Оѕтїстік америка


Лекция №4. Оңтүстік Америка климаты



бет8/31
Дата01.12.2022
өлшемі0,84 Mb.
#160780
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31
Байланысты:
05 (8)
практика 11

Лекция №4. Оңтүстік Америка климаты.


    1. Мұхиттық ағыстарының климат құрушы факторлары.

    2. Ауа температурасы, қысым, басым желдер мен жауын-шашын. 3.Климаттық белдеулер мен климаттық айырмашылықтар.

Сабақтың мақсаты: Онтүстік Америка экватордың екі жағында жатыр, бірақ онын. негізгі бөлігі оңтүстік жарты шарда жатыр. Материктің ең енді бөлігі тропиктердің аралығында, субтропиктік және қоңыржай ендіктерде оның енсіз және тілімденген шеті жатыр.
12° с.е. пен 56° о.е. аралығындағы географиялық орны Оңтүстік Американың бүкіл территориясында дерлік күн радиациясы жиынтығының өте мол болуына жағдай жасайды.Оның көпшілік бөлігі жылына 120-150 ккал/см2 жиынтық радиация қабылдайды, тек қиыр онтүстікте ғана бұл шама 80 ккал/см2-ге дейін азаяды. Жер бетінің радиация балансы қыс кезінде 45° о.е. оңтүстікке қарай ғана, яғни материктің өте шағын бөлігінде теріс мәнді болады.
Солтүстік Америкадағы сияқты Оңтүстік Америкада да оның орографиясы климат қүрудағы манызды факторы болып табылады. Атлант мүхиты жағынан келетін ауа тасқындары батысқа Анд тауының етегіне дейін еркін өтеді. Батыста және ішінара солтүстіктен Анд тосқауылы Тынық мұхит пен Кариб теңізінен келетін ауа ағындарының қозғалысына әсерін тигізеді.
Атлант және Тынық мұхиттарының материктің жағасына таяу маңдағы ағыстарының да мәні зор. Атлант мүхитындағы Оңтүстік Пассат ағысының Гвиана және Бразилия тармақтары Оңтүстік Американың жағаға таяу маңында 3°С мөлшеріндегі қысқы оң аномалия тудырады. Ал Тынық мұхиттағы экваторға дейін тікелей өтетін Перу салқын ағысы солтүстікке Антарктикадан салқын су массаларын апарады да, экваторлық зонадағы температураны осы ендіктердің орташа температурасымен салыстырғанда 4°С- гетөмен-детеді.
Оңтүстік Американың көпшілік бөлігі үшін атмосфера, циркуляциясының аса маңызды типі екі жарты шардың пассаттық циркуляциясы. Біршама ылғалды тропиктік ауа массалары атланттық максимумдардың батыс шеттері арқылы шығады. Бұл ауа материктің түкпіріне қарай жылжи және ылғалының едәуір бөлігін Бразилия мен Гвиана таулы қыраттарының шеткі жағына бере отырып трансформацияға ұшырайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет