http:// Kumarov.jimdo.com
Қазақстан тарихынан сұрақ-жауап
Ең көне тас құралдар табылды: Оңтүстік Қазақстаннан
2.Әмір Темір Орта Азияда билік құры: 1370-1405 жж
К. Қасымұлы бастаған көтеріліс Қазақстанның қай өңірін қамтыды: Үш жүзді
«Сібір қазақтарының Ережесі» бойынша ауыл құрады: 50-70 шаңырақтан
1825 жылы өз жерлерінде сыртқы округ ашуға келісім берген Ұлы жүздің руы: Үйсін
ХІІІ ғасырға дейін «қазақ» атауының қолданып келген мағынасы: Еркін адамдар
Ресейдегі Ақпан төңкерісі болған жыл: 1917 жылы
Ұлы Отан соғысы басталды: 1941 жылы
Көшпелілердің қола дәуіріндегі тарихы мен мәдениетін зерттеген: Ә. Марғұлан
Үйсіндерде жерленген адамның басы қаратылған тұс: Батысқа
Қимақ қағанатының құрамында болған ең көп және күшті тайпа: Қыпшақтар
«Дін үшін соғыс» ұранымен араб қолбасшысы Насыр ибн Сейяр Қазақстанның Оңтүстігін басып алды: 737-748 жж
«Жамиғат-тауарих» еңбегінің авторы: Қадырғали Жалайыр
Керей мен Жәнібек бастаған қазақтарды қолдаған Моғолстан ханы: Есен Бұға
Қазақтың ханын сайлауға барлық рудан қатысты: Атақты, сыйлы шонжарлары
Қазақтардан ант алуға Ресейдің орыс елшілігінен басқарып келген: А. Тевкелев
Амангелді бастаған 15 мың көтерілісші қоршаған қала:Торғай
«Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды кәмпескелеу және жер аудару туралы» декреті шыққан жыл:1928 ж
Қарағанды кеншілері ереуілге шыққан мерзім: 1989 ж. Шілде
960 жылы исламды мемлекеттік дін деп жариялаған Қазақстандағы ерте ортағасырлық мемлекет:Қарахан мемлекеті
Өзбек ұлысында XV ғ. ер жүректері қазақтар екенін жазған тарихшы: Рузбихан
1584 ж. Ермакты жеңген қазақ батыры: Сәтбек
ХІХ ғ. соңындағы Қазақстандағы жұмысшы қозғалыстарының саяси әлсіздігі: өндіріс орнының ұсақтығы, жұмысшы санының аздығы
Ішкі істер министрі Дурново Қазақстандағы қарсылықтарды басуға тапсырма берген жыл: 1906 ж. 10 қаңтар
жылы республикадағы жоспарлаудың жаңа формасына көшірілген кәсіпорындардың үлесі: 80 %
Еуразия құрлығының Шығысы мен Батысын жалғастырып отырған ежелгі сауда жолы: Ұлы Жібек жолы
Қайыр хан әскерімен Отырар қаласын неше ай қорғаған: 5-6 ай
1711-1781 жылдары өмір сүрген қазақтың ұлы ханы: Абылай
Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақтың батыр қыздары: Әлия мен Мәншүк
Қазақстан Республикасының БҰҰ-ға мүшелікке өткен уақыты: 1992 жылы 2 наурыз
Кейінгі палеолит дәуірін алмастырған дәуір: Мезолит
Археологтар тапқан Қазақстан жеріндегі қола дәуіріне жататын тайпалардың жұрттарының саны: 100-ден астам
1211-1213 жж. Жетісудағы билік қай найман билеушісінің қолына өтті: Күшлік ханның
XV ғ. 20 ж. Әбілқайыр хандығы қандай жерлерді алып жатты: Батыста Жайықтан, шығыста Балқашқа дейінгі
Столыпиннің аграрлық реформасы қабылданды: 1906 және 1910 жж
1929 ж. Қызылордадан ауысқан ҚазАКСР-ы астанасы: Алматы
Ұлы Отан соғысына дейінгі бесжылдық қорытындысы бойынша бірінші орынға шыққан Қазақстан өндірісі: Қорғасын
Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш президенті: Қ. Сәтбаев
Қазақстанда 1954-1958 жж. неше өнеркәсіп орындар мен цехтар іске қосылды: 730
Ертедегі жазба деректерде өмірі аттан түспейтін аттылы адам: «түркі» деген мағынаны беретін
1253 ж. Вильгельм Рубруктың осы қалада ирандықтардың сауда орындары бар деп атайтын Іле аңғарындағы үлкен қала: Эквиус
Ресейдің қазақстанды жаулап алуы аяқталды: ХІХ ғ. 70 жылдары
Кенесары Қасымұлы басқарған көтерілісшілер арасында сатқындық-опасыздық жасағандарға жазаның қандай түрін қолданды? Өлім жазасына кесу
. 1867-1868 жж. «Реформа» бойынша сот жүйесінің төменгі буыны: Билер мен қазылар соты
1920 ж. Наурыздың аяғына қарай Семей облысының солтүстік жағы ақгвардияшылардан азат етіліп, соған байланысты жойылған майдан: Жетісу
Индустрияландыру жылдарында Қазақстанда салынып, «Екінші Баку» деп аталған жаңа мұнай базасы: Ембі мұнай кәсіпорны
1930 жылғы Созақ ауданындағы шаруалар көтерілісі басшыларының бірі: Жақыпов
1960-1980 жж. КСРО-да жүргізілген мемлекеттік іс-шаралар жүйесінің атауы: Тоқырау
Қазақ халқынан шыққан алғашқы ғарышкер: Тоқтар Әубәкіров
XV ғ. соңында Шайбани ұрпағы мен Қазақ хандығы арасындағы күрестің себебі: Сырдария қалалары
Қоршау, қамал немесе қала ішіндегі күшті қорғаныс құрылысы бар бөлік: Цитадель
Орда Ежен хандығын үйсін руынан шыққан қандай би арқылы басқарған: Майқы би
Қазақ халқының жылқы сүтінен жасап ішетін сусыны: қымыз
Жер-жерде даладағы дәстүр бойынша кімдердің өкілдерін хан сайлаған? Ақсүйектердің
Бүкілқазақтық Алашорда Кеңесінің төрағасы: Ә. Бөкейханов
Қазақ шаруаларының 1821 жылғы көтерілісін басқарған: Тентек төре
Түгіскен кесенесі салынған құрылыс материалы: Күйдірілмеген кірпіш
XIV ғ. Ақ Орданың астанасы: Сығанақ
1860 жылы Қазандағы орыс әскерлері мен Қоқан әскері арасындағы үш күндік шайқас болып өткен жер: Ұзынағаш түбінде
ХХ ғ. басында Қазақстандағы ағарту ісін дамытуда, оны уағыздауда белгілі орын алған журнал: «Айқап»
Ф. Голощекиннің саясатына қарсы оппозиция басшыларының бірі: С. Сәдуақасов
Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің бірінші сессиясын ашқан ақын: Жамбыл
1943 жылы жарық көрген «Қазақ КСР тарихы» атты еңбектің авторларның бірі: Е. Бекмаханов
1958 жылы өнім өндіру жөнінен Қазақстан Одақтық Республикалар ішінде алған орны: 3
ІХ-ХІІ ғ. Сырдария сағасындағы ірі сауда орталығы: Янгикент
Зороастризм дінін VI-VII ғ. Қазақстан қалаларында таратқан: соғдылар
Қазақ хандығының өзі басқарып отырған елінен іріктеп алған шағын жасағы: төлеңгіттер
Азамат соғысы кезіндегі Ақмола атқару комитетінің мүшесі: А. Байтұрсынов
Армия шинельдеріне арналған шұға берген фабрика: Қарғалы
ЖЭС нәтижелерінің бірі: Мал басы мен егін салу алқаптарының көбеюі
1930-1932 жж. еліміздегі жаппай етек алған жағдай: Ашаршылық
Ұлы Отан соғысы кезінде теңіз порты салынған қала: Гурьев
1716 жылы І Петрға елшілік жіберген хан: Тәуке хан
Республикада 1954 мен 1986 жылдар аралығында жабылған қазақ тіліндегі мектептер саны: 600 ден астам
Горхан – бұл Қарақытайлардың басшысы
Көне түрік тілінде жазылған жәдігерлердің саны: 200- ден астам
Отырарда Шыңғыс хан саудагерлерінің өлтірілген жылы: 1218 жылы
Қазақ хандығында үстемдік еткен, әлемдік діндердің бірі: Ислам
Қазақ қоғамында хан тағынан үміт еткендер: Шыңғыс ханның ұрпақтары
1594 ж. Мәскеуге Тәуекел ханның елшілігін басқарып келген: Құл-Мұхаммед
Абылай ханның бала кезіндегі лақап аты: Сабалақ
Е. Пугачев басқарған шаруалар көтерілісі қамтыған мерзім: 1773-1775 жж
ХІХ ғ. қазақ күй өнерінің классигі, күйші: Құрманғазы
Германияның КСРО-ға қарсы қауырт соғыс жоспары аталды: «Барбаросса»
«Тотемизм» дегеніміз: Шығу тегін жануарлармен байланыстыру
Көне дәуір авторларының еңбектерінде «сармат» атауының кездесетін мерзімі: б.з.б. 3 ғасыр
Қарақытай мемлекетін құрған тайпа: Қидандар
Жібек жолының Қазақстандағы Солтүстік – Шығыс тармағы арқылы Монғолияға Мөңке хандығына барып қайтқан елші: Рубрук
Көне Отырар қаласының батыс жағында 3 км жерде орналасқан кесене: Арыстан баб
1883 жылдан бастап Жетісуда жаңадан қоныс аударушы шаруаларға берілген жеңілдік: Салықтан үш жылға босатылды
Ахмет Иасауидің шәкірті: С. Бақырғани
ЖЭС жылдары пайдалануға беріліп, 1923 жылға қарай одақта өндірілетін қорғасынның 40 %-ын берген өнеркәсіп:
Достарыңызбен бөлісу: |