Жібермеу табалдырығы тогының шамасы әр адам үшін әртүрлі.
Өндіріс жиілігі айнымалы ток тұрақты токтан 4-5 есе қауіптірек. Оны сезу және жібермеу табалдырықтарындағы ток мөлшерінен көруге болады.
Электр құралдарының ток жүретін бөліктерінің изоляциясыз болуы щиттер мен жүйелерде ток жүріп тұрған кезде жөндеу немесе профилактика жұмыстарын жүргізу, қорғаныс құрал-саймандардың дұрыс жұмыс жасамауы осылардың бәрі екі фазалық жанасуға апарып соғады.
Адам өмірі үшін қауіптірегі екі фазалық жанасу.
ІІІ. Зертханалық және демонстрациялық тәжірибелер жасаудағы жеке – дара қауіпсіздік шаралары. Экспериментальдық электр қондырғыларды құрастыруға пайдаланатын өткізгіштердің бөлік изоляциясының көзге түсетіндей ақауы болмау керек. Изоляциясы жоқ өткізгіштерді пайдалануға мүлдем болмайды. Өткізгіштер ұшталып сақтандырғыш қаппен жабылуы тиіс, ал қысқыштарында пластмассаға престелген жиырылмайтын бүркеншегі болуы қажет. Өлшеу кезінде приборларға, конденсаторларға, трансформаторларға, резисторларға және өткізгіштерге тиісуге тиыс салынады.
Қондырғыны электр тізбегіне қосуда штепсельдік қосылыстар көп жағдайда бір фазалық және екі фазалық түйісуге мүмкіндік бермейді.
Электр тізбегін құрастырған кезде өткізгіштердің қиылысуынан аулақ болыңдар, изоляциясы тозған өткізгіштерді және ашық типтес рубильниктерді пайдаланыңыздар.
Электр тізбегіне ток көзіне ең соңынан қосыңдар. Тізбектегі кернеуді тек приборлармен немесе кернеу көрсеткішінен тексеруге болады.
Изоляциясы жоқ, кернеуі бар тізбек элементіне тиіспеңдер.
Жұмыс кезінде электр машиналарының айналып тұрған бөлшектеріне абайсызда қол тигізіп алмаңдар.
Изоляциялаушы сабы бар аспаптарды пайдаланыңдар.
Жұмыс соңында электр көзін ағытыңдар, сонан соң электр тізбегін ажыратындар.
Кернеуі бар электр қондырғыларында ақау байқалса, дереу электр тогының көзінен ағытып, бұл туралы мұғалімге хабарлаңдар.