Оѕтїстік америка


Африка материгінің физикалық географиялық сипаттамасы



бет14/31
Дата01.12.2022
өлшемі0,84 Mb.
#160780
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31
Байланысты:
05 (8)

Африка материгінің физикалық географиялық сипаттамасы


Африканың географиялық орны басқа құрлықтардан ерекше ол эквоторға симметриялы орналасқан: ең шеткі солтүстік нүктесі - Энгела мүйісі (Бланко мүйісінің маңы) 37.20' с.е., ең оңтүстік нүктесі - Игольный мүйісі 34.5' о.е., жатыр. Осылайша Африка толығымен дерлік екі тропик аралығында орналасқан, тек екі шеткі нүктелері ғана субтропиктік ендікке кіреді.
Африка - Еуразиядан кейінгі көлемі бойынша ең үлкен құрлық. Оның көлемі 29 200 мың км.кв, ал жағалауындағы аралдармен қоса есептегенде 30 млн. км2 болады. Ең ірі аралы - Үнді мұхитында орналасқан және құрлықтан Мозамбик бұғазы арқылы бөлінген Мадагаскар аралы болып табылады.
Үнді мұхитында Африка жағалауының маңында Пемпа, Занзибар, Мафия аралдары және шағын Сокотра архипелагы, сонымен қатар Комор, Сейшель, Амирант және Маскарен аралдарының архипелагтары орналасқан. Атлант мұхитында Африка маңында Мадейра, Канар, Жасыл мүйіс аралдары жатыр. Гвинея шығанағында шағын Аннобон, Сан-Томе, Принсипе және Фернандо-По аралдары орналасқан.
Африка жағалауларын Атлант және Үнді мұхиттардың шайып жатуы. Атлант мұхиты жағасындағы ірі шығанақтарды анықтау.
Африканың аз жырымдалған батыс жағасын бойлай енсіз (100 км. дейін) материктік қайраңдар өңірі созылып жатыр, оның қия беткейі су асты үстірттеріне және оларды бөліп түрған шұңғымалармен бөлінген. Орта Атлант жотасынан шығыста, Африканың қарсысында, тереңдігі 3000 метрден 7200 метрге дейін жететін Канар, Жасыл Мүйіс, Гвинея, Ангола, Кап және Агульяс қазан шұңқырлары жатыр. Қазан шұңқырлардың тегіс түбі кей жерлерде тау қырқаларымен күрделеніп тұрады, олардың вулкандық шыңдары Канар, Жасыл Мүйіс және т. б. аралдар түрінде көтеріліп тұрады. 20° о.е. маңында, Ангола мен Кап казан шүңқырларының аралығынан Африка жағаларына су асты Кит жотасы жақындап келеді.Африка жағалауындағы Атлант мұхитында екі жарты шардың да ағыстарының күрделі тұйық жүйесін құрайтын солтүстік және оңтүстік жарты шарлардың пассаттық циркуляциясы басым болады. Солтүстікте және оңтүстікте биік ендіктерден экваторға қарай Канар мен Бенгаль суық ағыстары бағыт алады. Олар солтүстік және оңтүстік тұйық айналмалық шығыс тармақтары болып келеді де Африканың батыс жағаларына біршама суық су алып шығады. Әсіресе қуаттысы - Бенгаль ағысы, оның әсері экватордың өзіне дейін дерлік айқын сезіліп тұрады. Африканың батыс жағаларында үздіксіз соғып тұратын оңтүстік бағытының желдері судың жоғарғы қабатын айдайды, бұл үнемі экватор жаққа қарай қозғалатын суық тереңдік суларының жоғары көтерілуін туғызады.Солтүстік айналымның онтүстік бөлігі мен оңтүстік айналымның солтүстік бөлігі Солтүстік және Оңтүстік Пассат ағыстарын туғызады. Өзінің басталар жерінде, Африка жағалары мыңында олар Канар және

Бенгаль ағыстарының жалғасы болып табылады да, су біршама салқын болады. Бұл ағыстар қыста сәйкес жарты шарда анағұрлым күшті және түрақты болады. Тасқынның вертикаль бойынша қалыңдығы 300 метрден аспайды. Африка жағалауларынан пассат ағыстарының тармақтары батысқа бағыт алады. Олардың арасынан батыстан шығысқа қарай зкваторлық қарсы ағыс өтеді, оның шығыс бөлігін Гвинея ағысы деп атайды.Ағыстар Африка жағаларындағы жоғарғы қабат сулары температурасының таралуына айтарлықтай ықпал жасайды, температураның экватордан солтүстікке және оңтүстікке карай төмендеудің жалпы заңдылығына түзету енгізеді. Суық ағыстардың айқын білінуіне және тереңдігі салқын сулардың көтерілуіне байланысты Африка жағаларындағы әсіресе экватордан оңтүстікке қарайғы судың температурасы осы ендіктердің орташа температурасына қарағанда едәуір (шамамен 5-7°С) төмен. Мысалы, Оңтүстік Пассат ағысының бастауы август айында судың температурасы +22-25° С болады. Гвинея ағысының сулары


+28° С жылиды. Африканың солтүстік-батыс жағаларындағы жылдың орташа тем- пература + 20° С, ал оңтүстік-батыста +15° С. Қыста ол +12° С дейін төмендейді. Атлантиканың Африка жағаларындағы тұздылығы мұхиттың қальшты тұздылығына жуық. Бүған пассат шөліне (әсіресе Сахараға) қарама-қарсы орналасқан акватория жатпайды, оның тұздылығы 37%0-ге дейін жетеді, ал Азор аралдарынан оңтүстік- батысқа қарай 37,9%0-ге дейін артады. Бұл - Дүние жүзі мұхитының ашық бөлігіндегі ең жоғарғы тұздылық.
Африканы шығысы мен оңтүстік шығысынан жиектейтін Үнді мұхитының солтүстік-батыс бөлігі Гондвананың ыдырауының нәтижесінде бордан кейінгі кезеңде қалыптасты. Ол түбінің өте ой-лы-қырлы болуымен және терендіктердің күрт ауысуымен сипатталады. Мүхиттың басқа беліктерінен оның солтүстік-батыс белігін Аравия-Үнді су асты жотасы бөліп түрады. Оның шегінде тереңдігі 5000 метрден асып түсетіи қазан шүңқырлар бар (Сомали, Мадагаскар, Мозамбик). Қазан шұңқырларды бөліп тұратын су асты жоталарының шындарын вулкандық және маржандық аралдар (Маскарен және баска) құрайды. Кейбір жоталар жер қабығының материктік типінде болып келеді және ежелгі Гондвана құрылымдарының қалдықтары болып табылады. Үңді мұхитының солтүстік және солтүстік-батыс бөліктеріндегі ағыс жүйесін субэкваторлық және тропиктік белдеулердің пассаттық және муссондық циркуляциясы айқындайды. Экватордан оңтүстікке қарай Африка жағалары маңымен Мозамбик пен Игольный мүйісі жылы ағыстары өтеді. Соңғысы Дүние жүзілік мүхиттың ең тұрақты және күшті ағыстарының бірі. Бүл ағыстар Оңтүстік Пассат ағысынан пайда болады да Оңтүстік- Шығыс Африка жағаларында оңтүстік жарты шардың қысы кезінде температураның
+20°С дейін және одан да жоғары кетерілуін туғызады. Экватордан солтүстікке қарай муссондық Сомали ағысы әрекет етеді де солтүстік жарты шардың жазында оңтүстік жарты шардан біршама суық су алып келеді, ал кыста солтүстіктен біршама су жеткізеді. Тұтас алғанда Үнді мұхитында 10° о.е. солтүстікке қарай жыл бойына судың температурасы үлкен тереңдіктерге дейін жоғары. Оның ең жылы болатын, кезі май айы (+ 27°—29°С). Африка жағаларындағы судың тұздылығы 35-36°/оо).Африка түгелдей дерлік (оның солтүстік-батыс және оңтүстік таулы шет аймақтарынан басқасы) біртұтас платформалық ғимарат Африка платформасына жатады. Ол ежелгі материк (суперплатформа) Гондвананың құрамына кірген. Гондвананың қалыптасуы бүкіл археозой және протерозой бойы жүрген. Ол байкал тектоникалық кезеңі аяқталғаннан кейін палеозой дәуірі басына қарай жер қүрлығының біртұтас ірі учаскесі ретінде қалыптасты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет