Оѕтїстік америка


Лекция-13 Тақырыбы: Австралияның климаты. Жоспары



бет29/31
Дата01.12.2022
өлшемі0,84 Mb.
#160780
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
05 (8)

Лекция-13


Тақырыбы: Австралияның климаты.

Жоспары:


1.Австралияның климат құрушы факторлары. 2.Климат жағдайларының қалыптасу заңдылықтары.

  1. Австралия мен көрші аралдардың климаттық белдеулері.

Сабақтың мақсаты: Австралияның және көршілес аралдардың климаттық жағдайлары олардың көпшілік белігінің экватор мен тропикке жақын біршама жылы су бассейндерінің қоршауында жатқанына байланысты болады және жылына 140-тан 180- ккал см2-ге дейінгі күн радиациясының жоғарғы жиынтығымен сипатталады. Тек 35° оңтүстік ендіктен оңтүстікке қарай жатқан Тасмания мен Жана Зеландия аралдары ғана 120 ккал см2-ден кемірек алады. Австралияның климат жағдайларының қалыптасуында Тынық Мұхит пен оның үстіндегі солтүстік және оңтүстік жарты шардың пассатты ауа ағыстары жүйесінің, сондай-ақ қыста недәуір салқындап, Жазда күшті ысып кететін Австралияның контииентті массивтерінің ролі зор.
Өзінің географиялық жағдайы мен орографиялық ерекшелігі бойынша Австралия 10° оңтүстік ендіктен оңтүстікке қарайғы А.ф-рикаға біршама ұқсас келеді, климат жағдайларының қалыптасу заңдылықтары да біркелкі болады.
Тынық мұхиттың экваторға жақын шығыс бөлігіндегі атмосфераның айналым жағдайы қантар мен шілдеде біршама болады.
Оңтүстік жарты шар пассаты бар 1 минимумы бойынша ең төмен өлшемнің ықпал етуіне қарай Австралия үстінде айрықша күшті әсер етеді, әрі Тынық мұхиттың 1 батыс бөлігі мен Австралияның шығыс жағалауларында тура 1 шығысқа қарайғы дерлік бағыт алады, бұл жерлерде мол ылғал қалдырады. Шығыс Австралия тауларынан асып, ол біршама құрғақ ауа таскынына айналады.
Сөйтіп, Австралия материгінің шеткі бөліктері мен аралдарында январьда көп мөлшерде жауын-шашын түседі, бұл кезде солтүстік жарты шарда жауын-шашын мөлшері күрт азаяды.
Австралиянын, оңтүстік-батысы мен оңтүстігі қантарда Оңтүстік-Үнді максимумның шеткі шығыс аймағының және жауын-шашын бермейтін оңтүстік желдердің ықпалына ұшырайды.
Тасмания мен Жаңа Зеландияның оңтүстігінде қыстағыдай ауа массасының

батысқа ауысуы басым болып, жаңбыр жауады.


Аралдардың температуралық жағдайлары, тіпті экватордан недәуір қашықтықта, жыл бойына бір қалыпты болады. Бірақ Австралия әсіресе оның ішкі бөліктері үшін температураның жылдық, тәуліктік недәуір ауытқуы тән.
І. Австралия мен кәрші аралдар мынадай климаттық белдеулерге енеді.

    1. Шегінде үсақ аралдар мен Жаңа Гвинея солтүстік бөлігі жатқан экваторлық белдеуде ылғалды экваторлық ауа массасы үнемі басым болады және ауа ағыны өрлей түседі. Бұл жауын-шашынның оның жылдық қосындысының бір қалыпты таралуын және ылғалданудың бір қалыпты болуын қамтамасыз етеді. Температура жыл бойына өзгермейді дерлік. Теңіз деңгейінен шамалы биіктіктегі орташа айлық температура +24 пен +28°С арасында ауыткиды. Биіктеген сайын температура төмендейді, алайда оның барысы бір қалыпты болып қалады.



    2. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет