Оѕтїстік америка


Антропогеннің бүкіл бірінші жартысы



бет18/31
Дата01.12.2022
өлшемі0,84 Mb.
#160780
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31
Байланысты:
05 (8)

Антропогеннің бүкіл бірінші жартысы бойына дерлік Африкада біршама ылғалды және құрғақшылық кезеңдер мұздық және мұзаралық кезеңдердің ауысып отыруына сай алмасып отырды. Плейстоценнің аяғында мұхиттар деңгейінің жалпы көтерілуіне байланысты өзен сағаларын су басып, лагуналар мен эстуарийлер пайда болды. Экваторлық аудандардың климаттық жағдайлары айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған жоқ. Плейстоценде тектоникалық және вулкандық жандану азайды. Тек Африка платформасының шығысында ғана олар күні бүгінге дейін кейбір вулкандардың атқылауы және жиі-жиі жер сілкінуі түрінде сақталып келеді. Мұз басудан кейінгі кездерде Африка территориясында қазіргі климаттық жағдайлар қалыптасты,оның үстіне материктің солтүстігі мен оңтүстігінде соның алдындағы кезеңмен салыстырғанда климаты біршама қүрғақ.
Африканың фаунасы палеогеннен бастап өзіндік ерекшелігімен сипатталады. Оның құрамына Евразияда кайнозойдың бас кезінде-ақ құрып біткен формалар да кіреді. Палеогеннің бірінші жартысында Африканың фаунасы приматтар отряды өкілдерімен байи түсті, олардың ішінде олигоценде тар танаулылар айрықша ерекшеленді, бұлардан сон, миоценде, материкте адам тәріздес маймылдар кеңінен тарады. Адам тәріздес маймылдардың онан әрі бірте-бірте дамуы адаммен бір тұқымдас биологиялық гоминидтердің пайда болуына әкеп соқты. Адамның дамуының алғашқы сатысы болып табылатын гоминидтер Онтүстік және Шығыс Африканың континенттік және вулканогендік құрылымдарында кеңінен тараған. Көптеген зерттеушілердің пайымдауларына қарағанда шамамен алғандағы сүйек қалдықтарының жас мөлшері 2— 2,5млн жылдай болатын ежелгі адамның пайда болуы осы Шығыс Африкамен байланысты болса керек. Африканың басқа аудандарындағы төрттік шөгінділерінде адамның кейініректегі даму сатысындағы ата-бабаларының қалдықтары табылған. Осы фактілерге сүйене отырып, көптеген зерттеушілер Африканы адамның бастапқы отаны деп топшылайды.
Африка материгінде әр түрлі қазба байлықтар бар, олар негізінен платформа және қатпарлы белдеулердің арасындағы шекералық зоналармен байланысты. Платформаның ежелгі ядросында, Шығыс және Оңтүстік Африка алабында темір рудаларының, хромиттің, алтынның және уранның ірі қорлары бар. Жоғары протерозой құрылымдары, әсіресе Шығыс Африкадағы Заир Республикасы территориясында мыс, қалайы,қорғасын және түсті металдар кендері бар.
Әр түрлі аудандарда платформаның қатпарлы фундаментін көктей тесіп жатқан мезозой жасындағы кимберлиттік алмас қазба орындары түзілген. Әсіресе Оңтүстік және Шығыс Африканың алмастары кеңінен танымал. Сол тастағы интрузивтік гранит

шекераларында сирек кездесетін металл кендері қалыптасқан.


Ежелгі кристалдық жыныстардың үгілу прцесінде және платформа жамылғысының қабаттарында пайда болған шөгінді текті пайдалы қазбалар да аз емес. Бұған Батыс және Шығыс Африканың бокситтерін жатқызуға болады. Сахара плитасы алабындағы Алжир, Ливия және Египет территориясындағы ірі мұнай мен газ кен орындары жатады.
Оңтүстік Африкадағы каррудың лагуналық-континенттік формациясы қабаттарында тас көмірдің ірі қоры жатыр.Атлаас қатпарлық облысының синклиналдық зоналарында мұнай мен фосфорит кен орындары бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет