Оңтүстік Қазақстан облысы


жыл, ал құпия өліміне 74 жыл толды



бет2/2
Дата12.09.2020
өлшемі36 Kb.
#63863
1   2
125 жыл, ал құпия өліміне 74 жыл толды. Мұстафа Шоқай осынау жалған дүниедегі 51 жылдық ғұмырының 20 жылын Францияда өткізген.
Мұстафа Шоқай 1890 жылы Шоқай Торғайұлының отбасында Ақмешіт уезінде дүниеге келген. Бала Мұстафа бастауыш білімді ауыл мектебінде, орта мектепті Ташкенттегі орыс гимназиясында алған. Ал кейін Петербор университетінің заң факультетін үздік бітіріп шыққан. Сөйтіп, Еуропа мен Шығыс дәстүрінде тағылым алған ол орыс, түрік, өзбек, француз, ағылшын және поляк тілдерін жетік білген. Оның алғашқы қоғамдық жұмысы - Мемлекеттік Думадағы Мұсылман фракциясының Түркістан өлкесі атынан өкіл болып тағайындалуынан бастау алады. 1917 жылғы Ақпан революциясын Мұстафа Шоқай мен оның серіктері үлкен үмітпен қарсы алды. Қазақ халқы бостандық сәулесін көргендей болды. Ташкент қаласында Түркістан мұсылмандарының, яғни бүкіл Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандарының құрылтайы шақырылды. Мұстафа Ресейдегі барлық мұсылман халықтарының белгілі қайраткерлерімен, Дума депутаттарымен араласып, жалпы мұсылмандық, жалпы түркістандық идеяны ұстанады. Алайда Түркістан мұсылмандары бірлік таныта алмады. Мұстафа Шоқай осы кезде құрылған Түркістан автономиясының Сыртқы істер министірі Мұхаметжан Тынышбаев отставкаға кеткен соң бас министр қызметін атқарды. Түркістан автономиясы ұзақ жасаған жоқ. Бар жоғы 62 күн өмір сүрді.1918 жылдың қаңтар айында Қоқандағы Мұсылман автономиясына қарсы қанды қырғын ұйымдастырылып, оның басшысы Шоқай шет елге қашып кетуге мәжбүр болды. Мұстафаның эмиграциядағы өмірі де оңай болған жоқ. Бұған Мұстафаның өмірлік серігі, сүйікті жары Мария Шоқайдың жазған естеліктері дәлел. Мұстафа 1918 жылдың көктемінде Ташкентте қызылдардан тығылып жүргенде Мария Яковлевнамен мұсылманша некелеседі. Осы уақыттан бастап орыс қызы Шоқаймен өмірдің барлық ауыртпалығын бірге көтеріп, оған рухани күш-қуат беріп отырған. Кеңес үкіметі Мұстафа Ұлы Отан соғысы жылдары немістермен сыбайлас болып, өз Отанына опасыздық жасаған деген айып тақты. Алайда мұның барлығы дәлелесіз, алып-қашпа әңгіме екені дәлелденді. Жаудың қолына түскен совет солдаттары басқа ел өкілдерімен салыстырғанда ерекше ауыр халде болды. Себебі, Сталиннің бұйрығы бойынша жау қолына түскендер опасыздар деп есептеліп, халықаралық келісімдерге сәйкес оларға ешқандай көмек көрсетілмейтін. Осылайша, кеңестер көсемі соғыс жағдайында өз сарбаздарына өгейлік танытты. Ал эмиграцияда жүрген ұлтжанды Мұстафа отандастарының өмірін сақтап қалуды өзінің бірден-бір борышы санады. 1940 жылы Парижге ұлт аспаптар музейнде жүргенде Әміре Қашаубаевты және экспонатта тұрған домбыраны көріп ғажап күйге енеді.Парижге неміс әскері кіргенде, Мұстафа Шоқай тұтқынға алынып, бірнеше ай концлагерьде отырып шығады. Түрмеден босаған оны неміс-фашистері түркістандық соғыс тұтқындарынан құрылуға тиіс Түркістан легионын ұйымдастыруға тартпақ болады. Мұстафа Шоқай бұл ұсынысты соғыс тұтқындарының жағдайын жақсарту үшін пайдалану жолдарын қарастырып, нақтылы әрекеттерге барды. Ол совет солдаттарының лагерінде 1941 жылдың тамыз айынан қараша айына дейінгі аралықта болғаны рас. Ол жерде Мұстафа ондаған мың түркістандықтармен кездеседі, олардың жағдайын түзетуге бар күш-жігерін салды. Концлагерьлердегі тұтқын¬дардың адам төзгісіз ауыр халін көріп келгеннен кейін: «Гитлер мен Сталиннің кемшілігі көп, олар – шын мәнінде, залым¬дар. Мен бұлардың қайсысы күштірек екен деп ойламаймын. Шындығында, олардың саясат пен зұлымдықта дәрежелері бірдей», – деп жазды. Кейінірек неміс армиясының группенфюрері С.С.Иоахимге жазған хатында: «Гете, Фейербах, Бах, Бетховен, Шопенгауэр сияқты ұлыларды тәрбиелеген ұлттың тұтқындарға жасап отырған зұлымдығын көре отырып, мен Түркістан легионын басқару туралы ұсы¬ныс¬тан және сіздермен әрі қарай жұмыс істеуден бас тартамын», – деген мазмұнды хат жазды. Демек, Мұстафа немістермен ауыз жаласты деп айыптау дұрыс емес. Осыдан көп ұзамай, Шоқай 1941 жылы Берлиндегі «Виктория» ауруханасында құпияға толы жағдайда қайтыс болды.Оған әртүрлі дәлел пікірлер бар.Біреуі Сталин өлтірді десе енді біреулері Гитлер у беріп өлтіргізді дейді. Бірақ жары Мәрия Шоқай Мұстафаның сүзекпен Түркістанда жүргенде ауырғандығын және оған қарсы иммунитеті болуы тиістігін өз естеліктерінде жазды. Сөйтіп, Алаштың аяулы азаматының қандай жағдайда не себепті дүниеден өткендігі күні бүгінге дейін жұмбақ күйінде қалып отыр.

Сүйегі Берлин қаласындағы мұсылмандар бейітіне жерленген Париж маңындағы қалада Мұстафа Шоқайдың ескерткіші мен оған арналған аллея ашылған.Бүгінде Мұстафа Шоқайдың мұраларын жинастыру, зерттеу және объективті баға беру бағытында көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Қазір еліміздегі және шет елдердегі бұрын қол жетпеген құжаттарды саралау, мәселенің ақ-қарасын ашу мүмкіндігі туды. 2010 жылы Францияның Ножан-Сюр-Марн қаласында Мұстафа Шоқай тұрған үйдің жанына оның ескерткіші орнатылды. Францияға жолы түскен әр қазақ Мұстафаның тұрған үйін өз көзімен көріп, қабырғалы саясаткердің тас мүсініне тағзым етуді өз борышы санайды.

Кеңес Үкіметі тұсында Мұстафа Шоқай есімін атау қылмыспен пара-пар болды дейді.

2008 жылы «Мұстафа Шоқай» фильмінің премьерасы өтті. Режиссер Сатыбалды Нарымбетовтың айтуынша, фильмнің басты мақсаты - М.Шоқайды қоғамда қалыптасып қалған, жаттанды образынан аршып, ұлт мұратын көксеуші қайраткер ретінде таныту болыпты. Онда Мұстафа рөлінде қырғыз жігіті Азиз Бейшеналиев сомдады.

Қазақ ұлтынан басқа өзбек, түркiмен, әзiрбайжан және т.б. түркi-мұсылман, басқа да грузин, украин, араб, ауған, парсы халықтарының мұң-мұқтажын жоқтаған, осы халықтардың отар елдерге айналмай, тәуелсiз мемлекет болуы жолында күресуге, әрi Түркiстан халқының басым көпшiлiгiн автономия идеясының төңiрегiне топтастыра отырып, ұлттық мүдденi қорғауға шақырған Бүкіл ғұмырын ол Орта Азия мен Қазақстан халықтарының ар-абыройын қорғауға, шындық үшін күреске арнады. Оның жан-жүрегі өле-өлгенше туған халқымен бірге болды.Тарихи тұлғалар арасында саналы ғұмырын Қазақстан және Түркістан халықтарының Тәуелсіздігіне арнаған Мұстафа Шоқайдың орны бөлек. Өздеріңізге белгілі, Шоқайдың саяси күресінің басты мақсаты – Түркістандағы кеңес билігінің орнына тәуелсіз ұлттық басқару жүйесін орнату болды. Сондықтанда Шоқай Кеңес Өкіметі режиміне қарсы тұлға болып табылды. Сондықтан Мәскеу оның өмірі мен идеялары туралы мәлімет таратуға тыйым салды. Кеңес идеологиясы бойынша, Шоқай «халық жауы» деп жарияланды. Сол себепті Шоқайға байланысты мәліметтер оқулық пен энциклопедияларға кірмей қалды. Қазақстан мен қазақ халқына қатысты барлық мағлұматтар қамтылған 12 томдық Қазақ Совет энциклопедиясында Шоқай туралы ешқандай мәліметке орын берілмеді.

Мұстафа Шоқайды «халық жауынан» халық қаһармандығына көтерген процесс қазақ зиялыларының батыл әрекеттерінің арқасында жүзеге асырылды.



Артында ұрпағы жоқ демей бірақ таудай өшпес із қалдырды.Алаш арысы Мұстафа Шоқай түркі тәуелсіздігіне бүкіл өмірін аянбай арнады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет