Тізбек бөлігіне арналған Ом заңын тексеру
Құрал–жабдықтар׃ ток көзі‚ өткізгіш сымдар‚ қыздыру шамы‚ амперметр‚ вольтметр‚ кілт.
Жұмыс барысы:
1. Амперметр мен вольтметр шкалаларын қараңдар және бір бөліктің құнын есептеңдер.
2. Сұлба бойынша электр тізбегін жинаңдар
3. Тізбекті тұйықтаңдар.
4. Тізбектегі кернеу мен ток күшін біртіндеп ұлғайтамыз.
Құралдардың көрсетулерін кестеге жазыңдар.
5. Ом заңын пайдаланып, қыздыру шамының кедергісін есептеңдер.
6.Есептеу нәтижелерін кестеге түсіріңдер.
7.Тәжірибе нәтижесін қорытындылаңдар.
Тапсырма. Өлшеу нәтижелері бойынша ток күшінің кернеуге тәуелділігінің графигін тұрғызып, сол функцияға сипаттама беріңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |