Оѕтїстік америка



бет21/31
Дата01.12.2022
өлшемі0,84 Mb.
#160780
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31
Байланысты:
05 (8)

Экваторлық белдеу Үнді мүхитына дейін жетпейді. Әрбір жарты шардың жазы кезінде муссон үстемдік етеді, ол мол жауын-шашын бөлетін ылғалды экваторлық ауа алып келеді. Қыс кезінде облыс тропиктік қүрғақ ауа жеткізетін пассаттың ықпалында қалып қояды. Бүл жауын-шашын мүлде жаумайтын әрі салыстырмалы ылғалдылығы өте темен кезең.
Ылғалды кезеңнің үзақтығы, жауын-шашынның жылдық жиынтығы және белдеу шегіндегі ылғалдану экватордан тропикке қарай және батыстан шығыска қарай өзгеріп отырады. Экватордан тропикке қарай ылғалды кезеңнің ұзақтығы бірте-бірте 10 айдан 2—3 айға дейін азаяды. Батыстан шығысқа қарай муссонның әлсіреуіне байланысты жауын-шашын мөлшері азая береді.
Солтүстік жарты шардың субтропиктік белдеуі алабындағы жеткіліксіз ылғалданатын барынша қуаңшылық аудандары Сомали түбегіне орналасқан, ол экваторлық муссоннан Эфиопия таулы қыратымен, ал Суданның солтүстік бөлігінде, шекарада тропиктік белдермен бөгелген. Субэкваторлық белдеудегі температура жыл он екі айдың көпшілігінде жоғары, бірақ жылдық айырмашылықтары экваторлық белдеуге қарағанда едәуір үлкең. Ең ыстық кез жауын-шашын маусымының басында, орташа температура +30°С-ден асқан кезде болады. Дегенмен ең салқын айлардын өзінде орташа температура +20°С-ден төмендемейді.
Барынша жаңа классификацияларда субэкваторлық климаттық белдеулер ажыратылмайды, ал субэкваторлық климатты жазы ылғалды, тропиктік ылғалды климат деп қарастырады.
Африкадағы көптеген кеңістіктер, әсіресе солтүстік жарты шарда, аридтік тропиктік климатқа жатады.
Солтүстік жарты шардағы ыстық та қүрғақ тропиктік климат Сахараның, көптеген бөлігіне тән. Жазда Солтүстік Африканын беті қатты қызады да онда солтүстік-шығыс пассаты бет алады,ол салыстырмалы ылғалы 15—30% ауа әкеледі. Қыста Солтүстік Африканың үстінде антициклондық режим орнайды, демек, бүкіл жыл бойына Сахараға жауын-шашынның түсіуіне жағдай қолайсыз.Ауаның қүрғақтығы және шамадан тыс аз бұлттылық өсімдіктің,мүлдем дерлік жоқтығына қоса тәуліктік температураның күрт ауытқып тұруына әкеп соғады. Бұл облыстағы буланушылық шамамен нақты буланудан 20—25 есе асып түседі.
Оңтүстік жарты шардағы қуаң тропиктік климат Калахари қазан шұңқырына тән, дегенмен ондағы жауын-шашын мөлшері Сахараға қарағанда біршама көп, бұл Үнді мұхитынан соғатын оңтүстік-шығыс әсерімен байланысты.
Бұл пассат әсіресе Мозамбик бүғазының жағалауы мен Дракон тауларының беткейлеріне көп мөлшерде жауын-шашын әкеледі. Осыған байланысты Африканың оңтүстік жарты шарының (тропиктік белдеудің шығыс шегінде) ылғалды пассат климаттық облысы бөлінеді.
Жағаға жақын маңда суық ағыстар өтетін, атланттық антициклонның шығыс шеткері жағының ықпалы тиетін материктің солтүстік және оңтүстік жарты шарларының тропиктік белдеуіндегі батыс шетіне жағалық шөл климаты тән. Атланттық антициклондардың шығыс шеткері жағының біршама салқын ауасы материктің қызған бетіне ағып келеді де температураның инверсиясын түзеді. Мұхиттан келетін ауаның құрамында су буының едәуір мөлшері

болғанымен, бірақ инверсия кезінде бұлардың конденсациясы жүрмейді де ауаның салыстырмалы ылғалдылығы көп бол-ғанымен жауын-шашын аз түседі. Температуралары төмен, (орташа айлықтығы, әдетте, +21С-ден темен) және континенталдық шөлдегіге қарағанда тәуліктік амплитудасы кемдеу. Африканын, оңтүстік-батыс бөлігінде (Намиб шөлі) жаңбыр Сахараға қарағанда сирек жауады, оның есесіне шық пен тұман мол түседі де олардың ылғалын кейбір өсімдіктер бойларына сіңіріп алады. Жағалық шөлдердің ылғалы мен қапырығына адам континенттік шөлдін құрғақ аптап ыстығына қарағанда нашар төзеді. Сондай-ақ Қызылтеңіз бен Аден шығанағының жағалауының климаты да барынша қуаң. Қыста соғатын солтустік- шығыс пассаты Қызыл теңіздің үстімен өткенімен ылғалмен мүлдем дерлік қанықпайды да, жағалаудың өзінде болар-болмас жауын-шашын болады. Жауын-шашын, Судан облысына әкеле жатқан жазғы муссонды Эфиоп тау қыраттарының батыс және оңтүстік-батыс беткейлері ұстап қалады да, ол ылғалын мол мөлшерде осында тастап кетеді. Ол шығыс жағалауға фен түрінде кіреді де жауын-шашын болмайды. Сондықтан Қызыл теңіз бен Аден шығанағының жағала-рында жер жүзіндегі ең ыстық және құрғақ . жер болатындай жағдайлар қалыптасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет