Оѕтїстік америка



бет25/31
Дата01.12.2022
өлшемі0,84 Mb.
#160780
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31
Байланысты:
05 (8)

Нілдің бастауы болып экватордан оңтустікке қарай орналасқан, Шығыс Африка массивтерінің бірінен 2000 м астам биікте басталатын және Виктория көліне құятын Кагеру өзені есептеледі.Ол көлден шыққанда Виктория-Ніл деген атпен ағып шығады да, Киога көлін басып өтіп, Альберт көліне құяды, оның бұдан былайғы жағы Альберт-Ніл деп аталады. Ағынның бүкіл осы бөлігінде өзен таулы сипатта болады, ол өте шоңғалды және бір-неше сарқырамалар жасайды. Оның ең ірі сарқырамасы — Мерчисон 40 м биіктіктен құлайды.
Таулы қырат алабынан өзен Бахр-әл-Жебел деген арабша атпен шығып («тау өзені» деген мағынада), өзен. аумақты да жайпақ қазан шұнқырға енеді. Оның ағысы баяулап, арнасы тарамдарға бөлініп кетеді. Ағысының осы бөлігіндегі ең ірі тармақтары Бахр-әл- Ғазаль («газелдер өзені») мен Собат. Таудан аққан Собаттың суы лайлы сарғыш, құрамында сапырылысқан материал көп. Собаттан төменде өзен Ақ Ніл (Бахр-әл-Абьяд) деген атақ алады. Хартумда Ақ Ніл көгілдір Нілге (Бахр-әл-Азрак) қосылып кетеді де Ніл (арабша аты Әл-Бахр) аталады. Көгілдір Ніл Ақ Нілге қарағанда анағұрлым қысқа, бірақ Хартумнан төменде Нілдің режимінің қалыптасуында ол үлкен роль атқарады. Көгілдір Ніл Тана көлінен ағып шығып, басын Эфиоп тау қыратынан алады. Тағы осы тау қыратынан ол өзінің соңғы мол сулы Атбару саласын алады. Оның құйылысынан төменде Ніл қатты құм тастардан тұратын үстіртті кесіп, біраз шоңғалдарды (катарактарды) басып өтеді. Хартум мен Асуанның арасында не бары алты шоңғал бар.
Асуаннан кейін Ніл ені 20-50 км аңғармен ағады, антропогеннің басында ол Жерорта теңізінің шығанағы болған.
Нілде су шығының жыл бойына бір қалыпты реттеп тұратын бірнеше плотиналар мен бөгендер салынды. Таяудағы уақытқа дейін мақта алқаптарын суландыратын ең ірі жүйе Асуандағы су торабы болып есептелетінді. Бірақ осы ескірген гидроқұрылыстар маңызды шаруашылық проблемаларын егіс көлемін ұлғайту, арзан энергия алу және т.б. проблемаларды шеше алмады.. Ніл алқабында Асуанда жаңа үлкен плотина салынды, соның арқасында суландырылатын жер көлемі ұлғайды, елдің экономкасын дамытуға қажетті электр энергиясы өндіріледі және кеме қатынасының жағдайы жақсарды.
Африка өзендерінің ішінде өзінің ұзындығы жағынан екінші орынды Конго алады, бірақ бассейнінің ауданы мен суының молдығы жөнінен Конго Африка бойынша бірінші орында және ол дүние жүзі бойынша Амозонкадан кейінгі екінші орында тұр.
Конгоның бастаулары болып Луалабу мен Чамбези өзендері есептеледі. Өзеннің ұзындығы бірінші бастаудан - 4320 км, екіншісінен 4700 км. Бассейннің ауданы-3,7 млн. км2 жуық (басқа деректер бойынша - 3,8 млн. км2). Өзен сағасындағы жылдық орташа шығын - 40 мың м3/с, былайша айтқанда ол Нілдің орташа шығынынан 15 есе асып түседі.
Конго солтүстік және оңтүстік жарты шарларда ағады да экваторды екі рет кесіп өтеді. Атлант мұхитына құяр алдында ол Африка платформасының жоғары көтерілген шеттерін кесіп шығады.
Конгоның ірі тармақтары Лукуга (Танганьика көліне ағын береді), Убанги, Касаи.
Конго мен оның салаларының жоғарғы ағысы шеткі үстірттер мен тауларды кесіп өтетін және шоңғалдары мен сарқырамалары өте көп. Өзен экватор маңында зерттеуші Стэнлидің есімімен аталатын жеті сарқырама құрайды. Стэнли сарқырамаларымен Конго

ағысының жоғарғы бөлігі аяқталады. Конго орта ағысында, қазаншұнқыр алабында кең аңғарды бойлап жайбарақат ағады. Өзеннің арнасы кей жерде көлденеңінен 20 км-ге жететін көл тәріздес кеңіген аңғарлар құрайды. Ағысының осы бөлігінде Конго өзінің ең ірі салаларын қосып алады. Конго төменгі ағысында кристаллы массивті жарып өтіп, қайтадан сарқырамалар сериясын (олар 32) құрайды, олар Ливингстон сарқырамалары деген жалпы атаумен біріктіріліп аталады. Жағалық жазыққа шыққан соң Конго кеңейеді және өте тереңдеп кетеді (70 м дейін) сағаға жеткенде өзен тарамдарға бөлініп, жалпақ әрі терең эстуарий-мен аяқталады. Атлант мұхитында Конгоның арнасы су асты аты-зы түрінде жағалаудан 150 км қашықтықта жалғасып кете береді. Конго алып шығатын ұланғайыр су массиві мұхит суын бірнеше километр бойына тұщыландырады.


Конго ағынының ауқымдылығы бассейннің экватор бойына орналасуымен және өзеннің жауын-шашын максимумы жылдың әр кездеріне келетін солтүстік және оңтүстік жарты шар жағынан салалар алуымен түсіндіріледі. Солтүстік салалар судың негізгі массасын Конгоға марттан октябрьге дейін әкеледі. Орта және төменгі Конгода шығын бірте-бірте ұлғая түсіп, максимум дәрежесіне октябрь, ноябрь айларында жетеді. Әлдеқайда маңыздырақ екінші максимум оқтүстік жарты шардағы жаңбырлармен байланысты болғандықтан февраль, апрельге тура келеді.
Конго жайылған кезінде орта ағысында жағадан шығып кетеді де қазан шұңқырдың тегіс бетін бірнеше жүздеген шаршы километр бойына басып кетеді. Ең аз шығын кезеңінде де Конгоның, оның салаларының су деңгейі өте жоғары болады.
Конго бассейнінің барлық өзендерінде су энергиясының мол қоры бар, бірақ ол аз мөлшерде ғана пайдаланылады. Қазбалы байлықтар өндірілетін маңызды аудан - Катангада бірнеше су электр станциялары салынды.
Конго мен оның тармақтарының кеме қатынасының маңызы шоңғалдар мен сарқырамалардың көптігіне байланысты тым төмен. Сөйте тұрса да Конго жүйесінде 40-қа жуық кеме жүзетін өзен бар, ал кеме жүзетін жолдардың жалпы ұзындығы 14 мың км-ге жетеді. Конгоның кеме жүзуге жарамды ең үлкен бөлігі Киншаса мен Кисанганидің аралығы болып табылады. (Өзеннің төменгі ағысында, шоңғалды учаскелер мен сарқырамаларды айналып өтетін темір жолдар салынған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет