Оңтүстік Қазақстан облысында мұрағат ісін дамыту жөніндегі 2015 жылы атқарылған жұмыстардың есебі



Дата26.06.2018
өлшемі203,81 Kb.


Оңтүстік Қазақстан облысында мұрағат ісін дамыту жөніндегі

2015 жылы атқарылған жұмыстардың есебі
Есепті мерзімде Оңтүстік Қазақстан облысында мұрағат ісін дамыту бағытындағы жұмыстар барлық мұрағат мекемелерінің үйлесімді іс-әрекеті арқылы жоспарлы түрде жүзеге асырылды. Жұмыс барысында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңдары, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мұрағат ісі және құжаттама департаменті, облыс әкімдігінің шешімдері мен өкімдері, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына 2015 жылға арнаған Жолдауы, облыстық мұрағаттар және құжаттама басқармасының 2015 жылға арналған жоспары тұрақты түрде басшылыққа алынды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы №144 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын», Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы №145 бұйрығымен бекітілген «Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, басқа да мұрағат құжаттарын мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік мұрағаттардың толықтыруы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидаларын», ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы №146 бұйрығымен бекітілген «Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын және басқа да мұрағат құжаттарын ведомстволық және жеке мұрағаттардың қабылдауы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидаларын», ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы №22 бұйрығымен бекітілген «Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар бекіту туралы» тізбесін және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңын және басқа да тиісті қолданыстағы заңдылықтарды орындау барысында жұмыс жүргізілді.

Облыс мұрағаттары бойынша толықтыру көздерінің тізімі нақтыланып, облыс әкімдігі жанындағы сараптау-тексеру комиссиясында бекітілді және мұрағат мекемелеріне жіберілді. Филиалдарды қосқанда барлығы 21 мұрағат мекемесінің толықтыру көздері нақтыланды. 2015 жылдың 15 ақпанына облыс аумағындағы мұрағат мекемелеріндегі қор карточкаларының құрамы және көлеміндегі өзгерістер туралы мәлімет ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мұрағат ісі және құжаттама департаментіне жіберілді.

2015 жылғы 23 қаңтарда облыс әкімінің алдында Оңтүстік Қазақстан облысы мұрағаттар және құжаттама басқармасының 2014 жылы атқарған жұмысы туралы есебі тыңдалды. Есептің қорытындысы бойынша хаттамалық тапсырмалар берілді.

Жыл басынан бері 4 кеңейтілген мәжілістер өткізілді (16 қаңтар, 17 сәуір, 9 шілде, 22 қазан күндері). Аталған мәжілістерінде мұрағат ісін дамыту барысында басқарма тарапынан 2014 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы қаралып, 2015 жылы атқарылатын негізгі міндеттер белгіленді. Сонымен бірге Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын сақтауды қамтамасыз ету, мұрағат жұмыстарының әрі қарай дамуы жөніндегі көкейтесті мәселелер, бөлінген қаржының игерілуі және сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы мәселе қаралды.

Мекемелердің ресми бланктерінің «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың Үлгілік қағидалары», талаптарына сай дайындалуын қамтамасыз ету жұмысы жүзеге асырылды. Есепті мерзімде 588 мекеменің ресми бланктері Қағида талаптарына сәйкестендірілді.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2014 жылғы 3 желтоқсандағы №122 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары мен құрылыс жүйесіндегі Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 32 мекемелерінде жоспарға сәйкес іс жүргізу және құжат сақтаудың жай-күйіне тексеру жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша актілер түзіліп Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Оңтүстік Қазақстан бойынша басқармасы мен тексерілген мекемелерге тапсырылды. Барлық тексерулер жөнінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мұрағат ісі және құжаттама департаментіне 6 айы бойынша статистикалық есептер дайындалып, жіберілді.

Тексеру нәтижесі бойынша ОҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасы мен мұрағат мекемелері мәжілісінің қарауына материалдар дайындалып шешім қабылданды.

Басқармада «Lotus Notes» бағдарламасы бойынша тіркелген кіріс және шығыс құжаттарының саны туралы ай сайын мәліметтер дайындалып ОҚО ішкі саясат басқармасына жіберіліп тұрады.

Қоғамдық ұйымдармен байланыс жасалды. «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-ның Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалында өткен дөңгелек үстелге, Сайрам аудандық мұрағатының ұйымдастыруымен өткен «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі: Халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту, жетілдіру жолдары» – атты тақырыпта Сайрам, Төлеби, Түлкібас ауданаралық семинар-кеңеске, Облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандарының мұражайында өткен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ хандығы – Қазақстан бастауы» атты іс-шараға, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында өткен «Қазақ хандығы – Мәңгілік ел идеясы: тарих тағдыры мен тағлымы» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияға мұрағат қызметкерлері қатысып қайтты.

Атырау облысы мемлекеттік мұрағатының 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 1-18/82 хатына сәйкес, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өлке тарихына қатысты құжаттарды іздеу және қорға алу шараларына байланысты «Ұлы Жібек жолы: достық пен ғылым жолының күретамыры» атты мұрағат деректерін жинақтау және іс-тәжірибе алмасу үшін іссапармен келген Атырау облыстық мемлекеттік мұрағатының қызметкерлеріне шетелден әкелінген құжаттар бойынша яғни Оңтүстік Қазақстан тарихы жайлы Өзбекстан Республикасынан және Ресей Федерациясынан әкелінген құжаттармен таныстырылып, №1129, 1405, 1446 облыстық мемлекеттік мұрағат қорлар бойынша құжаттардың көшірмелерін алып қайтты. Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатының құжаттарды ғылыми жариялау бөлімінің бас сарапшылары Е.В.Чиликова мен М.Г.Жылгелдинов «Из истории депортаций. Казахстан 1940-1955гг.» тақырыбы бойынша №83, №121, №165, №313, №315 қорлардан қажетті құжаттардың көшірмелерін алды. Сонымен бірге өздері жарыққа шығарған құжаттар жинағы бойынша презентация өткізді.

2015 жылғы 6-8 қазан аралығында Ресей Федерациясы Қазан қаласында өткен ТМД-ға қатысушы елдердің мемлекеттік мұрағат қызметтері басшыларының консультациялық кеңесі отырысына және Мұрағаттардың халықаралық кеңесінің (МХҚ) Еуро-Азиялық өңірлік бөлімшесінің іс-шараларына басқарма басшысы Н.Шарафиев қатысты.

Облыстық мемлекеттік мұрағатының бөлім басшысы К.Тасыбекова Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында және Сырым ауданында өткен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» жобасы аясындағы «Шежірелі шежіре аманаты» Халықаралық форумына және Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясында Алихан Бөкейхановтың 150 жылдығына орай ұйымдастырылған дөңгелек үстелге қатысты.

2015 жылғы 8 қазанда Тараз қаласындағы «Қазақ хандығынын 550 жылдығы» атты өткізілген мерекелік іс-шараға басқарманың бөлім басшылары мен 3 мұрағат директорлары қатысып қайтты.

Ұлы Жеңіске 70 жыл толуына орай, «Ұлы Отан соғысына 70 жыл» және «Кешегі ержүрек жауынгер – бүгінгі ардақты ардагер», атты соғыс ардагерлері, М.Әуезов атындағы жоғарғы курс студенттері, Қазақстан - Шымкент радиосының журналисі және БАҚ өкілдерінің қатысуымен кездесу кеші ұйымдастырылып, Отырар, Айғақ, Қазақстан-Шымкент телеарналары мұрағат басшыларынан және ҰОС ардагерлерінен сұхбат алды. Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысы Женісінің 70 жылдығына арнап М.Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушылары мен студенттері, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мұрағатшылар бірігіп фотоальбом, фотостенд жасап дөңгелек үстел өткізілді.

ОҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасының ұйымдастырумен облыстық, өңірлік, қалалық мұрағаттардың қатысуымен «Біздің Ту! Біздің Елтаңба! Біздің Гимн!» атты патриоттық іс-шара өткізілді.

Шымкент қалалық мұрағатының ашылу салтанатты іс-шарасында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Қазақстан тарихы шетел мұрағаттарында» атты тақырыпта құжаттар және фотоқұжаттар көрмесі дайындалып, таныстыру (презентация) жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай «Елбасы мұраты – ел бақыты, гүлденген Қазақстан» атты фотостенд жасалды.

«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ОҚО мемлекеттік мұрағатының арнайы тобы наурыз айында Ресей Федерациясы Орынбор облыстық мемлекеттік мұрағаты мен Н.Крупская атындағы облыстық кітапханасында «Қазақ хандығының тарихы мен құрылуы, Қазақстанның оңтүстік аймағы мен Түркістан өңірінің құрылуы» атты тақырыпта ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде Орынбор облыстық мемлекеттік мұрағатынан 1734-1782 жылдар аралығынан 5 қордан 208 іс және библиотека қорынан «Труды Оренбургской ученой архивной комиссии» баспасынан 14 іс қаралды. Н.Крупская атындағы облыстық кітапханасының сирек кездесетін баспа басылымдарынан 12 іс қаралып, жалпы есебі 645 парақ ксерокөшірме алынды. Әкелінген құжаттар реттеліп, мемлекеттік сақтауға қабылданды. Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың 21-28 мамыр күндері Өзбекстан Республикасы Әлішер Науаи атындағы Ұлттық кітапханасы мен Ташкент мемлекеттік шығыстану институтының Абу Райхан Беруни атындағы Шығыс қолжазбалар орталығының қорларынан Қазақстан тарихына қатысты құжаттарды іздеп табу және зерттеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 1734-1910 жылдар аралығындағы құжаттар қаралып, айқындалған барлығы 1304 парақ құжаттардың ксерокөшірмесі алынды. Елге қайтарып әкелінген Оңтүстік Қазақстан облысының және жалпы қазақ хандығының тарихына қатысты құжаттар Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағат қорын толықтырылды. Бұл құжаттар Түркістан өлкесі Сырдария облысының құрамына кірген, халқының және қазақ хандығының тарихын шынайы түрде зерттеп тануда тарихи, ғылыми, мәдени маңызға ие. Сонымен бірге 2015 жылдың 5-18 қыркүйек аралығында Ресей Федерациясы Омбы облысының тарихи мұрағаты мен А.Пушкин атындағы Омбы мемлекеттік кітапханасында зерттеу жұмыстары жүргізілді. Аталған мекемелердің қорларынан қазақ тарихына қатысты әлеуметтік-экономикалық даму тарихы, мәдениеті және біліміне қатысты 26 сирек кездесетін басылым айқындалып, барлығы 490 парақ құжаттардың көшірмелері және Ш.Уәлихановқа және оның отбасына қатысты фотоқұжаттар алынды.

ҚР Президенті 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына «Қазақстан жаңа жаhандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауы бойынша 2015 жылдың 22 желтоқсанында басқарма мамандары және облыстық, Шымкент өңірлік, Шымкент қалалық мұрағат қызметкерлерінің қатысуымен лекция өткізілді. Жолдаудың әр тармақтары бойынша талқылау жұргізіліп, мұрағатшылар бұл тарихи құжатты үлкен қуанышпен және жауапкершілікпен қабылдағаны жөнінде өз пікірлерін білдірді.

«Оңтүстік Қазақстан облысы: өткеннің цифрлары мен фактілері» жинағына құжаттарды айқындап және жарыққа шығару жұмысы жалғастырылуда.

Жеке құрам бойынша құжаттардың орналасуы туралы анықтамалық дайындау үшін мәліметтер іздеп табу және «Жеке құрам бойынша құжаттардың орналасқан жері» деректер банкі бағдарламасын енгізу бағытында жұмыстар жалғастырылуда. Осы анықтамалықты құрастыру барысында облыстық, аудандық, қалалық, ұйым, кәсіпорын, мекемелерге іс-сапарға шығып, жеке құрам құжаттарының сақталу орны туралы мәліметтер – жинақталу жұмысы жалғастырылуда, қазіргі таңда орыс тіліндегі құжаттары қазақ тіліне аударылып жатыр. Аудиовизуальды құжаттарды сақтаудың маңыздылығын атап көрсете отырып және Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару Комитетінің 2001 жылғы 25 сәуірдегі №2/1 алқасының ҚР мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім Министрінің 13.11.2000ж. №212 «Бірегей аудиовизуальды құжаттарды сақтау шаралары туралы» бұйрығын жүзеге асыру үшін, ОҚ телерадиокомпаниясының құжаттарын алдын-ала құндылығын сарапқа салғаннан кейін, жоспарға сәйкес қайта жазу жұмысы жүргізілді.

«Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау департаментінің санитарлық эпидемиологиялық бекеті, қазіргі ОҚО мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің құрылғанына 65 жыл (1950)» толуына орай дайындалған ақпараттық 1 радиохабар және Қазақстанның халық әртісі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ленин ордені, Еңбек Қызыл Ту және Құрмет белгісі ордендерінің иегері, актер, режисер, педагог Құрманбек Жандарбеков туралы деректі фильм жазылып алынды.

Отырар ауданының 80 жылдығына, Ш.Қалдаяковтың 85 жылдығына, «Отырар» газетінің 80 жылдық мерейтойларына орай мұрағат қорларынан тарихи мәліметтер дайындалып Отырыр аудандық әкімшілігіне жіберілді.

«Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» ҚР заңының орындалуы туралы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасына, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің сандық және сапалық құрамы жөнінде тоқсандық есептер ҚР мемлекеттік қызмет істер жөніндегі агенттігінің ОҚО бойынша басқармасына тапсырылды.

Мұрағат саласының материалдық-техникалық жағдайының жақсаруы мен дамуына 2015 жылы 501651,0 мың теңге қарастырылған жыл ішінде мақсатты түрде толығымен игерілді. Сарыағаш аудандық мұрағатының Келес филиалы, Мақтаарал аудандық Мырзакент филиалы Жетісай өңірлік мемлекеттік мұрағаттарында 14829,5 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 75675,0 мың теңге қаржыға Созақ, Түлкібас аудандық және Мақтарал аудандық мұрағатының Асықата филиалына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аяқталды. (Бұрынғы жылдармен салыстырғанда күрделі жұмыстарына бірінші рет қаржы бөлініп отыр).

2015 жылғы 28 қазанда «Нұрсат» шағын ауданында 525,0 млн. теңге қаржыға соғылған, жалпы аумағы 4082 шаршы метрлік, сиымдылығы 500 мың сақтау бірлігіне арналған, 6 қабатты Шымкент қалалық мұрағатының ғимараты іске қосылды.

Шымкент қалалық мұрағаты ғимаратының ашылу салтанаты туралы ақпарат республикалық және облыстық БАҚ құралдарында жарияланды :

«Мұрағат-жаңа қоныста», («Егеменді Қазақстан» газеті 11.11.2015ж.), «Наследие будущего», («Южный Қазахстан» газеті 31.10.2015ж.), «Город заархивировали», («Рабат газеті» 04.11.2015ж.) ,«Шымкент қалалық мұрағаты ғимаратының ашылу салтанаты» туралы «Қазақстан-Шымкент», «Отырар», «Хабар» телеарналарының жаңалықтарында хабарлама (29 қазан 2015ж.) берілді.

Веб-сайтқа - электрондық адресі: archivе – uko.gov.kz басқарманың қызметіне қатысты толық ақпараттар қазақ, орыс тілдерінде бекітілген регламентке сәйкес орналастырылып тұрады. Оңтүстік Қазақстан облысы мұрағаттар және құжаттама басқармасының ұйымдастыратын іс-шаралар және салалық жаңалықтар жайлы мәлімет облыс әкімдігінің веб-сайтына да тұрақты түрде жіберіліп отырады.

2015 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты жиында басқарманың бас маманы А.Атамқұлова облыс әкімінің Грамотасымен марапатталды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған мерекелік медальдарымен басқарма басшысы Н.Шарафиев, басқарманың бөлім басшысы Н.Әзімбаев, облыстық мемлекеттік мұрағатының директоры Қ.Төретай және Сайрам аудандық мұрағатының директоры А.Табирова наградталды.

Тәуелсіздік күніне орай көп жылдан бері еңбек етіп келе жатқан Қазығұрт аудандық мұрағатының директоры С.Юсупов, облыстық мұрағаты директорының орынбасары А.Исатаева және Түлкібас аудандық мұрағатының қызметкері А. Давиденко облыстық мәслихаттың Грамотасымен марапатталды.



Облыс әкімдігі өткізген жылдың үздік номинациялары байқаудың қорытындысымен 2015 жылдың 23 желтоқсанында Мақтаарал аудандық мұрағатының директоры С.Збайрадинов мұрағат саласы бойынша «Үздік архивисі» номинациясының иегері атанды және облыстық салтанатты жиында марапатталды.
ҚР Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын мемлекеттік есепке алу және сақталуын қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын мемлекеттік есепке алу және сақталуын қамтамасыз ету мақсатында облыстың мұрағат мекемелері арасында өзара байланысты кешенді жұмыстар жүргізілді. Сақтау бөлмелерінде, қоймаларда күнделікті жинау, құжаттар мен сөрелерді шаң-тозаңнан тазарту, ылғалдық-температуралық режимін бақылау жүзеге асырылды. 75798 істің физикалық жағдайын жақсарту жұмыстары жүргізілді: оның ішінде 2240 істегі 39123 парақ қайта өңделіп, 3989 істің және 720 тізімдемелердің мұқабалары ресімделді, 26054 іс және 920 тізімдеме тігілді. Есепті мерзімде 204590 іс шаң-тозаңнан тазартылды. Сақтаудағы қорлардың толықтығы мен жалпы жағдайын бақылау мақсатында 95678 іс тексерілді. Тексеру қорытындысы бойынша тексеру беттері мен актілер ресімделді. Сондай-ақ, осы жұмысты атқару барысында 56 істегі 393 парақ қалпына келтіруге, 720 іс тігуге, 25 істегі 72 парақтың мәтіні көмескіленгенін, 3 істегі парақ қазақ тілінде және 2 істегі 15 парақ латын тілінде жазылғандығы айқындалды.

Жоспарланған жұмысты атқару барысында парақтардағы көмескіленген мәтіндері қалпына келтірілді.

Қоймалардан пайдалану үшін істерді беру мен оларды қайта орындарына қою белсенді түрде жүргізілді. Есепті мерзімде 105654 іс пен 8156 тізімдеме қолға беріліп орнына қайта қойылды. Мұрағат қоймаларының ішіндегі 5256 істің орны ауыстырылды.

Есепті мерзімде 68 қордың 75 тізімдемесіне, қор парақтары мен қор карточкаларына өзгерістер енгізіліп, жаңадан келіп түскен 11 қорға қор парақтары мен қор карточкалары құрастырылды. Сондай-ақ жүргізілген есеп құжаттары қазақ тіліне аударылды.

Мұрағаттық технологияларды енгізу бөлімшесі «Электронды мұрағат жүйесі» бағдарламасына сәйкес, Ұлттық мұрағаттар қоры құжаттарын сандық таңбаға көшіру, істер мен құжаттарды сканерлеу және электрондық мұрағатқа орналастыру бойынша, қағаз таксығыштардағы мұрағаттық істер мен құжаттарды сандық таңбаға көшіру бойынша жұмыстар орындалуда. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 8 қаңтардағы №464 Жарлығымен бекітілген «Ақпаратты Қазақстан – 2020» Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «Құжаттардың бірыңғай электрондық мұрағаты» ақпараттық жүйесін толықтыру мақсатында орталық қор каталогы бойынша кестелер толтырылуда. Облыстағы мемлекеттік мұрағаттарда сақтауда тұрған 1500390 сақтау бірлігі бойынша қазіргі таңда 1500390 сақтау бірлігі кестеге енгізілді. Мәлімет мұрағат ісі және құжаттама департаментіне жіберілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру. Мекемелік мұрағаттарға ұйымдастыру, әдістемелік жетекшілік ету және мекеме, ұйым, кәсіпорындардағы іс жүргізу құжаттарын ұйымдастыру. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және оның бірлестіктерінің мұрағаттарымен жұмыс
ҚР Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының жойылып кетуіне жол бермеу мақсатында мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің сақтауындағы қалып кеткен құжаттарды жасақтау барысына көп көңіл бөлінді.

Есепті мерзімде 10451 басқару құжаттарының сақтау бірлігі, 599 ғылыми-техникалық құжаттар, 167 фотоқұжат, 4 үнқұжат, 405 жеке тектік құжаттардың сақтау бірлігі, оның ішінде 500 құжат, 131 фотоқұжат 1 киноқұжат, 1620 бейнеқұжат және 18721 жеке құрам құжаттары мемлекеттік сақтауға алынды.

Мемлекеттік мекемелерде іс жүргізу мұрағаттық құжаттарды сақтаудың жай-күйін бақылау мақсатында 32 тақырыптық тексерулер жүргізілді. Өткізілген тексерулер нәтижесінде тексеру актілері түзілді. Ұлттық мұрағат қорына сақтауға алынатын құжаттар жинақталып, тізімдері тұрақты түрде нақтыланып, толықтырылып отырады.

«Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңының 8-бабына сәйкес таратылған, қайта құрылған мемлекеттік мекемелерге әдістемелік және практикалық көмектер көрсетілді. Жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында мекеме, ұйым, кәсіпорындарға салалық жүйесіне қарай жетекші мамандар бекітілді. Құжаттаудың негіздерін үйрету және істер номенклатурасын жасақтауда мемлекеттік емес сектордағы қоғамдық ұйымдарға, жаңадан құрылған құрылымдарға, сонымен қатар қайта құрылған мекеме, ұйымдарға көп көңіл бөлінді.

Мекемелермен жұмыс Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңына сәйкес жүргізілді. Оларға істер номенклатураларын түзуде нақты көмектер көрсетілді. Дәлірек айтқанда, 295 істер номенклатурасын, 293 жою актісі мен тізімдеме және 48 сараптау комиссиясы және 36 ведомстволық мұрағаттар туралы ережені жасақтау және жетілдіру бойынша әдістемелік және тәжірибелік көмектер көрсетілді. «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларына» сай 2015 жылы 588 мекеменің ресми бланктері сәйкестендірілді. Басқармаға қарайтын мұрағат мекемелеріне Қазақстан Ұлттық мұрағат қорының толықтыру көзіне енгізілген мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің (ұйымдардың және кәсіпорындардың) құжаттары жөніндегі мәліметті анықтау үшін 2015 жылдың 5 тамызында №02/646 санды хаты жіберіліп, жұмыстар жүргізілуде.
Ақпаратты іздеу жүйесін құру, ғылыми ақпарат

және құжаттарды пайдалану пайдалану
Ғылыми-анықтамалық аппаратты (ҒАА) құру мен жетілдіру жұмысы мемлекеттік есепке алуды жетілдіру мен дамытудың 2015 жылға арналған жоспарға сәйкес жүргізілді.

№265 қор – Еңбекшілер депутаттары Сас-Төбе поселке Кеңесі атқару комитетінің 604 сақтау бірлігінен тұратын 1950-1991 жылдары аралығына тарихи анықтама жазылды.

Сақтандыру қорын құрастыру мақсатында 1, 2 санаттағы қорлар құжаттарынан ерекше құнды құжаттарды айқындау жұмысы жүргізілді. Ғылыми анықтама тірегін жетілдіру жұмыстары жүргізіліп, ықшам анықтамалыққа толықтырулар енгізілді.

Мұрағаттық технологияларды енгізу бөлімі «Электронды мұрағат жүйесі» бағдарламасына сәйкес, Ұлттық мұрағаттар қоры құжаттарын сандық таңбаға көшіру, істер мен құжаттарды сканерлеу және электрондық мұрағатқа орналастыру бойынша, қағаз тасығыштардағы мұрағаттық істер мен құжаттарды сандық таңбаға көшіру бойынша жұмыстар атқаруда.

2015 жылы №809 қор – Шымкент қаласы әкімдігінің жылжымайтын мүлікті жария ету комиссиясының 2006 жылғы құжаттары және №1101 қор – Сайрам ауданы әкімдігінің 1992-1995 жылдардағы құжаттары «Электронды мұрағат» жүйесіне енгізілді. Іс және құжат тігісін сөгіп, Bartender бағдарламасының көмегімен басып шығарылған штрих-кодты жабыстырып, құжаттар арасында жіп, скрепка және басқа металды заттар болмауы тексерілді. Жүйеде мұрағаттық іс және мұрағаттық құжат карточкаларын құрып, карточкаларда қажетті мәліметтер толтырылды. Карточкалар толтырылған соң, ағылмалы (поточный) және планшет сканерлері арқылы іс және құжаттар сканерленді, яғни 533 іс сөгіліп, тігілді және іс карточкасы құрылды. 19984 құжат карточкалары құрылып, 92037 парақ сканерден өткізілді. 71 іс парақтары қалпына келтірілді. Сканерден өткен іс, құжаттар мұрағат жүйесінде тексеріліп, қоймаға өткізілді.

Ақпараттық-әдістемелік бөлімінде 2015 жылдың жоспарына сәйкес, Деректер базасына «Түлкібас аудандық халық депутаттарының Кеңесі атқару комитеті» №580 қордың №1-2 тізімдемлерінің 216 сақтау бірлігінен 1949 жылдың 3 қаңтарынан – 1973 жылдың 30 желтоқсанына дейінгі 5833 шешім, 5833 жазба тіркеуге алынды. Көлемі 1423 Байт.

Мұрағаттарды жеке текті құжаттармен толықтыру жұмысы одан әрі жалғастырылды.

2015 жылы Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын пайдалану жұмысы қоғамның өткенін шолатын ретроспективтік ақпараттарға деген шынайы қажеттілігін есепке ала отырып жүргізілді. Мұрағат құжаттарын жариялау мақсатында Кентау өңірлік мемлекеттік мұрағатының №36-қор «Фрунзе ауданы Кеңесінің 1939-1956 жылдардағы жалпы тарихы» атты мұрағаттық қор құжаттарынан жинағы жарыққа шықты (120-парақ, таралымы 50 дана). Ақпараттық хабарламалар жасалынды, облыстық және аудандық БАҚ құралдарында 28 мақала жарыққа шықты:

- «Иесін тапқан марапат» («Еңбек және зейнет» газеті 15.02.2015ж.);

- «Мұрағаттың қызметі туралы» («Жетісай жаңалықтары» газеті 11.02.2015ж.;

- «Мұрағаттың еліміздегі алар орны ерекше» («Сайыпқыран» газеті 20.01.2015ж.);

-«Мұрағат құжатына жауапты қарайық» («Жетісай жаңалықтары» газеті 19.03.2015ж.;

- Қор құрушы Бәйдібек ауданының құрметті азаматы, қоғам қайраткері Ә.Шардарбековтің 75 жылдығына орай «Қызмет» газетінде 2015 жылдың 20 ақпанында мақала жарияланды.

- Қор құрушы Ұлы Отан соғысының (1941-1946жж) ардагері Т.Қожаназаровтың 90-жылдығына 2015 жылдың 20 қаңтарында «Оңтүстік Қазақстан» газетінде мақаласы дайындалып жарияланды;

- Қор құрушы Ұлы Отан соғысының (1941-1946жж) ардагері Қ.Исахановқа арналған мақала 2015 жылдың 20 наурызында «Әділет» газетінде жарияланды;

-Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай «Ұлттар достығы-басты қазынамыз» («Мәртөбе» газеті 13.03.2015ж.) және



  • «Единство – главная ценность» («Пульс Сайрама» газеті 13.03.2015ж.;

  • «Мұрағатта мін болмаса» («Мәртөбе» газеті 27.03.2015ж.);

  • «Ерлік мәнгі жадымызда» («Шымкент келбеті» газеті, 08.05.2015ж);

  • «Мен шығармын, шынында, өлең деген» Әбілда Аймақты еске алу (Оңтүстік Қазақстан газеті 30.05.2015ж.);

  • «Доблестью предков должны гордиться» («Южный Казахстан» газеті, 03.07.2015ж.);

  • «Наша история из зарубежных архивов» («Южный Казахстан» газеті, 19.08.2015ж.);

  • «Мұрағат-тарих қойнауы» («Шамшырақ» газеті 24.08.2015ж.);

  • «Мекемедегі ведомстволық мұрағат» («Машат» газеті 07.10.2015ж.);

  • Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Тарихымызға қатысты құнды құжаттар көрші елдерде әлі де көп» («Южный Казахстан» газеті 11.11.2015ж.);

  • Қазақстан халықтар Ассамблеясының 20-жылдығына арнап «Ұлттар достығы –ұлы мемлекет ұстыны» («Қызмет» газеті 03.07.2015ж.);

  • «Мұрағат-тарихтың қайнары» («Сарыағаш» газеті 12.12.2015ж.);

  • «Бар қазақтын көз куанышы» («Өскен өңір» газеті 27.11.2015ж.) т.б.

Сонымен бірге 14 радио хабар дайындалып, жергілікті «Қазақстан-Шымкент» радиосында төмендегідей радиохабарламалар оқылды:

– ақпан - «Оңтүстіктің фантаст жазушысы» Ж.Сахиевтің 65 жасқа толуына орай;

- ақпан - Оңтүстік Қазақстан денсаулық сақтау департаментінің санитарлық эпидемиологиялық бекетінің құрылғанына 65 жыл толуына орай;

- наурыз - «Ана - өмір бұлағы»;

- наурыз - Ұлыстың Ұлы күні мерекесіне орай «Қош келдің Әз Наурыз!»;

9 мамыр – «Ұлы жеңіске 70 жыл» толуына орай ;

- «Жырдың гүлі Нұрбибі» атты Н.Омардың 60 толған мерейтойына орай;

- «Ерлік мәңгі жадымызда» атты Тіленен Әбдікешовтың 100 жылдығына орай;

- «Ата Заңымыз азаттығымыздың айғағы»;

- «Астана күніне орай» «Арман қала- Астана»;

- «Тіл мерейі, - ел мерейі»;

- 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай «Елбасы елімнің тірегі»;

- «Жарқырап өткен жан еді» С.Айтхожожиннің 120 жыл толуына орай;

- Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Тарихымызға қатысты құнды құжаттар көрші елдерде әлі де көп»;

-Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына орай «Тәуелсіздік – желтоқсаннан басталған».

Оқу залы арқылы құжаттар белсенді пайдаланылды. Оқу залында мұрағат құжаттарымен 19 ғылыми зерттеушілер төмендегі тақырыптар бойынша:



  • зерттеушілер - Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтынан Ә.Шашаев, Р.Оразов, Ж.Несіпбаева, А.Оралова «Кеңес Одағының 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңінде»;

  • А.Сандыбаева «Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университеті, «Кеңестік кезендегі Түркістан қаласының саяси және экономикалық тарихы»;

  • Қ.Еримбетова – тарих ғылымының кандидаты (Мемлекеттік тарих институты, Астана қаласы), «Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында» монографиясына құжаттар жинақтау т.б атты тақырыпта жұмыс жасады. Зерттеушілер мен мұрағат қызметкерлеріне 325 тізімдеме және 18424 іс берілді. Сондай-ақ, оқу залдарында құжаттармен кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдері жұмыс істеді. Мекеме, ұйым, кәсіпорындар өкілдеріне 12103 іс және 256 тізімдеме беріліп, 132 кеңес-көмек көрсетілді.

№4 Кәсіптік колледжінің 3-курс студенттері ғылыми-тәжірибелік практикадан өтті. Шымкент университеті тарих мамандығы бойынша 2-курс студенттеріне, №4 колледждің «Хатшы-референт» мамандығы бойынша 3-курс студенттеріне, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің тарих мамандығы бойынша 4-курс студенттеріне, тарих мамандығы және археология және этнология мамандықтары бойынша 2 курс магистранттарына, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының тарих мамандығы бойынша 1-курс студенттеріне жалпы 8 лекция-экскурсия өткізілді.

Есепті мерзімде заңды және жеке тұлғалардан 46477 сұраныстар келіп түсті, оның ішінде тікелей келгені 12385 сұраныс, ал Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы келіп түскені 34092 сұраныс. Қанағаттанарлық нәтижесімен орындалғаны 34850 сұраныс. Оның ішінде тақырыптық сұраныстар саны - 17818. Қанағаттанарлық нәтижесімен орындалғаны – 13595 сұраныс. Соның ішінде шетелден түскен сұраныстардың саны - 3609. Қанағаттанарлық нәтижесімен орындалғаны – 2896.

(Барлығы қанағаттанарлық нәтижесімен орындалғаны 75% пайызды құрайды). 2014 жылы түскен сұраныстардың жалпы санымен-38933 салыстырғанда, сұраныстардың саны 19% пайызға өсіп отыр.
Ғылыми-техникалық ақпарат. Мамандардың біліктілігін арттыру.

Ұжымдық әлеуметтік дамыту.
Жекелеген бағыттарды әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында мұрағаттық қызмет жөніндегі әдістемелік құралдармен әдістемелік- ақпараттық анықтамалық қоры толықтырылды. Осы мақсатта 33 әдістемелік құрал тіркелді. Келіп түскен құралдармен мамандар таныстырылып, оларға ақпараттық парақтар толтырылды. Облыстық, өңірлік және аудандық (қалалық) мұрағаттардың мамандарына мұрағаттық жұмыс атқару және зерделеу барысында қолдануға 138 әдістемелік құралдар берілді. Өңірлік, аудандық, қалалық мұрағаттар директорлары мен қызметкерлеріне мұрағат саласы қызмет бағыттарының барлық түрлері: жеке текті құжаттар қорын қалыптастыру, анықтама жұмысын ұйымдастыру, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша кеңес беру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілді.

Мұрағат саласы мамандарының кәсіби деңгейін көтеру қолға алынып 2015 жылғы мамыр, маусым айларында барлық мұрағат директорлары мен басқарманың бөлім басшылары Астанадағы Қазақ мәдениет ғылыми-зерттеу институтының мемлекеттік және ведомстволық мұрағаттар, құжаттамалық қызмет қызметкерлері үшін біліктілік арттыру бойынша курстарында оқып, сертификат алып қайтты.

ҚР Ақпарат және мұрағат комитетінің 2005 жылғы 16 шілдедегі 93 бұйрығымен бекітілген Ережеге сәйкес 7 мұрағат директоры аттестациялаудан өткізілді. Аттестациялау жұмыстарының қорытындылары ресімделіп, хатталды.

Есепті мерзімде облыс әкімдігінің жанындағы сараптау-тексеру комиссиясының 23 отырысы өткізілді. Комиссия отырысында 320 істер номенклатурасы, 109 сараптау комиссиясы туралы Ережесі, 55 ведомстволық мұрағаты туралы ереже, 4 әдістемелік ұсыным, 3 нұсқаулық, 3 тізбе, 6 қысқаша анықтамалық, 320 мекеменің құжаттары ретке келтіріліп – басқарушы құжаттаманың 21200 іс тізімдемесі, жеке құрам бойынша 16127 іс тізімдемесі, 364 фотоқұжаттар тізімдемесі, 605 ғылыми-техникалық құжаттарының, 284 фотоқұжаттар, 4 есеп бірлігін құрайтын үнқұжаттары, 4 есеп бірлігін құрайтын киноқұжаттары, 195 аса құнды құжаттар істер тізімдемелері, 40 азаматтың жеке текті құжаттарының 387 сақтау бірлігі, оның ішінде 1092 құжат, 199 фотоқұжат, 21 бейнеқұжат келісілді, 3082 істен тұратын 1 қор жетілдірілді.



2015 жылы мұрағат қызметкерлері облыс көлемінде өткізілген сенбіліктерге қатысып Шымкент қаласын абаттандыру мен жасылдандыру мақсатында облыс әкімінің тапсырмасымен бекітілген Алпысбаев атындағы көше бойына ағаш көшеттерін отырғызды, бұрынғы ағаштардың түптерін әктеп, көшені сыпырып, қоқыстардан тазалады.



Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Конкурс жариялайды Конкурс жариялаған орган атауы : Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
pages -> Шетелдегі және еліміздегі ғылым және технологиялардағы қызықты оқиғалар
pages -> 1 Әлемдегі инновациялар
pages -> Әлеуеттік қауіп жағдайларында немесе террористік акт жасалғанда, сондай-ақ терроризмге қарсы операция жағдайларында азаматтардың іс-қимылына
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу