Сыртқы келбеті: қолдары таза болуы керек, қолының тырнақтары қысқа алынған, қолындағы әшекейлері атравматикалық (тегіс) болуы қажет, минималды маникюр, жарқын және шамадан тыс бояу болмау керек, ұзын шаштар ұқыпты жиналған және/немесе қалпақтың астына жиналуы керек. Студенттер қолданатын парфюмерия өткір болмау керек (балалр клиникасында мүлдем қолданбаған дұрыс).
Балалар клиникасындағы студенттің тәртібі салмақты және этикалық болуы керек, дәліздер мен палаталарда шулауға, айқайлауға, қатты сөйлесуге болмайды, медициналық қызметкерлермен, науқастармен және ата-аналармен қарым-қатынаста этика мен деонтологияны ұстану.
Достарыңызбен бөлісу: |