«ОҢТҮстік казақстан медицина академиясы»


Тәжірибені өтудің жеке кестесі



бет3/11
Дата15.05.2020
өлшемі88,12 Kb.
#68775
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Жиеш Эльвира 6 күн

Тәжірибені өтудің жеке кестесі


Бөлімшелердегі жұмыс

Еңбек сыйымдылығы (күндер)

Күндері:

Клиникаға дейінгі дайындық орталығы

1




Стационардың емшарық кабинеті

1




Стационардың бөлімінде(пульмонология, кардиология, гастроэнтерология, гемато-нефрология, жан сақтау,) тәжірибе

5




Клиникалық зертхана

1




Функциональды диагностика бөлімі

2




Барлығы

10





Тәжірибе мазмұны, тәжірибе өтудің жеке кестесі және тәжірибеден жоспарланған нәтижелер КЕЛІСІЛГЕН

Күні____________ ЕПМ-дан тәжірибе бастығының қолы ____________________
Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық:

Күні _____________ қолы ____________
БӨЛІМ СИПАТТАМАСЫ

Орналасқан жері, ауруханадағы төсек-орын саны, бөлімдегі профильдер және төсек-орын саны, дәрігерлер саны; палаталардың, бокстардың, емшара бөлмелерінің түрі мен жабдықталуының сипаты және т. б.

Қабылдау бөлімі. Құрылымы, ерекшелігі

Қабылдау бөлімі — тіркейтін, қабылдайтын, біріншілік қарау мен антропометрия жүргізетін, келіп түскен науқастарды санитарлы-гигиеналық өңдеуден өткізетін және квалифицирленген медициналық көмек көрсететін маңызды емдік-диагностикалық бөлімше.

Қабылдау бөлімінің негізгі атқаратын қызметтері:

Науқастарды қабылдау және тіркеу;

Науқастарды дәрігерлік қарау;

Шұғыл медициналық көмек көрсету;

Стационарға госпитализацияға жіберілетін науқастардың бөлімшелерін анықтау;

Науқастарды санитарлы-гигиеналық өңдеуден өткізу;

Сәйкес келетін медициналық құжаттарды дайындау;

Науқастарды тасымалдау.

Қабылдау бөлімшесі бірінші қабатта орналасады

. Науқастарды қабылдауға арналған оқшауланған ыңғайлы есік болады.

Аурухана қабылдау бөлімі

Қабылдау бөлімі

Қабылдау бөлімшесінде келесілер орналасады:

күту залы;

бір немесе бірнеше қарау кабинеттері,

тіркеу бөлмесі (кезекші мейірбикенің кабинеті);

емшара кабинеті – шұғыл процедуралар жүргізіледі: асқазанды шаю, тазартқыш клизмасы және т.б.

изолятор;

санөткізуші (ванна-душ кабинеті);

лаборатория;

рентген-кабинет;

орап-таңу – операциялық бөлме- ұсақ амбулаторлы операцияларды жүргізуге арналған;

Ауруы белгісіз науқастар уақытша жататын бірнеше палаталар болады.

Науқастарды қабылдау және тіркеу

Кабылдау бөлімшесіне науқастар келесідегідей әдістермен келіп түседі.

Жедел жәрдем көмегінің көлігімен: қайғылы оқиға, жарақат, жедел ауру мен созылмалы аурулардың өршуі кезінде жеткізіледі;

Амбулаторлы жағдайда ем нәтиже бермесе учаскелік дәрігердің жолдамасымен келіп түседі;

Басқа емдік-профилактикалық мекемеден ауысып келуі;

«Өздігінен» аурухананың маңайындағы көшеде тұрып өзін-өзі сезінуі нашарлаған жағдайда өздігінен келіп қаралуы.

Ауруханаға науқасты жеткізудің түріне байланысты госпитализациялаудың түрлері:

Жоспарлы госпитализация

Шұғыл госпитализация

Өздігінен госпитализациялау

Күту залы – төсектік тәртіпті қажет етпейтін, науқастардың жақын адамдары болады. Мұнда үстел және орындық жеткілікті болу керек. Қабырғаға емдік бөлімшелердің жұмыс істеу тәртібі, емдік дәрігермен кездесу уақыты, науқастарға рұқсат етілетін тағамдардың тізімі ілінеді.

Тіркеу бөлмесінде кезекші мейірбике барлық келіп түскен науқастарға біріншілік құжат толтырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет