Адамның есінен танып оның бұлшық еттері тартылып, тырысуы, бірақ дем алысы тоқтамай, жүрегі соға береді.
Естен танып, жүрек соғуы мен дем алысы өзгереді.
Клиникалық өлім, яғни дем алуы мен қан айналысы тоқтайды.
Электрлік жарақаттанудың себептері –электрлік қондырғыларды пайдалану кезінде күтімсіздік салдарынан кейбір жерлерінде иллюзия кедергісі төмендеп , ток жүрмеуге тиісті жерлерде кернеу пайда болуы, жұмыс орнын нашар даярлау салдары, қондырғы конструкциясындағы, оны монтаждаудағы жіберілген қателіктер, сапасыз нұсқау, бағыттау материалдары.
Электр тогымен жарақаттану электрлік жарық жүйесінен де, күш жүйесінен де болуы мүмкін. Физика кабинетінде осы екі күш жүйесінен де болуы мүмкін. Физика кабинетінде осы екі жүйенің екеуінің де кіретін орындары бар. Әдетте жарық жүйесі – бір фазадан, ал күш жүйесі – үш фазадан тұрады.
Сымдарды тарту, бекіту, жөндеу және қабылдағыш құралдарға қосу оларды ток көзінен ажыратқаннан кейін ғана жасалынады. Тартырған сым изоляциялы болуға тиіс те, оларды механикалық әсерден бүлінетін жерлерін сақтауға қосымша шаралар қолданылды. Оның үстіне операцияны жүргізгенде электрді токтан ажырату керек.