Оѕтїстік америка


Субэкваторлық климат облыстары (Судан, Конго қазан шұңқырының оңтүстік



бет24/31
Дата01.12.2022
өлшемі0,84 Mb.
#160780
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31
Байланысты:
05 (8)
практика 11
Субэкваторлық климат облыстары (Судан, Конго қазан шұңқырының оңтүстік бөлігі) ағынның анық көрінетін жазғы максимумымен және соған сәйкес езеннің су шығынының көбеюімен сипатталады. Материктің солтүстік-батыс және оңтүстік-батыс шет аймақтарының өзендерінің әрбір жарты шардың қысқы циклондық жаңбырларына байланысты анық байқалатын қысқы максимумы болады.
Су шығынының жаздық және қыстық максимум облыстарының арасында жалпы тұрақты ағыннан мақрұм қалған ұланғайыр территориялар жатыр. Бүл солтүстік жарты шардағы Сахара мен оңтүстік жарты шардағы Қалахаридің едәуір бөлігі, бұлардың шын мәнінде арна ағыстары жоқ: оларды оқта-текте кездей-соқ жауған жаңбыр суымен толатын құрғақ су арналары кесіп өтеді.
Африканың қазіргі қуаңшылық облыстарына құрғақ арналардың қалыптасқан жүйелерінің болуы тән, мезгіл-мезгіл ғана суға толатын құрғақ ойыстардың көптігі оның алабында бұдан ылғалдырақ климаттық жағдайлардын болғандығын көрсетеді. Соңғы плювиальдық кезең Орталық Азия мен Аравия түбегіндегі сияқты, солтүстік жарты шардың жоғарғы ендіктеріндегі соңғы мұз басу дәуіріне сай келген.
Африканың барлық барынша маңызды өзендері Африка платформасының шеткі бөліктерінде жуырдағы көтерілулердің нәтижесінде пайда болған тау жоталарымен және тау үстірттері мен мұхиттардан бөлініп тұрған зор қазан шұңқырларды суландырады. Бұл көтерілулерден көптеген өзен аңғарларында эрозия әрекеті жанданады және ірі шоңғалдармен сарқырамалар пайда болады олар кеме қатынасын қиындатады және Африка өзендерінің транспорттық маңызын қатты төмендетеді.
Африканың көлдік қазан шұңқырларының едәуір бөлігі тектоникалық процестерден пайда болған.
Африканың ең ұзын өзені — Ніл (6671 км), оның бассейнінің ауданы— 2870 мың

км2. Асуандағы орташа шығыны 2600 м3/с құрайды, бірақ әр жыл сайын 500 м3/с-тен 15 мың м3/с-ге дейін ауытқьш тұрады.


Бассейннің табиғат жағдайларының ерекшелігі, гидрографиялық режімінің сипаты және оның аңғарларында тұратын халықтардың өміріндегі маңыздылығы жағынан ол дүние жүзінің ерекше және тамаша өзендерінің бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет