Оѕтїстік америка


Австралияның биік шыңдары



бет28/31
Дата01.12.2022
өлшемі0,84 Mb.
#160780
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
05 (8)

Австралияның биік шыңдары




аттары

Тау жүйелері, елдері, ауданы

Биіктігі (м)

1

Джая

Жаңа Зеландия аралы

5 030

2

Кука

Жаңа Зеландия

3 764

3

Косцюшко

Австралиялық Альпі

2 228

4

Панье

Жаңа Каледония аралы

1 628

5

Осса

Тасмания аралы

1 617

6

Бартл-Фрир

Үлкен Суайрық жотасы

1 622



Вулканды шыңдар



аттары

Тау жүйелері, елдері, ауданы

Биіктігі (м)

1

Мауна-Лоа

Гавай аралы

4 170

2

Руапеху

Жаңа Зеландия

2 797

3

Улавун

Жаңа Британ аралы

2 300



Ірі өзендері




аттары

Ұзындығы (км)

Алаптың ауданы
(мың.км.кв)

1

Муррей
(Дарлингімен)

3 750

1 160



Ірі көлдері



аттары

Алаптың ауданы (мың.км.кв)

1

Эйр

15 000

2

Торренс

5 900

Австралияны солтүстік және солтүстік-шығыстан үласып жатқан теңіздердің бетіндегі судың температурасы жыл бойы + 27, + 28°-қа тең, Маржанды теңіздің оңтүстігінде ол қыста 19°С-ге дейін, Тасман теңізінде +16, + 12°С-ге дейін төмендейді. Маржанды теңізден жылы Шығыс Австралия ағысы шығып, материктің жағасын бойлап оңтүстікке қарай бағыт алады. Судың тұздылығы барлық жерде 34,5-35,5% 0-ге тең.
Судың тұрақты жоғары температурасы Маржан құрылыстарының дамуына қолайлы жағдай туғызады, олар Маржанды теңізде өте-мөте тараған. Оның алабында материктік қайраңның шетін бойлап 2300 км-ге Үлкен Тосқауыл риф созылып кетеді. Оңтүстікте оның ені 150 км-ге жетеді. Оның кедір-бұдыр, эрозиямен тілімденген бетін толысу кезінде су басады. Рифті қиып өтетін енсіз каналдар ашық теңізден тереңдігі 50 м-ден аспайтын

Үлкен лагуна дегенге апарады. Онда кеме жүзе алады, сондықтан да оның жағаларында Австралияның ірі порттары орналасқан. Соңғы жылдары маржан ғимараттары әдеттен тыс көбейіп кеткен «тікенді таж» деп аталатын теңіз жұлдыздарының шабуылынан қатты зардап шегуде. Олар Үлкен Тосқауыл рифінің бір бөлігін құртып та жіберген және бүл бірегей табиғи қүрылымды түгелдей құрту қаупін төндіреді.


Үнді мұхитындағы судың температурасы оңтүстікке қарай бірте-бірте төмендейді. Материктің батыс жағалары маңында Батыс Австралия суық ағысы өтеді, бірақ ол қыста ғана пайда болады және ауа мен судың температурасына күшті әсер етпейді.
ТАБИҒАТЫ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ


Австралия Гондван құрамынан дербес материк ретінде юра кезеңінің соңында бөлінді. Оның қүрлығының сол кездегі пішіні қазіргіге толық сәйкес келмейтін. Солтүстік Шығысы Жаңа Гвинеяның оңтүстік бөлігіне дейін созылып, оның үстіне солтүстік-батыс бөлігін Үнді мұхитының суы алып жататын. Шығыс және оңтүстік-шығысынан ежелгі Австралия платформасына дейін Шығыс Австралия (Тасмания) анмағының теп-тегіс қатпарлы құрылысы жаңасып жатыр. Ол оңтүстік-шығысында байкалдық құрылымнан шығыс шеті солтүстік-шығысындағы герциндік құрылымға дейінгі әр түрлі жастағы түзілімнен тұрады. Оңтүстікте бұл аймақ сол кезде материкпен жалғасқан Тасманияға дейін созылып жатты.
Мезозой кезінің басында бұл қатпарлы аймақ платформа сипатына ие болды да Австралияның ежелгі платформасымен тығыз тұтасып кетті. Материктің шығысынан оны Тынық мұхит платформасынан бөліп тұрған Жаңа Гвинея-Жаңа Зеландиялық аймақтын, Тынық мүхит геосинклинальдық белдеуі қоршайтын.

Платформаның архей фундаменті шығыңқы жатқан неғүрлым ежелгі учаскесі батыста, 120-меридианның екі жағында жатаыр.


Солтүстік және батысында протерозой немесе төменгі палеозойда дамуы басталған майысу жатыр. Олардың шегінде интенсивті шөгінділер жиналуы болған. Материктің орталық белігінде едәуір кейініректе Амадиес майысуы қалыптасқан.
Бор және палеогон кезеңі ішінде ежелгі және жас платформалардың түйіскен аралығында Карпентария шығанағы, Үлкен Артезиан Бассейні (Орталық жазық) мен Муррей (Марри) өзені бассейнінің синеклизалары пайда болды. Бұл синеклизалар материктің шығыс белігін батысынан ұзақ уақыт бөліп тұрған теңіз трангрессиясын алып жатты.
Материктің көпшілік бөлігінің сол кездегі климат жағдайы аз зерттелді. Оның батыс жартысының ішкі аудандары аридтілігімен ерекшеленеді деген болжамдар бар.
Австралияның оқшаулығы, батысы мен шығыс аудандарының байланыссыз жатуы, аридтік жағдайдың басымдылығы органикалык дүниесінің дамуында оның жоғары эндемизм мен архаизмділігіне себепші болды. Сірә, бор дәуірінің соңында - Австралиядағы кайнозойдың бас кезінде қалталы және жұмыртқалағыш сүтқоректілердің кейін құрып біткен алғашқы өкілдері пайда болса керек. Бұл уақытта қазіргіге жақын флора дами бастайды.
Мезозойдың соңы мен кайнозой дәуірінің ішінде тау қальштасу процесі Тынық мұхит шеңберінің шегінде болды. Бұл Жаңа Гвинеядан Жаңа Зеландия аралдарына дейінгі аралықта тау құрылысы қалыптасуына алып келді, сондай-ақ Австралияның жас және ежелгі шегіндегі платформалардың белгілі салдарлары да болды.
Ежелгі платформалардың үлкен бөлігінде кайнозой бойында рельеф ертедегі болған

докембрий рельефінің негізінде дамыды. Көтерілу жүріп өтті және Австарлияның батысында денудация күшейді. Әсіресе күшті өзгеріске ішкі платформалық цокольдық таулардың түзілуі жүрген платформаның орталық бөлігі ұшырады, мұнда архей және протерозойдың шығыңқы жатқан орнында терең ойыс Амадиеспен (авлакогенмен) бөлінген Макдоннел мен Масгрейв таулары көтерілді.


Палеогон кезеңінде оңтүстікке, Үлкен Австралия шығанағының солтүстігіне қарай Юкла ойысының түзілуі жүріп, ол теңіз суына батты. Неогон кезінде теңіз құрғап, оның орнында Налла-арбор жазығы пайда болды.
Жаңа платформаның палеозойлық құрылысының тегістелген орнында ең жаңа қозғалыстар нәтижесінде Үлкен Суайырық жотасы, Флиндерс пен Маунт-Лофти таулары көтерілді. Көтерілу Тасман теңізі жағалауларының темен түсуімен, жарықтар пайда болуымен және әсіресе оңтүстік-шығыста базальт вулканизмдерінің күшті байқалуымен қоса жүрді. Оңтүстікте төмен түсу Басс бұғазы мен Тасманияның бір бөлігінің пайда болуына алып келді.
Неоген бойы мен антропогеннің бас кезінде климат жағдайы әлденеше рет өзгеріске түсті: аридтану кезеңі ылғалдану кезеңімен ауысты. Плювиалдық кезеңнен Австралияның қуаң аудандарында тек ішінара тұзды суға толған немесе толық сорға айналған гидроморфтық қызыл түсті қабаттар, қүрғаған өзен арналары, көл қазан шұңқырлары ғана сақталған. Теңізден босаған жас жазықта Австралияның неғұрлым ірі өзендер жүйесі қалыптасты.
Тынық мұхит белдеуі шегінде тау түзілуімен байланысты Оңтүстік-Шығыс Азия мен Австралия арасындағы құрлық недәуір ұлғайды, Зонд архипелагы Жаңа Гвинея мен Австралияның ірі аралдары арасында көптеген қайраңдар, аралдар мен құм қайырлар пайда болды.
Австралияға Азиялық жануарлардың келуі үшін құрлықтың мұндай үлғаюы жеткіліксіз еді, алайда, ол материкте адамдардың пайда болуын толық қамтамасыз етті. Ежелгі адамдар ішінара құрлықпен, таяз сулы бұғаздар аркылы, ішінара салдармен Кіші Зонд аралына, содан кейін Жаңа Гвинея мен Австралияға өткен. Олармен бірге сірә, кейбір өсімдіктер де, сондай-ақ Австралиянын жабайы фауналар құрамындағы сүтқоректілердің жалғыз өкілі динго иті де келуі мүмкін.
Платформалық құрылымның басым болуы Австралияда көбінесе жазық рельеф пен үсті тегіс сериялардың төменгі палеозойдан неогенге дейін таралуын алдын ала белгілеп берді.
Материктің жартысынан көбін алып және Арафур теңізінің Үлкен Австралия шығанағы мен тағы басқаларының эпиконтинентальды бассейндеріне жапсарлас жатқан ежелгі Австралия платформасы архейлік және төменгі протерозойлық фундаментке ие, онда алтынның, уранның, полиметалл рудаларының, бокситтің кендері бар. Фундамент материктің батысында, орталық бөлігі мен солтүстігінде жер бетіне шығып жатыр. Қалған территорияда ол протерозой және палеозой жасындағы жамылғы шегіндінің астында жатыр. Бұл жамылғының ең қалың жері материктің солтүстігі мен батысындағы ежелгі синеклизаларда болады (Каннинг, Кимберли, Перт және басқалары).
Шығыс пен Оңтүстік-Шығыс Австралияның тау құрылысының бойында полиметалл, мыс, қалайы, алтын кең орындары бар. Taу бөктері майысуының палеозойлық қатпарлы құрылымдарында тас көмір мен қоңыр көмірдің, сондай-ақ мұнай мен газдың көп корлары шоғырланған.
Шығыс Австралияның тау жер бедерінің негізінен солтүстікке карай 28° оңтүстік ендікте ені неғұрлым үлкейе түсетін Үлкен Суайрык жотасын құрайды, ол оңтүстікке қарай тарыла береді. Ең биік шыңдары әк тасты Көгілдір таулар Мен Австралия

Альпісында (2000 метрден астам) жатыр. Шыңдарында жер бедерінің таулы-мұзды түрлері кездеседі.


Тау бөктерінің теңіз жағы мен ірі жарықтар түбінде жас аккумулятивті жазықтар жатыр.
Материктің көптеген аудандары үшін жанар тау әрекеті арқылы пайда болған әр түрлі жастағы жер бедері тән болады. Материктің солтүстік-батысында палеозойдағы жанар тау әрекеті нәтижесінде Антрим үстірті түзілді.
Кайнозой жасындағы (үстірт, вулкандық таулар) вулканогендік түрлер негізінен шығыстағы тау құрылыстары бар жерлерде кездеседі.
Жаңагвинея-Жаңазеландия аймақтарының аралдары үшін қатпарлы және жақпарлы- қатпарлы жас таулардьщ вулканды үстірт және вулканды таулармен (әсіресе Жаңа Зеландияда), жас аккумулятивті жазықтармен үйлесе таралуы тән.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет