Оѕтїстік америка


Июльде материктің бүкіл солтүстік бөлігі



бет10/31
Дата01.12.2022
өлшемі0,84 Mb.
#160780
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31
Байланысты:
05 (8)

Июльде материктің бүкіл солтүстік бөлігі оцтүстік-батыс муссон әкелетін ылғалды экваторлық ауаның және Атлант мұхиты жағынан келетін ылғалдылығы одан кем түспейтін теңіздік тpoпиктік ауаның ықпалында болады
Бразилия таулы қыраты үстінде оңтүстік жарты шардын тропиктік максимумының солтүстікке ауысуына байланысты жоғары қысым және қүрғақ ауа райы орнайды. Таулы қыраттың оңтүстік шығыс шеті ғана тікелей Атлант мүхитынан келетін онтүстік-шығыс пассаттың әсеріне душар болып, жазғыға карағанда кемдеу болғанымен, мүнда едәуір жауын-шашын түседі.
Оңтүстік жарты шардың субтропиктік және қоңыржай белдеулерінде батыс тасымалы басым болады және циклондық жаңбырлар жауады. Патагония бүрынғысынша біршама құрғақ және салқын ауаның құрылу орталғы болып қалады. Бұл ауа мезгіл-мезгіл солтүстікке енеді және тура Амазонка ойпатына дейін өтеді де, онда ауаның температурасын едәуір төмендетеді.
Тынық мұхит жағалауының орталық бөлігінде июльде январьдағыдай 30°о.е. экваторға дейін жағаны қуалай салқын Перу ағысының үстінен соғатын оңтүстік және оңтүстік-батыс желдері басым болады. Бұл Тынық мұхит жағалауының осы ендіктерде ете құрғақ болуына әкеліп соғады. Пассат оңтүстік-батыс муссонға ауысатын солтүстік бөлігінде ғана жағалауға едәуір мелшерде жауын-шашын жауады.
Африка сияқты, Оңтустік Американың да негізгі белігі экваторлық. субэкваторлық, және тропиктік климат белдеулерінде жатыр. Ол қиыр оңтүстігінде субтропиктік және қоңыржай белдеулерге кіреді. Бірақ бұл белдеулердің ені және олірдағы әр түрлі климат типтерінің арақатынасы Африкадағыдан баскаша. Бұл, ең алдымен, Оңтүстік Американың Африка материгі орографиясының ерекшеліктерінен күрт айрықшаланатын орографиялық өзгешеліктеріне байланысты.
Оңтүстік Америкадағы экваторлық климат белдеуі Амазонка ойпатын түгелге жуық (шығыс бөлігі мен қиыр оңтүстігінен баска), Гвиана таулы кыраты мен Ориноко ойпатының жапсарлас бөліктерін қамтиды. Экваторлық белдеу алабына экватордан солтүстіктегі Тынық мұхит жағалауы да кіреді. Бүл белдеуге бүкіл жыл боиы мол жауын- шашын мен бір қалыпты жоғары температура ( + 24°, +28°С) тән. Жылдық жауын-шашын жиынтығы 1500-ден 2500 мм-ге дейін ауытқиды, тек Анд тауынын беткейлері мен Тынық мүхит жағалауында ғана жауын-шашын мөлшері жылынать 5000-7000 мм-ге дейін молаяды. Бүкіл жыл бойы бұл ауданға жауын-шашынды оңтүстік және оңтүстік-батыс желдері әкелёді және оның көп түсуі орографиялық себептермен байланысты. Амазонка ойпатында жауын-шашынның негізгі бөлігі экваторлык ауа массаларындағы конвекция

процестерінің есебінен жауады. Мол жауын-шашын буланушылықтан әлдеқайда асып кетеді де, бүкіл жыл бойы ылғалдану коэффициентінің жоғары болуына жағдай жасайды (барлык жерде 100%-тен астам).


Оңтүстік Американың бүкіл солтүстік белігі Ориноко ойпаты, Кариб теңізі жағалауы, Гвиана таулы қыратының едәуір бөлігі және Гвиана ойпатымен бірге субэкваторлык, климат белдеуінде жатыр. Оңтүстік жарты шардың субэкваторлык белдеуіне Бразилия таулы кыратының солтүстігі мен Амазонка ойпатынын, оңтүстігі кіреді. Шығыста солтүстік жарты шар мен оитүстік жарты шардың субэкваторлық белдеулері қосылып кетеді. Оған Тынык мұхит жағалауының экватордан 4-5° о.е. дейінгі белігі де кіреді Субэкваторлық климаттың ерекше сипаты жауын-шашынның таралуындағы маусымдық бүкіл осы территорияда айтарлыктай анық байқалады. Оңтүстік жарты шарда -Бразилия таулы қыратында, Амазонка ойпатының оңтүстігінде және Амазонканың төменгі ағысында - экваторлық муссонның әрекетімен байланысты болатыи жаңбырлы кезең шамамен декабрьден майға дейін созылады және оның ұхақтығы экваторға қарай арта береді. Солтүстік те жаңбырлы кезең майдан декабрьге дейін болады. Қыста пассаттар әрекеті кезінде жауын-шашын болмайды. Тек жылы мұхиттан келген пассаттар өз жолында тауға тірелетін Бразилия таулы қыратының жағалауындағы солтүстік бөлігінде ғана жаңбыр қыста да жауады.
Ең жоғарғы температура, Африкадағы сияқты, құрғақ маусымның соны мен ылғалды маусымның басы аралығындағы өтпелі кезеңде болады, ол кезде айлық орташа температура +28°, +30°С-ге дейін көтеріледі. Мұның өзінде ешбір айда орташа температура +20сС-ден төмен болмайды.
Оңтүстік Америка тропиктік климат беллеуінін шегіне оңтүстік жарты шарда ғана кіреді. Бразилия таулы қыратының шығысы мен оңтүстік-шығысы ылғалды пассаттық климат апмағында жатады. Онда жауын-шашынды бүкіл жыл бойы Атлантика жағынан тропиктік ауа тасқындары әкеледі. Ауа тау беткенлерімен көтеріліп отырып, оның жел жағына мол ылғал қалдырады. Жауын-шашын режимі және ылғалдану жөнінен бұл климат Амазонка ойпатының климатына ұксас, бірақ ең ыстық ай мен ең салқын ай температуралары айырмашылықтарымен ерекшеленеді.
Материктің ішкі тропиктік белдеуде (Гран-Чако жазығы) климат қуаң, жазда жауын-шашын мол түседі де, кысы өте-мөте құрғақ болады. Жауын-шашын режимі жөнінен ол субэкваторлық белдеуге ұқсас, бірақ оған қарағанда температурасы күрт өзгермелі (әсіресе, қыс кезінде), жылдық жауын-шашын жиынтығы кем және ылғал жеткіліксіз болады.
Тынық мұхит жағалауының 5° пен 30° о.е. аралығы жағалық шөл мен шөлейт климаты аймағында жатыр. Бұл климат Тынық мүхит максимумының шығыс шет аймағында және биік ендіктерден келетін біршама салқын ауаның тұрақты ағыны мен қуатты Перу ағысының салқын суынан пайда болатын температура инверсиясының ықпалында жатқан. Атакама шелінде барынша айқын көрікеді. Салыстырмалы ылғалдылық 80%-ке дейін барғанымен, жауын-шашын өте аз - кейбір аудандарда жылына не бары бірнеше мм ғана. Жаңбырдың тапшылығын жағалауда қыс кезінде түсетін молшық біршама толтырады. Ең ыстық айлардың өзінде температура қоңыржай ( + 20°С- ден сирек асады) және оның маусымдық ауытқуы онша емес.
30° о.е. оңтүстікке қарай Оңтүстік Америка субтропиктік климат белдеуі шегіне кіреді.
Материктің оңтүстік-шығысында (Бразилия таулы қыратының оңтүстік шеті, төменгі Уругвай бассейні, Парана мен Уругвай өзен аралығы, Пампаның шығыс бөлігі) климат біркелкі ылғалды субтропиктік болады. Жазда муссондық сипаттағы солтүстік-шығыс

желдері ылғал әкеледі, қыста полярлық фронттағы цнклондық әрекетке байланысты жауын-шашын түседі. Бұл аудандарда жаз өте ыстык, қыс жұмсақ: айлық орташа температура 10сС шамасында, бірақ оңтүстіктен біршама салқын ауа массаларының басып кіруіне байланысты температураның 0°С-ден едәуір төмендейтін кездері де болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет