Нигер өзені ұзындығы және бассейнінің ауданы жөнінен Конго мен Нілден кейін тұрады, сөйте тұрса да жер шарындағы ірі өзендердің қатарына жатады. Нигердің ұзындығы—4160 км, бассейнінің ауданы —2 млн. км2 жуық. Оның жылдық орташа шығыны Нілдің шығынынан едәуір басым түседі (12 000 м3/с). Нигер Солтүстік Гвинея қыратынан, 900 м биіктіктен басталады. Оның бастауы мұхиттан не бары бірнеше ондаған километр жерде жатыр, одан Нигер әуелі солтүстік-шығысқа карай, ал содан кейін Саха раның шекарасында бағытын күрт өзгертіп, оңтүстік-шығысқа қарай ағады. Бассейннің бұл бөлігінде Нигердің ауқымды ішкі атырауы орналасқан, ол ежелгі су алқабы болып, оған жоғарғы Нигер құйған кезде пайда болған.
Гвинея шығанағына құярда өзен орасан зор атырау жасайды. . Нигердің ірі саласы Бенуэ оған төменгі ағысында сол жағынан құяды. Нигер жоғарғы және төменгі ағысында шоңғалды болып келеді де, орта ағысында жазықтық сипатталады.
Өзен режимінің ерекшеліктері оның жоғарғы және төменгі ағыстары жауын- шашынға бай облыстарда жатуымен байланысты, ал орта ағыс бассейні қатты құрғақтығы және күшті буланатындығымен сипатталады. Нигердің төменгі ағысында екі рет, ал орта және жоғарғы ағыстарында бір реттен болады. Жоғарғы ағысындағы тасқын жазғы жауын-шашынға байланысты болады да июнньнен бастап, сентябрьге дейін жалғасады, ол өзен ағысын бойлап төмен қарай жайылады. Орта ағысында деңгей бірте-бірте көтеріледі, Нигер жайылып, су негізгі арна ағысымен қосарлана жүретін көптеген тарамдармен
құрғақ арналарды толтырады. Климаттың құрғақтығына байланысты орта ағысында көп су булануға жұмсалады, ал төменгі ағысына бұл тасқын әлсіреген түрде январьда беріледі. Сонымен қатар төменгі ағысында бұдан басқа жазғы жауын-шашынға байланысты және бір тасқын болады.
Сахараның шекарасында Нигердің жер суару үшін үлкен мәні бар онда бірнеше бөген, канал салынған және ірі күріш егетін аудан құрылған.
Замбези Оңтүстік Африканың ең ірі өзені және материктің Үнді мұхитына құятын өзендерінің ішіндегі ең ірісі. Оның ұзындығы-2660 км, бассейнінің ауданы-1330 мың км3. Замбезидің жылдық орташа шығыны орасан зор (19 000 м3/с): ол Нигердің шығынынан 1,5 есе асып түседі және Нілдің орташа шығынынан әлденеше есе асып жатады.
Замбези басын Конго-Замбези суайрық үстіртінің 1000 м биіктігінен алады. Өзен өз жолында жайдақ қазан шұңқырлармен. оларды бөліп тұратын тау үстірттерін кесіп өтіп, көптеген шоңғалдар мен сарқырамалар құрайды. Замбезидегі ең ірі және дүние жүзіндегі аса ірі сарқырамалардың бірі Виктория - оның биіктігі 120 м, ені 1800 м. Су өзеннің арнасына кесе-көлденең жатқан базальтты шатқалға кұлдырай құлайды. Құлаған судың бірнеше километр жерге жететін құлақ тұндырар шулы және шапшыған судың ақ түнек бүркіндісіне бола сарқыраманы жергілікті тұрғындар бейнелі түрде -
«күркіреуік түтін» деп атап кеткен. Виктория сарқырамасы ауданында Кариба су электр станциясы мен бөгені салынған.
Шире өзені арқылы Замбезиге Ньясы көлінен ағып шығады.
Замбезиде су оңтүстік жарты шардың жазында тасиды. Құрғақ қысты кезеңде өзендегі су деңгейі күрт төмендейді. Су мөлшерінің күрт ауытқып тұруына байланысты Замбезидің кеме қатынасы үшін оншалықты маңызы жоқ. Ірі кемелер оның төменгі ағысына 450 км қашықтыққа ғана өте алады.
Достарыңызбен бөлісу: |