қымбатты ұстаздар, оқушылар, келген қонақтар! Бүгін сіздер 1в сыныбының «Қош бол, сүйікті Әліппе» атты ертеңгілігін тамашалағалы отырсыздар. Шәкірттердің тұңғыш рет қолдарына ұстап, бетін ашқан оқулығы да- Әліппе. Бұл кітап бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы соқпағы, білімге бастайтын алғашқы жолы. Осы Әліппе оқулығы арқылы біздер 42 әріпті меңгеріп, енді одан әрі үлкен-үлкен биік шыңға көтерілмекпіз. Кеше ғана алаңсыз атқа мініп шапқылап жүрген бүлдіршіндер, бүгінде бойларында жауапкершілік пайда болып, саналы азаматтық борыштарының алғашқы асуын аман-есен асып, бір жасқа тағы да есейіп отыр. Мына тұрған кешегі бүлдіршіндер, бүгінгі шәкірттер, ертеңгі ата-ананың ұл-қыздары емес, халықтың ұл-қыздары болсын.
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл-ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың.
Өтті оқу сан сабақ,
Бүгін міне салтанат.
Оқулықпен достаспақ,
Әліппемен қоштаспақ.
Ой білімі жаңғырмақ,
Әліппеден мәңгілік,
Әріптерді таныған.
Өңкей білгіш балдырған.
Құтты болсын тойларың!
Жеміске құты тола ма,
Бір-бірлеп теріп алмасақ.
Әп-сәтте шыға қоя ма,
Еккен дәнің ойласаң,
Білім де сондай қарағым,
Біртіндеп сіңер ойыңа.
Ұғып ал білім боларын,
Шам-шырағың жолыңда.
Көлге ойнаған бұлақтың,
Қайнар көзін көріп пе ең?
Том-том қалың кітаптың,
Басы болар «Әліппе»,- деп ақын Мұзафар Әлімбаев ағамыз жырлағандай, бұл білімнің, ғылымның ең алғашқы жолы ғана.
Бала деген шіркін-ай балдай екен!
Тәттілігі жая мен жалдай екен!
Арып-ашып даладан келгеніңде,
Бал иісін таттырып алдайды екен!- деп Кенен Әзірбаев атамыз айтқандай енді кішкентай бүлдіршіндеріміздің бал тіліне құлақ салайық!